Шығыстың Шахановы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 1
Шығыстың Шахановы 2
Тұлға 5
Қорытынды 10

Кіріспе

Абай атамыз айтады: “Жаттың бір тәуір кісісі көрінсе “Жарықтық” деп
жалбырап қалып, өз елінде содан артық адам болса да, танымайтыны қалай?
...Бәйгеге ат қоссаң, атыңды тартыспайтұғын ағайын, атың келсе, бәйгесіне
өкпелейтұғыны не?”
Біз ойлап отырмыз: Арада ғасырдан астам уақыт өтсе де, қазақтың ұлт
ретіндегі мінезі өзгермейтұғыны қалай? Өзіміздің барымызды да, нарымызды да
елемеуге, ескермеуге келгенде, әлі күнге алдымызғы жан салмайымыз.
Ағайынымыздың аты бәйгеден келсе, үйдің сыртын айнала бері, мұрын шүйіруге,
оны айтасыз, ерін шығаруға, тіпті қара үзіп келген жүйрікті қаралап,
күстаналауға неге сонша әуеспіз?
Әңгіме Мұхтар Шаханов жайында болып отыр.
Ауыл арасының айналма жарысын былай қойып, халықаралық аламандарда
үстінен құс ұшырмай келіп жатқан Шахановтың ұлт ордасына сылған олжаларын
олқысынғандай, менсінбегендей боламыз.
Адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыспен бірге бүкіл мұсылман
әлемінде теңдесі жоқ талант деп мойындалып, марапатталып жатса, бұл да бір
қажымайтын пысық екен деп, өзіміздің іштарлығымызды әлденемен бүркемелеп,
күлмен көмген боламыз.
Айдай әлем әлдеқашан таныған Альфред Нобельдің алтын медалі
Шахановтың омырауына тағылып жатса, е, соны қойшы деп, тағы да сыртымызды
береміз.
Мүйізі қарағайдай нобельшілер комитетіндегі мүшелердің барлығы
Шахановқа шүлен тарататындай бірі құдасы, бірі жиені ме екен?
Қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмайды деген осы болу керек.
Алпысыншы, жетпісінші жылдары әдебиет дейтін қара шаңырақтың киелі
босағасынан имене, ізетпен аттаған бозбала Шаханов бүгінде оның төріне
шығып, ақындардың ағасына айналса да, баяғы Танагөздің авторын таныған
қалпымызбен, шымкенттік тракторшы ақын жігіттің төбесінен мүсіркей
қараған қалпымызды өзгертпейміз.
Осы Шахановты әлем неге мойындай қалды деп, бір уақ біз де өзімізді-
өзіміз тергеп көрсек қайтеді?
Бұдан жиырма жыл бұрын Екі Мұхтар дейтін мақала жазып, дәл осы
Мұхтардың алдын божай білген нағыз Мүсірепов шынында да әулие екен!
Мизамдай нәзік лирикасымен, оқиғалы өлеңдерімен, әсем ән-әуендерімен
қазақ жастарының жүрегін жаулап алған Мұхтар Шаханов марқая келе, кісінің
қиялы жетпес ой биіктерін бағындырып, біздің уысымыздың аясынан басқа
өрістерге шығандап шығып кетіпті.

Шығыстың Шахановы

Төменде тұрып, биіктерге қалай әділ баға беруге болады?
Мұхтар Шахаов поэзиясын біздің қомсынып жүруіміздің шын мәнісі
осында емес пе екен?
Мұның анық дәлелі есебінде ақынның “Өркениеттің адасуы” және
“Жазагер жады қосмоформуласын” (“Шыңғысханның пенделік құпиясы”) атты
салмақты да салиқалы қос жыр кітабын тануға болады.
Шыңғыс ханның әлемдік өркениеттегі, адамзат дамуындағы орны мен рөлі
туралы айтыс-тартыс қазір республикалық баспасөздің аясынан шығып,
халықаралық деңгейге көтеріле бастады. Бұл даулы мәселені тарихшы
ғалымдардың құзырына қалдырып, “кеселді түйін шешілсе, кердең мойын
кесілсе, келмей кетпес кезіне” деген Абай сөзіне жүгінеміз де. Шаханов
шығармашылығындағы Шыңғыс хан бейнесі біз үшін әдеби проблема ретінде ғана
таңсық екенін ескерте отырып рухани болмысымыздың қаһарман Қайханға іш
тартатынын жасыра алмаймыз. Мұхтар Шахановтың роман-поэмаларын эстетикалық
философиялық қуат-қарымы және табиғи тегіміздегі жалғайдан жететін бір
рухани тартылыс күші осылай дегізеді.
Қайырымды қапа Отырардың қыпшақ Қайхан бастаған жанкешті
қорғаушыларының алты айға созылған қаһармандық күресін араға ғасырлар
түсіріп барып, ары қарай жалғап жүрген Мұхтар Шахановтың көркемдік құрал-
қарулары барынша пәрменді, барынша қуатты. Өйткені, ол Отырар төбенің
басынан құмырсқадай қаптап ұмтылған қатігез жаулаушыларды ғана көріп
отырған жоқ, әлемдік өркениет пен озық ойлардың бас айналар биігінен тарих
көшін көңіл көзімен щола қарап, соқталы түйіндер жасауға ұмтылды. Мұхтар
Шахановтың жаңа қолтаңбасының ең ұрымтал, ең ұтымды ерекешелігінің өзі –
осында! Шахановты әлем ақындарының алдыңғы легіне шығаратын қасиетті де дәл
осы кең құлаштан, планетарлық масштабтан іздеу керек. Адамзат даму көшінің
ғаламдастыру, жаһандатыру атанып жүрген қазіргі кезеңінің темірқазық
идеяларына сәйкес келетін бұл ақындық толғаныстар көзіміз үйренген, етіміз
дағдыланған қазақ өлеңіне де басқа өлшемдермен қарауды талап етеді. Шаханов
поэмаларын жағырапиялық шектен шығудың алуан-алуан үлгілері қалай үйлесім
тапса, уақыт кеңістігінде кедергісіз шарықтаудың да оның қазықты ойын
жеткізу үшін қаншама мүмкіндік беретінін аңғаруға болады. Алматы мен Рим,
Отырар мен Коллизей, Отумба мен Борго-Сан-Лоренцо ақындық ой таластарының
алаңына қалай тез айналып жүре берсе, орта ғасырлардан оп-оңай аттап өту де
шығармашылық шеберліктің оңтайлы әдіс-амалына айналып кеткен. Өйткені, дәл
қазір жер бетінде ғұмыр кешіп жатқан адамзат ұрпағы үін руханият
проблемаларының уақыты мен орыны шешуші рөл атқармайды. Жанды жегідей
жейтін, сананы сарсаңға салатын қиын түйіндердің, адамгершілік-иман
сұрақтарының қарапайым да, қатал жауаптарын Адам-ата мен Хауа-ананың барша
перзенттері әлемдік өркениет тәжірибесінен қолына шырақ алып іздегенде ғана
табуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Мұхтар Шаханов – ұлттық шеңберден өз
болмысымен шыға білген зор тұлғалы ақын. Сөйте тұра, оның өлеңдерінің
рухани тамыр тартқан топырағын да жазбай танимыз.
Егер космополитизм дегеннің жақсы мағынасы бар болатын болса,
Шаханов поэмалары соны дәлелдеудің көрнекті құралы болып табылады.
“Шыңғысханның пенделік құпиясында”, “Жетінші түйсік” дейтін тарауша бар, ол
былай түйінделеді:

Жұбайың досың болды ма – самғатқан сезім шырайын,
Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?
Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқыыл,
Ұға ма ол шаттық-мұңыңды жетінші түйсік арқылы?

Ұқпаса...
Ісің секілді дауылда мұзға жаққан от,
Рухани терең түйсіну
Жоқ кезде – махаббат та жоқ!

Осы өлең жолдары қай ғасырдың адамына түсініксіз, әсерсіз, ықпалсыз
болуы мүмкін? Қай ұлттың өкілі осы өлең жолдарын жатырқауы мүмкін?
Қосылған қосағымен қос өзендей астасқысы келген жұмыр басты пенде
қай заманда, қай елде ғұмыр кешсе де, от пен судың, жарық пен қараңғының,
махаббат пен ғадауаттың арасындағы осы мәңгілік проблемаға бір жүгінбей
өтпесе қандай анық болса, Мұхтар Шаханов поэзиясының өміршең рухы да ақыл
мен сезімге қатар шабатыны сондай ақиқат.
Жазагер жады космоформуласында, Ұрылар мен орташалар деген
шендестіру бар:

Ұрылардың осал жерін орташалар біліп алған,
Ұлы ойлардың иығына орташа ойлар мініп алған.
Сан алқалы жиындарда орташа ойлар той бастаған,
Хас тұлпардың даңқын бөгеп, орташа аттар ойқастаған.
Мынау асау дәуірдің де орташа ойлар сүйенері,
Биліктегі бастың көбі – орташа ақыл иелері.
...Ағатай, сәл сақтаналық, рухсыз күш неге батыл?
Баспен емес қарынмен ойлайтын топ келе жатыр!

Әмбеге бірдей түсінікті бұл жыр жолдарын жіліктеудің қажеті бола
қояр ма екен? Бұл өлеңді осыдан отыз жыл бұрын оқысаң, әулиелік деп
бағалауымыз екі талай еді ғой, ал қазіргі орташалар дәурен сүріп тұрған
заманның ортасында оқудың жөні бір бөлек сияқты.
Орайы келгенде ойға түсіп отыр, Мұхтар Шахановтың лексиконында
дәстүрлі қазақ тілінің орамдарында орнықпаған тың тіркестер, жат түсініктер
молырақ жолығады. Әсіресе, жаңа Шаханов шығармаларында жиі кездесетін
мұндай тосың ұғымдар бір қарағанда ақынның сөздік қорына күмәнімен қарауға
да себеп болатындай. Байыбынп барсаңыз, уақыт көшінен кенжелеп қалмауға
ділгер болып отырған қазақ тілін байыта түсудіі осындай тәжірибесіне де
жатырқамай қарау қажеттігін сезінесіз. Өткен ғасырдың басында жаңа тұрпатты
жазба тілімізді орнықтыруға күш салған Алаш ардагерлерінің сөз
қолданыстарының да дәл осылай --- көрінген болар. Қазақ тілі - төрт тұяғын
топыраққа тигізбей тайлап та жорғалаған шешендердің ғажайып көркем тілі
екені қандай рас болса, бүгінгі өмір шындығының иірім-қайырымдарына
икемделіп-бейімделу арқылы мүлдем соңы мүмкіндіктерінің де мол екенін
дәлелдей алатын өміршең тіл!
Сөзімізді әрі қарай сабақтайық. Мұхтар Шаханов кітаптарының тұсау
кесер рәсімдері Еуропаның, Азияның ең үлкен қалаларында өткізіліп, ЮНЕСКО –
ның аясында бір халық шеңберіндегі руханият кеселдерін әлемдік өркениенттің
өзекжарды проблемалары деңгейіне көтеріп, шырылдаған шындықтың жанайқа йын
жан-жүрекке жеткізіп айта білуінде. Уақыт пен кеңістікте, ұлт пен нәсілге
телініп қалмай, ғаламдық дертті қозғауға түрткі болатын ғажайып қарапайым
да данагөй аңыз-әфсаналарды поэзия көрігінде қорытуға құдірет-қарымы жеткен
ақынға әлемнің әр түпкіріндегі сөз зергерлері бас шұлғыса оған таңғалудың
орайы жоқ.
Орыстың бүгінгі ең үлкен ақыны Евгений Евтушенко айтады: Мұхтар
Шаханов – нағыз қазақ ақыны, бірақ оған ұлттық тұйықталу жат. ...Ақын
Шаханов фольклорлық сарындардан ө халқының тарихи хан осы замандық
кемеңгерлігін қорытып шығара отырып, әлемдік рухтың биігіне самғап жүр.
Расул Ғамзатов: Ақын Мұхтар Шаханов - өзінің сергелден заманының
сергек ар-ожданы, - дейді.
Нобель сыйлығының лауреаты Нағип Мақпуз: Ғаламдық поэзияның ақиқат
мәні – Мұхтар Шаханов туындыларында, - дейді.
Дүние жүзінің аузы дуалы, сөзі уәлі қасқа-жайсаңдарына, игі
жақсыларына осылайша өз талантының орасан зор қуатын мойындатып қойған
Мұхтар Шаханов шығармашылығының ең басты ерекшелігі, оңбас-тозбас қасиеті –
оның тізе бүкпес, бас еңкейтпес өршіл рухы, күрескер қайраты. Сөз түйіні
осыған саяды.

Не асқақ тау баурайымен сапар тартсаң жолға алыс,
Қайтпек керек – қарсы алдыңнан шыға келсе жолбарыс?
Ең бастысы: сабыр сақтап, еңкейместен тік тұру,
Аңға, малға ұқсамайтын болмысыңды ұқтыру.
Осы шартты орындасаң, одан қауіп күтпегің,
Ал, еңкейіп, төрт аяқты малға ұқсасаң – біткенің!
Сол сәтінде-ақ тарғыл мысық қан толтырып көзіне,
Серіппедей тартыла кеп, атылады өзіңе.
Бұл сұраққа ғылым әлі толық жауап таппаған,
Адам кейпін сақтағанды жыртқыш неге жақтаған.
Тау аралап жолға шықсаң, қимылыңа мән бер сен.
Қай кезде де еңсе бүкпеу – ердің басты құралы.
...Мен де кейде адамдағы аласарған жан көрсем,
Ыза буған жолбарыстай атылғым кеп тұрады!

Осылайша тек шығыс адамына тән түсініктерді буыр қанған сезім
дариясында ширықтырып, адамзатқа ортақ ақыл-ой мұхитына сарқырата құю
арқылы өз шығармашылығының мүлдем жаңа биігіне шырқай көтерілген Шахановқа
әдеби орта, әдебиет сыны да жаңа көзқараспен жалт қарап, әділетін айтар
кез келді. Біздің бір білетініміз талантты адамның өзіне өзінің берген
бағасынан әділ баға болмакйды. Содан асқан марапат та, қанағат та жоқ.

Тұлға

Идея. Идеал. Идеология. Танылған емес, осындай бүркеншік бейнелерде
таңылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Тәуекелдерді басқару
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Батыс пен Шығыс әлемі
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
X-XIV ҒҒ Қазақстандағы тәлімдік ой-пікірлердің қалыптасуы және даму
Абай Құнанбайұлының қысқаша өмірбаяны
Ежелгі Египетте мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Ежелгі Египетте мемлекет пен құқықтық пайда болуы
Үстеме шығыстардың есебі туралы
Пәндер