Мұстафа Кемал Ататүрік
Мұстафа Кемал Ататүрік.
Өткен жексенбінің кешінде “Хабар” арнасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімін қайталап
көрсетті. Инаугурация күні Ақордада отырғанда кеудені кернеген керемет
көңіл-күй тағы да көкірекке лықси келіп, “Тәубе, тәубе, ел болдық қой”
деген сөзді іштей күбірлей айттық. Әлемнің 70-тен астам елінің өкілдері,
сегіз елдің басшысы қатысқан, бөлекше бір бекзаттықпен, дегдарлықпен өтіп,
мемлекетіміздің мерейін тасытқан сол салтанат сәтінде теледидар алдына
жиналған қазақстандықтардың қай-қайсысы да жақсы атымызды жаһанға жайғызған
Азаматтың дүние дидарындағы дара тұлғалардың қатарына қосыларына күмән
келтірген жоқ.
Қазақстандық “Еркін қоғам” институтының Астана клубы әзірлеп, өткен жылы
жарық көрген “Азиатский прорыв” атты кітапта дүние жүзін Шығысты мойындауға
мәжбүр еткен бес басшының – Түркияны түлетіп, түрік рухын түрлентіп
кеткен Мұстафа Кемал Ататүріктің, Сингапур кереметінің авторы Ли Куан Юдің,
Қытай ғажайыбының иесі Дэн Сяопиннің, Малайзияның мерейін биіктеткен
Махатхир Мұхаммедтің, Қазақстанды қарыштатып берген Нұрсұлтан Назарбаевтың
жүзеге асырған реформаларының сыры терең ашып көрсетілген. “Әлемде қандай
да бір елдің өркендеуін бір адамның есімімен тікелей байланыстыратын жайлар
онша көп емес. Әдетте, олар өздерінің ерекше жаратылысының арқасында
қоғамдық күштерді жаңа мемлекеттіліктің негізін құруға жұмылдыра алған және
туған еліне әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алып берген аса көрнекті
тұлғалар болып келеді. Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан Ю, Дэн Сяопин,
Махатхир Мұхаммед және Нұрсұлтан Назарбаевты өз бойларына Шығыстың даналығы
мен Батыстың серпінділігін қатар сіңірген осы заманғы мемлекет құрушылардың
жұлдызды шоғырына қосуға толық негіз бар. Олар – өздерінің елдерімен бірге
жедел жаңғыруды жүзеге асырып қана қоймай, өздерінің ата-баба дәстүрлеріне
арқа сүйейтін, болашаққа нық сеніммен қарайтын Жаңа адамды, Жаңа ұлттарды
қалыптастырған көшбасшылар”, делінген кітаптың алғысөзінде.
“Егемен Қазақстан” сол жинақтағы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған
тарауды жедеғабыл аударып, 15 желтоқсан күні газет ішіндегі кітапша күйінде
оқырманға ұсынған болатын. Бүгін біз кітап кейіпкерлерінің көшін бастап
тұрған Мұстафа Кемал Ататүрік жайында жазылған тарауды, газет мүмкіндігін
ескере отырып, едәуір ықшамдалған күйінде жариялауды жөн көрдік.
Жаулары басып алып, қиратып тастаған бір кездегі ұлы империяның жұртта
қалған жұқанасына айналған, дамыған державалардың алдында экономикалық
жағынан кіріптарлыққа ұшырап, төменшік күйге түскен Түркияның етектегі
басын төрге сүйреп кеткен есіл ерді – өзінің Тұңғыш Президентін түрік
халқының қандайлық қастерлейтіні кім-кімді де ойға қалдырады деп сенеміз.
Мұстафа Кемал Ататүріктің билік құрған он бес жылының, бүкіл әлем үшін
демей-ақ қояйық, түрік ұлты үшін, ал енді көбіне-көп Еуропа үшін де тарихи
маңызын Оттоман портасының оған дейінгі жеті ғасырымен салыстыруға әбден
болады.
Константинополь Мехмед ІІ-нің мұздай темір құрсанған шеріктерінің қолынан
құлаған 1453 жылдың мамырынан Еуропа одағы (ол кезде Еуропа экономикалық
қоғамдастығы) Түркияны Еуропа клубына мүшелікке алу жөнінде уәде еткен
1963 жылға дейінгі аралықты бес жүз жыл бөліп жатыр. Сонан бері түріктер
төрешілдік шешімдерінің кезегін күтіп, Еуропа дарбазасының алдында тұр. Ол
дарбазаның жеңімпаз Кемал-паша ұрпақтарының алдынан айқара ашылатынына үміт
барған сайын артып келеді.
Түріктердің өткен дәуренінде бірнеше ғасырларға созылған күш-қуат пен даңқ
жолы жатыр. ХVІІ ғасырдың екінші жартысына дейін өзіне теңдесер ешкім
болмаған Осман империясы әлемнің аса ірі мемлекеті еді, оның билігі
Солтүстік Африкаға, Таяу Шығысқа, Шығыс және Оңтүстік Еуропаға жүріп тұрды.
Алайда, ХVІІ ғасырдың аяқ шеніне қарай әртүрлі ішкі және сыртқы себептерге
байланысты бір кездегі қуатты державаның ыдырау үдерісі басталды. Оның жан
тәсілім етуінің өзі екі жарым ғасырға созылды.
Он тоғызыншы ғасырдың аяғында тарих майданына реформаторлардың жаңа буыны –
жас түріктер шықты. Ағылшын-француз ықпалынан босауға ұмтыла отырып, жас
түріктер сыртқы саяси бағытты өзгертті де елді Германияны жақтап бірінші
дүниежүзілік соғысқа килігуге ұрындырды. Мұның өзі Еуропа мен Осман
империясының мың жарым жылға созылған текетіресі тынуының бастауы еді. 1918
жылы Мудрос уақытша бітіміне қол қойылған соң ел өзінің жерінен түгел
айырылды, Антанта әскерлері Анадолыны басып алды. Түркияны жаңғыртудың
османдық кезеңі осылай аяқталды.
Осман империясының соңғы соғысына айналған бірінші дүниежүзілік соғыстың
басында-ақ Уинстон Черчилль: “Осынау зілзалада даудан басы арылмаған,
қирап, қаусаған, қалтасы тесік Түркияның күні не болар екен?”, деген еді.
Түркияның жеңілісі Осман империясы аумағының тез арада-ақ бөлініп алынуына
әкеліп соқтырды. Антантаның әскери флоты Босфор мен Дарданелл бұғаздарына
кірді. Ағылшындар мен француздар Мосул мен Искандерун маңайын басып алды.
Италиялықтар Оңтүстік-Батыс Анадолыны және маңайлас жерлерді, соның ішінде
Антальяны бақылауда ұстады. Антанта флотының көмегімен грек қарулы күштері
1919 жылдың мамырында Измир маңына келіп түсті де, Батыс Анадолыдағы
гректерді қорғаймыз деген сылтаумен ашықтан-ашық соғыс интервенциясына
кірісіп кетті.
1919 жылдың мамырында Эгей теңізіне жақын жердегі таулы өңірде партизан
соғысы өріс алды. Қарсылықтың бастауында неғұрлым білімді және отаншыл топ
– әскери кадрлар тұрды. Олардың көбі жас түріктердің жаңғыртушылық
көзқарасын қолдайтын. Күресті таяуда ғана аяқталған соғыстың батыры,
“Ыстамбұлдың құтқарушысы” атағына ие болған генерал Мұстафа Кемал басқарды.
Әскер мен халықтың көмегіне сүйенген Кемал уақытша үкімет құрып,
интервенттерге қарсы соғыс қимылдарын өрістетті. Кемалшылдық революциясы
басталды. Сұлтан Кемал жасақтарына қарсы “ғазауат” жариялады. Ел азамат
соғысының отына оранды.
1920 жылғы 10 тамызда Севрде Антанта державалары мен сұлтан үкіметінің
арасында бейбіт шартқа қол қойылды, осы арқылы Түркияның бөлінуі мен
кіріптарлыққа түсуі құжатталды. Сұлтан үкіметіне іс жүзінде Анкара мен Қара
теңіз жағалауы арасындағы жер ғана қалдырылды. Түркияның басым бөлігі
Антанта елдерінің бақылауына және ықпалына түсті.
Жаңа парламент – Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ) Анкарада шақырылды,
жиналыс М.Кемалға қосымша өкілеттіктер берді. 1922 жылдың 26 тамызында
түрік әскерлері барлық майданда шабуылға шықты. Түріктерге қарсы
әскерлердің негізін құраған грек армиясы тас-талқан етіліп, түрік жерінен
тез-ақ тайып тұрды. 1919-1922 жылдардағы грек-түрік соғысы жеңіспен
аяқталды.
1920-1922 жылдар аралығында М.Кемал және оның жақтастары шығыстағы,
оңтүстік пен батыстағы жау әскерлерін талқандап, Ресеймен, Ұлыбританиямен,
Франциямен және Италиямен бейбіт келісімге келді. 1922 жылдың қарашасында
соңғы сұлтан – Мехмед VІ британ әскери кемесіне мініп алып, елден қашып
шықты.
1923 жылдың 29 қазанында Түрік Республикасының құрылғаны жария етілді, бір
жыл өткен соң оның Конституциясы қабылданды. Дәл сол күні Ұлы ұлттық
жиналыс Ғази Мұстафа Кемалды Түрік Республикасының президенті етіп
бірауыздан сайлады.
Ол Осман империясының жеті жүз жылдық тарихын тәмамдаған, жаңа мемлекет –
Түркияны құрған адамға айналды.
Соғыс барысында қол жеткізген беделі мен Түркияны азат етуші деген даңқына
арқа сүйей отырып, М.Кемал батыл және түбегейлі өзгерістерге еш жалтақсыз
кірісті. Кемалшылар өткен күнмен ат құйрығын кесісу және жаңа тұрпатты
ұлтты қалыптастыру алға басудың міндетті шарты деп санады. Отаншыл күштерді
біріктірудегі ұйымдық бастау ретінде түрік ұлтшылдығы идеясы ұлт-азаттық
соғысы жылдарында дүниеге келді. Ол ұлыдержавашыл османшылдықтың, жас
түріктік пантүркизм мен панисламизмнің орнын алмастырды.
Оның алдындағы екі ғасыр бойында үнемі дерлік жеңіле бергеннен, империяның
іштей іріп-шіруінен түріктердің ұлттық сағы әбден-ақ сынған еді. Оны қайта
көтеруді алдымен зиялы қауым сөз етті. Сондықтан да Ататүріктің: “Түрік
болу қандай бақыт!” деген атақты сөзі әлемдегі басқа жұрттарға қыр
көрсетудей естіліп, қайта өрлеп жатқан елдің ұлттық идеясының арқауына
алынды.
Ішкі саясатта ұлтшылдық бұқара халықты революциялық жаңғыруларға
жұмылдырудың басты тетігіне айналды. Түрік ұлтшылдығы қағидаты
конституцияға және билік құрушы Халықтық-революциялық партияның
бағдарламасына енгізілді.
Ататүрік алға қойған міндеттердің соншама жойқындығын түсіну үшін 1920-шы
жылдарда христиандық Еуропа мен мұсылмандық Түркияның арасында түпсіз
шыңырау жатқанын есте ұстау, екінші жағынан алғанда, Еуропа десе әділетті
түрде түрік мемлекеттілігінің өзін құртып жібере жаздаған қас жауын
көретін мұсылман еліне еуропалық даму жолын ұсынған Ататүріктің батылдығы
мен көрегендігіне дес беру керек. Еуропаландыру мен секуляризацияға, яғни
мешіт меншігін мемлекеттендіру немесе зайырлануға қайтпастай бағыт ұстау
күшті ішкі қарсылыққа тап болды. Елде Кемалдың батысшыл үкіметін құлатып,
дәстүрлі мұсылмандық тәртіпке қайта оралуды мақсат тұтқан бірнеше ірі
бүліктер көтерілді.
Осының бәрі түрік лидерін беделге салып, белден басуға, өз реформаларын
жүргізуде ең алдымен өзіне шын берілген армияға арқа сүйеуге мәжбүр етті.
1920 жылдың сәуірінде сайлау нәтижесі бойынша Анкарада жаңа парламент
(меджлис) – Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысы өз жұмысын бастады. Жиналыс
М.Кемалды төраға етіп сайлады. Сол жылғы қыркүйекте, соғыс қызу жүріп
жатқан кезде М.Кемал Ұлы ұлттық жиналыстың қарауына “саяси, экономикалық,
әкімшілік және әскери мәселелерді қамтитын басқаруды жүзеге асыру
бағдарламасын” ұсынды. Алғаш рет “Түрік мемлекеті” деген ұғым енгізілді.
Сөйтіп, Осман империясынан аты да, заты да бөлек жаңа геосаяси субъектінің
дүниеге келуі заңды тұрғыдан бекітілді.
Түрік мемлекеті республика деп жарияланды. Меджлис депутаттар арасынан
сайлайтын президент қызметі енгізілді. Республиканың тұңғыш президенті
болып М.Кемал сайланды, ол кейін бұл қызметке 1927, 1931 және 1935 жылдарда
қайта сайланды.
1924 жылы меджлис қабылдаған Негізгі заң бойынша елдің барлық азаматтары
түріктер деп жарияланды.
Кемал өзінің парламенттік тобын Халықтық-республикалық партияға (ХРП)
айналдыратынын жария етті. Жаңа құрылған партия парламенттің жаңа құрамының
сайлауында жеңіске жетті. Оның сардар төрағасы болып Мұстафа Кемал
сайланды. М.Кемал ХРП-ға жариялы оппозицияны өз серіктестерінің қатарынан
құруға екі рет әрекет жасады, оның екеуі де сәтсіз аяқталды: оппозициялық
партия, кәдімгі бір магнит сияқты, кемалшылар арасындағы керауыздарды ғана
емес, жаңа режімнің бітіспес қарсыластарын – билікке қарсы қолына қару алып
шығудан тайынбайтындарды да өзіне тарта беретін болды.
Жаңа үрдістерді жұртшылықтың қабыл алуын жеңілдеткен маңызды жағдаяттардың
бірі билік дәстүрінің сабақтастығы болғанын атап айту керек. Осман
дәуіріндегі мемлекет ұйымдастырудың негізгі қағидаттарынан бас тарта
отырып, кемалшылар дара билік феноменін сақтап қалды, оны тіпті күшейте
түсті.
Түркиядағы демократияның орнығуы – даму деңгейі және саяси мәдениет
дәстүрлері жағынан әрқилы мемлекеттердің әмбебап демократиялық
құндылықтарға қол жеткізуінің қандайлық сан түрлі болуы мүмкін екендігінің
жарқын мысалы.
Ататүрік Еуропаға ашылар өз терезесін елде батыстық зайырлы мұраттарды
жападан жалғыз жүріп деуге болатындай жағдайда зорлап шығарды. Оның дінге
қарсы жасаған жаңарыстары аянбас қарсылыққа ұшырады, бұл бағытпен
келіспейтіндер жазалаудан қорыққаннан ғана іштен тынды. Сол жылдарда түрік
халқына өз тағдырын өзі шешу құқы берілген болса, көпшілік дауыспен Түркия
классикалық тұрпаттағы мұсылман елі күйінде қалар еді деген де пікір бар.
1920-шы жылдардың басында бұрын да ешқашан онша күшейіп көрмеген түрік
экономикасы толық қирауға жақын жағдайда еді. Осман империясы ұзақ уақыт
бойы батыс елдерінің экономикалық жартылай отары, шикізаттық шылауы болып
келді. Мемлекеттің белді әскери және әкімшілік күші саналатын түріктердің
өзі саудада және өндірісте империяның өзге этностарына ақысын жіберіп
жататын. Этностық тұрғыдан алғанда осман экономикасында армяндар мен
гректердің ықпалы басым еді: 1913-1915 жылдардағы өнеркәсіп орындарының
санағы бойынша өнеркәсіп капиталының 50 пайызы гректерге, 20 пайызы –
армяндарға, 5 пайызы – еврейлерге, 10 пайызы – шетелдіктерге тиесілі
болатын. Тұтастай алғанда, этностық түріктер импорт және экспорт
операцияларымен, көтерме және бөлшек саудамен шұғылданатындардың арасында
тек 5-10 пайызды құрайтын.
Мемлекет өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған елдерге қарап қорынатын мінезден
құтылу үшін көп жұмыс жүргізді. Шетелдік тәжірибенің бәріне бас ие беретін
әдеттің орнына “Біз тіпті батыстық жұмысшылардан, кәсіпкерлерден,
банкирлерден, ғалымдардан да артық жұмыс істей аламыз” деген жаңа ұран
келді. Өз күшіне деген сенімді үкілеп ұстаудың арқасында түріктер өздерінің
мүмкіндіктеріне көз жеткізіп қана қойған жоқ, енді олар осы заманғы
технологияларды сәтті игере алатын, нарықтық қатынастарға кіріге алатын
болды.
Ұлттық экономиканы реформалаудың басты қағидаты ретінде Кемал этатизм
идеясын ұсынды. Этатизм қағидаты тек мемлекеттік реттеуге және аралас
экономика құруға ғана тірелген жоқ. Кемал үкіметі ресми түрде азаматтардың
және олардың қауымдастықтарының жекеменшіктік кәсіпкерлігін жандандыруға
шақырды. Алайда кәсіпкерлер саудаға, үй құрылысына, алыпсатарлыққа сұғына
кірісіп, тек тез арада байып қалуды көздеді, ұлттық мүддені, өнеркәсіпті
дамытуды ойларына да алған жоқ. Сондықтан да Кемал өнеркәсіп пен көліктің
елеулі секторларына мемлекеттік меншік орнатты. Екінші жағынан, үкімет
шетелдік инвесторларға базарларды ашып берді. Шетел инвестицияларын
тартумен қатар кемалшылар үкіметі шетелдік концессияларды жоюға кірісті.
Олардың бір бөлігі жойылды, бір бөлігі сатып алынды.
Үкіметтің жергілікті тоқыма өнеркәсібін қолдауының қызық бір түрі 1925
жылғы желтоқсанда қабылданған заңға сәйкес жүзеге асырылды. Мемлекеттік
қызметкерлер отандық өндіріс матасынан тігілген киім киюге міндетті болды,
тіпті ол мата шетелдікінен 10 пайызға қымбатқа түссе де солай етуге тиіс.
Бағаның айырмашылығы мемлекеттік мекемелер мен муниципалитеттер есебінен
жабылды.
1929-1939 жылдардағы керемет күйзеліс түрік экспортын қысқартып, ұлттық
экономикаға зардабын тигізді. Түрік лирасы құлдырап кеткен 1929 жылғы күзде
үкімет шетелдік азаматтардың қатысуымен жасалатын мәмілелерге қатаң бақылау
орнатты. Индустрияландыруды жеделдету үшін мемлекет зауыттар, шахталар мен
электр станцияларын салды. 1930-шы жылдардың орта шеніне қарай Түркия
банктердің капиталын пайдалана отырып, өндіруші өнеркәсіпті дамыта бастады,
фабрикалар салуға кірісті. Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласу
бағыты 1980-ші жылдарға дейін жалғасып келді, онан кейін Т.Озалдың үкіметі
мемлекет меншігінен алу және жеке бастамашылықты қолдау саясатына ауысты.
Жалпы, экономикадағы этатизм саясатының Түркияға бергені көп. Елдің
өнеркәсіптік дамуының негізі қаланды, тек 1933-1939 жылдардың аралығында
шектелімді өнеркәсіп өнімінің құны үш есе артты. 1930-шы жылдарда Түркия
әлемде өнеркәсіп дамуының қарқыны бойынша үшінші орын алып тұрды. Ататүрік
билік құрған кездегі Түркияның экономикалық дамуы абсолютті сан көрсеткішін
басқа елдермен салыстырғанда да ерекше болды.
Түрік елінің қоғамдық және парасаттық-рухани өмірінің барлық пішіндері
өзгерді. Тіпті бүгінгі күннің биігінен қарағанда да бастамалардың батылдығы
мен реформалардың қандайлық шешімділікпен жүзеге асырылғандығы қайран
қалдырады. “Біз өркениет жолына түсеміз, соған жетеміз... Кейіндеп жүретіндер
өркениеттің буырқанған толқынына көміліп қалады... Өркениет деген өте қуатты
жалын, оны елемейтіндер сол отқа күйіп, үйітіліп кетеді...”. Ататүріктің бұл
сөздері өтпелі қоғамдар үшін қазір де, арада сексен жыл өткен кезде де
көкейкесті. “Өркениет” дегенді “жаһандану” сөзімен алмастырса жетіп жатыр.
Түрік қоғамын жедел жаңартудың кілті оның секуляризациялануы болды. Тарихи
өлшеммен қарағанда болмашы мерзімнің ішінде ислам әлемінің көшбасшысы – ірі
держава өзінің өмір сүруін тоқтатты, ал оның орнына келген ел халқының 90
пайыздан астамы исламды ұстанатын әлемдегі тұңғыш зайырлы мемлекетке
айналды.
Елді зайырлы мемлекетке айналдырудың жолын тазарта отырып, кемалшылар
исламдық ортодоксияға ашықтан ашық қарсы шықты. М.Кемал атам заманнан келе
жатқан шейх-уль-ислам – мемлекеттің бірінші үлемі лауазымын жойып жіберді.
Шариғат бойынша соттауға тыйым салынды. Барлық діни мекемелер мемлекеттің
қатаң бақылауына түсті. Алайда, лаицизмге – зайырлы реформаларға қарсылық
кемалшылар күткеннен күштірек болып шықты. Дінбасылар өздері соншалықты жек
көретін режіммен күресудің кез келген мүмкіндігін пайдаланды. Мысалы, 1925
жылғы күрдтер көтерілісін “құдайсыз республиканы” құлатып, халифатты
қалпына келтіруге шақырған дәруіш шейхтерінің бірі бастады. Күрес кей-кейде
тіпті аяусыз жүрді. 1930 жылы мұсылман фанатиктері жас офицер Құбылайды
өлтірді. Оны қоршап алып, жерге жыққан да, “Алла акбар!” деп айқайлап
тұрып, басын тот басқан арамен езгілеп кескен, сол кезде жиналған тобыр
адам өлтірушілерді қолдап, айқайға басқан. Сонан бері Құбылай
кемалшылдықтың “киелі азапкері” сынды саналып келеді.
Секуляристік реформалар өте ұзаққа созылды әрі ауыр тиді. Алайда, Кемал
басты мақсатына бәрібір қол жеткізді. Түркия зайырлы мемлекетке айналды, ал
ислам бұрынғы ықпалынан айырылды.
Дінді мемлекеттен бөліп алғаннан кейін кең ауқымды құқықтық реформа
жүргізілді. Бірнеше жылдың ішінде елде жаңа заңнамалық негіз жасалды. Ол
қоғамдық өмірдің барлық қырларын қамтыды. Бұл орайда түріктің ұлттық
құқығын қалыптастырудың үлгі-қалыбы ретінде дамыған еуропалық елдердің
заңнамалық нормалары пайдаланылды. Университет газеттерінің бірінде сол
жылдардың құқықтық кірмелілігін арқау еткен күлкілі мақала шыққан. “Түрік
азаматы деп кімді айтамыз?” деген сұраққа студенттер: “Түрік азаматы деп
Швейцарияның азаматтық құқығы бойынша үйленетін, Италияның қылмыстық
кодексі бойынша сотталатын, Германияның іс жүргізу кодексі бойынша
соттасатын, Францияның әкімшілік құқығы бойынша басқарылатын, исламның
қағидалары бойынша жерленетін адамды айтамыз”, деп жауап берген.
Жаңа азаматтық кодекс қабылданғаннан кейін зайырлы билік орындары дәстүрлі
қоғамның ең бір киелі тұсына – отбасылық-діни өмірге алғаш рет сұғына
кірді. Көп әйел алуға тыйым салынды, заң әйелге айырылысу құқын берді,
некенің бұзылуын енгізді. Түрік әйелдерінің құқықтары ер кісілермен
теңдестірілді. Олар ресми қызметтерге тағайындалу мүмкіндігін, дауыс беру
және парламентке сайлану құқын алды. Моногамия және гендерлік теңдік
қағидаты түрік қоғамының рухына көп өзгеріс әкелді.
Тарих үкіметтің өз халқының тілін дәл Түркиядағыдай батылдықпен өзгерткен
басқа мысалын көп біле қоймайды. М.Кемал тіл реформасын жаңа Түркия мен
түрік ұлтын құрудың маңызды бөлігі деп қарады.
Осман империясының шек-шеңберінде түріктер көптеген этно-лингвистикалық
топтардың бірі еді. Араб тілі дін мен дін заңының басты тілі болатын. Парсы
тілі өнердің, әдебиет пен дипломатияның тілі еді. Әкімшілік және әскери
элитаның іскерлік тілі ретінде қолданылатын түрік тілінде араб-парсы кірме
сөздері бықып жүретін.
Тіл революциясы ресми түрде 1928 жылы басталды. Көп ұзамай араб әліпбиін
латын әліпбиіне ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Ұлттық жиналыстың
көптеген мүшелері жаңа әріптерді бес жылдың ішінде бірте-бірте енгізуді
жақтады. Алайда Кемалдың тізеге салуымен әліпби реформасы үш айдың ішінде
жүзеге асырылды! Ұлттық жиналыс түрік әліпбиін енгізетін және 1929 жылғы 1
қаңтардан бастап араб әліпбиін қолдануға тыйым салатын заң қабылдады.
Республика Президенті енді ел мұғаліміне айналды.
Жаңа әліпби түрік тілінің ерекшеліктерін танытуға әлдеқайда бейімдірек еді.
Жаңа ұрпақты араб әріптерін үйренуден құтқара отырып, әліпби реформасы
оларды оттомандық өткен күннен, оның мәдениеті мен құндылықтар жүйесінен
жұлып алуға тиісті еді.
Тіл араб-парсы кірме сөздерінен түбірлі түрде тазарып, олардың орнын
түрікше баламалары алмастырды. Осы мақсатпен Мұстафа Кемал 1932 жылы тіл
қоғамын құрды. Қоғам тілден алынып тасталатын жат сөздердің тізімін жасап,
жариялады. Зерттеушілер олардың орнына түрік диалектілерінен, өзге түркі
тілдерінен, көне мәтіндерден баламалы басқа сөздер іздестірді. Сай
келетіндей ештеңе табылмаған жағдайда жаңа сөздер ойлап табылып жатты.
Екінші жағынан, еуропалық тілдерден терминдер тілге кеңінен кіріктіріле
бастады. Тілдің демократияландырылуы түрік қоғамындағы әртүрлі әлеуметтік
топтардың арасындағы мәдени-лингвистикалық айырымды жойды және ұлтты
ұйыстыруға септігін тигізді.
Кемалдық жаңартудың сипатты белгілерінің бірі түрік қоғамы өмірінің барлық
қырларын батыстандыруға ұмтылу болды. Бұл ұмтылыс сондай-ақ киім-кешекті
және жүріс-тұрыс қалпын өзгертуді, ататек енгізуді де қамтыды. Мұстафа
Кемал бір сөзінде былай дейді: “Достарым! Өркениетті халықаралық киім
біздің ұлтымызға лайықты әрі жарасады, біз солай киінетін боламыз.
Бәтеңкені немесе кебісті де, шалбарды, көйлек пен пенжакты да киетін,
галстукты да тағатын боламыз. Әрине, мұның бәрі басымызға не киетінімізбен
бітеді ғой. Басымызға киетініміздің аты – “шляпа”.
Бір сөзінде М.Кемал паранжыға шүйлікті. “Әйелдердің бетін жауып ұстау әдеті
біздің ұлтымызды күлкіге ұшыратады”, деп санады ол.
Шенеуніктердің бәрі “әлемнің барлық ұлттарына бірдей” костюм киюін талап
ететін арнаулы декрет те шығарылды. Кемалшылардың бұл әрекеттеріне
бірбеткей исламның көзқарасы тиісінше болды. Әл-Әзхар университетінің
ректоры және Мысырдың бас мүфтиі сол кезде былай деп жазды: “Мұсылман
еместің киімін киіп, соған ұқсауға тырысқан мұсылманның ақыр аяғында соның
дінін қабылдаумен, сол сияқты жүріп-тұрумен тынатыны белгілі. Басқаның
дініне бейімделіп, өз дінін жек көргеннен шляпа киетіндердің кәпірге
жататыны сондықтан... Басқа халықтардың киімін кию үшін өзіңнің киіміңнен бас
тарту деген жындының ісі емес пе?”.
Кемалшылардың Осман дәуірінен қол үзуін көрсеткен алғашқы қадамдардың бірі
мемлекет астанасын Ыстамбұлдан Анкараға көшіру болды.
Ол кезде Ыстамбұл десе алдымен еске Осман империясы сарт ете қалатын.
Османшылдық түріктердің өзінің мұсылман уммасына – сұлтан-халифтің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz