Мәншүктің балалық шағы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Мәншүктің балалық шағы.

2. Қыршын кеткен қарлығаш.

3. Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова.

Ерлігің үшін саған мәңгілік тағзым.

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы 1922 жылы Батыс Қазақстан (қазіргі Орал) облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтеді. Алматыда жиырма сегізінші орыс мектебінде оқыған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, сонымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретаритында қызмет етіп те жүрген.

Отан-анаға ересен қауіп төнді. Совет елінің жеріне неміс-фашист басқыншылары қара құзғындай қаптап кірген. Бұл күндері Мәншүк Мәметова әскери комиссариатқа қайта-қайта арыз беріп, өзінің қолына қару алып ел намысын қорғағысы келетінін білдіреді. Ақыры, 1942 жылдың авгусында, да, жау Волгаға қарай ентелей ұмтылған шақта оның қояр да қоймаған өтініші қабыл алынады да, алыстағы Ордадан келген қазақ қызы солдат болады. Мәншүк келіп түскен бөлімде оны штабқа писарь етіп қалдырады. Алайда патриот қыз алғы шептің жауынгері болуға бел байлады. Бір айдан соң аға сержант Мәметова 21-гвардияшы атқыштар дивизиясының атқыштар батальонына жолдама алады.

1943 жылдың 16 октябрінде Мәншүк Мәметова пулеметші болып істейтін батальон жаудың қарсы атакасын тойтаруға бұйрық алды.

Гитлершілер батальон тұрған жерге артиллерия мен минометтен оқты қарша боратты. Совет жауынгерлері окоп қазып бекінген төбенің баурайында тірі жан қалды деу қиын еді. Бірақ фашистер атака жасамақ болып көтеріле бергенде-ақ аға сержант Мәметованың пулеметі бебеулеп қоя берді. Оны өзге атыс ұялары қолдады. Гитлершілер жүздеген өліктерін қалдырып кейін серпілді. Осылайша төбенің баурайында гитлершілердің өршеленген бірнеше атакасы тойтарылған. Кенет қыз өзімен көрші екі пулеметтің үндемей қалғанын - пулеметшілердің қаза тапқанын байқады. Осыдан соң Мәншүк атыс ұясының бірінен біріне жанұшыра жер бауырлай жүріп, үш бірдей пулеметтен кезекпе-кезек атуға кірісті де, ентелеген жаудың есін тандырды. Тағы да атака тойтарылды.

Жау өз минометінің оғын тапқыр қыздың тұрағына аударды. Тап қасынан жарылған ауыр мина Мәншүк ұстаған пулеметті төңкеріп тастады. Басынан жараланған пулеметші қыз сәл уақытқа есінен танып қалды бірақ жақындап қалған гитлершілердің желікпелі айқайы есін жиюға мәжбүр еткен. Мәншүк жалма-жан көрші пулеметке жетіп, кұлағын ұстады да, жексұрын фашистердің қолқасына қорғасын құйды. Бұл біздің бөлімшелердің ілгері жылжуына жол ашты. Бірақ алыстағы Ордадан келген қыз төбенің бауырына бауыр басқан күйі қозғалмады. Ол «Максимнің» құшағынан берік ұстаған күйі шейт болған.

Мәншүктің фамилиясы, шынтуайтында, Мамытова болуы керек еді. Оған толық дәлел, негіз бар. Дәл осы дәстұр Мәншүкке келгенде бұзылып, неге екені белгісіз Мәметова болып кетіпті. Сосын біз де осы фамилияға көштік. Бұл бұл ма, мектепте оқылатын оқулықтарда Жиенғалиқызы деп те көрсетілген. Ал шындығында Мәншүктің әкесінің аты - Жеңсігәлі еді. Анам жарықтық көзі тірісінде: «Әкелерің Тойлыбайдың тоғызынан тараған», деп отырушы еді, - деп бастады әңгімесін Ұлттық кітапхананың ғылыми-әдісте-мелік бөлімінің меңгерушісі Айман Маметова . . .

- Тойлыбайдан тараған тоғыз ұлдың жетеуінің есімі кәдімгі аптаның жеті күнінің ретімен аталатын да, сегізіншісі - Төребай, тоғызыншысы - Қошамен екен. Төребайдан - Телғара. Телғарадан Әлі мен Мамыт (Мәмет) туылады. Әліден - Жеңсігәлі. Мамыттан (Мәметтен) Ахмет пен Қанат тарайды. Жеңсігәлінің - Нағи, Қадыр деген ұлдары және Мәнсия (Мәншүк) атты қызы болады. (Мәнсияның бертін келе шын аты аталмай, екі көзі мойылдай қара, дөп-дөңгелек болғандықтан, «Моншақ» аталып кеткені де рас (Ал кейінірек мұның бәрі жолай өзгеріп, Мәншүк Мәметова болып шыға келген екен. Ал енді Мәншүктің шын ата-аналары кімдер еді? Соған тоқталалық:

Мәншүктің туған әке-шешесі - Жеңсігәлі мен Тойлыша. Інісі мен келіні перзент көрмегендіктен ең кенжелері Мәншүкті солардың бауырына салып берген екен. Мен бұл арада Мәншүктің әкесінің орнына әке болған Ахмет Мамытов (Мәметов) жайына да тоқтала кеткім келіп отыр.

Ахмет Мамытов сол кездің көзі ашық, көкірегі ояу, зиялы қауым өкіл-дерінің бірі болыпты. Ол өз дәуірінде Уфадағы «Ғалия» медресесінде білім алып, бертінде, яғни 1922 жылы Саратовтың дәрігерлік институтына түсіп, оны 1927 жылы ойдағыдай тәмәмдап, денсаулық сақтау саласында жемісті қызмет атқарған. Алматыда жеті бөлмелі үлкен үй-жайы болған. Оның бір бөлмесінде жұқпалы тері ауруларын емдейтін институт ашып, өзі соның тұңғыш директоры болыпты. Сондай-ақ аталмыш азаматтың 1912-13 жылдары Қазан қаласында, ағайынды Каримовтар баспаханасында жарық көрген «Ғибрат», «Кеңес» атты өлең кітаптары жарық көрген. С. Сейфуллиннің әйгілі «Тар жол, тайғақ кешуінде» Ахметке қатысты мына бір жолдар да бар: «Айтқандайын, Ойыл қаласында газет шығарды. Газеттің аты жаңылмасам, «Жаңа қазақ» болса керек. Редакторы - Ахмет Мамытұлы деген дәрігер».

Мәншүктің анасы деп танып келген Әмина Маметованың да түп-тегі хан тегінен таралатынын да біз міне, енді естіп-біліп жатырмыз.

Айман апай тағы да әңгімесін жалғады: «Әмина апам Абылай хан әулетінен тарайтын 7-ші атадан, Сүлейменқажының қызы еді. Алайда, оны айтып мақтан тұтатын уақыт болды ма, ол кез. Әмина апамның төркіні бастапқыда Ахмет атамды қара санап, хан тұқымына тең еместігін еске салғанымен, уақыт өте келе ыстық ілтипаттарын еш өзгертпепті. Мәншүк мерт болғасын әке-шешемнің рұқсатын алып Әмина апам мені де бауырына басты. Мен сол кісінің зиялы тәрбиесінде өстім. Ел аман, жұрт тыныш кезде, мен ес білгелі Әмина апамның ақсүйектік дағдысы сақталып өтті. Қымбат ыдыстан ас ішіліп, қызметшіміз де болды (қазір де осы қалада тұрады) . Кешкі астан кейін міндетті түрде біріміз дауыстап қисса, жыр-дастан оқып, қалғанымыз ұйып тыңдау дағдысы тұрақты сақталды. Ахмет атамның өз заманында Б. Майлинмен де аралас-құралас болғанын мен Әмина апамнан естідім.

1937 жылдың зобалаңына осындай абзал азамат Ахмет Мамытов та ілінген.

. . . Ал енді Мәншүктің өз әкесі Жеңсігәліге келсек ол кісіні 1930 жылы колхоздағы астық қоймасында күзетші болып жүрген кезінде, қоймадан астық ұрланып, «соны сен шығарып бердің» деген жаламен абақтыға жабылады. Косағының жазықсыз жалалы болғанына күйінген Тойылша апам құсадан қайтыс болады. Нағи мен Қадырды менің әкем Қанат асырап алады. Нағи соғыстың сәл-ақ алдында, ержетіп қалған шағында қайтыс болыпты. Қадыр -Қызылорда педагогикалық училищесін бітіріп, Мәштексай деген жерде мұғалім боп жүрген жерінен соғысқа кетіп, хабарсыз кетеді. Ахметтің інісі - менің әкем Қанат Орданың жанындағы жылқы зауытында директорлық қызмет атқарыпты. 36 жылы астанадан Ахмет атам, Мәншүк, Әмина апам елге қыдырып келген шағында әкемді үгіттеп, астанаға көшуге көндіреді. 1937 жылы әке-шешем Алматыға алғашқы жүк-теңдерін жібереді. Артынша-ақ ұзынқұлақтан: Ахмет атамның «ұсталғаны» туралы хабар жетіп, дүние астан-кестен болып кетеді . . .

Артынша әкем де қудаланып, ақыры түрмеге отырып келеді. Келе сала өз еркімен соғысқа аттанады. Ондағысы Сталиннің сол кезгі «Халық жауларының туыстары, майданға өз еркімен аттанып, қатысса бәрі ақталады», - деген сөзіне үміт артқан екен. Ахмет атам 1958 жылы ақталды. Ал, атылғанын, бертінде естіп білдік.

Міне, «Тойлыбайдың тоғызынан» қалған тұяқ - Қанаттан қалған төрт қызбыз. Олар: Шолпан, Маржан, Айман және Сәуле . . . Жоққа жүйрік жеткен бе?! Өлгеніміз тіріліп; өшкеніміз жанғанына шүкіршілік дейміз де!

М. Мәметованы өз қолымен жерлеген 100 атқыштар бригадасының жауынгері, Ахметқазы Болатов былай деп жазады:

« . . . Новель қаласының терістік жағында 15 шақырымдай жерде тоғыз жолдың торабы тоғысар Изочи стансасы бар. Леиинград - Мәскеу жолдары - осы күретамыр жол арқылы өтеді. Бізге соны немістерден азат ету міндеті қойылды. 14-ші қазанда шабуылды бастадық. Таңғы алтыда шабуылды бастап, түскі он екіде стансаны алдық. Азат еткен жерге окоп қазып бекініп алуға ерік бермей, күші басым жау қайта бас салды. Күш тең болма-ғандықтан ұрыса отырып шегіндік. Артымызда - станса, алдымызда - Мәншүктер бекінген биік жота. Жотадан кері шегініп келе жатқанымызды көріп отырған Мәншүк артымыздан өкшелей қуған жауға пулеметтен оқты төкті де отырды. Бұл пулеметтің ауқымы кең, кемі екі шақырым жерді еркін қамтиды, «Максим» деп аталатын бұл пулеметтің салмағы да әжептәуір - 90 килограмдай. Ал осыны қарғадай қазақ қызы сүйрелейді дегенге сеніп көр! Содан біздің жігіттердің қатары жотаға жеткенше артымыздан шаң ілестірмей жаудың қатарын қоғадай жапырды да отырды, Жақындай келе Мәншүктің жалғыз қалғанын түсіндік. Өзі де басынан жараланып, таңып алыпты. «Ана жақта кімдер қалды?» - болды алғашқы сұрағы. Қайтпай қалған жігіттердің кегін қайтарғысы келгендей пулеметке жабыса түсті. Сосын: «Сендер бара беріңдер, мен сендерді қорғай тұрамын!» - деді. Қанша жалынсақ та пулеметін сақылдатып, бізді ілгері оздырды. Шамамен төрт жүздей қадам алға озғанымызда артымыздағы пулемет үні кілт үзілді . . . 1944 жылдың 5 наурызында Мәншүкке Кеңестер Одағының Батыры атағы берілгендігі жөнінде Жарлық жарияланды. Бұл уақытта біздер Польшаның шекарасында соғысып жүргенбіз. Бір күні командиріміз шақырып: «Изочидегі ұрысқа қатыстың ба?» - деп сұрады. Мен қатысқанымды айттым. Ұзын сөздің қысқасы қасыма екі жауынгер қосып беріп: Мәншұктің сүйегін тауып, жерлейсіңдер!» деді. Біз жолға шықтық. Мәншүк бекінген биік жота көзіме оттай басылды. Снаряд түсіп, сүйекті топырақ жауып қалған екен. Қазып жүріп, әуелі кішкене размерлі әйел етігіне кезіктік. Ұзамай топырақ арасынан Мәншүктің қара шашы шықты. Өлгенде де адамның шашы бұзылмайды екен. Батыр қыздың сүйегін теріп, жиып, Новель қаласының партия комитетінің алдындағы алаңға, бауырластар зиратына Әбілқайыр Баймолдин мен мерген Ыбырайым Сұйлейменовтың ортасына жерледік».

1944 жылдың 5-наурызыыда Мәншүк Мәметоваға Кеңестер Одағының Батыры атағы берілгендігі жөнінде Жарлық жарияланды. Бұл уақытта біз Брест қаласын алып, Польшаның шекарасында тұрғанбыз. Бір күні командиріміз шақырды. Барсам, есік алдында бұрыннан 100-ші атқыштар бригадасынан танитын Тұраш Әбуов тұр екен. Сәлемдесіп, ішке кіріп кеттім. Командирім: "Изочидегі ұрысқа қатынастың ба?" - деп анықтап сұрады. Мен қатынасқанымды айттым. "Ендеше Мәншүк Мәметованың мерт боларда бекінген жерін, пулеметінің орнын, сүйегін таба аласың ба?" - деп сұрады. "Табар едім", - дедім мен тайсалмай. "Ендеше капитан Т. Әбуов екеуің барып, М. Мәметованың сүйегін тауып, Невель қаласына апарып жерлейсіңдер", - деді. Қасымызға тағы екі жауынгер қосып берді. Біз осылай жолға шықтық . . .

Ол жердің жадымызда сақталғаны сонша, қиналмай-ақ тауып алдық. Пулеметінің орнын да ажыраттық. Снаряд түсіп, сүйекті топырақ жауып қалыпты. Қазып жүріп әуелі етігіне кезіктік. Кішкене - әйелдің аяқ киімі екені бірден белгілі болды. Етігін таныған соң сүйекті топырақ астынан аршып алдық. Адамның шашы бұзылмайды екен. Шашын көргеннен кейін Мәншүктің сүйегі екеніне шүбәміз қалмады. Плащ-палаткаға салып алып келіп, қаралы жиын ашып, Невель қаласының партия комитетінің алдындағы алаңға бауырластар зиратына Әбілқайыр Баймолдин мен Ыбырайым Сүлейменовтың ортасындағы белгіленген орынға жерледік.

Мәншүктің алдындағы жауынгерлік, жолдастық парызымыздың өтелген тұсы осы-ау деймін. Амал не, өлімге қиятын жан ба еді?! Жайнап тұрған шағында қыршын кетті.

Мәншүк туралы аз жазылған жазыла беретін де шығармалар бұл шындыққа бірде жанаспайды бірде алшақтап кететін бұл шығармалар мен деректі оқиғалардан, егіле жоқтаған деректерден түйгеніміз: қамшының сабындай қыршын тағдыры жөнінде де ақиқатты ашып алмай келе жатқанымыз.

Біз білетін Мәншүк Мәметованың тағдыры халқының басына түскен зауалды шақпен тұспа-тұс келген еді. 1922 жылы дүние ашқан қаршадай қызды ел басына төнген нәубет - жылғы аштық та, 1937-жылдардағы зауал - репрессияда айналып өтпей, жастін пәршелеп кетті . . .

Оған дейінгі жазылған кісілер мен естеліктерден оқығамыз Мәншүктің алдыңғы қатарлы интеллигенция семьясында тәрбиеленгендігі. Алайда сол қыздың семьясы жөнінде толық күні бүгінге дейін белгілі себептермен толық айтылмайды.

Ресми қағаздарда оның аты-жөні Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова болып жазылады естеліктерде әкесі Ахмет деп аталады. Бұның екеуі де дұрыс. Мәншүктің әкесі Жиенғали Ахметтің туған ағасы. Қызы үш жасқа келгенде, Саратовта университетте оқып жүрген Ахмет пен Әминаның бауырына салған. Маметовтар әулеті үшін бұл әуелі оқиғаны Әмина апай маған былайша әңгімелеп берген «1925 жылы күзгі каникулда үйге келдік. Бөкейлікте тұратын Ахметтің ағасы Жиенғалидың ауылына ат арбамен бардық. Баурымыздан қайнағамыздың түйелмелі-сүйелмелі балалары еріп шықты. Ішінде көзі қара, тұлымшағы желбіреген, қараторы, кішкентай сүп-сүйкімді қыз бала маған қатты ұнады.

- Атың кім сенің, - деп едім:

- Моншақ, - деді ол көздері күлмең қағып. Содан кете-кеткенше ол маған әбден бауыр басып алды. Жиенғали қайнағамдар азамат соғысынан кейінгі қиын-қыстау шақта әбден титықтап, шаруалары шайқалыңқырап қалған екен, оның үстіне шиеттей балашаға. Ахаң екеуміз ақылдасып, кетерде қолқамызды айттық. Қайнағамыз да, абысынымыз Толша да ақылды адамдар еді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың батыр қыздары
Ерліктің қос қанаты - Әлия мен Мәншүк
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
Сәбит Мұқанов жайында
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті (1941—1945)
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫН ҚЫЗДАРЫ
Сәбит Мұқановтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz