Орыс хан заманы. (Урус хан, Урус-хан узбеки, Ұрыс хан, Арыс хан, Өріс хан)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Орыс хан заманы.
(Урус хан, Урус-хан узбеки, Ұрыс хан, Арыс хан, Өріс хан)
Ел билеген уақыты: 1368-1377 ж.ж.
Ата-тегі: Орыс ханның ата-тегінің әлі күнге анықталмауы және осы
тақырыптағы дау, оны даңқты кезең хандарының қатарына жатқызуға мүмкіндік
береді. Тарихи шығармаларының біразы (Өтеміс қажы, Әбілғазы, Шәкәрім қажы)
Орыс ханды Жошы ұлдарының кішісі Тоқай Темірден тарайды деп көрсетеді.
Мәселен, Өтеміс қажы:
"... Туглы-Тимур даңқты патша болды, Самарқанд пен Бұқараны биледі.
Бірақ, оның билік құрған жылдары мәлім емес.
Одан кейін Бадық-оғланның ұлы Орыс хан болды. Бұл Орыс хан ұлы патша
болып бүкіл Түркістан уәләйатын биледі" - деп жазады. Әбілғазы шежіресіне
қарасақ - "Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан, оның ұлы Тоқай-Темір, оның ұлы Өз
Темір, оның ұлы ...Қожа, оның ұлы Бадақұл-оғлан, оның ұлы Орыс хан" Екі
шежіренің де айтқаны бірдей келіп отыр, айырмашылық, біреуінде Бадық-оғлан,
екіншісінде Бадақұл-оғлан болып аталғандығында.
Сонымен қатар зерттеушілердің көпшілігі Муин-ад дин Натанзи жазып
қалдырған "Ескендір анониміне" сүйенеді. Бұл кітаптың өзегі тарихи шынайы
оқиғалардан тұратындығына ешкімнің де күмәні болмаса керек. Шығыс
деректерінде кездесіп қалатын әдемі сөз өрнектері, қиял-ғажайып әңгімелер
"Ескендір анонимінде" көп емес. Муин ад-Дин Натанзи ұсынған генеалогия
бойынша Орыс хан Шымтайдың ұлы, ол Ерзеннің ұлы, ол Сасы Бұқаның ұлы
Деректерге қарағанда Ерзен де, оның әкесі Сасы Бұқа да Шығыс Дешті-Қыпшақ,
яғни қазақ жерін билеген құдіретті хандар, осы жердің, елдің даңқын асырған
жиһангерлер, Түркістан қалаларын көркейткен жасампаз құрылыстардың иесі.
Егер Рашид-ад-динге сүйенсек "Сасы Бұқа Баянның ұлы, Баян Коничи ұлы,
ол Сартақтайдың ұлы, ол Орданың (Орда Ежен) ұлы" Сонымен біз екінші
генеалогиялық жоба көңілге қонымды және дұрыс деп есептейміз. Бірақ, ғылыми
тұрғыдан бұл деректер талдауды керек етеді. Оған бір себеп Орыс хан ата-
тегінің Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен бастау алуы. Төре әулетінің төл
өзегінен бастау алу Керей мен Жәнібекке Шығыс Дешті-Қыпшақтың тәуелсіздігі
үшін күресте, Шайбан тұқымдарымен болған соғыстарда мықты қолдау болғаны
сөзсіз. Орда Ежен және оның тұқымдары туралы бірер сөз:
"Жошының үлкен ұлы Орда, ханның қоңырат руынан алған бәйбішесі
Сарқаннан туды - деп деп жазады Рашид ад-Дин. Әжесінің тірі кезінде де,
одан кейін де Орда сый-құрметке, даңққа кемел болды. Жошының тағына Бату
отырғанымен Мөңке -қағанның олардың атына жазылған жасаққа, билікке қатысты
Жарлықтарында Орда аты бірінші тұрады... Жошы ұлысының әскерінің бір жартысын
ол (Орда), екінші жартысын - Бату басқарды. Орда әскерімен және төрт
інісімен (Удур, Тоқа-Темір, Шинкур, Сингкум) әскердің сол қанатын құрады.
Осы күнге шейін оның інілерінің тұқымы Орда тұқымымен бірге, інілерінің
жұрты мен Орда жұрты әлі де сол қанатта". Империяның сол қанаты деп Рашид-
ад-дин заманында Шығыс Дешті-Қыпшақты, немесе қазіргі қазақ жерін
атағандығы мәлім.
Алтын Орда мен сол қанаттың қарым-қатынасы Орыс хан заманына дейін
кезінде Орда мен Бату арасында қалыптасқан дәстүрге сай жүрді. Өздерінің
ішкі құжаттарында Орда тұқымы Бату (Саин тұқымын) ылғи да бірінші атап
отырды. Рашид-ад-дин "олардың (Орда тұқымының) ескі әдеті бойынша, өздері
патша және жоғарғы билеуші деп Бату ізбасарларын мойындайды, олардың атын
өз жарлықтарында жоғары жазады" - деп атап өтеді. Сонымен қатар сол қол
жөнінде жазғанда оның басшыларына да Рашид-ад-дин патша ұғымын қолдана
береді. Мысалы ол "Баян Коничи ұлы, кәзіргі күні Орда ұлысының патшасы ...
Тарихи деректер Орыс ханның аталарының ұлыстың атын көтеріп, іргелі,
мәдениетті ел қатарына жеткізгенінен хабар береді. Олардың қысқы қонысы
Сырдың жағасы, Түркістан маңындағы қалалар, жазғы жайлайтын құт мекені
Арқаның кең-байтақ даласы. Сасы Бұқа баласы Ерзен турасында деректер "Аз
уақыттың ішінде оның атақ даңқы Өзбек ханның ұлылығына жетіп қалды, бірақ
соған қарамастан аталарының салған жолынан шыққан жоқ, үлкендікке таласқан
жоқ. Ол нағыз ақылды, әділ, мәрт, құдайға қараған патша болды. Отырар,
Сауран, Женд және Баршын кент қалаларындағы медресе, ханака, мешіт және
басқа қоғамдық құрылыстардың көпшілігін көтерген сол. Өзінің әділдігі мен
қайырымдылығы арқасында ол бүкіл Түркістан өңірін жұмақтың жоғарғы сатысына
үлгі қылды" деп жазады.
Бердібек өлгеннен кейін Саин хан ордасында басталған бұлғақ көп
жылдарға созылды. Әсіресе, Ерзен мен Шымтай билігі арасында Орда Ежен
тұқымының тәуекелшіл сұлтандары Алтын Орда шаруасына көп араласты.
Араласпауға тіпті мүмкін емес еді, Еділ бойындағы рулардың әмірлері
мемлекет іргесін бекіту үшін Орда Ежен ұлысы, яғни Ақ Орда сұлтандарын
өздері шақырып отырды. Бірақ бір берекесі кеткен билікті қайта нығайту
мүмкін емес еді, Саин тағының дағдарысы күшейе түсті, әр түрлі саяси күштер
Алтын Орданы бұтарлап жан-жаққа алып қашты. Дегенмен Ақ Орда сұлтандары
Алтын Орда тарихында елеулі із қалдырды. Осындай дүбәрә заманда Шығыс Дешті-
Қыпшақ билеушісі Орыс хан сияқты құдіретті билеушінің шығуы заңды құбылыс
еді. Тағдыр оның маңайына Доннан (Тана) бастап Алтайға, Сырдан бастап
Сібірге дейінгі кең байтақ далада Жошы ұлысын қайтадан қалпына келтіріп,
басын қосуды жазды.
Енді тағы да "Ескендір анониміне" үңілейік. "Бұл өте қаһарлы, күшті
және жауынгер патша еді, - деп жазады осы шығарманың авторы. Әкесі қайтыс
болғаннан кейін хан тағына отырды. Әкесінің көзі тірісінде оны Көк Орда
(Сайын тағы) ұлысын қаратып алуға үгіттеуші еді, бірақ Шымтай мұндай
кеңеске көне оймайтын. Енді Орыс-хан патшалыққа ие бола салысымен, бірінші
Құрылтайдың өзінде-ақ өзінің бектеріне, мемлекеттің сүйеніш-тіректеріне
ойында жүрген жоспарын жайып салды. Елдің бәрі ханның ойын қолдап, қосыла
кетті. Бірнеше күн үлкен той өткізіп, қарамағындағы бектеріне сый-сияпатын
берді де, содан кейін әскерді бастап Еділ бойына аттанып кетті.”
Бердібектен кейін Сарайда Сайын ханның алтын тағында 25 хан ауысты.
Батудан қалған құт Бердібекте үзілсе, енді келіп Сарай билігіне үміткер
топтар бірін-бірі қырып жойып бітірді. Көшпелілердің саяси Олимпіне жаңа
әулеттің шығатын күні жақындады.
Орыс ханның алаш жұртындағы билігі ХІV ғасырдың 60-жылдары басталды.
Белгілі шығыстанушы Т.И.Сұлтанов осы гипотезаны дәлелдеу үшін хижра жыл
санауының 770 жылы (1368-1369 ж.ж.) Сығанақта шыққан нумизматикалық
материалға (ақша) сүйенеді. Біздің пікірімізше бұл дата Орыс хан билігінің
нақты мерзімін үзілді-кесілді анықтап бере алмайды. Орыс ханның Алтын Орда
тағына отыруы толық емес деректер бойынша сәл кейінірек – 776 жылдары болса
керек,
Бірақ, ең қызығы Орыс хан Сарайда көп отырмай, Шығыс Дешті-Қыпшаққа
қайтып оралды. Еділ бойындағы Саин тағы үшін күрес Алтын Орданың ыдырауына
алып келген кезең еді. Орыс ханның империяны қайта құрау үшін батыс өңір
көшпелілерін бағындырмақ болған іс-әрекеті нәтиже берген жоқ. Қиян кескі
күрестің барысында Орыс хан ірі ру одақтарын басқарып, саяси сепаратизмнің
қақ ортасында жүрген қият Исатайұлы Жырқұтлыны, маңғыт Исламқияұлы
Құтлықияны өлтірді. Бірақ көбесі бір сөгілген мемлекет қайта басы
қосылмады. Сарай өзінің саяси эпицентр қызметінен айрыла бастады. Осыны
түсінген Орыс хан Шығыс Дешті-Қыпшақты мекендеген алаш ұлыстарының
қолдауынан айрылып қалмас үшін елге қайтты. Ұлы даланы мекен еткен алаш
тайпаларының тарихи дәстүрлері, Шыңғыстық идеологияны қабылдау бұл кезеңде
айшықты көріне бастады. Алаша хан заманынан сақталған дәстүрге негіздеп
ұлттық мемлекет құру туралы дала төскейін мекен еткен ірі автохтонды
рулардың мүддесі Орыс хан жігерімен сәйкес келді.
Алтын Орда империясына сүйеніш болған ноғайлы бірлігінің ыдырауы
империялық дағдарыспен қатар жүрді. Шығыс Дешті-Қыпшақты мекендеген рулар
қауымы “өзбек” атана бастауы да осы себептен болса керек. Тамыры ежелгі
қыпшақ этникалық негізіне баратын дала қауымдастығы “92 баулы өзбек”
атанды. Осы ірі қауымдастық ішінде Алаша идеясына берік аз ғана алаш рулары
ұлттық мемлекет құру үшін күресте де алдымен Жошы, одан кейін Орда Ежен
маңына топтасты да, кейін келе үмітті Орыс ханға артты. Күрделі саяси
жағдайда (ХІV ғ. екінші ширегінде) алаш алдымен ноғайлы бірлестігіне,
кейіннен өзбек бірлестігіне енгенімен де өзінің этномәдени дәстүрлерімен
қай-қайсынан да болса, түбегейлі еді. Кезінде Әз Жәнібек сияқты Орыс хан да
бұл факторды есепке алды. Орыс ханның Сарайды тастап елге оралуы да (Орда
Ежен жұртына) осы алаш суверенитеті идеясынан шығады.
Ақ Ордаға қайта оралған Орыс хан Шығыс Дешті-Қыпшақ мүддесі үшін
күреске араласты, алдымен ол империялық орталық Еділ бойынан бойын аулақ
салды, Алтын Орданың Мамай сияқты ірі қарашаларымен теке тіресті тоқтатты,
екіншіден, Ақсақ Темір мен оның Тоқтамыс сияқты қолбалаларына тойтарыс
берді, үшіншіден, Жетісу өлкелерін мекендеген, алаш қауымының кіретін
руларды Тоғлық Темір жетегінде жібермеуге күш салды.
Шараф-ад-Дин Йездидің айтуына қарағанда Темір мен Орыс хан арасындағы
жанжал жалайыр ұлысының көтерілісінен басталса керек, Жалайырдың басшылары
Сары Бұқа мен Әділ шаһ, қыпшақ ру басылары Қытай баһадүр, Елші Бұқа сияқты
көсемдермен келісіп Ақсақ Темірге қарсы көтеріліске шыққаны белгілі. Бірақ
“Кермине түбінде болған соғыста Ақсақ Темір өз жауларын жеңіп, көтерілісті
басты. Жалайырлар мен қыпшақтар амал жоқ Дешті-Қыпшаққа көшіп, Орыс хан
маңынан өздеріне пана тапты” деп жазады “Зафар намэ” авторы.
Бір жағы жалайыр мен қыпшақ, бір жағы Ақсақ Темір, екі аралықтағы
жаугершілікті суреттеген Мұхаммед Хайдар аталған ру басшыларын “хазаре
әмірлері” деп атайды. Бұлардың Моғолстанның атақты дулат әмірі Камараддинге
де қосылуы Темірдің бетін тойтаруы алаш қауымының мүддесі болғанын
нұсқайды. Мұхаммед Хайдардың бірнеше жағдайда жалайыр мен қыпшаққа қатысты
“хазаре” сөзін қолдануы ойлануды қажет етеді:
“Сары Бұқа мен Әділ шаһ Камараддинге қосылғаннан кейін, ылғи да оның
бойындағы ескі кек пен жаугершілік отын үрлеумен болды. Камар ад -Дин әскер
ертіп Әндіжан уәләйатына келді. Қазақ хазары патшазада Омар Шайхты
(Темірдің ұлы) тастап Камараддинге қосылды”.
“Қазақ хазарлы” деген сөз тіркесі М.-Ж.Көпейұлы, К.Халид, Н.Наушабаев
шежірелерінде кездесіп қалады. Араб тілінде “хаз” таза, дәрежелі,
ақсүйектілік деген ұғымды да білдіреді. Мүмкін, Мұқаммед Хайдар шежіресінде
де, қазақ шежіресінде де алаш қауымы ішіндегі жалайыр руының үлкендігі
меңзелген болар?! Осыны көтере алмаған Темір ақыры “жалайыр ұлысын шауып,
тас-талқан қылып, ыдыратып әсірлеріне бөліп берді”.
Енді тағы да Орыс ханға қайта оралайық. Алаш елінің жұртына от салған
ылаңды Тоқтамыс бастады. Оның әкесі Туй ходжа оғлан сол қол сұлтандарының
ішіндегі ең көрнектілердің бірі еді, Маңқышлақты биледі. Орыс ханның
Сарайға жасайтын жорығына әлдебір сылтау айтып Туй ходжа оғлан қатыспай
қалды, осыны себеп қылып Орыс оны өлтірді. Әкесіз қалған жас Тоқтамыс
Орыстың қаһарынан қауіп күтіп бірнеше рет ордадан қашып, қайта оралып
беймаза тіршілік кешті. Орыс-хан жас жігіттің бұл қылықтарына аса көңіл
бөлмесе керек. Ақсақ Темір күшіне еніп, бар қаһарын Моғолстанға төгіп,
бесінші рет Камараддинге қарсы жорыққа дайындықтың кезінде Тоқтамыс Темір
қолына біржолата өтті.
Әрине, Темір дала авантюрисін өте жылы қабылдады. Орыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ΧIV – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
ӘМІР ТЕМІРДІҢ БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫСТАРЫ
Ж.Қ.Қасымбаевтың өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы
Ақ орда мемлекетінің құрылуы, саяси тарихы
Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір
Қазақ хандығының тарихы
Қазақ хандары
XIV ҒАСЫРДАҒЫ АҚ ОРДА
Әмір Темірдің дүниеге келуі
Пәндер