Дмитрий Иванович Менделеев


Дмитрий Иванович Менделеев
(1834-1907)
Дмитрий Иванович Менделеев 1834 ж. 27-январь (8-февраль) күні Сибирьдің бас қаласы - Тобольскіде гимназия директоры Иван Павлович Менделеевтің семьясында он жетінші кенже бала болып дүниеге келді.
Дмитрий Ивановичтің гимназияға дейінгі балалық шоғы Аремзянканда өтеді. Дмитрий гимназияда алғашқы жылдары-орташа оқыды. Митяны мәдениетті адамдың қалай "қылмыстып" деп есептелетіні қатты ойландыратын.
Дмитрий Иванович оқуға түскен алғашқы ойлардың өзінде-ақ лекция мен лабораториялық сабақтарға қызыға кірісетін. Д. И. Менделеев академик Ф. Ф. Брандың басшылығымен 1854 ж. "Адам-табиғат денелерінің бірі", "Петербург губерниясының кемірушілері туралы" деген зерттеулерін жүргізді. Бұл зертеулер ХІХ ғасырдың ортасында биологияда жүйелеп жіктеу мен сипаттап жазу проблемалары негізінде жүзеге асты. Бірге рқыған жодастары да оның математикаға, физикаға, биологияға қызығу шылығына сүйсіне қарауін бірге философия факультетінің лекцияларына қалай уақыт тауып қатысатына дайран қалысты. 1857 жылдың басында23 жасар доцент Д. И. Менделеев Петербург университетінде алғашқы лекцияларын оқи бастады. 1857-1858 жылдарында университетінің физика математика факлуьтетті секретарының міндетін атуарады.
Д. Иванович өзінің ғылыми жұмыстарын немістің шет аймақтағы кішкене қаласы Гейдельбергте жүргізуді қалайлы деп есептеді.
1865 жылдары Д. И. Менделеев Москва Губерниясына қарасты Клин уезіндегі аса үлкен емес деревенка Бобловада "Менің ауылшаруашылық станциям" деп аталатын шағын шаруашылықта топырақтың құнарлылығы мен химиялық құрамын анықтауға арналған зерттеу жұмыстарын жүргізді, оны осы жылы университетте профессорлыққа сайлады. Д. И. Менделеев жалпы химия кафедрасын басқарды, осы кезде студенттерге арнап "Химия негіздері" деген кітабін жазуға кірісті.
Дмитрий Иванович Менделеевтің творчестволық жұмыстарының зор табысқа жетіп, кемеліне келгенжемісті кезеңдері - 1868-1889 жылдар.
Д. И. Менделеев ХІХ ғ. аяқ кезінде француздар мен ағылшындар пайдаланған түтінсіз атылатын қара дәрінің құпиясын ашып, қара дәріні Россияда пайдаланудың жолдарын тапты.
1878 жылы октябрьде акдемия жиналысында Н. Н. Зинин, А. М. Бутлеров; А. Н. Савич және И. О. Сомоновтар химия ғылымы бойынша академияға адъюнкт (профессор жәрдемшісі) етіп Д. И. Менделеев сайлауға ұсыныс жасады, бірақ он бір дауы қарсы болғандықтан, олардың ұсынысы қабылданбай қалды. Алайда, 1876 жылы Д. И. Менделеев физика ғылымы бойынша (17 даустан 2 дауыс қарсы болып) академияға мүшекорреспондент болып сайланды.
1980 жылы орыс химиктері: А. М. Бутлеров, П. А. Чебышев, Н. П: Кошкарев және Ф. Б. Овсянниковтар академик Н. Н. Зинин қайтыс болған кейін, оның орнына академик химик етіп сайлауға ғылым саласында еткен еңбектері мен элементердің периодтық системасын ашудағы зор еңбегін дәріптей отырып, Д. И. Менделеевті ұсынды. Д. И. Менделеев өзінің адал еңбектерінің бүкіл дүние жүзіндегі академиялардың көпшілігіне мүше болып сайланды. Көптеген академиялар мен ғылыми қоғамдар Менделеевті өздеріне құрметті мүше етіп сайлады. Д. И. Менделеев - Кембридж, Оксфорд, Геттинген университеттерінің құрметті докторы.
Д. И. Менделеев 1878 жылдың қасында плевритпен қатты ауырды, сондықтан ол Батыс Европалық елдерді аралай жүріп, емделуді ойластырды. 1879 жылы Римдегі метеорогиялық конгреске қатынасып, командировкадан келгеннен кейін "Ауада жүзу кезіндегі сұйық кедергісі" деген кітабын жазады.
1883-1887 жылдардың аралығында "Сулы ерітінділердегі сыбағалы салмақ туралы зерттеулер" деген кітапшасын жазып бітіреді де, оны кейін "Анам Мария Дмитриевна Менделеевға арнаймын" деген эпиграфпен бастырып шығарды.
Химия лабораториясы мен кабинеттегі творчестволық істен туындаған ой негізінде Д. И. Менделеев жаратылыстану мәселелері мен қатар философиялық проблемалармен де шақырылды.
1887 жылдары Д. И. Менделеев ағылшын аэростатарын да жоғары (шамамен одан 900 м биікке) көтерілетін аэростат жасап, ауаның жоғарғы қабаттарына қауіпсіз көтерлуі туралы дәлелдемемелерін кітапша етіп басып шығарады және сол жылы 7-августа сутегі толтырылған "Руский" деп аталатын ауа шарымен әуеге көтеріліп күннің тұтылуын зерттеді. Француз Академиясының аэронавтика қоғамы медаль берді.
1888 жылдың күзінде Д. И. Менделеев мемлекеттік министрі М. Н. Островскийдің жолдамасы бойынша Донецкі өлкесіне үлкен саяхат жасап, тас көмірді тасымалдаудағы және өндірудегі қаупсісдік техникасында кеткен кемшіліктердін бетін ашты, оны жұмысшылар тұрмысндағы ауыр жағдайлар да толғандырмай қалған жоқ.
1889 жылы сентябрьде Д. И. Менделеевті қаржы министрлігінің сауда мануфактура Советінің құрметті мүшелігіне сайлады.
Дмитрий Иванович шаруалар және жұмысшылармен сөйлескнеді, олардың мұң-мұқтажын тыңдағанды жақсы көрді. Ол "мен осы халықтың арасында өзімді еркен ұстаймын, олармен емін-еркін сөйлесе аламын, мұнда мені жас балалар да түсінеді, олармен араласу маған өте көңілді, оларды жанымдай жақсы көремін" - дейтін.
1890 жылдың көктемінде университеттегі толқу өте күшейіп студенттер мен полиция арасында қақтығысулар болған кезде Д. И. Менделеев студенттердің тілегін халық ағарту министіне өзі апарып тапсырды, бірақ оған қанағаттарлық жауап болмағандықтан, Д. И. Менделеев үкіметке наразылық жасап университеттегі жұмысты тастап кетті.
Д. И. Менделеевті химия емес, метролог деп есептейді. Расында Д. И. Менделеев тек химияны немесе физиканы ғана емес, табиғат заңдары мен құбылыстарының терең түсініп, әртүрлі ғылым саласынан еңбектер жазу арқылы жоғары сатыға көтерді.
1896 жылы орыстың суретшілер акдемиясы Дмитрий Ивановичті құрметті мүшілікке сайлайды. 1891 жылы оның "Химияның негіздері" деген еңбегі ағылшын тілінде, 1895 жылы француз тілінде басылып шықты. Ол 1894 жылдары Англиядағы Кембридж және Оксфорд университеттерінің юбилейіне шақырылады. Бұл университеттер Менделеевті құрметті мүшелікке қабылдайды.
Д. И. Менделеев 14899 жылы Оралдағы бірнеше кен орындарына командировкаға барып, одан көргендері жайында "Орал темір әнеркәсібі" деген кітапша жазды. Осы сапары кезінде ол өзінің туып өзі, балалық шағын өткізген жері - Тобольскіде де болды.
Менделеев өмірінің соңғы жылдарында көп еңбектеніп, өзінің бұрынғы кітаптарың өңдеп, қайта жазды, философиялық еңбектер жазумен айналысып, "Өсиетті ойлар", "Эфир туралы" (1903) деген еңбектерін жазады. Россияда педагогикалық білім беру туралы естелік кітабімен жұмыс істейді.
1904 жылы Д. И. Менделеевтің 70 жасқа толу мүшелі тойын көптеген елдердің академиялары мен университеттері атап өтіп, өз ғылыми қоғамының құрметті мүшелігіне сайлады, ол туралы Дмитрий Ивановичке құттықтаулар жіберді. Жұмысының көптігіне қарамастан, солардың ризашылық білдіріп, жауап қайтарады.
1905 жылғы революциялық қозғалысқа да Дмитрий Иванович өз кезіндегі үн қоса білді, 9-январьдағы қанды жексенбі оның сай сүйегін сырқыратыпкетті. 1906 жылы Д. И. Менделеев өзінің аса үлкен көлімде еңбегі "Россияны тануға" деген кітабын жазумен айналысты. Ол 1907 жылғы 20-январь (2-февраль) күні сағат 5-тен 20 минут мәңгілікке көз жұмды.
1911 жылы Петербургте Д. И. Менделеевке арнап музей ұйымдастырлды. 1954 ж. Д. И. Менделеевтің толық академиялық жинағы 26 том болып басылып шықты. Әлі де әртүрлі ғылым саласынан айтқан идеялары мен еңбектері зерттелуде.
Д. И. Менделеев - шын мәнінде аса дарынды үлкен энциклопедияшы ғалым.
Д. И Менделеевтің өмірі мен қызметі
Д. И. Менделеев өзін «ұлы ғалым» деп атағанды жаратпайтын. «Қайдағы ұлылық»- дейтін ол. - Өмір бойы еңбек еттім, сондықтан ұлы болдым.
Дмитрий Иванович Менделеев 27 қаңтарда (8 ақпанда) 1834 жылы Тобольск қаласындағы жергілікті гимназия директорының отбасында дүниеге келді. Гимназияны бітірген соң Петербургтегі педагогика инстутитына түсті, оны 1985 жылы алтын медальмен бітірді. Бұл институтта ол химияны белгілі орыс химигі А. А. Воскресенкийдің жетекшілігімен оқып-үйренді. Магистрлік диссертациясын бітірген соң, Д. И. Менделеев Германияға екі жылдық ғылыми іссапарға кетті. 1860 жылы Карлсруэде өткен химиктер конгресіне қатынасты. Ресейге қайтып оралған соң, ол алдымен Петербург университетінің профессоры, ал екі жыл өткеннен кейін Петербург университетінің профессоры болып сайланды, 23 жылдай ғылыми-педагогикалық жұмыс атқарды.
1876 жылы Д. И. Менделеев Петербург Ғылым академиясының корреспонденті-мүшесі болып сайланды. Өзінің ғылыми-педагогикалық еңбектерін «Отанға қызметім» деп атады.
Д. И. Менделеев жасаған ерітінділер теориясының қазірдің өзінде маңызы зор. Ол химиялық технология, физика, метеорология, ауада ұшу, ауыл шаруашылығы, экономика, оқу-ағарту сияқты салалардан негізгі іргелі зерттеулер жүргізді. Ол түтінсіз оқ-дәрі алу әдісін ашты. Металлургияда оттек қолдану әдісін ұсынды.
Д. И. Менделеев пайдалы қазбаларды кең көлемде пайдалану тәсілдерін табу, сода, күкірт қышқылы, минералды тыңайтқыштар өндірісін жолға қоюда көп еңбек етті. Ол өзінің бүкіл ғылыми қызметін Отанына пайда әкелуге, практика мен теорияның байланысын жүзеге асыруға арнады.
Д. И. Менделеев өз елінің табиғи байлығын жан-жақты пайдалануға, әсіресе мұнай өндіруге және оны әр түрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізат ретінде пайдалануға көп көңіл бөлді.
Д. И. Менделеевтің әйгілі еңбегі «Химия негіздері» (1869-1871) кітабы, бұл еңбегінде периодтық заң негізінде бейорганикалық химия алғаш рет дұрыс негізделді.
Ғылымға сіңірген аса зор еңбегі үшін Д. И. Менделеев көптеген шетел Ғылым акамдемияларының құрметті мүшесі, көптеген университеттердің құрметті докторы болып сайланды. Ғылыми еңбектері үшін Д. И. Менделеевке Фарадей атындағы алтын медаль берілді.
1890 жылы студенттер толкуы кезінде Д. И. Менделеев олардың талабын оқу министрлігіне тапсырмақ болды. Бірақ министр бұл талапты қанағаттандырмай, нәтижесінде Д. И. Менделеев университеттен кетуге мәжбүр болды.
1892 жылдан бастап Өлшеу мен таразы бас палатасының бірінші директоры болып тағайындалып, өмірінің соңына дейін сонда жұмыс істеді.
73 жасында (1907 жылы) Д. И. Менделеев дүниеден өтті. Он ақырғы сапарына шығарып салғанда табытының алдында периодтық кестені алып жүрген.
Дмитрий Иванович Менделеев
(1834-1907)
Мәселен, календарь, сағат немесе көбейту таблицасы тәрізді адам қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту таблицасы» химиялық элементердің периодты системасы болып табылады. Оны 1869 ж. өз отандасымыз Д. И. Менделеев жасады.
Дмитрий Иванович Тобольск қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы қиыншылықпен өтті. Өзі Тобольск қаласындағы гимназия директорының он жетінші баласы болатын, жастайынан бұғанасы қатпай жетім қалды.
Менделеев педагогикалық институтты бітіріп, ең әуелі мұғалімдік қызмет атқарды. Сол кезде көптеген болашақ көрнекті химиктер оның оқушысы, шәкірті болды.
Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтар мен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементердің атақты периодты системасын да жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz