НҰРАЛЫНЫҢ ХАН САЙЛАНУЫНДАҒЫ ШЫНДЫҚ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

НҰРАЛЫНЫҢ ХАН САЙЛАНУЫНДАҒЫ ШЫНДЫҚ

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өлімі туралы хабарды Орынбор әкімшілігі В. А. Моисеевше 1748 жылдың 20 тамызында (1), Ж. Қасымбаевша 26 тамызда (2) алған. Қазақтар арасындағы өзінің басты саяси қарсыласы Әбілқайырдың бауырлары қолынан қаза тапқанын А. Тевкелевтен естіген бойда, И. И. Неплюев сыртқы Iстер коллегиясына хабарлады. Губернатор қалыптасқан жағдайдағы басты мәселе жаңа хан сайлау екендігін ескертіп, жоғарғы басшылықтан ақыл-кеңес сұрады. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару билігін Ресейге тәуелді ету жолдары сонау В. Урусов тұсынан ойластырылғанымен, оған тиянақты жоспар Орынборға жетпегенін хабарламасында еске салған И. И. Неплюев Кіші жүздегі жіберген адамдарына қай партия мықты болса, соларға "иіліңдер" дегенін жеткізген. (3) Осы тұста губернатор мен Әбілқайыр хан Бопай ханым балаларына тілмәш Я. Гуляев пен Көбекті, Барақ сұлтанға башқұрт даласы, Ямышевский қорғаны арқылы Абылай сұлтанның иелігімен М. Араповты аттандырды. М. Арапов алдын-ала алған нұсқау бойынша Бараққа: "Мен Орынбордан 1 тамызда шығып, Әбілқайыр хан өлімін жолда естідім. Менің білетінім "құпия кеңесшің (И. И. Неплюев - Ә. М. ) сенің қызметіңе риза, ал Әбілқайырға өкпелі" деп жеткізіп, шекаралық әкімшіліктің оған деген ниетінің дұрыстығын хабарлау жүктеледің. (4) Ал Әбілқайыр хан ордасына жіберілгендерге арнайы 8 бөлімнен тұратын нұсқау берілген. Оның 4 бөлімінде хан сайлау мәселесі талқыға түскен сәтте, сайлауға қатысатындарға оны бекітуін патша үкіметінен сұраған дұрыс, оған дейін хан деп жазылмасын, ал император ағзамның бекітуі барлық халыққа және осындай жаңа хандарға едәуір тиімді, өзге билеушілерге қарағанда атақты болады деп сендіру; 5-ші бөлімде құпия түрде тілмәшқа қазақтар қалаған адамын хан сайлаған кезеңде, оған араласпау, бірақ қай жақ басым болатынын қарап, соларға иілу қажеттігін қатаң тапсырған. (5) Хан сайлау мәселесінде И. И. Неплюев пен А. Тевкелев жеке-жеке пікірлерде боған. Мәселен, бригадир А. Тевкелев қазақтарға бір бас хан қажет, ол арқылы орданы тәртіпке шақыру оңай десе, губернатор қазақ халқына бас хан деген пайдасыз, тіпті зиян болуы мүмкін. Олардағы қазіргі басқару түрі (әр жүзге бір-бір хан - Ә. М. ) біз үшін тиімді болмақ, себебі бірігіп күшеймейді, қайта бейшаралыққа душар болады деп түсіндіреді. (6)

И. И. Неплюевтің саясатын іс жүзіне асыру үшін аттанған Я. Гуляев пен Көбек Қарақұм мекеніндегі хан Ордасына 4 қыркүйекте жеткен. Көп ұзамай Ордада старшындар мен билер кеңесі өткізілген. Кеңесте алдымен, жүздегі қалыптасқан жағдайды реттеу және жаңа хан сайлау; екіншіден, ханды өлтірген Барақ сұлтаннан кек қайтаруды ұйымдастыру шаралары талқыға түскен. (7) Бұл кезеңде Әбілқайыр хан ұрпақтарын өз айналасына топтастырып, әке арманы тақты мұралы етуге дайындықты қолға алған Бопай ханым болатын. Ханымның осы тұстағы ұйымдастырушылық қабілеті мен саясаткерлігі Я. Гуляевтің күнделігінде толық баяндалады. Орынбор архивінде сақталған күнделікте Кіші жүздегі қыркүйек айынан 7 қазанға дейінгі болған оқиғалардың бәрі тізілген. Оған назар аударсақ, қиын-қыстау сәтте Әбілқайыр ұрпақтарына Кіші, Орта жүз ел басшыларының қолдау көрсеткендігіне толық куә боламыз. Тілмәш Батыр, Барақ сұлтандар туралы, олардың іс-әрекеттерін шама келсе қағаз бетіне түсірген.

1748 жылы 12 қыркүйекте ханымға Жәнібек тарханның баласы Жауқашар, туысы Жаналы келген. Олар батырдың Барақ сұлтанды ұстап, Әбілқайыр балаларына әкеліп беретіндігін жеткізеді. Сонымен бірге Бопай ханым мен Ерәлі сұлтанға Хиуаға Қожахмет сұлтанды, Кіші жүзге бас хан ретінде Нұралы сұлтанды, Ерәлі сұлтанды Орта жүзге хан қылу мүмкіндігін хабарлатқан. 21 қыркүйекте Борсық мекенін жайлаған Нұралы сұлтанмен бірге 104 адам, олардың ішінде Ақкете Алтай, Алаша Байсау, Жаппас Баймұрат, Шекті Бақтыбай, Ысық Байтерек, Аталық Көбек мырза, Керейіт Көшім қожа, Масқар Жәдік билер хан ордасына келген. (8) 23 қыркүйекте Бопай ханымға күйеу баласы Жәнібек сұлтан Қаракесек Қазыбек бидің Барақ сұлтанға "біз сен үшін Кіші жүзбен айтыспаймыз" деген хабарын әкеледі. Мұның өзі Әбілқайыр ұрпақтарына үлкен қолдау еді. Себебі, Қазыбек бидің беделі, оның қазақтар арасындағы ықпалы үш жүзге қатар жүретін. И. И. Неплюев пен П. И. Рычков 1744 жылдың өзінде-ақ Барақ сұлтанға ең жақын кеңесшісі Қазыбек би деп анықтаған-ды. (9) Олай болса сыналар сәтте атақты би арыздасушы екі жақты мәмілеге келтіру арқылы жүздердің бірлігін сақтауды мақсат еткен. Сол үшін Орта жүз игілері Барақты Ұлы жүзбен Жоңғарияға кетуіне рұқсат бермеді. Міне, осыдан кейін Барақ сұлтан өз кінәсін шешуді билер сотына тапсырған. Ж. Қасымбаев пікірінше қалыптасқан дәстүр бойынша қылмысты істі қарайтын билерді таңдау құқығы айыпкерге берілетін. Бұл арқылы айыпкер өз іс-әрекетінің ақтығын дәлелдеген жағдайда істі бейбіт шешуге мүмкіндік туатын. (10) 1748 жылы 23 қыркүйекте Барақ сұлтанның болашақ болатын сотына Кіші жүзден Төртқара Қаратоқа, Қаракесек Қазан, Мамбет аталықты Орта жүзден Бағаналы Найман Өтебай билерді таңдағаны белгілі болған. Бірақ хан сайлауға дайындық сотты кейінгі қалдырды.

Хан сайлау қарсаңында Кіші жүз алшындардың барлық батыр, билері ел бірлігін сақтау мақсатында Батыр сұлтанды да өз жағына тарту қажеттігін түсінген. Олар сұлтанның артында оны қолдайтын Кіші жүз қазақтарының кейбір бөлімдері барлығын және болашақ Барақтан кек алар жағдайда бірлесу мүмкіндігін есепке алса керек. Олар өз шешімдерін 24 қыркүйекте Нұралыға айтқанымен, сұлтан көнбеген. Бұл арада Нұралы Батыр Әбілқайыр өліміне қатысын және оған дейінгі де әкесімен ара-қатынасын ескерсе керек. Дегенмен Батырдың Кеңеске қатысу маңыздылығын түсінген билер, оны Жәнібек тарханның келуімен қолға алуды ойластырған.

1748 жылы 26 қыркүйекте Алшындардың көптеген би, батырлары алғаш рет Кеңесте Нұралы сұлтанды хан сайлау мәселесін талқыға салған. Бірақ, тағы да Жәнібек тарханның жолда келе жатқанын естіп, оны күте тұру шешіміне келген. (11) Жәнібек батыр жанында Орта жүзден 16 адам, оның 3 би, 3 батыр 27 қыркүйекте Бопай ханымға жеткен. Сол күні тархан Кеңеске Батыр сұлтанды шақыруға Нұралының көзін жеткізісе керек, Шөмекейден Жайылған, Шектіден Сырлыбай, Мөңке билермен Ысық Көбек мырзаны Батыр сұлтанға жібереді. Я. Гуляев хабарынша Жәнібек тархан Батыр сұлтанның Кеңеске қажеттігіне ханымды, Нұралы, Ерәлі сұлтандарды сендірген. (12) Міне, бұл "бір жеңнен қол, бір жағадан бас" шығарып, ортақ шаруаны келісіп шешудің бастамасы еді. Бірақ Батыр иелігіне жетіп, көпшіліктің көзінше Жайылған би "егер бас хан болғың келсе, билеріңмен Халық Кеңесіне жүр" деген ұсынысына сұлтан сенімсіздік танытып, "өзге сұлтандарға қарағанда менің жасым үлкен, сондықтан олар маған келуі тиіс, мені алдамақшысыздар" деп бармаған. (13) Біздіңше, Батырдың көпшілік би, батырлар ортасына бармауының бірнеше себептері бар. Біріншіден, сұлтан Кеңеске бара қалса, жаңа құдасы, әрі аталас бауыры Бараққа қарсы топқа қосылар еді. Екіншіден, құдасы Әбілқайыр хан өліміне бірден-бір септігін тигізді. шіншіден, Батырдың баласы Қайып Хиуада хан болды. Ал Хиуа үнемі парсы елімен байланыста еді. Сондықтан Кіші жүзге Батырды хан сайлау Ресей саясатына кері әсерін тигізуі мүмкін болатын. Осындай жағдайда "Батыр сұлтан Кеңеске барса, ұсталады екен" деген сыбыс әңгіме арнайы Ресей тарапынан тудырылса керек.

Кіші жүз ханы тағына үшінші үміткер Барақ сұлтан Халық Кеңесіне келе де, сырттай өз кандидатурасын дәл сол мезгілде ұсына да алмайтын. Осындай жағдайда ол Кеңесті алыстан бақылаушы ғана болып қалды. "Барақ сұлтанның жан-жағынан үміті нашар, оның ойынша, тек қалып отырғаны жоңғар билеушісінен бодандық сұрау" деген А. Тевкелев анықтамасы біздіңше дәл келеді. (14)

Сонымен, көптен күткен Халық кеңесінде талқыға түсетін бір-ақ үміткер Нұралы сұлтан қалды. Кеңес өз жұмысын 1748 жылы 2 қазанда Ырғыз өзенінің сол жақ тармағындағы Қайыңды өзені жағалауында бастады. Халық Кеңесіне Кіші, Орта жүзден 1000-нан астам адам қатысқан. (15) Олардың қатарында Орта жүзден А. И. Левшинде "әрқашанда Әбілқайыр жанында мекендеген" Жәнібек тархан мен бірнеше ондаған жай қазақтар (16), П. И. Рычков пен Н. П. Рычковта тек қана арғындар билеушісі Жәнібек батыр болған. (17) Мұрағат деректерін қайта тексергенде Орта жүзден хан сайлауға арнайы Керей Наурыз би, Шақшақ Қойсары би, Жамбейті билерді байқаймыз. Сонымен бірге, Кіші жүзден Шекті, Қаракесек, Төртқара Шөмекей, Алаша, Кете руларының билері болған. (18) Қол қойып, Нұралыны хандыққа сайлағандар арасында, оның өзі басқаратын 12 ата Байұлыдан тек алашаны байқасақ, жетіру рулары, Есет батыр аттары аталмайды. Бұған қарап, Нұралыны хандық таққа лайықсыз, не болмаса, Кіші жүз қолдамаған деген ой туындамауы керек. Оған мынадай дәлелдеріміз бар. Алдымен, Орта жүзден арғын Жәнібек тарханның және Абылай сұлтанның келуі. Ал тархан болса, ханымға жеткен соң, өзінің бүкіл Орта жүз атынан келгендігін жеткізген. Оның Орта жүздегі үлкен ру Арғынды басқаруы, Бөкенбай батыр, Абылай сұлтандар атынан сөйлеуі, тарханның қазақ елі мойындаған азамат екендігін дәлелдейді. Екіншіден, хан сайлаған соң оны патшадан бекітуін сұрау қазақ үшін дәстүр бұзғандық. Қалың көпшілік, біздіңше, өзінің қатысып ата дәстүр бойынша дауыс бергендігін айтып, оған өзге мемлекеттің еш қатысы жоқтығын алға тартса керек. Үшіншіден, Жетіру басы Есет батырдың хан сайлауға келмегені рас, бірақ ол Әбілқайыр хан мен оның саясатына ешуақытта күмәнданбаған. Осы жолы болмаса да, кейін Орынборға Нұралыны қолдау үшін барғанын мұрағат деректері дәлелдеп отыр.

Сонымен қатар, мыңнан аса халықтың қатысуы да, көпшілік келгендігіне куә.

Жалпы орыс деректері, хан сайлауға қатысып, өз көзімен көрген Я. Гуляев Нұралыны келген рулар ішінен 10 бас би арнайы құрылған киіз үйге кіріп сайлады деп жеткізеді. (19) Осы хабарламаны негізге алған кейбір орыс зерттеушілері (20) "Әбілқайыр хан өлген соң, И. И. Неплюев хандық билікті тоқтата да, тіпті сайлауды тікелей Әбілқайыр ұрпақтарынан басқа адамға бағыттай да алмады. Осы тартқыншақтау кесірінен жаңа екі қателікке ұрынды. Біріншіден, халықтың көпшілігі хандық тұғырдан Әбілқайыр жанұясынан ешкімді көргісі келмеді; екіншіден, қазақтардың әдет-ғұрпы мұрагерлік құқығы бойынша хандық билік балаларына емес, қайта өлген ханның аға-інілеріне тиесілі еді" деп Әбілқайыр ханды кіналауды жалғастыра түсті. . Ал Л. И. Левшин, А. И. Макшеев, А. Ф. Рязанов Нұралыны хан сайлаудағы Орынбор губернаторы И. И. Неплюевтің ролін асыра бағалады. Олардың пікірінше, губернатор қалауымен ғана Нұралы хан болған. (21)

Мұрағат құжаттарын мұқият қайта саралағанда, Нұралы сұлтанның хандық таққа өз қабілетімен, анасы Бопайдың және Жәнібек тарханның ерекше қамқорлығымен жеткендігін байқаймыз. Сырттан келген Я. Гуляев тек бақылаушы ғана болды. Оның қол жеткізген табысы, қазақ игілерімен болған келіссөзде, Нұралыны хан сайлауын патшаға бекіттіру қажеттігіне сендіру болатын. Оған дәлел ретінде 1748 жылы 5 қазанда тілмәштың басшылығымен Елизавета патшаға Бопай ханым, Нұралы сұлтан, Кіші, Орта жүзден 33 батыр, билерден жазылған 3 хаттың мақсатының өзара ұқсастығын келтіруімізге болады. Я. Гуляев хатқа хан сайланған Нұралыны сұлтан деп жаздырып, хандық дәрежені патшадан сұраттырды. Бұған қоса А. Сабырханов пікірінше "Я. Гуляев Нұралыны және Бопай ханшаны Петербургке қазақ елшілігін жіберуге көндірді". (22)

1748 жылы 6 қазанда Нұралы сұлтан Я. Гуляевпен бірге Орынбор арқылы Петербургке күйеу баласы Жәнібек сұлтан бастауымен, аманаттағы Айшуақ сұлтан жанындағы Байбек және Кіші жүздің 5 руынан бір-бірден өкіл алып, барлығы 7 адамды жібереді. Орыс тарихшысы В. Н. Витевский елшілер қатарын Асабай, Қожақұл, Мамыт, Малыбай, Өмірзақ, Боранбай, Тәңірқұл деп тарқата түседі. Олардың арасынан Асабай старшын Орынборға шыққан жолда қайтыс болған. (23) Нұралы ханның Петербургке алғашқы елшілігін басқарушы сұлтан Жәнібекті тархан, батыр Жәнібекпен шатастырушылар да бар екендігін айта кетуге тиіспіз. (24) Сонымен бірге, Айшуақ жанындағы Байбекті сұлтан және Әбілқайыр хан ағасы деп дәлелдемек болушыларға (25) жауабымыз: ол қара сүйектен шыққан батыр, кезінде хан сарайы қызметшісі болған. Кейін ханға адалдығына байланысты, Әбілқайыр хан Орынбордағы Айшуақ сұлтанға аға, ақылшы ретінде жіберген. (26) Міне, осы Байбек біртіндеп, орыс әкімшілігінің де іш бауырына кіріп алды. Елшілермен бірге Орынборға 17 қазанда жеткен бойда, Байбек батыр Кіші жүз жағдайын толық баяндап берді. Оның көрсетуінше, Кіші жүз халқы Нұралы сұлтанды қолдаған, ал Әбілқайыр өліміне байланысты, Барақ сұлтаннан кек алуға түгел келіскен. Сол тұста Ордада Әбілқайыр хан кезінде келген Жоңғар елшісіне қоса, Кеңес шешімімен Нұралы өз елшілерін жіберген. Оның мақсаты әкесінің өлімін естірту, өзінің Кіші, Орта жүздерге бас хан болғандығын хабарлап, қазір Ресей патшасының бекітуін күтіп отырғанын жеткізу және ең бастысы Барақтың болашақ жоспарын анықтау деп түсіндіреді. (27)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты
Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі (XVІІІ – ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі)
СЫРЫМ ДАТҰЛЫ ҚОЛБАСШЫ ЖӘНЕ САЯСИ КӨЗҚАРАСЫ
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі және аңырақай шайқасының маңызы
Жәңгір Хан өмірбаяны
Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
Нұралы ханның патша өкіметінің қоластына енуі
Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы
Көтерілістің қозғаушы күштері
Сырым Датұлы баскдрған Кіші жүз қазақтарынын, көтерілісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz