Ғ. Мүсірепов. Кездеспей кеткен бір бейне



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ КӨПСАЛАЛЫ ТЕХНИКО-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы Ғ. Мүсірепов. Кездеспей кеткен бір бейне

Орындаған: Аманбаев Ғ.А.
Тексерген: Қалиева Ж.Ж.

Алматы 2005

Көрнекті совет жазушысы, мәдениет қоғам қайраткері, қазақ ССР ҒА-ның
академигі (1958 ж.) Социалистік Еңбек Ері (1974 ж.) Қазақ ССР мемлекетінің
сыйлығының лауреаты (1968 ж.) 1927 жылдан КПСС мүшесі 1926 ж. Қазақстан
баспасының бас редакторы, Қазақ әдебиеті, Социалистік Қазақстан
газетінің жауапты редакторы, Қазақ ССР оқу коммисариаты өнер секторының
меңгерушісі. 1938-1955 ж.ж. бірыңғай творчестволық жұмыспен шұғылданды.
1955-1966 ж.ж. Ара, Шмель журналының бас редакторы. 1925 жылдан бастап
қазақ совет әдебиетін дамытуға белсенді ат салысып келеді. 1934 ж. Талпақ
танау, Ер ана (1942 ж.), Ақлима (1944 ж.), Этнографиялық әңгіме
(1956 ж.), Өмір жорығы (1963 ж.), Қалпында (1966 ж.) т.б. әңгімелері
өмірдің сан алуан көріністерін суреттейді.
Қыз жібек (1935 ж.), Қозы Көрпеш – Баян сұлу (1939 ж.),
Аманкелді (1939 ж.), Ақан сері – Ақ тоқты (1942 ж.) пьесалары
республика театрлары репертуарынан тұрақты орын алды.
Қазақ солдаты (1945 ж.), Оянған өлке (1953 ж.), Ұлпан (1974 ж.)
романдары ел өмірінің кесек оқиғаларын бейнелейді.
Кездеспей кеткен бір бейне поэмасында революционер ақын бейнесі
жасалады.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер
Советінің қаулы бойынша жазушы Ғабит Мүсірепов Кездеспей кеткен бір бейне
шығармалар жинағына 1970 жылы Қазақ ССР-ның Абай атындағы Мемлекеттік
сыйлығы берілді.
Жиырма төрт жасқа жаңа ғана шыққан жас ақын Еркебұлан айналасы үш-
төрт айдың ішінде ел ойында қандай биікке көтеріліп кеткенін өзі әлі
сезінген жоқ еді. Бұл кезде саяси айқастарға құлағы түрік отыратын жұрт
қала жақтан келетін хабарларды азды-көпті көтеріп те, өзгертіп те әкеткен:
- жиырма екі жасында патшаны құлатысып еді. Жиырма үшінде Уақытша үкіметті
құлатысты. Ақын да, батыр да осындай болсын да. Жас ақынның атағын көтеріп
кеткен осы оқиғалар. Қалалық совдеп құрылған күні Еркебұлан, кең алаңды
кернеп тұрған жұртқа сөз сөйлеген: Қазақ елі, зар қағып күткен бостандығын
қызыл жалау көтері келді. Бостандық теңдік сен үшін еңбек елі деген. Ақын
сөзін ұйып тыңдаған кедей бұқарасы анда-санда ырзалығын көрсетіп, сөз-ақ!
Құлақ естігенді көз көрмей қалмайды, осы айтқандарынның жартысы-ақ
орындалса да арман не! – десіп мақұлдасып отырды. Бұл кездегі жиналыстардың
бірде-бірі айғай – шусыз өткен емес. Еркебұланның сөзіне айызы қонған
көпшілік даланы жанғыртып кетті. Беріш тағы да қолын көтеріп.
Көмекей көтеріп ақ тұр-ау... Әттең, меңіреу болып қалған құлағы құрғыр
жақсы сөзге жаттыға алмай жатыр. Анықтай кетші, шырағым, жерді кім еңбек
етсе соған береді екенсің. Ат береді екенсің, сайман береді екенсің. Өкімет
тағы солардың қолында болмақ. Сондай деймін-ау, түптердің түбінде бүгінгі
кедей ертең байып шыға келсе, ал бейбақты қайта шоңқитасындар ма? Бұл жолы
жұрттан бұрын Еркебұланның өзі кідіріп қалды.
Бір қара сұр шал жақындап келіп, Еркебұланның жүзіне аз ғана сынай
қарап тұрды да: Маңырап-мөңіреп, баяғы шеттеу – бір шеттеу, қалдық та
қойдық емес пе! Шырқы бұзылмаған қыр елі қысқа теңеулермен үлкен өкпелерін
бір-ақ айтты. Еркебұлан қатты қысылды. Енді шырағым мына жұрттың айт деп
тұрғанын айтайын... Біз мынау алаяқтардан ірге айырғалы ана бір төбенің
басына жиналамыз. Жөнелеміз қазір. Сондай-ақ ел! Елге айтарыңды сол жерде
айт. Еркебұлан шалды енді өзі қолтықтап алды да, төбеге қарай кетті. Жұрт
жосылып жөнеп бергенде Мырзакелді болыс Еркебұланға арналған қатал дауыспен
айғай салды. Полнамошын жолдас, жиналысты өзің бүлдіріп кеткенің бе? Ұяты
өзіңе келіп жүрсе, өкпелемесің! Қалаға жетерлік ат-көлік бізде де бар! –
деді. Еркебұлан артына жалт бұрылып: Лаушынды ана төбеге жібер! – деді де
кете берді. Арт жақта әртүрлі боқтаулар естіледі. Әлдекімдер әлдекімдердің
жыртық тымағының төбесін боқтайды. Әлдекімдер әлдекімдердің пұштиған мұрнын
боқтайды. Әлдекімдер әлдекімдердің ескі етіктің жұлығынан жылтылдаған
башпайын боқтайды. Таныс әдет, жеңе алмағанның әдеті оған жұрт мойны
бұрылған жоқ. Бөлініп барып, өз жиналыстарын ашты. Еркебұлан жиналыс біткен
соң, бір қатар көздеу, қыңыр иықтау, болса-болмаса да қисық аяқтау жаралған
жігіттің үйіне келеді. Жас әйел бей таныс қонағына бар ниетімен құрмет
көрсеткісі келгені байқалады. Ол үйге кірсе, үй іші жарқырап кеткен дей
болады да, ал шығып кетсе қоңырқайлана қалады. Үй иесінде бір қозғалақтау
бар. Бір – кіріп бір шығып, тыныштала алмай жүр.
Бір ретте өзінен-өзі көшейік деп жатыр едік деп шығып кетті. Қайта
айналып келіп әкем болыс жағында бір жиналыс бар деп соған кетіп еді деді.
Жас әйел киіз есікті ашып тұрып, үйге бір құшақ отын көтерген бала жігітті
кіргізді. Кешкі майда көңілді басталды. Ақ жарқын жас әйел шайды қаймағын
қалғыта, баптап құйып, ақынды сөзге тартып отыр: Еркебұлан көзін әйелге
қарай аудара беріп еді, өзінің көзіне сығырая қараған қитардың бір көзін
көрді. Екінші көзі әйеліне қадалап тұр. Еркебұлан аң-таң абыржып қалды.
Ауыл сыртынан ат дүбірі естілді.
Үйдегілер елегізіп, есікке қарап қалыпты. Үй иесі абыржып, орнынан
ұшып тұрып қайта отырды. Немене күтіп отырған біреуің бар ма еді? Әйел
дауысы әлгіден гөрі де қаттырақ шықты. Отауға екі жігіт кіріп келе жатыр.
Ықшам киінген. Жолаушы емес, жол іздеген адамдар сияқты. Тағы бірер адам
тыста қалғаны сезіледі. Кеш жарық – Е, төрлетіңдер... Ақбала денің сау ма?
Мал-жан аман ба, Отарбай? Үй иесі аты – Отарбай, әйелінің аты – Ақбала
екенін Еркебұлан осылай естіді. Шай құйып отырған әйелдің бет құбылысына
қарап Еркебұлан ата жөнелгелі тұрған түз тағысы ақмаралды көз алдына
әкелді. Үйге отарбай мен бірге тағы екі адам келді. Біреуі жылтыр қара
сатин камзол киген, белінде қызыл мата белбеу, балуан денелі шойқара.
Қасындағысы – оның көлеңкесіне қарай ығыса беретін жыпылық көз біреу.
Қоян жырық есіктен кірген бойы үйдегілерді түгендей бір қарап алды да:
Аман ба, әй қатын? – деді. Қасындағысы жырқ етіп қалды. Ақбала ығысқан жоқ.
Сенің аузыңда қайдағы бір жоқ сөз түседі ау! – деді. Е, қатын дегенде
намыстанамысың? Қатын емей немене ең! Жұт жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы туралы ақпарат
Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі. Эссе
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Ана туралы әңгімелер циклі
Ғасыр туындысы - Жат қолында романы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ЖАТ ҚОЛЫНДА РОМАНЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы өмірі
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы
Пәндер