Л. И. Мирзоян



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Л.И. Мирзоян
Адамзат тарихында басына бұлт үйiрiлiп, ордалары отқа оранған ұлт пен
ұлыс аз болмаса керек-тi. Асылы, олардың арасында аты мен заты шежiреден
өшкенi де, ел жадынан көшкенi де жетерлiк. Тағдыр-талайы сондай ауыр
халықтың бiрi–қазақ халқы. Монғолдың шапқынын, жоңғардың қырғынын, қытайдың
құрсауын, орыстың тепкiсiн, Қоқанның теперiшiн көрген исi алаш ежелден “мың
өлiп, мың тiрiлумен” келдi. Кезiнде ол “ақтабан шұбырындыға” тап болып,
үркiншiлiктi бастан кештi. Шашбаулысы –күңге, айдарлысы – құлға, тұлымдысы
– тұлға айналса да тектiлiгiнен танбады, мәңгүртiкке мойын ұсынбады. Тiптi,
қылышынан қан тамған ақ патшаның өзi “қырғыз-қайсақ” деп кемсiткенiмен,
халыққа жамау атты жапсыра алмады. Бәлкiм, осынау тектiлiгiнiң арқасында
болар, алаштың азаматы он алтыншы жылдың ойранын да, жиырма бiрiншi жылдың
нәубетiне де, отыз екiншi жылдың зұлматына да, отыз жетi-отыз сегiздiң
сұмдық зобалаңына да төтеп бердi.
Жиырмасыншы жылдардың екiншi жартысынан бастап қазақ аспанын қара бұлт
торлай бастады. Ол бiрте-бiрте қоюлана, бiрте-бiрте түйiле келе отызыншы
жылдардың басында ызғарлы қара дауылға ұласты. Алапат күш атаны баладан,
ананы қызынан айырды. Ұл-Ұрымға, қыз-Қырымға адасқан, қарындастардың бiр-
бiрiнен көз жазған заманы туды. Айдың, күннiң аманында шаңырақтар шарт
сынып, керегелер қирап, түңлiктер қақ айырылып жел қуған қаңбаққа айналып
кете барды.
Даланы, қазақ сахарасын үрей биледi. Ұлы үрей! Содан да болар алаштың
азаматтары басының ауған жағына қарай көштi, босты. Сiңiрiне iлiнген
сорлылардың көбi-ақ ажалдың ащы шеңгелiне iлiктi. Бетегелi белдерде балалар
мен бабалардың мәйiтi көмусiз қалды. Тобылғылы сайларда аналар мен
арулардың сүйектерi шашылды. Бетпақтың шөлi мен Қызылқұмның бұйраттарында
талай боздақтардың аңқасы кептi. Iргелi ел, берекелi қауым боламыз ба деп
үмiт еткен халық ендi, мiне, құты қашып, берекесi көшiп, күн көрiстiң
қамымен Ресей асып, Қытай ауып кеттi. Кәдуiлгi тарихта айтыла беретiн
“ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның” тап өзi. Демек, қазақтардың тарихта
бұрын-соңды көрмеген ұлы қырғынға ұшырағаны едi бұл.
Отызыншы жылдардың басындағы репрессия мен күштеп ұжымдастырудың
нәтижесiнде 1932 жылдың ақпанында Қазақстандағы колхоздардың 87 пайызы,
жекешелердiң 52 пайызы малынан түгел айырылды. Аштық басталып, 1930 жылы –
313 мың, 1931 жылы – 755 мың адам қырылды. 1932 жылы құрбан болған немесе
қоныс аударған адам саны 769 мың. Аштық пен жұқпалы аурудан көз жұмған
жергiлiктi халық саны, толық емес мәлiметтер бойынша, 1 миллион 750 мың
адам немесе ауыл тұрғындарының 40 пайызы деп есептеледi.
Аштық зардабынан республикадан тысқары жерлерге 1 миллионның үстiнде
адам босқын болған. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ. Сөйтiп, қазақ ұлтының
саны республикада 1930 жылғы 5 миллион 870 мыңнан 1934 жылы 2 миллион 682
мыңға кемiдi. 1931-1933 жылдары аштықтан республиканың 6.2 миллион жалпы
тұрғынының 2.1 миллионы шығын болған. Қазақ ұлты сол кемiгеннен бұрынғы
деңгейiне арада 40 жылдай өткенде 1969 жылы барып әрең жеттi. (“Алматы
ақшамы”, 2000-31 мамыр)
Сонда тұтас бiр халықтың тоз-тозын шығарып, ұлы сүргiнге душар еткен
кiм? Ол – ел жадында аса бiр сүйкiмсiз Қужақ деген лақап атпен жатталып
қалған, жұрт аузында әлi сан ғасырлар бойы “Қужақ” аталып кете баратын
кәдiмгi Филипп Исаевич Голощекин едi.
Сондай-ақ, қазақтар елiнен боса қашып жатқанда, 1931 жылы Қазақстанға,
(толық емес мәлiметтерге қарағанда), 45 мыңға дейiн орыс және украин
шаруалары көшiрiлiп әкелiндi. Демек “Голощекин геноцидi” дегенге ден
қоятындар Филипп Исаевичтiң қазақ жұртын басқара тұра қазақтарды жек
көретiндiгiн тiлге тиек етедi. Расында, Батыс Сiбiр өлкелiк комитетiнен,
Едiл бойынан, Өзбекстаннан... жеткен “елiнен ауған босқын қазақтар қырылып
жатыр” деген суыт хабарларға Голощекиннiң бүйрегi бүлк етпедi.
Айта кетерлiк бiр оқиға, Голощекин орнынан алынған соң, Қазақстанға
басшылыққа екi адамның кандидатурасының қатар түсуi. Бiрi – Тұрар Рысқұлов,
екiншiсi – Левон Мирзоян. Бiр бiрiн қас-қабағынан түсiнетiн жандар болатын
олар. И.В.Сталиннiң таңдауы Левон Мирзоянға түседi. Ал Тұрар Рысқұлов ше?!
Ол Голощекиндi кетiруге мұрындық болған фигура. Алматыға баруға болмайды.
Ал Ораз Исаев ше?! Ол да хат жазған ғой. Сталин бұл мәселенi шешудi Левон
Мирзоянның құзырына бередi. Өлкелiк комитет басшылары жаңартылады. Алайда,
Мирзоян Ораз Исаевтiң өз орнында қалуын жөн деп бiледi. Кейбiр қателiктердi
түзетуге қабiлетсiз болған қызметкерлер ауыстырылды немесе төмендетiлдi.
1933 жылдың ақпан айында II Алматы вокзалынан Өлкелiк партия
комитетiнiң басшылары Голощекиннiң Қазақстанға сiңiрген еңбегiн мадақтап,
марапаттап шығарып салды. Келесi күнi сол вокзалдан жаңа хатшы Левон
Исаевич Мирзоянды жылы шыраймен қарсы алды.
Келе сала ол бұрын бiлмеген, көрмеген қазақ елiнiң жай күйiне үңiлiп,
республика активiн жинап алып, бiрiншi айтқаны: “Мен сендердiң “Алашорда”
немесе Рысқұлов жағында болғандарыңды сұрамаймын. Өткендерiңдi
қазбаламаймын. Маған дәл бүгiнгi күнi iске адал берiлетiн азаматтар керек.
Өзiм армянмын. Мұнда уақытша келген адаммын. Еншiлеп алып кететiн ештеңем
жоқ. Кетермiн. Бәлкiм, сыйып тұрып қалсам, тұрып қалармын. Әйтеуiр, ешкiмдi
алаламаймын. Өздi-өздерiң жау болып, тартысып жатсаңдар – өздерiң
бiлесiңдер. Менiң бiлетiнiм, қашан да ауызбiршiлiк жақсы. Сiздердi өзара
дұшпандықтан сақтандырамын...” (“Қазақ әдебиетi”, 1997, 27 мамыр).
Голощекин кезiнде әбден басылып, жүнжiп, жасып, бетi қайтып қалған
партия, кеңес қызметкерлерiн берi қаратып, еңсесiн көтерiп, келiңiздер,
барлығымыз жұмылып Қазақстанның осынша күйрегенiн, қиын жағдайға душар
болғанын көтерейiк, маған көмектесiңдер, халқымыз әлi-ақ еңсесiн көтередi,
көшiп-босуды, аштықты тоқтатамыз, мен сiздерге уәде беремiн, сол үшiн
жанымды саламын, – деп Мирзоян баяндама жасап, әрбiр облыс, аудандарға
барып, қысқасы, барлық басшы ұйымдардың жұмыстарын қайтадан жандандырып,
елдiң тұрмысын жақсартуға жанын сала кiрiстi. Келген бойда Голощекинмен
бiрге iстеген бiраз орыс басшыларын орындарынан босатты. “Қазақша
бiлмейсiңдер, қазақ халқының өмiрiнен, iшкi ахуалынан мүлдем
бейхабарсыңдар”, – дедi. Өзi де шаруа шаңырағында дүниеге келген, жарлы-
жақыбайлардың жай жапсарын жақсы бiлетiн. Л.Мирзоян ең алдымен ауыл
адамдарына жағдай жасауды қолға алды. Хал жайды жан-жақты таразылай келiп,
Левон Исаевич өз ойларын партия съезiнiң мiнберiнен ортаға салды.
Ашаршылықты ауыздықтау үшiн көшпелi ауылдарға мемлекет көмегi көрсетiлдi.
Бiрыңғай мал шаруашылығымен шұғылданатын аудандардағы шаруалардың мойнында
бұрынан бар қарызы алып тасталып, екi жыл салықтан босатылды. Отырықшы
аудандар тұрғын үй, мәдени-әлеуметтiк құрылыстарға қажеттi материалдармен
қамтамасыз етiлдi. Жағдайдың түзеле бастағанын байқаған босқындар ата
қонысына қайта оралды.
Жаңа басшы келген отыз үшiншi жылдың өзiнде-ақ 100 мыңға жуық отбасы
астық пен мал өсiретiн шаруашылықтарға орналастырылып, отырықшылықтың
алғашқы көшiн бастады. Сол екiншi бесжылдықтың өзiнде-ақ жартылай көшпелi
аудандарда екi жүздей кеңшарлар мен мыңдаған ұжымшарлар ұйымдастырылып,
машина-трактор станциялары қызмет көрсете бастады. Жергiлiктi жастардан
ауыл шаруашылығы мамандары, механизаторлар даярланды. Егiстiк көлемi
ұлғайып, 1934 жылы тұңғыш рет 120 миллион пұт астық жиналды, ал мал саны 5
миллионға артты. Мұның өзi ауыл адамдарының өмiр салтын өзгертiп,
мәдениеттi тұрмысқа бетiн түзедi. (“Ақиқат”, 2001, №7,89-б)
Левон Мирзоян ауыл шаруашылық өндiрiсiн интенсивтендiрiп, ғылым мен
техника жетiстiктерiн енгiзудi белсене жақтады, жұмысшы тобының көмегiн
толығынан пайдаланып, жас механизатор кадрларды үздiксiз тәрбиелеуге
шақырды.
1935 жыл мол берекесiмен қуантты, егiн бiтiк шықты ел еңсесiн тiктедi.
Қазақстанның 15 жылдығы тойланды. Мал саны өстi, жер-жерлерде 400-500 МТС
ашылып, мыңдаған тракторлар жеткiзiлдi.
“Қуатты өнеркәсiптi, ең алдымен ауыр өнеркәсiптi өркендетпейiнше, бiз
алдыңғы қатарлы мәдениттi республика ретiнде дами алмаймыз”, – дедi
Л.Мирзоян. Осы тұстағы оның С.Орджоникидзеге, Л.Каганович пен В.Молотовқа,
тiптi И.Сталиннiң өзiне жазған хаттарында бұл мәселе жан-жақты байыпталып,
мұндай қадамның қажеттiгi көз жеткiзе дәлелденедi.
1933-1934 жылдары Мирзоян Қарағандыға үш рет: бiрiншi жолы 1933 жылдың
мамырында, екiншi жолы сол жылдың маусым айында, ал үшiншi жолы 1934 жылдың
күзiнде келдi. Қарағандыға келгенде көмiр бассейнi құрылыстарының барысымен
жиi танысатын. Ол жаяу жүрiп, тiптi, жергiлiктi қызметкерлердiң өздерi
болмаған жерлерге баратын.
Левон Мирзоянның жұмыс стилi, бүкiл әлеуметтiк қозғалыстардың негiзгi
өзегi әрi бастауы адам, еңбекшi жөнiндегi оның тұрақты қамқорлығы бүгiнгi
уақытпен терең үндесiп жатыр. Осынау қағиданы ұмытқан басшыларды ол аяусыз
сынап, олардан еңбекшiлер тұрмысын жете бiлудi талап еттi. Левон Исаевичтiң
өзi әрдайым жаңа тұрмыс жасалып жатқан жерде болуға ұмтылып, жұмысшылар мен
шаруалардың еңбек жағдайын және оларға көрсетiлетiн тұрмыстық қызметтi
жақсартуды, мәдени дәрежесi мен кәсiптiк шеберлiгiн арттыруды үнемi назарда
ұстады.
Мирзоянның өз басы Голощекиндей ызғарлы, дөкiр емес, кiшiпейiл,
болғанынша әдiл, iскер, қазақ азаматтарының арасына ана Голощекиндей жiк
салып, бiрi мен бiрiн атыстырып- шабыстырып ұстамай, бастарын бiрiктiрiп
жақсы қызмет iстеген едi. Қазақстанға келгенде өзiмен бiраз кавказдық
қызметкерлердi ала келген, онысын кейiн кейбiреулер “Мирзоянның құйрығы”
деп айыптады. Бiрақ, обалы не керек, әкелген жiгiттерi бәрi де iскер
адамдар едi. Асриев Орталық Комитетте партия бөлiмiнiң меңгерушiсi, Әлиев
Жоспарлау комитетi төрағасының орынбасары, Сарумов қала кеңесiнiң төрағасы,
Мұстафаев Шымкент партия комитетi хатшысы болды.
1935 жылдың жазында болған республика активiнiң жиналысында “Мәдени
құрылысы саласындағы жүргiзiлетiн шараларымыз – Қазақстан еңбекшiлерiне хат
танып, бiлiм алу үшiн, қазiргi заманғы техниканы меңгеру үшiн, бұрынғыдан
келе жатқан кенже қалушылықты тез жою үшiн барлық мүмкiншiлiктi жасауға
тиiс...” – деп, Мирзоян мәдениеттiң көптеген мәселелерiн, қазақ тiлiнiң
терминологиясы мен орфографиясына, басқаша айтқанда, қазақ мәдениетiнiң
барлық дерлiк маңызды мәселелерiн талдап айтты, бұлар тез арада ешбiр күш
пен қаржы аямастан шешудiң қажеттiгiн атап көрсеттi.
Левон Мирзоян келген соң Қазақстанда әдебиет пен өнердiң өркен жаюына
кең өрiс ашылды. Қазақ қаламгерлерiнiң шығармаларымен жете танысып,
бiразымен жеке таныс болып, жиi жүздесiп тұрды. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар
Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсiрепов, Мұхаметжан Қаратаев сияқты жаңа
әдебиет жұлдыздарын дұшпан көзден, сыпсың сөзден қорғап, күрделi туындылар
жазуына қамқорлық жасады. Мұхаңның әдебиет төңiрегiндегi күншiл өңездердiң
жазықсыз жаласынан қорғауын өтiнiп, оған хат жазуы да тегiн емес. Парықсыз
Голощекиннiң тұсында екi жыл тасқамауда отырған қабырғалы қаламгердi
тұтқыннан құтқарып, жалақорлардың “жаптым жала, жақтым күйесiнен” қорғап,
ұлы Абай жөнiндегi ұлық шығармасын бастауына жағдай жасады. Бiр жиналыста
ол: “Абай арқылы Қазақстан әлемдiк аренаға шығып, қазақтардың кiм екенiн
дүйiм дүние бiледi”,–деп атап айтты (“Ақиқат”, 2001 №7, 89-б).
Левон Мирзоянның тiкелей ұсынысы мен көмегi арқасында Қазақстан
мәдениетiнiң тарихында 1936 жылы елеулi екi оқиға болды. Бiрi, қазақ
әдебиетiнiң негiзiн салушы, ақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызыл террор
1937 - 1938 жылдардағы репрессия
Қазақстан мен Армения арасындағы саяси дипломатиялық қатынастар
1931-1933жж. ашаршылық
Қазақстандағы 1920-1930 жж. шығармашылық интеллегенцияға қарсы саяси репрессиялар
Қазақстандағы саяси репрессия
Қазақстанда социал - демократиялық топтардың құрылуы
Көсемәлі Сәттібайұлының публицистикасы
Тараз қаласының қысқаша тарихы
Қазақ АКСР - ның одақтас республикаға айналуы
Пәндер