Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати дала өркениетiнiң шежiрешiсi



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати дала өркениетiнiң шежiрешiсi

Ұлт болашағы.

Өтпелі 1999-2000 жыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати
(Дуглат) жылы болып аталғаны мәлім. Ал бұл шешім Мырза Мұхаммед Хайдар
Дулатиге әлемдік өркениеттің төрінен орын беріп, ұлылардың ұлысы қатарында
санады деген сөз. Одан қалды, бұл шешім шығыс халықтарының, оның ішінде
түркі тілдес халықтардың әлемдік өркениетке үлес қосарлық ұлы мәдениеті,
әдебиеті, тарихы, тілі, ділі бар деген сөз.
Бұл шешім тәуелсіз мемлекет құрып, көгілдір көк туын желбіретіп,
асқақтата тігіп, әлемдік қауымға дара мүше болып кіріп, болашаққа қол
созып, тәуекел атына мініп тұрған қазақ халқының мақтаныш сезіммен атап
қана емес, шаршағанда тірегі болар, шалдыққанда тілегі болар Мырза Мұхаммед
Хайдар Дулатидей ұлы ата-бабасы бар деген сөз, ағайын!
Бұл күні әлемдік Дулатитануда Мырза Мұхаммед Хайдардың ұлы тұлға,
шығыстанушы, тарихшы, көш бастаған көсем, сөз бастаған шешен, қол бастаған
қолбасшы, мемлекет басқарған қайраткер екендігі айтылып келеді. Бірақ, осы
500 жыл тарихнамасы бар Дулатитанудың әлі күнге дейін толық бейнесі,
адамзат баласы алдындағы, Орталық Азия халықтарының алдындағы орны, қадір-
қасиеті толық ашылды деу қиын.
Жарты дәуір ішінде Дулатиден дәрежесі кем емес көсем де, шешен де,
қолбасшы да, қайраткер де, ғалымдар да өтті. Бірақ солардың әрқайсысынан
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің ерекшелігі неде?
Әлемде 6 млрд. халық бар, 3000-ға жуық ұлт пен ұлыстар бар.
(Демографический энциклопедический словарь. М., 1985.С.273). Тарихшылар
әулеті, міне, осылардың әлемдік тарихтағы жүрген жолын, адамзат баласының
дамуына қосқан үлесін анықтауға ат салысып келеді. Марксистер адамзат
баласының өткен жолын бес әлеуметтік-экономикалық формация арқылы анықтауға
ұмтылса, батыс ғалымдары қоғам дамуының, оның материалдық, рухани
мәдениетінің жасампаздық деңгейімен анықтауды қалайды. Өркениет белгілі бір
кеңістікте ірі этностардың ұзақ эволюциялық автономды дамуының нәтижесінде
қалыптасқан мәдени біртектілік, бірегейлік, мәдени тип деп санайды олар.
Алайда, өркениет зерттеуші қоғамтанушы ғалымдардың евроцентристік
бағытындағы қалың тобы Евразия сахарасын жайлаған халықтарды тағылықтан
өтіп, жабайылыққа жетіп тынған халықтар қатарында есептейді. Олардың
пікірінше көшпенділерге томаға-тұйықтық тән, творчестволық эволюцияға деген
қабілтсіздік тән, жасампаздық емес, өркениетті қирату, бүлдіру, сындыру,
іру-шіру, борсу тән, А. Тойнбидің анықтамасы бойынша, тарихтан тыс
қалғандық тән.
Ат төбеліндей ғана ғалымдар Л.Гумилев, академик А. Окладников, Мұрат
Аджи, К. Ақышев, т.б. ғалымдар байырғы қыпшақ сахарасында – Алтайдан
Дунайға дейінгі сайын далада түркі өркениеті, ал М. Қозыбаев пен К.
Байпақов Дала өркениеті бар екендігін жазып жүр. Шын мәнінде, Орталық Азия
халықтары өркениетінің әлемдік өркениеттегі мәртебелі орнын тұңғыш
дәлелдеген Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати екендігін мойындайтын уақыт жетті.
1. Тарих-и-Рашиди тарихтың методологиялық негіздері туралы.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатиге дейін талай ұлы тарихшылар өтті. Бірақ
олардан оның бірден-бір айырмасы ғалымның тарихты ғылыми негізге салуында.
Ғалымның пікірінше, тарих жазуға, біріншіден, құранның 56-сүресінің (78,
79) аятында келтіргендей "да, прикасаются к ней только очищенные"
(тазарғандар ғана қол тигізссін). Басқаша айтқанда, тарихшы таза, адал,
шыншыл, өткенге объективтілікпен қарайтын жан болуын қалайды. Ендеше, Мырза
Хайдар тарихты құран сияқты қасиетті ғылым деңгейінде санайды. Екіншіден,
ғалым тарих "[служат] познанию жизни предшественников". Бұл принципті біз
тарихшылар бұл күні "тарихи принцип" деп атаймыз. Ғалымның адамзат "изучают
эту науку", "опираются на нее" деген тұжырымдамасы тарихтың теориялық
қасиетін түсінгендігін байқатады. Автордың "несмотря на отсутствие
способности и недостаток умения, приступаю, в силу неоюходимости, к этому
благородому делу" деген сөздері оның тарих жазу ермек емес, қажеттілік,
құрметті іс деп таныған кішіпейіл, парасатты жан екендігін де танытады.
Хайдар Дулати шежірешілер жақсы менен жаманды жасырмай жазу керегін
айта келіп: "Они должны писать все, что есть, чтобы сохранилась история о
народах мира. И в будущем каждый человек из могущественного ли он сословия
или другого, взглянув на эти строки, поймет, что это – назидание и уяснит
себе, что можно ждать от похвальных нравов и от неприемлемых поступков и
[поймет], почему в таком-то свете упоминали о каждом человеке. И, быть
может, приняв это назидание, он приступит к добрым делам и воздержится от
дурных поступков, чтобы его поминали добрыми молитвами". (См.: Мухаммед
Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди". А., 1999. 156, 72-б.).
Ендеше ғалым тарихтан сабақ алуды алға тартады, оның болашақ үшін
маңызын көрсетеді.
Түйін: Мырза Мұхаммед Хайдар тек қана кәсіби тарихшы емес, ол оның
теоретигі, ғылыми негізге салушылардың бірі. Ол тарихи, ғылыми объективтік,
диалектикалық байланыс, салыстырмалы кешенді, концептальды зерттеу
принциптерінің негізін қалаған ұлы тарихшы. Сондықтан да ол жазған "Тарих-и-
Рашиди" тарихи классикалық туынды.
Осы арада автордың жеке басының қасиеттерін айта кеткен жөн. Жетім
өсіп, ерте ел көзіне түскен ол 13 жастан сұлтан Саид ханға қызмет істеген.
Ол өзі туралы была деп жазады: "Я отличался среди сверстников, стал лучшим
и искусным в письме, грамоте, поэзии, стилистике, в рисовании и в
золочении, а также в остальных ремеслах, как-то: в инкрустировании, резьбе,
ювелирном мастерстве, шорном деле, изготовлении брони, стрелы и лука, ножа,
в орнаментировании, в изготовлении попон, строительстве, столярном деле и в
других ремеслах, изложение которых было бы длинно. ...Кроме того, он [хан
–М.К.] был моим учителем и наставником в делах государства и
делопроизводстве, в ведении войны от казакавания до ночного похода, в
стрельбе, организации и ведении охоты и во всем, что понадобится в
государственных делах". (См.: Мухаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди". А.,
1999. С. 34, 4-б.).
Түйін: Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати сан алуан мамандықтарды, оның
ішінде тарихты жазуды, ел билеу, қол бастау өнерін игерген өз заманасының
қас тұлғасы. Дала өркениетінің шежіресі.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің тарихшы ретіндегі ұлы миссиясы ол
Орталық Азия халықтарының бірнеше ғасырлық тарихына үңіліп, оның әлемдік
өркениетте өзіндік орны барын дәлелдеуінде.
Өркениет болмысы мемлекеттікке, жазуға, өнерге, эпосқа, монументальды
архитектураға, сыртқы саудаға, қатынас жүйелеріне негізделеді. Мемлекеттік
болса адам баласының алғашқы тағылық кезінен өтіп, құлдық, не феодалдық
қарым-қатынасқа жетіп, тұрпайылықтан, жабайылықтан өркениетке өткенін
көрсетіні хақ.
Ұлы ғалым Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекеттердің тарихын
зерделеп қана қоймайды, ел билеу теориясын тұжырымдады. Ол ел басқарудың он
рухани, пәндешілік, әкімшілік негіздері мен шарттарын ұсынады. Ғалымның
пікірінше,"у подданных страны есть определенные права, которые должен
обеспечивать государь, ..". Ол он қағида шарттар мыналар: "Первое – при
решении какого-нибудь дела государь должен представить себя на месте
подданного, а другого человека – правителем над собой, и тот приказ,
который он не счел бы для себя приемлемым, он не должен считать его
приемлемым и для другого человека.
Второе условие заключается в том, чтобы государь лучшей молитвой для
себя считал удовлетворение нужд мусульман..
Третье условие заключается в том, чтобы государь в еде и одежде
следовал бы образу жизни праведных халифов и не приучил свою особу к
изысканной пище и к роскошным одеждам. ..
Четвертое условие заключается в том, чтобы разговаривать мягко, не
допускать строгости без причины, не тяготиться многословием собеседника и
не стыдиться бесед со слабыми и бедными. ..
Пятое условие состоит в том, чтобы государь в угоду людям не проявлял
в своих решениях слабости и не допускал лицемерия и не поступался бы
правдой и шариатом ради удовлетворения каждого..
Шестое условие состоит в том, что государь не был беспечен в отношении
опасности, угрожающей стране, и пусть он твердо знает, что власть эмира и
правителя является средством, с помощью которого приобретаются вечное
счастье и доброе имя. ..
Седьмое условие – надо, чтобы правитель имел склонность к общению и к
беседам с просвещенными богословами .. и считать советы этих людей счастьем
своей жизни. Он должен воздерживаться от бесед с невеждами, лжецами и
развратниками в образе благочестивых, ибо эти люди являются губителями
веры. Существует предание о том, как однажды Харун ар-Рашид вызвал Шайха
Шакика Балхи, да освятит Аллах его тайну, и попросил: "Дай мне какой-
нибудь совет". Тот сказал: "О, эмир правоверных! У Господа есть дворец,
который называют адом, и тебя он сделал привратником того дворца. Он дал
тебе три вещи, чтобы с их помощью ты держал народ – это богатство, меч и
плеть. Богатством ты должен поставить преграду к бедности нуждающимся,
чтобы они из-за крайней нужды не чувствовали обреченности. Притеснителей ты
должен истребить мечом, а развратников поручить хлыстом. Если ты поступишь
так, то спасешь народ. .. ".
Восьмое условие - спесивостью и надменностью государь не должен
отпугивать от себя народ, а, наоборот, добротой и справедливостью,
проявляя сострадание к подчиненным и слабым, он должен добиться любви
поданных. ..
Девятое условие - государь не должен оставаться равнодушным к
преступлениям жестоких управителей и ставить над подданными тирана с
волчьим нравом. Как только он заметит гнет и злоупотребления какого-нибудь
[своего управителя], он сразу же должен пресечь это и наказать, чтобы
другим было неповадно. Он не должен допускать снисходительности в
управлении государством и должен воспитывать должностные лица советом и
наказанием.
Десятое условие - это проницательность. Государь обязан смотреть
вглубь происходящих событий, определять породившие их причины и
предугадывать их последствия. ..
Знай, что у подданных мусульман имеются права, с которыми государь
обязан считаться. (См.: Мухаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди". А., 1999.
С. 397-400, 220б,221а,221б,222а,222б.).
Сонымен бірге автор әрбір мұсылманның 17 күнәдан ада болып, ел,
мемлекет алдындағы борышын өтеуге шақырады. Сонда ғана мемлекет оларға
гарант бола алады. Ол азаматтық борыштар: Құдайға сенушілік, иманжүзділік,
өтірік куәгер болмау, өтірік айтпау, кісіні ғайбаттамау, ұрлық жасамау,
дәлелсіз қан төкпеу, маскүнемдікке салынбау, жетімнің малын құқықсыз
иеленбеу, ұрыс даласын тастап кетпеу, нәпсі құмарлыққа салынбау, ата-анасын
силау, жұма күні бес мезгіл намазды қаза қылмау..
Қорытып айтқанда, Мырза Хайдар мемлекетті билеу жүйесінің гуманистік
түрін уағыздайды. Пендешілікті қойып, құдайына сиынып, адами қасиеттерге
негізделген қарым-қатынастары бар қоғамның жаршысы болады. Шығыстағы
қоғамды варварлық, тағылық, "азиаттық" (азиатшина) деп елді үркіткен батыс
ойшыларына қарама-қарсы Мырза Хайдар мемлекет дегеннің болмысы адам үшін
екендігін дәлелдейді.
"Тарих-и-Рашиди" де автор Әмір Темір өліп, Моголистанда Қызыр ханның
тұсында ел билеудің Шыңғыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін философиялық тұрғыдан талдау
Дауылпаз баба – Қожаберген
Жақсыдан қалған жәдігер Жаһан - наме поэмасының зерттелу тарихы мен мазмұны
Жекелей поэзиялық шығармашылықтағы азаттық туын ұстаған жыраулар
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛ ДҮНИЕ ТАНЫМЫ
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Тарихи Рашиди шығармасында қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи шығармалар - қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиі» әдеби жәдігер
Пәндер