Ғ. МҮСІРЕПОВ (1902 – 1985 жж. )



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Әл-Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы:
Ғ. МҮСІРЕПОВ
(1902 – 1985 жж.)
Орындаған: Татиев М.
Тексерген: Аширова А.

Алматы-2005 ж.

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ
(1902 – 1985 жж.)

Қазақтың аса көрнекті Жазушыларының бірі - Ғабит Мүсіреповтің
романдары, повестері, әңгімелері, пьессалары қазақ әдебиетінің алтын қорына
бағалы қазына болып енді.
Қаламгер өзінің жоғары сапалы прозалық, драматургиялық, сын-
әдебиеттану еңбектерімен түрлі жанрдағы жазушыларымызға өнеге, үлгі болып
келеді, теориялық, творчестволық пікірлер толғап, идеялық-эстетикалық
пікірді дамытуда да қосқан сыбағасы, үлесі зор.
Ғабит Мүсірепов қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, прозаның
жұрт таныған шебері. Қазақ халқының тарихи тағдыры туралы жазылған оның
шығармалары бейнеленген характерлердің айқындығымен, тілінің байлығымен
көзге түседі. Қаламгер жазушылыққа 20-жылдардың орта шенінде рабфакта оқып
жүргенде қалам тартады. Бірнеше сын мақалалар жариялайды. Ең алғаш “Едіге”
атты шағын әңгімесі 1925 жылы “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланды. Бірақ
жазушының мейлінше қиын, жауапты, көрінгеннің қолынан келе бермейді деп
санаған ол жазу жұмысына түгелдей берілуге жүрексініп, Омбыдағы Сібірлік
ауылшаруашылық академиясына оқуға кетеді.
Ғабит Мүсірепов - әлеуметтік, қоғамдық зор мәселелер жайында
толғанатын, әрдайым өзі өмір сүрген қазақ қауымының іргелі, толғақты
мәселелерін тереңнен тербейтін жазушы. Оның шығармаларында әр түрлі
мәселелер қарастырылады.
Ғабит Мүсірепов оқу-тәрбиеге айрықша көңіл бөлген. Ол бүкіл елдің,
күллі бір халықтың мәдениетінің дамуында оқыту мен тәрбиелеу ісінің маңызы
зор екендігін жақсы сезінген қаламгер. Сондықтан да Ғабит Мүсірепов шығарма-
шылығында, оның бар саналы ғұмырында оқу-тәрбие мәселесінің алатын орны
ерекше десек қателеспейміз. Үлкен суреткердің жұртшылыққа ұсынған жақсы
тартуы – тың сипатты, терең мағыналы көркем әңгімелері мен әсем де әрлі
новеллалары десек, жазушы әңгімелерінің өзінде оқу-тәрбие жұмысына аса биік
ілтипатпен тоқталады. Мәселен, Ғабеңнің “Автобиографиялық әңгімесі”
жазушының өз басынан кешірген өмірбаяндық оқиғаларды қамтиды. Автор алғаш
рет ауыл молдасынан дәріс алып, сауат ашқанын әңгімелейді: “Алғаш “оқуға”
барған күні арабтың жиырма тоғыз харпы түгел тізілген бір жапырақ қағазды
молда барлық баланың қолына түгел ұстатты. Сарғыш мұрты жаңа тебіндеп келе
жатқан шақар жас молданың алдында өрімдей көк шыбық жатыр. Шыбықтың ұш жағы
жыланның құйрығындай сүйірленіп, балаларға қарай қозғалақтап қояды. Оны
көріп отырған балалардың оқымауына да болмайды, бірақ, үйренуіне де
болмайды. Қорқыту ешнәрсе үйретпейді”1. Автордың бұл ойы ұлы Абайдың қара
сөздеріндегі: “---” деген педагогикалық қорытынды тағылымының мәні бар
тұжырымымен үндес келгендей.
Мұнда Ғ.Мүсірепов қорқытып оқытудың ешқандай нәтиже бермейтіндігін
айтады. Қаламгер араб әліпбиін оқытудағы әдістемелік тұрғыдағы
кемшіліктерді, олардың баланың оқуына кедергі келтіретінін айтады. Ескіше
оқытудың әдісі бойынша бір харіп баланың алдынан тоғыз түрлі өзгеріп өтеді.
Бір харіптің сегіз-тоғыз рет өзгертіліп оқытылатынын еске алсақ, араб
әліппесінің жиырма тоғыз дыбысы 232-261 харіп болып шығады. Сонша
шытырманға кіріп кеткен бала кейде соны жыл бойы оқып та хат танымай қала
береді, - дейді. Яғни араб харіптерінің тиімсіз екендігін айтады.
Бұл әңгімеде аты ерекше ілтипатпен аталатын адамның бірі – жазушының
сүйікті оқытушысы Бекет Өтетілеуов. Кезінде ақындықпен, аудармашылықпен
айналысқан Бекет Өтетілеуов - қазақ халқының алдыңғы қатарлы оқыған зиялы
азаматтарының бірі. Ол – адамның қоғамдағы алатын орнына үлкен мән берген
жоғары саналы педагог. Мұнда оқу мен тәрбиенің өмірдегі маңызы зор
екендігін түсіндіруде Бекет Өтетілеуовтің ролі ерекше көрсетілген еді:
“Ұзамай мектепке белгілі оқытушы Бекет Өтетілеуов келді. Ондай жақсы
оқытушыны мен кейін де сирек кездестірдім. Ол үлкен мағынада ағартушы
болатын тілегі бар адам еді. Кейде сабақ біткеннен кейін оқуға, білімге
шақыратын әңгімелерді айтады. Көбінесе, өзі аударған Крылов мысалдарын оқып
береді. Абай, Ыбырай шығармаларын оқиды. Не түсінгенімізді сұрайды. Бірақ,
балалар ойы ұғындырғанды да ұмыта береді. Бекеттің өз айтқандарынан есте
қалған бір ауыз сөз:
“Қандай іске кіріссең де таза қолмен кіріс! – дегенді көбірек айтушы
еді. Тақтаға барып есеп шығарғаннан кейін, болмаса жазуға отырарда біз ылғи
қолымызды жуып әдеттендік. Оның айтатыны бұл ғана еместігін мен кейінірек
аңғардым. Қолың таза болуы шынында да көп нәрсені аңғартпай ма?”2
Шындығында да келтірілген үзіндіден көп жайдың мәнін аңғаруға
болатындай. Мұнда біріншіден, Бекет Өтетілеуовтің шәкірттеріне үлгі
боларлық шынайы ұстаз екендігі; екіншіден, оның балаларды оқуға, білімге
шақыратын өнегелі әңгімелер айтып, жас ұрпақты білімді игеруге шақыруы;
үшіншіден, білім мен тәрбие беру ісінің әрқашан бірге сабақтаса
жүретіндігін аңғарту. Айталық қаламгер ұстазының “Қандай іске кіріссең де
таза қолмен кіріс!” деген бір ауыз сөзін жайдан-жай келтіріп отырған жоқ.
Бұдан бір жағынан бала гигиеналық тазалыққа тәрбиеленсе, екінші жағынан
мұның астарында үлкен айтылмаған ой жатқанын аңғарамыз. “Таза қолмен іске
кіріс” дегенде адалдықпен, ешқандай айласыз, жұмыс жаса” дегенді үгіттеп
отырғаны, балаларды адалдыққа тәрбиелеуді мезгеп отырғанын сеземіз. Мұны
ұлы Ғабең “Қолың таза болуы шынында да көп нәрсені аңғартпай ма?” деп өте
орынды беріп отыр. Мұнда қаламгер өз ойын бірден ашып тастамай, оқушыны
ойлануға жетелейді. Бұл да оқушыны қорытынды жасап ойлануға, пікір алысуға
тәрбиелеудегі бір тәсіл. “Автобиографиялық әңгімеде” Ғ. Мүсірепов өзінің
өмірінде, өсіп-қалыптасуында ұстазы Бекет Өтетілеуовтың ролі ерекше
екендігін айрықша айтады. Қаламгер “Шаһымарым” ертегісін айтқанда
“Тыңдаушылар мені мақтасып тарасты. Өнерсіз-білімсіз елге ертегіші де,
бірдемені оқи алған да өзге жұрттан биігірек тұратын еді”-деп өнер мен
білімнің, оқудың мәнін, маңызын көрсетіп өтеді. Қаламгер балаларға,
оқырманына жаман қасиеттерден қалай арылу керектігін құрғақ насихатпен емес
мысалды шебер келтіре берген. Оны бірде әңгіме кейіпкері өзінің оқытылатын
оқу материалдарын игеріп алғандығын ұстазына айтады. “Бұрын бірер жыл молда
алдын көрген балаға бірінші кластың сабағы өте жеңіл болып келеді”, - деп
молдадан алған оқудың да пайдасы бар екендігін көрсетеді. Әңгіме кейіпкері
өзінің букварьды қиссадай зулататынын, оқытушыға еліктей көркем жазуын да
түзеп алғанын көтере айтады. Сонда оқытушысы аз ғана жымиып:
- Қалай оқитыныңды сен емес, мен білуім керек емес пе?, - деп шәкіртін
қызарғанша едәуір кідіріс жасайды да, жақсы оқитының рас, мақтаншақтығың
да рас... Осы екеуінің біреуін мықтап ұста да біреуін таста,-деп ақыл
айтады.
“Мен үндей алмай жүдеңкіреп қалдым. Әлдене шым-шым етіп өнбойымды
күйдіріп бара жатыр. Сол шым-шым жеріне жеткенше оқытушым үнсіз, елеусіз,
аржағына қарай қырындай береді”3.
Бұл үзіндіні оқыған оқушы жаман әдеттен, яғни мақтаншақтықтан бойын
аулақ ұстайтындай болады. Мақтаншақтық жаман әдеттен жирендіруде ұстаздың
айтқан сөздері мен осы сөзді естігеннен кейінгі кейіпкердің күйін, ішкі
психологиялық өзгерістерін бейнелейді. Ұстаз мақтаншақтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы туралы ақпарат
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы өмірі
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы
Жайықта мен қазақпын
Хронологиялық деректер тізбесі
Ғ. Мүсрепов өмірі
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов
Пәндер