Тұңғыш Президенттің өмірбаяны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны2

Н. Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында" атты еңбегі хақында3

Ұлт болмысы5

Қолданылған әдебиеттер13

Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - 1940 жылы Алматы облысы Шамалған селосында шаруа отбасында дүниеге келген.

1960 жылы техникалық училищені бітіргеннен кейін “Қазметаллургқұрылыс” басқармасы тресінің жұмысшысы, соңыра тау-кен домна пешінің шойын құйғыш машиналарының шойын құюшысы, Қарағанды металлургия комбинаты домна цехының жұмысшысы болып істеді.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы зауыт-втузды (жоғары техникалық оқу орны) және КОКП ОК-нің жанындағы жоғары партия мектебін бітірді.

1969-1984 жж. аралығында қалалық партия бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Теміртау қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарды.

1984-1989 жж. Н. Ә. Назарбаев - ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы.

1990 жылы он екінші шақырылған Жоғары Кеңестің І-сессиясында Қаз. КСР-інің Президенті болып сайланды.

1997 жылғы қазанда Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында “2030” - Қазақстан дамуының бағдарламасы талдап-белгіленді.

1999 жылдың 10 қаңтарынан 7 жылдық мерзімге созылған өкілеттілікпен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Н. Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында" атты еңбегі хақында

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Отан тарихынан еңбек жазды деген хабар болғанда не жасыратыны бар, ел елең етті. "Құдай сыбырлағанды да естиді" дегендей, халық арасынан: "Апырмай, Елбасының тарихта не шаруасы бар, басқа істейтін жұмыс құрып қалып па?" деген сөздерді де еміс-еміс құлақтарымыз шалды да.

"Тарих толқынында" атты кітапты оқи бастағаннан-ақ автордың не себептен ата тарихына ден қойғаны анықтала бастайды.

Шын мәнінде, Н. Ә. Назарбаевты әуесқойлық сезім билемеген. Еліміз тәуелсіздік алып, әлемдік қауымға ене бастаған кезінде, ХХ ғасыр мен ХХI ғасыр тоғысқан заманада, «азаттық жолындағы Қазақстанның әлі талай-талай кезеңдерден өтуіне тура» ("Тарих толқынында". Алматы, Атамұра, 1999. 55-б. ) келетін заманада автор айтқандай, "біз кімбіз және бізді тарихтың бірде кезең, бірде жазаң жолы қайда алып барады" деген "қарапайым да мәңгілік сұрақтар" туындайтыны рас. "Үшінші мыңжылдыққа санаулы күндер қалғанда" - дейді автор кітаптың кіріспесінде, - біздің болмысымыздың ең көкейкесті сұрақтары - ұлттық үндестігіміздің мән-маңызы неде, қазіргі Қазақстан үшін мәдениетке қатысты үлгінің қандайы қонымды, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел құбылатын заманда "МЕН" дегізерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады - міне, мұның бәрі де нақтылы өмірмен беттескен саясаттың сұрақтары. Ал оның жауабы бүгінгі өмірмен ғана астасып жатқан жоқ, тұнығы мен тұманы қабаттасқан тарихтың тұңғиығымен де тамырласып жатыр . . . "

Нұрсұлтан Әбішұлы "осыдан 10-15 жыл бұрынғы тарихшылардың түйсігі мен ақындардың арынымен айтылған ахуалдар бұл күнде жүйелі зерттеулердің объектісі болып отыр" (70-б. ) деп атай отырып, тарихи проблемаларды психологиялық тебіреніс жанрында қарастырады.

ХХ ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы психологияны "жан сыры" деп аударғаны мәлім. Автордың бұл еңбегі шын мәнінде Отан тарихына деген оның перзенттік сүйіспеншілігі ғана емес, Ата тарихы туралы жан сыры, жан тебіренісі. Ендеше, Нұрсұлтан Әбішұлы ата тарихына саясаткер санатында үңілгендегі негізгі мақсаты - "тарихтағы өз орныңды білу, бабаларыңды ру төмпешегінің деңгейінде емес, жалпыұлттық өреде мақтан тұту, ұлан байтақ Евразия тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының өзіндік орнын танып түсіну, ұлттық қадір-қасиетіңді қорлайтын жаттанды жалалардан арылу".

Автордың кәсіби тарихшылардан тағы бір өзгешелігі - ол Отанды тарихқа биік тұғырдағы әлемдік замана қайраткерінің көзқарасы. Бұл еңбек ендеше еріккеннің ермегі емес, тәуелсіздікті баянды ету жолында ата тарихының тағылымына үңілу, түсіну, түйіндеу, "мемлекеттікке жол салып берген халық ел ішіндегі ахуалдың бүгіні мен болашағы жолындағы жауапкершілікті арқалауға дайын болуы" керектігін азатты азаматтардың санасына жеткізу.

Түйін: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи-психологиялық тебіренісі тәуелсіз елдің болашағына еңбек етеді. Автор азат елдің азаматы өзінің "ұлттық тарихқа заңды мақтаныш көзі және мәдени таным-түсініктің тірегі ретінде қарайтын біртұтас көзқарас" (бұл да сонда, 58-б. ) орнықтыруын көксейді.

Ұлт болмысы

Халқымыздың ұлыларының қайсысы болса да өз ұлты туралы тебіренбей өткен емес. Олардың ұлылығы ұлттық жаратылысында болса керек. Жер Анадан үзбей күш алған Антей батырдай кесек тұлғалар өз творчествосынан ұлттық нәр алып отырған. "Тарих толқынында" "Ұлттың келбетін ұлықтайық" деген тараумен басталады. Автор онда ұлт пен өркениет, ұлт пен мемлекет, ұлт және ұлттық сана, ұлттық бостандық пен отаршылық болмыс, ұлттық бірігу (интеграция) мен ыдыраудың (дезинтеграция), ұлт және ұлттық қаракет, ұлт және ұлттық әдет, дәстүр, ұлт және ұлттық жаңғыру, ұлт және ұлттық мәдениет сияқты түбірлі, күрделі проблемаларды жан-жақты зерделейді. Нұрсұлтан Әбішұлы ұлттың болмысына жан-жақты үңіледі, философиялық, психологиялық, тарихи тұжырымдар жасайды. Осы бір ғана тараудың ішінде талай-талай үзік сырлар айтылған.

Автордың ұлтты жанды организм ретінде қарауы орынды. Ол болса, еңбекте көрсетілгендей, даму барысында әлеуметтік-биологиялық және мәдени мүмкіндіктермен шектеліп отырады. Біздің осы күнгі көптеген әуесқой, тіпті әуесқой емес тарихшыларымыздың қолдан жасайтын қасіретінің бірі - ұлтты бірден жаратылған, динамикасы жоқ құбылыс есебінде санайды. Тіпті кейбір әуесқой тарихшылар жер қыртысының заңдылығын адам баласының тарихына таратады.

Автор "қазақ проблемасын, әсіресе қазақ этностығын көшпенділер қоғамындағы қалыптар мен құндылықтар тұрғысынан саралау қазақ ұлтына қатысты проблемалардың өрісін тарылту болып шығар еді" (бұл да сонда, 13-б. ) деп әділ көрсеткен. Тарихи әдебиетте евроцентристер әлемдік тарихта түркі-монғол көшпенділерінің ролін толық жоққа шығарды. Автор атап кеткендей "біз бүгінгі таңда бұрмаланған бұралаң соқпақтан тарихи өз жолымызды іздеуге мәжбүрміз" (бұл да сонда, 71-б. ) .

Автор патшалық Ресей кезіндегі отаршылдық дәуірмен кеңестік кезеңнің қазақ ұлтының тіршілікке қатысты мәселелерде тек - тамырының ұқсастығын атап өтеді. "Мұның екеуі де қазақ жерін әскери, шаруашылық және мәдени әрекеттер арқылы бағындыруды нысана етті" (бұл да сонда, 15-б. ) дей келіп, Нұрсұлтан Әбішұлы бұл замананы "әспеттеудің қажеті жоқ", - деп әділ пайымдайды.

Бұл арада айта кететін жай отаршылдық кезең біртұтас құбылыс, оның ағылшындық, француздық, испандық, португалдық түрлері ресейлік отаршылдықпен тамырлас, қандас, жандас, отаршалдық психологиясы - боданшылық, бейшарашылық, мүсәпіршілдік қазақ ұлтының санасына ендеп, бойлап сіңді. Отаршылық құбылыс ретінде әскери (казактык), қара шекпенді шаруалық (крестьянская), мәдени-рухани отаршылық, кен-байлықтарын игеру, өндіріс-кәсіби отаршылық, діни шоқындыру отаршылық түрлерінде өрбіді. Ұлт-азаттық қозғалысының хан Кенеден кейінгі кезінде 1916-жылға дейін қарулы түрде өтпеуі қазақтың момақандығынан емес-ті. Ол қазақ сахарасын сонау Оралдан Жетісуға дейін жон арқадан тіліп, өзен бойлай салынған әскери казак шептері, қорғандары шын мәнінде әскери оккупациялау еді. Қара шекпенділер келіп, байырғы ата қонысынан ығысқан кезде, көш-қон маршруттары тұйықталып, кесіліп қалған сәтте қазақ көсіліп көшуден қалды. Ол өзінің толық бодан болғанын сезінді.

Нұрсұлтан Әбішұлы осы бір замананы еске салып, соңғы он жыл, дәлірек айтқанда, "ғасырлар бойы мелекеттігіміздің тарихқа кеткен есесіне өтеу болған соңғы жеті жыл" туралы айта келіп, қазақтар өздерін "әлемдік тарихтың дербес және азат субъектісі ретінде сезіне алатын болды. Тарихи болашағына деген ғасырлар бойғы үмітсіздік ұлттық мінез-құлықты күйретіп, қадір-қасиетін шайды, қазақ халқының кейбір данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында тұншықты, ұлттың амандығы үшін олар тарихтың тәлкегіне көнуге мәжбүр болды. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында ғана қазақтар еңсесін тіктеп, арман болған азаттығымен қауышты. . " (бұл да сонда, 15-б. ) деп тебіренеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы зерттеу барысында қазақтың өткені мен бүгіні туралы тым жалпақ шешейлікке, тым томаға тұйықтықта салынбайды. Автор ұлттың болашағы мол екендігіне кәміл сенеді. Оның "мен" дегізерлік қасиеттеріне тоқталады.

Ол қасиет - халқымыздың этномәдени санасының сақталуы, этникалық күш-қуатының айтарлықтай қорланып, шоғырлануы; ол қасиет - ұлттық бірігу барысында ыдыратқыш үрдістермен күрес ұлттық әрекеттің ең-мәнді бағыты болып белең алуы; ол қасиет ұлттық сананың ғасырлар тұңғиығымен тамырлануы. Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев азаттыққа, Қазақстан аумағының тұтастығына, нақтылы экономикалық, әскери, ақпараттық дербестікке қол жеткізу дегеніміз өте күрделі және ұзақ уақытқа созылатын құбылыс екенін айта келіп, осының бәрі баянды болуы үшін ұлттың ұлықтылығы керек екендігін, оның қажыр-қайратын еселейтін ұлттық рух керек екендігін баса көрсетеді. Автор сонымен қатар "қазақы төлтумалықты" - ұлттық үрдістерді ұлы өркениеттердің мұрагерлері санатында сақтап қана қоймай, оны еселеп жаңғырта алатын қасиетіне табынады.

Қазақ этносының тек тамырының тереңдігі, қазақтың әлеуметтік-мәдени болмысының әмбебаптығы және жаңғыртқыш табиғаты, ұлттық біртектестік қуаттылығы ұлттың "мен" дегізетін қасиеттерін нәрлей түседі. Нұрекең сонымен бірге ұлттық қасиеттердің ерекшеліктеріне тоқталады. Ол ерекшеліктер қазақ жерінің кеңдігіне байланысты сияқты. Жеріне сай халқымыздың кең пейілділігі, дүниетанымындағы философиялық сыршылдығы, барынша демократтығы, жомарттығы, мәрттігі. Автор бұлардың бәрін атай бермейді, бірақ, ұлттық қасиеттің басты ерекшеліктерін дәл басады. Мысалы, Нұрсұлтан Әбішұлы "малшысы мен манабының бір деңгейде сөйлейтініне мақтана алатын халық әлемде сирек болар" деп әділ айтады. Халқымыздың тілдік шығармашылығы мен оның әдебиетжандылығы ұлттық ерекшелік деңгейге көтерілетіні даусыз. Автор ол туралы былай тебіренеді: "Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Әрине, одан қымбат ештеңе жоқ деп айтуға болады. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі".

Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі - оның тарихшылдығы - деп санайды. Қазақ қауымында дүйім жұртында "кең құлашты сана болған", "қатардағы сахара қазағы өз халқының біте қайнасқан" (бұл да сонда, 28-29-бб. ) деген автордың тұжырымдары тарихи шындық. Бұл болса ел перзенті, халық перзенті Нұрекеңнің халықжандылығын танытады. Күнде көріп, күнде естіп жүрген фактілерді философиялық талдаудан өткізіп, ойшылдар биіктігіне көтеріледі. Еңбекте қазақ болмысының жаңалық атаулыны жатсынбайтыны, жанының сергек-сезімталдығы, қазақ сахарасындағы табиғи қоғамдастықтарының - отбасының, рудың, тайпаның, тайпалар одағының, жүздіктердің, халықтың, сонымен бірге ақсақалдар, жеті ата институттарының Отан тарихындағы ролі жөнінде өз ойларымен бөліседі. Әдет, ғұрып, салт-сана, сезім, ар-ұят, махаббат сияқты категориялардың ұлт өміріндегі "мен" дегізерлік қасиеттерін зерделейді. Бір сөзбен айтсақ, автор ұлттық менталитет - қаракет, ұлт портретін жасауға ұмтылыс етеді. Осы тұста айта кетерлік жағдай, тарихшылар рудың рушылдығын көргіш келетін еді. Автор болса сол рудың бір сатысында өкіметтік билігін атқарғандығын, рулық қарым-қатынас жүйесін жаңа бір қырынан пайымдайды. Автордың "қауіпті кезеңде ұлттық-мәдени өзін-өзі сақтау институтының қызметін ұзақ уақыт бойы ру институты атқарады", (бұл да сонда, 46-бет) деген тұжырымдамасы тарихшылар әулетін ойландырады деп сенемін.

Нұрсұлтан Әбішұлы руды тарихи аспектіде қарайды, сондықтанда ол "бүгінгі рушылдық көріністері - бұл қазақ халқының этногенетикалық даму жолындағы артта қалған кезеңдердің жаңғырығы" деп көрсетеді. Шын мәнінде автор қазақ менталитетіне тән категорияларды дөп басқан.

Бұл дүние әлемге, өркниетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді.

Ру, "бау", "сан", "тайпа", "тұқым", "тек", "арыс", жүз, жұрт, ел отан сияқты халықтың барша тарихын көрсетер категориялар. Бұл болса тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бірден-бір қажет сюжеттер.

"Монғолия қазақтарының ата-тек шежіресі" атты Рахметұлы Шынайдың еңбегінде: "Туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса ауыл, ауылдас, көрші, іргесі алшақтау болса жерлес. Қандас 7 атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тараған) бір ата 13 атадан асса ру. Бірнеше ру қандастықпен, я бір мүддемен біріксе тайпа. Бірнеше тайпа қоғамдасып, жүз болып қауымдасады. Тайпадан ірілесе халық, немесе ел, оның мемлекет ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса ұлыс, дербес шекара, саяси-экономикалық тәуелсіздікке қолы жетсе мелекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, өзіндік мекен-жері, әлеуметтік рух, жігері, этникалық ерекшелігі ортақтасып, дараланса ұлт болады" деп орынды көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны
Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев
Тәрбие сағаты «елбасы еңселеткен елорда»
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев туралы
Н. Ә. Назарбаевтың адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы Н. Назарбаевтің ролі
Қайта құру мен тәуелсіздік жылдардағы Н.Назарбаев
Кекілбаев, Әбіш
Барак Обаманың жастық шағы
Н.Ә.Назарбаев және оның стратегиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz