Нәзір Төреқұловтың өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

Кіріспе 2
Нәзір Төреқұловтың өмірбаяны 5
Қолданылған әдебиеттер 10

Кіріспе

Отандық дипломатияның бастауы ғасырлардың қойнауына кетеді. Қазақ
мемлекетінің қалыптасуының және орнығуының тарихымен тығыз байланысты. XV
ғасырдың ортасында пайда болған Қазақ хандығының әскери-саяси және сауда-
экономикалық мүдделерін қорғау, оның орасан зор аумағын сыртқы қол
сұғушылықтан сақтау осы міндеттер дипломатиялық майданда ұстамды және
ойластырылған іс-қимылды талап етті. Сондықтан сол дәуірдегі Қасым хан,
Тәуке хан, Абылай хан, Әбілқайыр хан сияқты көрнекті ұлттық көшбасшылардың
еңбегі көшпелі руларды біртұтас мемлекетке біріктіріп, оның тәуелсіздігін
нығайтудан ғана көрінбейді, сонымен бірге осы ерекше маңызды мақсатқа қол
жеткізу үшін қолайлы сыртқы жағдайларды туғыза білуден де байқалады. Қазақ
сұлтандарының жан-жақты білімі, олардың ауқымды түрде талдау жасап,
оқиғалар барысын болжамдай білу қабілеті біздің еліміздің дербестігін
қамтамасыз етуге, Ресей мен Қытайдың, сондай-ақ оңтүстіктегі көршілердің
мүдделері арасында шеберлікпен әрекеттеніп ұтымды шешім таба білуге
мүмкіндік берді. Қазақ сахарасының мемлекеттілігін нығайтуға жәрдемдескен
үш жүздің билері: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би тиімді сыртқы саясатты
жүргізуде орасан зор рөл ойнады.
Тарихтың жаңа сатысында қазақ халқының әйгілі көсемдері бастаған
игілікті істі тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
жемісті түрде жалғастыруда. Қазақстандық басшы Қазақ Сахарасының ұлы
дәстүрлерінің лайықты жалғастырушысы болып табылады. Міне, осы тұлға біздің
халқымыздың еркіндік пен шынайы тәуелсіздік туралы көп ғасырлық арманын іс
жүзіне асырды.
Н.Назарбаевтың табанды күш-жігерінің арқасында Қазақстанды мүлде жаңа
тарихи жағдайларда әлемдік қауымдастық таныды, тәуелсіз мемлекет ретінде
оның халықаралық позициясы нығайды, Қазақстан өзінің шарттық
міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайды және дәйекті түрде ғаламдық
сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікті нығайтуды жақтайды.
10 жыл ішінде Қазақстан Президенті әлемнің 60-қа жуық мемлекеттерінде
болды, 30-дан астам халықаралық форумдардың жұмысына қатысты,
мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің
басшыларымен кездесіп, жүздеген келіссөздер жүргізді. Н.Назарбаевтың Дж.
Бушпен, У. Клинтонмен, Б. Ельцинмен, В.Путинмен, Цзян Цзэминьмен, Ли
Пэнмен, Ф. Миттеранмен, М. Тэтчермен, А. Блэрмен, Р. Продимен, Г. Кольмен,
А. Квасневскимен, В. Гавелмен, П. Стояновпен,, К. Обутимен, Б. Бутрос
Галимен, К. Аннанмен, Х.Соланамен, Р. Ричардсонмен, Ли Куан Юмен, Го Чок
Тонгпен, М. Мохаммадпен, Т. Озалмен, С. Демирельмен, Х.Мубаракпен,
Ш.Переспей, Я. Арафатпен, А.Хашеми Рафсанджанимен, М.Хатамимен, А.
Ваджпаимен, Н. Шарифпен, Б.Бхуттомен, П. Мушаррафпен, И. Каримовпен, Л.
Кучмамен, А. Ақаевпен, Э. Рахмоновпен, А. Лукашенкомен, Г. Алиевпен, Э.
Шевернадзамен, Р. Кочарянмен, Ұлыбритания, Жапония, Испания, Нидерланд,
Дания монархтарымен, Орталық Еуропа, Таяу Шығыс, Оңтүстік Шығыс және
Солтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің басшыларымен, Премьер-Министрлерді,
көрнекті діни және қоғамдық қайраткерлерді, ірі кәсіпкерлерді қоса алғанда,
осы заманғы әлемнің басқа да көптеген көшбасшыларымен жүргізген
келіссөздері сияқты тарихи оқиғалар қазақстандық дипломатияның жылнамасында
мәңгілікке қалады. Және мұның бәрі біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен
егемендігін нығайтудың жемісті нәтижесіне әкелді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Президенті
сыртқы саясаттың тұжырымдамалық негіздерін бекітетін және оны өмірге енгізу
үшін жауап беретін мемлекеттегі бірінші тұлға. Басқаша сөзбен айтсақ,
Президент барлық халықаралық істерде Қазақстанның атынан шығады. Сондықтан
Н.Назарбаевты әділетті түрде біздің еліміздің бас дипломаты, Қазақстандық
дипломатияның архитекторы деп айтуға болады. Бұл бағаның тіпті де шартты
сипаты жоқ, Қазақстандағы мемлекеттік құрылыстың ажырамас бөлігіне айналған
отандық дипломатияны құру мен іске асырудағы Қазақстандық басшының шынайы
рөлін білдіреді.

Нәзір Төреқұловтың өмірбаяны

Қазақстандық дипломатияның тарихы туралы айтқанда, біздің әйгілі
отандасымыз Нәзір Төреқұловтың тұлғасын назардан тыс қалдыра алмаймыз.
Н.Төреқұлов кеңестік кезеңнің мемлекеттік қайраткері, көрнекті шығыстанушы,
журналист әрі педагог, КСРО-дағы тұңғыш елші қазақ болды.
Жас кезінен, Мәскеу коммерциялық институтының студенті кезінен-ақ
Н.Төреқұлов саяси қызметпен белсенді түрде айналысты. 1918 жылы ол
большевиктер қатарына өтіп, қызыл әскерге ерікті түрде енеді. Одан әрі оның
әдеттен тыс іскерлік қасиеті және жұмысқа ерекше қабілеттілігі шынайы
мансап жолына бастады: Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің
мүшесі, Түркістан ВКП (б) ОК хатшысы, ВКП (б) Орталық Азия бюросының
мүшесі, Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы. 1923 жылдан бастап
КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының
төрағасы, бір мезгілде Шығыс халықтары институты ректорының орынбасары
қызметін атқарды.
1928 жылы Н.Төреқұлов КСРО-ның Хиджаз, Недж және оларға қосылған
облыстар (қазіргі Сауд Аравиясы корольдігі) корольдігіндегі өкілетті өкілі
болып тағайындалды. Н.Төреқұлов 1936 жылға дейін айналысқан осы қызметте
оның жеке басының сондай-ақ кәсіби қасиеттері анағұрлым жарқын сипатымен
көзге түсті. Екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасындағы жемісті тұстар тап
осы уақытқа, Н.Төреқұловтың дипломатиялық миссиясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. Төрекұловтың дипломатиялық қызметі
Нәзір Төреқұлов
Елші Нәзір Төреқұлов
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов
ЕЛІ ҮШІН ЕҢБЕГІ ЕРЕН
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі
Нәзір Төреқұлұлы және терминжасам мәселесі
Қазақстанның ұлттық дипломатиясының қалыптасуы
Латын әліпбиінің жаңа замандағы тиімділігі
Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынастары
Пәндер