ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ НҰРҒИСА


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ НҰРҒИСА

Ұлы болу үшін алдымен ұл болу керек. Еркек атаулының бәрін ұл деп атау қиын. Өйткені қазақ кашанда мақтағанда "ой, ол атадан ұл болып туған ойлар" дер еді. Бірақ ол әлі Ұлы деген сөз емес.

Сондай-ақ ұл десеңіз де, ұлы десеңіз де, қандай мақтауға да сиятын адамның бірі бүгін арамызда жоқ композитор Нұрғиса Тілендиев.

Нұрғиса туған Шилікемердегі үйде бесікте іңгәлап жатқанда естілген әкесі Тіленді тартқан күйлермен оның құлағы ашылса, ес біле бастағанда естіген Дәурен салдың, Бейсебай Қаратаевтың, Шүкітай Әбдікәрімовтың, Иса Тергеусізовтың, тағы басқалардың дауысына аспандағы құс айналған құш әуезді әндері, қатты әсер етті.

Егер қазақ "өнерді үйрен, үйрен де жирен" десе, Нұрғиса да осының бәрін үйреніп, әсіресе түп-тұқианнан сыр шертіп, сонау Сақ, Үйсін, Хұн заманының зарын-мұңын, қуанышын-шаттығын арқалап жеткізген Әл-Фараби домбырасы мен Қорқыт қобызы өзіне жолдас етіп алды. Казақ атамның сол қоңыр домбырасы Нұрғиса Тілендиевті бүгін қазактың ұлы Нұрғиса етті, еліне әйгілі, халқына ақты да, ардақты да адам етті.

Халық аспаптары оркестріне алғаш Тәттімбеттің "Саржайлауын" түсірген Нұрғиса болатын. Бұған дейін Құрманғазы күйлерін таға басқа төкпе күйлерді ғана орындап келген оркестрдің үнін, шертпе күйлер - Тәттімбет күйлері бұзып жіберетіндей көрінді. Тіпті құлағы әуезбен ашылған кейбір үлкен адамдардың Тәттімбетті оркестрге түсіргенін ұнатпай Нұрғисаға "сен, немене, домбыраға ән салғызайын дедің бе?!" деген дүмпу көрсеткені де бар-ды. Рас, сөзбен өтірік-өсектің бәрі келіп тоғысатын редакциядағы журналистерге мұндайдың бәрі сол сәтте-ақ жетеді. Ал егер біздің бетке ұстаған ұлттық оркестріміз Тәттімбетті, Тоқаны, Байсеркені, Сүгір шығармаларын орындамаса, онда ол қалай халыктық оркестр болмақ? "Саржайлауды", "Сылқылдақты" тағы баска шертпе күйлерді, әсіресе, квинтаға (екінші құлақ күйі) құрылған күйлерді тарту оның үнін де, ауданын да кеңейтіп тастады. Оркестрдің бұрыңғы өр үніне енді сырбаз, жаныңның қылын шертетін, қай-қайдағыңды ойыңа түсіріп, сай сүйегінді сырқырататын күйлердің болуы шапқан аттан, жорғага мінген адамдай болмас па!

Нұрғиса әндерінің жанға-жайлы, жұрттың бәрі айтатын болып келетін себебінің бірі осы қазақ әндеріне тиісті заңдылықты өте жақсы меңгергендігінде. Алып қараңызшы, "Құстар, құстар", "Саржайлау" әндерін неліктен жұрттың бәрі айтады. Бүгін оның халыктық ән болып кеткені сонша, оны "Ой жай-лау", "Қарға", "Қарғаш" сияқты халық әніндей көреді, бір композитор жазған ән десең сенбеуі де мүмкін.

Қашанда Нұрғиса әндерін естігенде сол әуез бір таныс әуендей бұрын әлдебір жерде естігеніңіздей, әлдебір әннен алғандай көрінеді. Тіпті өзің балалық шағыңнан бері қарай естіп келе жатқандай әсер аласың. Ойлана келсең, саралай келсең ол мүлдем жаңа ән, сен оны естіген де жоқсың, ешбір әдебиетте кездестірген де жоқсың. Оның жасырын сыры композитордың ұлылығы.

Қазақ опера өнерінің негізін салып, оны жүзеге асырушының бірі, қазақ әуезінің білгірі Қазақстанның халық артисі Қанабек Байсейітов айтты деген бір сөз бар. Ол кезінде Нұрғиса туралы "оның етінен бір жапырақ ет кесіп алып лақтырьп тастасаң ол сол жатқан жерінде әуез (музыка) болып бүлкілдеп ән салып жатады" депті. Осы сөз әбден тауып айтылған деп ұғу керек.

Нұрғисаның "Қыз Жібек" киносына әуез жазғаны белгілі. Мысалы "Көш керуенді" алыңыз. Оның негізінде Тоқаның жалғыз ұлы өлгенде шығарған күйі жатыр. Ал кинода сол күй қалпымен алынды ма? Тіпті де олай емес, оны бүгінде біреу білсе де біреу біле бермейді, композитор оны шығармашылықпен байыта түсті, көсірден көлге айналдырды. Қазақ даласының барлық заңдьлығына бағындырылған шығарма елдің көші-қонын, салтанатты бартал тартқан көштің, ат үстінде желіккен, желпінген қыз-бозбаланың ауыс-күйіс ойыны, жігіт-желеңнің келіншек-термен қалжың-қағыспасы, сонымен бірге іштерін қыз қылмыңынан туған қызғаныш билеген батыр-содырлардың ішегі, сырттағы қуанышы мен реніші, жақтаудан шығып романтикаға ұласқан жай-күй әуез тілімен тылсым дүниені қақ жарып өтеді, әрбір тыңдаушының көкірегіне жыр болып құйылады, Бұл түр жағынан да бұрынғы көріп, естіп жүрген шығарманың ешбіріне ұқсамайды, жаныңды жадырататын да, көкірегіңді күйдіріп, кеудеңді қарс айыратын да, қайғыны да, қуанышты да, шаттық пен шатақты да әуез тілімен жеткізіп беретін осы шығарманы толқымай, көңілің бұзылмай отыруың мүмкін емес. Композитордың әуездік шеберлігі міне осы жерде анық байқалады.

Нұрғиса өмірінде "Алтын таулар" деген жалғыз опера жазған адам. Оны ол Қ. Қожамияровпен бірігіп жазған. Несі бар, немістің ұлы композиторы Бетховен де бір ғана "Фиделио" деген жалғыз опера жазған. Ал сондай ұлылардың бірі Иоганн Себастьян Бах тіпті опера жазбай-ақ дүниеден өткен. Ал біздің Нұрғиса оның есесіне бір өзі бір операға бергісіз "Ата толғауын" жазды. "Ата толғауын" тыңдағанда толқымаған, тебіренбеген кісі бар ма екен, сірә! "Ата толғауын" тыңдағанда "Бөрілі байрақ көтерсе қозып кетер қайдағым" деп ақынның қызыл желі Сүйінбай айтқандай, өзіңнен өзің қозғалақтап, театрдың тұрағыньң жақтауына сыймай кетесің. Қазақ қазақ болғаннан бергі барлық тарих өз басыңнан өтіп жатқандай сезінесің, сонау, осыдан үш мың жылдай бұрын өмір сүрген Алаштың алты ұлының атасы-пұтысы Арыстың, одан бергі Сақтың, Үйсіннің, Хунның кәрі тарихы алдында экранда жүріп жатқандай боласың. Қазақтың басынан өткен не бір қасіреті мен тақсіреті, дәулеті мен бейнеті, қайғысы мен қапасы, Алай ормандарынан Алатауға дейінгі, Атыраудан Алтайға дейінгі жерде болып өткен не ғаламат әуез болып санасыздың жүйкесіне жан бітіреді, алпыс екі тамырын тартады, талшығын қозғайды, бауыры жоққа бауыр береді, өкпені өзгеге сыйлайды, кең құлаштай ашып он бір миллион қазақтың бәрін бауырына тартады, баурап алады, тындаушыны Қазақстанның жүрегі Алматысына - алмалысына жетелейді. "Ата толғауы" қауырсақша сайрайды, қарқуардай сыр шертеді. Міне композитордың кең құшағы осылай жайыла түседі, бар қазаққа құшақ ашады.

Нұрғиса Тілендиевтің қай шығармасын алсақ та одан әуез Алатау бұлағынан ақкан судай мөлдір сорғалап тұрады. "Орда басы" поэмасына бір көз жіберіп қараңызшы. Осы бір ерекше естілер ерен шығарма билікке таласқан, содан қазақты бөлшектеген жандардың қолын серпіп тас-тап, қазақтың басын біріктіруге ұмтылған қазақ кемеңгерлері Үйсін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүз Айтеке би сөйлеп тұрғандай болады. Олар халқының болашағын ойлап, еңіреген ерлерін жинап, бірлікке, тірлікке, тірілікке бастап бара жатқандай. Осында сыбызғымен, кобызбен, дауылпазбен берілген әуендерді уәзепаласаңыз жұрттың басын қоса алмай дал болған игі жақсы-лардың түңілуін, адыраңдаған содырлы сойқандардың ақыры нараду тапқан, кеудесін қуаныш билеген бабаларымыздың өздерін көргендей боламыз.

"Орда басы" қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірудегі қазақ елінің ерен де, ерекше жиыны. Композитор Нұрғиса осы шығармасы арқылы бүгінгі қазақка да "бөлінгенді бөрі жейді" деп тұрғанын біз айдан анық түсінеміз, оны әуез тілі арқылы көкірегімізге құямыз. Өйткені екі жүз алпыс жылға созылған отаршылдықган жаңа құтылған бұғаудан босанған жас жолбарыс сол зәнжірді кайта құрса-улатар болса, енді ол бұғау емес күнде болып тұқыртатынын аңғартады. Сондықтан біздің ой -санамыздан "Орда басы" басқа шығармалардан қымбат та, маңызды да орын алады. Композитор бұл жерде Казақстанның бүгінгі күніне үн қосып, бізге егемендігіңді, елдігіңді бағала, сақта, оны әлемге паш ет, сен дүниені тітіреткен Көк түріктің тұқымысың басыңды біріктір, бақыт басы бірлікте тұр. Бұл да композитордың бүкіл елдің ойынан шығуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың көне музыкалық аспаптарының қайта тірілуі өзінше бір әңгіме
Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны
Нұрғиса Тілендиев өмірбаяны
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ АСПАП ЖАСАУ КОЛЛЕДЖІ
Нұрғиса Тілендиев туралы
Қыздар жар - жары
Әдебиет пен сынның биік белесі
Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар!
Патриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісі
Жамбылдың өмір жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz