Әйгілі химиктер -Дмитрий Иванович Менделеев, Михаил Васильевич Ломоносов, Александр Михайлович Бутлеров, Сергей Васильевич Лебедев



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Әйгілі химиктер
Дмитрий Иванович Менделеев 2
Михаил Васильевич Ломоносов 5
Александр Михайлович Бутлеров 9
Сергей Васильевич Лебедев 14

Дмитрий Иванович Менделеев

(1834-1907)
Дмитрий Иванович Менделеев 1834 ж. 27-январь (8-февраль) күні
Сибирьдің бас қаласы - Тобольскіде гимназия директоры Иван Павлович
Менделеевтің семьясында он жетінші кенже бала болып дүниеге келді.
Дмитрий Ивановичтің гимназияға дейінгі балалық шоғы Аремзянканда
өтеді. Дмитрий гимназияда алғашқы жылдары-орташа оқыды. Митяны мәдениетті
адамдың қалай "қылмыстып" деп есептелетіні қатты ойландыратын.
Дмитрий Иванович оқуға түскен алғашқы ойлардың өзінде-ақ лекция мен
лабораториялық сабақтарға қызыға кірісетін. Д.И. Менделеев академик Ф.Ф.
Брандың басшылығымен 1854 ж. "Адам-табиғат денелерінің бірі", "Петербург
губерниясының кемірушілері туралы" деген зерттеулерін жүргізді. Бұл
зертеулер ХІХ ғасырдың ортасында биологияда жүйелеп жіктеу мен сипаттап
жазу проблемалары негізінде жүзеге асты. Бірге рқыған жодастары да оның
математикаға, физикаға, биологияға қызығу шылығына сүйсіне қарауін бірге
философия факультетінің лекцияларына қалай уақыт тауып қатысатына дайран
қалысты. 1857 жылдың басында23 жасар доцент Д.И. Менделеев Петербург
университетінде алғашқы лекцияларын оқи бастады. 1857-1858 жылдарында
университетінің физика математика факлуьтетті секретарының міндетін
атуарады.
Д. Иванович өзінің ғылыми жұмыстарын немістің шет аймақтағы кішкене
қаласы Гейдельбергте жүргізуді қалайлы деп есептеді.
1865 жылдары Д.И. Менделеев Москва Губерниясына қарасты Клин уезіндегі
аса үлкен емес деревенка Бобловада "Менің ауылшаруашылық станциям" деп
аталатын шағын шаруашылықта топырақтың құнарлылығы мен химиялық құрамын
анықтауға арналған зерттеу жұмыстарын жүргізді, оны осы жылы университетте
профессорлыққа сайлады. Д.И. Менделеев жалпы химия кафедрасын басқарды, осы
кезде студенттерге арнап "Химия негіздері" деген кітабін жазуға кірісті.
Дмитрий Иванович Менделеевтің творчестволық жұмыстарының зор табысқа
жетіп, кемеліне келгенжемісті кезеңдері - 1868-1889 жылдар.
Д.И. Менделеев ХІХ ғ. аяқ кезінде француздар мен ағылшындар
пайдаланған түтінсіз атылатын қара дәрінің құпиясын ашып, қара дәріні
Россияда пайдаланудың жолдарын тапты.
1878 жылы октябрьде акдемия жиналысында Н.Н. Зинин, А.М. Бутлеров;
А.Н. Савич және И.О. Сомоновтар химия ғылымы бойынша академияға адъюнкт
(профессор жәрдемшісі) етіп Д.И. Менделеев сайлауға ұсыныс жасады, бірақ он
бір дауы қарсы болғандықтан, олардың ұсынысы қабылданбай қалды. Алайда,
1876 жылы Д.И. Менделеев физика ғылымы бойынша (17 даустан 2 дауыс қарсы
болып) академияға мүшекорреспондент болып сайланды.
1980 жылы орыс химиктері: А.М. Бутлеров, П.А. Чебышев, Н.П: Кошкарев
және Ф.Б. Овсянниковтар академик Н.Н. Зинин қайтыс болған кейін, оның
орнына академик химик етіп сайлауға ғылым саласында еткен еңбектері мен
элементердің периодтық системасын ашудағы зор еңбегін дәріптей отырып, Д.И.
Менделеевті ұсынды. Д.И. Менделеев өзінің адал еңбектерінің бүкіл дүние
жүзіндегі академиялардың көпшілігіне мүше болып сайланды. Көптеген
академиялар мен ғылыми қоғамдар Менделеевті өздеріне құрметті мүше етіп
сайлады. Д.И. Менделеев - Кембридж, Оксфорд, Геттинген университеттерінің
құрметті докторы.
Д.И. Менделеев 1878 жылдың қасында плевритпен қатты ауырды, сондықтан
ол Батыс Европалық елдерді аралай жүріп, емделуді ойластырды. 1879 жылы
Римдегі метеорогиялық конгреске қатынасып, командировкадан келгеннен кейін
"Ауада жүзу кезіндегі сұйық кедергісі" деген кітабын жазады.
1883-1887 жылдардың аралығында "Сулы ерітінділердегі сыбағалы салмақ
туралы зерттеулер" деген кітапшасын жазып бітіреді де, оны кейін "Анам
Мария Дмитриевна Менделеевға арнаймын" деген эпиграфпен бастырып шығарды.
Химия лабораториясы мен кабинеттегі творчестволық істен туындаған ой
негізінде Д.И. Менделеев жаратылыстану мәселелері мен қатар философиялық
проблемалармен де шақырылды.
1887 жылдары Д.И. Менделеев ағылшын аэростатарын да жоғары (шамамен
одан 900 м биікке) көтерілетін аэростат жасап, ауаның жоғарғы қабаттарына
қауіпсіз көтерлуі туралы дәлелдемемелерін кітапша етіп басып шығарады және
сол жылы 7-августа сутегі толтырылған "Руский" деп аталатын ауа шарымен
әуеге көтеріліп күннің тұтылуын зерттеді. Француз Академиясының аэронавтика
қоғамы медаль берді.
1888 жылдың күзінде Д.И. Менделеев мемлекеттік министрі М.Н.
Островскийдің жолдамасы бойынша Донецкі өлкесіне үлкен саяхат жасап, тас
көмірді тасымалдаудағы және өндірудегі қаупсісдік техникасында кеткен
кемшіліктердін бетін ашты, оны жұмысшылар тұрмысндағы ауыр жағдайлар да
толғандырмай қалған жоқ.
1889 жылы сентябрьде Д.И. Менделеевті қаржы министрлігінің сауда
мануфактура Советінің құрметті мүшелігіне сайлады.
Дмитрий Иванович шаруалар және жұмысшылармен сөйлескнеді, олардың мұң-
мұқтажын тыңдағанды жақсы көрді. Ол "мен осы халықтың арасында өзімді еркен
ұстаймын, олармен емін-еркін сөйлесе аламын, мұнда мені жас балалар да
түсінеді, олармен араласу маған өте көңілді, оларды жанымдай жақсы көремін"
- дейтін.
1890 жылдың көктемінде университеттегі толқу өте күшейіп студенттер
мен полиция арасында қақтығысулар болған кезде Д.И. Менделеев студенттердің
тілегін халық ағарту министіне өзі апарып тапсырды, бірақ оған
қанағаттарлық жауап болмағандықтан, Д.И. Менделеев үкіметке наразылық жасап
университеттегі жұмысты тастап кетті.
Д.И. Менделеевті химия емес, метролог деп есептейді. Расында Д.И.
Менделеев тек химияны немесе физиканы ғана емес, табиғат заңдары мен
құбылыстарының терең түсініп, әртүрлі ғылым саласынан еңбектер жазу арқылы
жоғары сатыға көтерді.
1896 жылы орыстың суретшілер акдемиясы Дмитрий Ивановичті құрметті
мүшілікке сайлайды. 1891 жылы оның "Химияның негіздері" деген еңбегі
ағылшын тілінде, 1895 жылы француз тілінде басылып шықты. Ол 1894 жылдары
Англиядағы Кембридж және Оксфорд университеттерінің юбилейіне шақырылады.
Бұл университеттер Менделеевті құрметті мүшелікке қабылдайды.
Д.И. Менделеев 14899 жылы Оралдағы бірнеше кен орындарына
командировкаға барып, одан көргендері жайында "Орал темір әнеркәсібі" деген
кітапша жазды. Осы сапары кезінде ол өзінің туып өзі, балалық шағын
өткізген жері - Тобольскіде де болды.
Менделеев өмірінің соңғы жылдарында көп еңбектеніп, өзінің бұрынғы
кітаптарың өңдеп, қайта жазды, философиялық еңбектер жазумен айналысып,
"Өсиетті ойлар", "Эфир туралы" (1903) деген еңбектерін жазады. Россияда
педагогикалық білім беру туралы естелік кітабімен жұмыс істейді.
1904 жылы Д.И. Менделеевтің 70 жасқа толу мүшелі тойын көптеген
елдердің академиялары мен университеттері атап өтіп, өз ғылыми қоғамының
құрметті мүшелігіне сайлады, ол туралы Дмитрий Ивановичке құттықтаулар
жіберді. Жұмысының көптігіне қарамастан, солардың ризашылық білдіріп, жауап
қайтарады.
1905 жылғы революциялық қозғалысқа да Дмитрий Иванович өз кезіндегі үн
қоса білді, 9-январьдағы қанды жексенбі оның сай сүйегін сырқыратыпкетті.
1906 жылы Д.И. Менделеев өзінің аса үлкен көлімде еңбегі "Россияны тануға"
деген кітабын жазумен айналысты. Ол 1907 жылғы 20-январь (2-февраль) күні
сағат 5-тен 20 минут мәңгілікке көз жұмды.
1911 жылы Петербургте Д.И. Менделеевке арнап музей ұйымдастырлды. 1954
ж. Д.И. Менделеевтің толық академиялық жинағы 26 том болып басылып шықты.
Әлі де әртүрлі ғылым саласынан айтқан идеялары мен еңбектері зерттелуде.
Д.И. Менделеев - шын мәнінде аса дарынды үлкен энциклопедияшы ғалым.

Михаил Васильевич Ломоносов

(1711-1765)
Орыстың данышпан ғалымы Михаил Васильевич Ломоносов 1711 жылдың 8(19)-
ноябрінде солтүстік Двина өзенінің бойындағы Холмогор қаласына таяу жердегі
Мишананск (қазіргі Архангельскі облысы, Ломоносов селосы) деген шағын
селода балықшының семьясында туды. Әкесі Василий Дорофеевич кедей балықшы
болған.
М.В. Ломоносов өзінің асқан зеректігінің, қажымас табандылындығының,
еңбекқұмарлағының арқасында ауылдасы Иван Афанасьевич Шубның мен Семен
Никитич Сабельников деген ауылдағы кіші діни қызметшіден өз бетінше оқып,
сауатын ашты. Ломоносовтың білімге деген құмарлағы арта түіп, өз білімін
қеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады.
Әкесі Михаилды 18-19 жасында үйлендірмекші болды. Алайда Ломоносов
1730 жылы декабрь айының қақаған аязды күніне Москваға балық тиеп бара
жатқан керуенді көріп, қарызға 3 сом ақша алып, бұрынырақ кеткен керуенді
жаяу қуалады. Ломоносов Москваға - білім жолына сапар шекті.
1731 жылы январь айының басында Москваға келіпе, ол ерекше зертігі мен
тапқырлығының он жетінші январьда Холмогордегі ақсүйек баласымын деген
жалған дерекпен славян-грек-латын академиясына оқуға түсті. Онда күніне үш
тиын "ақы" төлететін.
Ломоносов оқуға құныға кірісті, соның нәтежиесінде үш кезеңнен тұратын
сегізжылдық мектептің алғашқы үш класын бір жылда бітіреді де келесі жылы
бірден төртінші класстарды оқыды.
1735 жылдың жазында М.В. Ломоносовты Заиконоспасск академиясының
ректоры Стефан Калиновский шақыртып, академияны бітіргенен кейін уездік
оқушылардың озаты ретінде он екі оқушымен бірге білімін одан әрі жетілдіру
үшін Петербургтегі академиялық университетке оқуға баратынын хабарлады.
Ломоносов бұл ұсынысты құана қарсы алады.
1739 жылдың жазында Ломоносов жолдастарымен Марбургтен Фрейбергке
келді. Ломоносов 1740 жылы көктемде, оқып жүрген курсын аяқтап қалған
кезде, өз бетімен оқуды тастап Марбургке кетіп қалды. 1741 жылдың жызында 8-
июньде біраз қиыншылықтар мен әртүрлі жұмыстар оқиғаларды басынан кешіріп,
әйелін уақытша Марбургте қалдырып, Петербургке қайтып келді.
1741 жылы (Минералдар каталогы) туралы бірінші еңбегін жазды. Онда
академияның кунсткамералық кабинетіндегі тастарға толық сипаттама беріп
талдау жасады.
Ломоносов (нағыз химик теорияны да, практиканы да жүзеге асыра білуі
қажет), ол химиялық денелерге тәжірибе жасап қоймай одан шыққан нәтижені
түсіндіре алатын болғаны жөн деген пікірді қуаттады. Ұлы орыс ғалымы
сөйтіп, физика мен химия арасындағы байланысты данышпандықпен ұғына білді.
М.В.Ломоносов химия мен физиканың арасындағы баиланысты өзінің 1751
жылы 6 сентябрьде (Химияның пайдасы туралы сөз) деген еңбегінде айтқан
болатын.
Ломоносовтың физикалық химияда аирықша көңіл аударған проблемаларының
бірі - химия мен электр құбылыстарының арасындағы байланыс мәселесі.
Қазіргі физикалық химияның негізгі бөлімі - ерітінді зерттеу мәселелеріне
де ол ерекше назар аударды. Осы працесиегі дылуды өлшеу арқылы ол бұларды
екі айырып танудың қажет екендігін алғаш айтқан болатын бірақ кезінде бұған
жеткілікті көңіл бөлінбеді.
М.В.Ломоносов өзі құрған лабораториясында алынған нәтижелерге сүйене
отырып, 1756 жылы академияның конференциясында (Материя мен салмақтың ара
қатынасы жайлы) деген баяндамасында және 1760 ж Дененің қаттылығы және
сұйықтығы туралы толғау деген еңбектерінде ағылшын ғалымы Р.Броильдың (Отты
материясының ) негізсіздігін дәлелдеп берді.
Ломоносов кез келген өзгерістерге қатысқан заттың бастапқы салмағы ең
соңында да өзгеріссіз қалатынын дәлелдеді.Сөйтіп таразының химиялық
тәжірибедегі басты құрал екені дәлелденді. Осыған орай мынандай қағиданы
ұсынды. Табиғатта болатын күллі өзгерістердің мәні мынада: бір заттың
денесінен қанша шықса, екінші заттың денесіне сонша қосылады... Бір жерден
қанша материя азайса, басқа жерде сонша артады. Бұл заң барлық табиғи
қосылыстарға ортақ...) Ол бұл ойын 1748 жылы Берлиндегі Петербург Ғылым
академиясының мүшесі данышпан математик Леонард Эйлерге жазған 13 беттік
хатында да көрсеткен болатын. 1760 жылы шыққан "Денелердің қаттылығы мен
сұйықтығы жайлы ойлар" деген еңбегінде массаның сақталу заңын қайтадан
тереңірек қарап оны энергияның сақталу заңымен байланыстырды.
М.В.Ломоносов ашқан массаның сақталу заңын шетел ғалымдары француз
химигі А.Лавуазье есімімен атағысы келді. Алайда Ломоносовтан кейін 17
жылдан соң Лавуазьенің өзінше жасаған тәжірибесі ұлы орыс ғылымы
Ломоносовтың еңбегін жоққа шығара алмады - массаның сақталу заңы өз иесін
тапты – Ломоносов заңы болып дәйекті түрде қалыптасты. М.В.Ломоносов ашқан
ортақ заң бірі ретінде "Энергия сақталу заңын " неміс дәрігері Р.Майер
1842 жылы нақтылы дәлелдеп берді.
Орыстың ұлы ғалымы Ломоносов денелердің қасиеттерін зерттей отырып,
газдардың серпінділік, үйкеліс кезіндегі денелердің қызуы сияқты, т.б.
қасиеттердің ақиқат себептерін тапты. Ломоносов ілімінің негізі бойынша
қысым мен температура бірдей болған жағдайда, түрлі көлемдері бірдей
газдардағы молекулалар саны бірдей болады. Бұл заң газға айналған зат
атомдарының салыстырмалы салмағын табуға мүмкіндік берді.
М.В.Ломоносовтың 1743 академияға тапсырған "Сезілмейтін физикалық
бөлшектер туралы" деген диссертациясында және одан ертеректе жазылған
"Математикалық химияның элементтері (1741ж) енбектерінде барлық дене өте
кішкене материалдық бөлшектерден - "элементтер" мен "корпускулалардан"
тұратыны дәлелденді. Сөйтіп, сол кездегі корпускулдар дегені қазіргі
молекулалар, ал элементтер дегені - атомдар болып шықты.
Атом - молекулалық ілім - ұзақ жылдық тарихы бар әр елдің алдынғы
қатарлы зерттеушілерінің қолдауымен көп күрестің нәтижесінде жалпы көпшілік
моиындаған ілім.
М.В.Ломоносов - шынында көптеген ғылымдардың - химия, физика,
геология, география, жаратылыстану, әдебиет, сурет, өлең, материалистік
филасофия, тарих т.б. негізін салушы ғалым. Ол ғалыми жұмыстармен қатар
әдибиеттің әртүрлі жанрында жемісті еңбек етті. Ұлы ғалым орыс әдебиетінің
жан-жақты еңбек өркендеуіне де мол үлес қосты. Оны В.Г. Белинский "Орыс
әдбиетінің І Петрі" деп атады. Славян-грек-латын академиясында және шетелде
оқып жүрген кездерінде 1739 ж жазған "Хотиннің алынуына арналған ода" деген
өлеңі. Ломоносов әдеби қызметінің басы деп саналады. Ол 20 шақты ода
"Мақтау өлең" 1740 ж ғылыми тақырыптарға арналған өлендер және мысалы
"Таңертеңгі ой толғаулары", "Кешкі ой толғаулары". 1752 ж. "Шынының
пайдасы" атты өлендер жазды.
М.В. Ломоносовтың химия және физика саласындағы ғалыми - зертеулері
заттардың атом-молекулалық құрылысына негізделді. Ол "Корпускулалық
философия" жазу ниетінде болды. Бырақ ғалым өз ойын жүзеге асыра алмай
кетті. Оның бұл саладағы алғашқы қадамы - материяның "Сезілмейтін"
бөлшіктері - корпускулалар жөніндегі ілімді дамыту.
М.В. Ломоносов атмосферадағы электр құбылысын зертеуге де едәуір көңіл
бөлді. Ол зертеуін академик Г.В. Рихманмен бірге жүргізді, амал не, Рихман
жай соққысының қаза болды.
Ломоносов минералдің пайда болуының бес жолын көрсетіп, олардың
әрқайсысыны орысша атау берді. Совет академиктері Ломоносовтың бұл саладағы
өшпес еңбегін жоғары бағалап, дала шпаты, кварц, слюда тәрізді кристалдарды
құрылатын минералдарға "Ломонософит" деген ат берді.
М.В. Ломоносов Россияда кәрден "Фарфор", шыны жасау, тұз өндіру
өндірісінің қалыптасыуына елеулі еңбек сіңірді. Алтынды өндіру жөнінде де
аса құнды еңбектер жазды М.В. Ломоносов 1761 жылы І Петр мавзолейіндегі
ескерткешті мозайкамен әсемдеуге үкіметтен тапсырма алды.
Ломоносов талантының жан-жақтылығы шетел адамдарын да қатты
таңдандырды, олар осының бәрі бір адамнің басынан шығып жатқанына сене
алмады, М.В. Ломоносов өз Отанын жанындай жақсы көрген ұлы патриот ғалым.
М.В. Ломоносов 1762 жылдан бастап салқын тиіп қатты аурды ақыры 1765
жылы 4 (15) апрель күні ұлы ғалым 54 жасында дүние салды. Оның денесі
Ленеградтағы Александр Невский зиратына жерленді. Қазыр Ломоносовтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр машиналары саласындағы маңызды әзірлемелердің авторы
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
Атақты химик ғалымдар
Мектепте химияны оқытудың әдіс тәсілдері
Докучаевтың топырақтану ғылымына салған үлесі. Қазақстандағы топырақтану ғылымының дамуы. Шетелдік топырақтану ғылымының дамуы жəне жағдайы
Шығыс Славяндардың ертедегі тарихы
Дмитрий Иванович Менделеев
Императорлық Қазан Университеті жанындағы Тарих, археология және этнология қоғамы
Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері
Физика тарихынан лекциялар курсы
Пәндер