Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың өмір асулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі кафедрасы

РЕФЕРАТ
А.Ж.Машанов.

Оқытушы Батима Нурбековна
Студент Касенов Дамир.
группасы НДБ- 05-4р

Алматы-2005
Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың өмір асулары.

Бүгін Қазақтың Ұлттық техника университеті дәрежесіне дейін жаңғыра
жаңарып, алпыс жылдық асудан асқан қазақтың Ұлттық Техника зиялылары
ордасына айналған жоғары оқу орнының шаңырағы 1934 жылы Тау кен металлургия
институты болып көтерілгенде, алғашқы шәкірттерінің бірі болып есігін
ашқан, тұңғыш түлегі болып мамандық алғандардың бірі ғана емес бірегейі
қазақтың көрнекті ғалымы Қазақ Республикалық Ұлттық Ғылым академиясының
ірге тасын қалаушылар қатарындағы, әрі тұңғыш корреспондент-мүшелерінің
бірі ғұлама профессор Ақжан Жақсыбекұлы Машанов пешенесіне жазылыпты.
А.Ж Машановтың азаматтық анкетасын толтырар болсақ, оған Ақаңның өзі
қуған: геология, маркшейдерлік іс салаларымен сабақтас жаңа ғылым саласы
жер механикасының, геомеханика ірге тасын профессор П.К.Соболевский және
оныңшәкірті А.П.Рыжовпен бірге қаласып, негізін салушының бірі, әрі осы
аталмыш ғылым қағидасын қолдана отырып, Ақбастау Құсмұрын секілді кен
орындарын ашудың абройын өзі иеленгендігін, жарты ғасырға жуық ғұмырын
үздіксіз кен инженерлерін дайындаумен қатар, осы салада ондаған ғылым
кандидаттар мен докторларын тәрбиелегендігін тізе отыра Мағжанның Қозғал
қазақ, білім іздер кез келді, деп көтерген ұранына нақтылы жауапты іспен
берерліктей техника, табиғат ғылымдарын қалың оқушыға таратушылығын қазақ
көркем әдебиетінің балауса жанры ғылыми фантастикасының, ғылыми көпшілік
бастау шығармаларының авторлығын; геология ғылымы саласында осыдан 34 жыл
бұрын ақ қазақ тілінде оқулық жазуын; ең бастысы мың жылдан астам уақыт өз
ұлты үшін, тарих топырағында жабулы қалған ұлы бабасы әл Фарабиді ұрпағымен
қауыштырудың: ал соңғы жылдары жасының тоқсанға иек артып қалғандығына
қарамастан шығармашылық ширақтығын танытып, қазақтың екі алып данасы әл
Фараби мен Абай арасының дәнекер байланысын анықтау бағытындағы зерттеулері
мен Ұлы бабаның Табиғат тағылымы қағидасы тұжырымдарының ғылыми
қиястарын, халқымыздың тас дәуірінен бүгінге дейінгі ұғымымен, яғни қазақи
дүние танымен атастыра отырып, ғылыми ислами тұрғысынан қарастырып; Құран
кәрім азиаттарының ғылыми астарын бүгінгі ілімдік үйлесімдігің зертеуде,
тәуелсіз Қазақстан ғылымын жаңа сатыға көтеретің, әрі ұлт намысын жыртып,
ел мүддесін қастерлейтін ұрпақ тәрбиесінің пәрменді идеологиясына бастау
болардай жазылған шығармаларын атар едік.
А.Ж. Машанов Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы ескі аты бойынша
Жамантайдың қарақуысы деген мекенде 1906 жылы дүниеге келген. Қарқарлы
қазақ даласының мәдени орталығы болған жер. Бұл жерде медреселер, орысша
мектептер болды. Қарқаралының жанында елу шақырым жерде Қоянды жәрмеңкесі
ашылған. Дәл осы Қарқаралы қазақ зиялыларының қалыптасуына оң әсер еткен
жердің нақ өзі. Өйткені Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаевтар
сол Қарқаралының тумалары. Қысқасы алаш зиялыларының бәрі Қарқарылыға
соқпай кеткен жері жоқ. Осы жағдай жас бала Ақжанның оқу-білімге құштар
болуына септігін тигізген.
А.Ж. Машанов алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін ауыл
молдаларынан, кеңес мектебінен үйренді. 8-9 жасында Кеңес үкіметі орнаған.
Содан бастап ол ауылдық 4 жылдық мектепті бітіріп, 1922 жылы Қарқаралыдан
ашылған педтехникумға 1924 жылы түсіп, оны бітірісімен 1929 жылдан бастап
ауылдық мектепке мұғалім болып істейді.
1930 жылдары Қарағанды облыстық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі
қызметін атқарған. Дәл осы жылы бұл кісі Абыралыдағы ашаршылықты көзімен
көрген. Адамға деген қатыгездікке куә болған екі бірдей жаман жағдайды
бастан кешірдім, оның куәгері болдым. Біріншіден, мен оқуды бітіргенде
Абралыға бардым дедім ғой. Келесі 1930 жылдары үкімет халықтың малын түгел
алып қойды. Ет даярлау жоспарын орындау үшін соғым еттеріне дейін жинап
әкетті. Ел арасында ашаршылық басталды. Ауыл ауылдан: бәрібір бір өлім деп
ашынғандар үкіметке қарсы көтерілді. Абыралыға қаптап келген
көтерілісшілерді көрдім. Олар ауданды талай қойған жоқ, олармен мәмілеге
келіп елге тигізбеуге шақырады. Бірақ жаз шыға келе ГПУ тексерушілері,
солдаттар келіп 600-дей адамды абақтыға қамап жауап ала бастады. Тергеу
орысша өтті. Орыс тілін білетіндер жоқтың қасы, мені тілмаш-хатшы етіп
алды. Мен 4-5 айдай сонда істедім. Тергеуге тартылғандардың түгелдей
жазаланатынына көзім жетті. Солай болды да, қазақтың соры әлі
ашыолмағандығының куәсі болдым. Жазғы демалысымды желеу етіп, ол жерден
біржола кетіп тындым. Осыдан Семейге келіп обылыстық оқу бөліміне инспектор
болып орналастым - дейді Ақжан Машани өзінің бір сұқбатында.
1931 жылы аудандық ағарту бөлімінің нұсқаушысы және мектепке мұғалім
болған.
Бұрынғы ұстазым Мәнан Семейдің геология-барлау техникумы базасында
ашылған қазақтың болашақ тұңғыш техникалық жоғарғы оқу орны Кен-металлургия
институтының даярлау курсында қазақ тілінен сабақ береді екен. Сол аумалы-
төкпелі заманның құйтырқы қырсығынан сақтандырғысы келді ме, ол мені сол
курсқа түсуге көрдірді, -дейді Машани.
1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумында болашақ тау кен
металлургия институтының дайындық курсында оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған
тау кен металлургия институтының алғашқы студенттерінің бірі болып
қабылданды.
1930-1932 жылдардың басында қазақ халқының қырғынға ұшыраған зұлматын
бастан өткерген, көзбен көрген болашақ ғалымның Алматыға келіп оқуға түсуі
А.Машановтың өмірінде жаңа кезең болып табылады.
Ол кезде кім болсам екен деген ой қаперіме кіріп те шыққан жоқ.
Әйтеуір білім алу мақсат болатын. Оның бер жағында анау анандай дейтіндей
институт түгіл даярлық курстар болмайтын. Инженер болсаң кем болмайсың
деген Мәнан ұстазымның сөзін берік ұстандым, - дейді абыз А. Машани.
Институтта оқи жүре, ол қаладағы техникумдарда, курстарда сабақ
береді.
А.Ж.Машанов 1939 жылы институттың алғашқы үздік бітірген тұңғыш
түлегі болды. Тұңғыш бітіргенде де ол кісі үздік атанып, қызыл дипломмен
оқуды бітірген екен.
1939 1943 жылдары тау-кен металлургия институтының аспирантурасында
оқи жүре, сол кезде ұйымдастырылған Одақтық Ғылым академиясының
қазақстандық филиалында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1943 жылы
геология-минералогия ғылымдарының кандидаттық атағын қорғап шығады.
Маркшейдерлік іс кафедрасының жанындағы аспирантурада оқи жүре осы
мамандықтың өзіндік ерекшелігіне қарай геометриясы, математикалық сабақ т.б
пәндерден дәріс бере жүре осы саланы зерттеуге тура келді. Сөйтіп, физика
математика ілімдерімен тереңдетілген білімі, оның келешекте геологиялық
үдірістер табиғатын тануда физика математикалық әдістерді қолдана отырып,
әртүрлі геологиялық үдірістердің өзара аналитиқалық байланыстарын зерттеу
нәтижесі ғылымның жаңа саласы жермеханикасын дамытуда басты роль атқарды.
Жермеханика тұрғысындағы негізгі идеялары болашақ ғалымның 1944 жылы
қорғаған Торғай сұрме кенінің құрылымы тақырыбына қорғаған кандидаттық
диссертациясында баяндалғанды.
Кандидаттық диссертация тақырыбы етіп алынған ғылыми тұжырым,
алдыменен практикалық істе байқаудан өткенді. Мәселен, жас инженер А.
Машанов 1939 жылы кен барлау ғылыми экспедициясын басқара жүріп, Ақбастау
және Құсмұрын алтын кен орнын ашады. Алайда соғыстың кесірінен аталмыш кен
орнын даралай зерттеуге тек 1959 жылы ғана оралып еді. Жаңа зерттеуге тек
1959 ғалым А. Машанов жермеханикалық әдісті кеңінен қолданып, теориялық
тұжырымдардың дұрыстығын іс жүзінде дәлелдеп шықты. Бұл жұмысқа бұрын –
1940 – 1948 жылдарында – Лениногор, Зырян, Беказы, Торғай, Жезқазған,
Қаратау, Текелі кен орындарын геометриязациялауда ғалым А.П. Рыжовпен тізе
қоса отырып, жермеханика әдісі алғаш қолданылған еді. Жаңа ғалым саласын
дамытуда соғыс жылдарында экономикалық күйзеліс, жаңаға дегенде аттан салып
қарсы шығар кертартпа ғалымдар тобы тарапынан туындаған кедергілерге
қарамастан жаңа сала бастауын алып, өрісі кеңейе берді. Жаңа саланы
қолдаушылардың арасында жас таланттар қатары көбейе берді.
Сонымен, жермеханикасы: Ж.С. Ержанов, С.А. Шрубко, С.А. Базарбаев,
К.Н. Медведев, К.Ш. Макетов, К.И. Қалымбетов, С.Б. Қажығалиева, ж.б. А.
Машанов ұстаздық еткен ғалымдардың ғылыми енбектеріне негіз болды. Жаңа
ілім-жермеханикасы саласындағы дүниежүзілік сүбелі ғылыми еңбек қатарына
жататын Тау жыныстары механикасы 1951 ж. және Жермеханикасына кіріспе
1979 ж. А. Машанов қаламынан туындаған монографиялар - жаңа ғылым саласын
танымал етудегі ірі белес болып саналады. Тау-кен ғылымының тың саласы-
жермеханикасының ірге тасын ғалымдар: П.К. Соболевский және П.А. Рыжовпен
қоса қаласқан А. Машанов аталмыш ғылымның қазақстандық негізін салушы
болып, ғылым тарихына еніп еді. Іргелі осынау монографиялардан басқа ғылыми
конференцияларда жасалынған, проблемалық баяндамалары, былай қойғанда, жер
ғылымы - геологияға бағышталған кесек еңбектерімен шығармалары 1935 – 1939
жылдардан бастап-ақ шыға бастағанды. Олар: Жер сілкіну, Таулар қалай
құрылған, Жанартау және Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды? Тәрізді
жеке-жеке кітапшалары.
Жаз айларында түрлі кен-барлау экспедициялар құрамында: Орталық
Қазақстан, Алтай, Жоңғар Алатауы, Қаратау өңірінде жүріп, жаңадан төрт кен
орындарын ашып, авторлық куәліктерін алды.
Бүгінгі таңда республика жоғары оқу орындары тау-кен факультеттерінде
Жермеханика! Жеке пән ретінде оқылады, өйткені тау-кен ғылымында кен
жұмыстарын жүргізген кезде де тау қысымын басқару жолдары, жер қойнауындағы
ығысу үдерістері, кен тіректерінің тұрақтылығын және т.б. әндірістік
мәселелердің дұрыс шешімін жермеханика әдісінсіз табу мүмкін емес.
Қазақтың Ұлттық техника университетіндегі доцент санатында ұстаздық
етуін 1950 жылдан бастаған А. Машанов күні бүгінге дейін үлкен міндетін
ұластырып келеді, соның отыз жылдан астам уақытын Маркшейдерлік іс
кафедрасының меңгерушілік қызметінде-кен инженер-маркшейдер мамандарын
даярлаумен үзбей айналысып, білікті маман инженерлер даярлауға сүбелі еңбек
қосып келеді.
Профессор А. Машановтың өмірден түйіндеп, ұзақ жылдар бойы ұстаздық
еңбегінде көз жеткізген өмір шындығы - қандайда ғылым саласы болмасын,
нәтиже шығаратын білікті маман даярлау үшін, алдымен жастардың сол ілімге
деген құштарлығын оятып алмай, одан әрі берер білімді түсінікті тілде
оқытып, санасына сіңірмей тұрып, білікті мамандар даярлауға болмайтындығы
еді.
Өз ойының дұрыстығына кәміл сенген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақжан Машанов ғибраты
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани туралы
Ақжан Әл-Машанидің ғылыми-танымдық публицистикасы
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани
Ғалым Әл-Машанидің өмір жолы
ҚазҰТУ - мақтаныштары
Материалдық мәдениеттің дамуы
Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»
Ақжан әл-Машанидің Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайында зерттеу жұмыстары
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Пәндер