ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ ЖАНДОСОВ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Ораз Жандосов

(1889-1937жж. )

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы.

Ораз Кәкімұлы Жандосов Алматы облысының Қасекелең ауданында туған. Қаршадай шағынан қазақ ауылдарындағы теңсіздік пен қайыршылықты көріп өсіп, көкірек түпкірінде әділеттікті іздеу туралы ой оянады. Осы бір арман оны 1918 жылы большевиктер партиясы қатарына әкеледі. Сөйтіп, сол жылы Верныйдағы ерлер гимназиясын бітірген бойда революциялық жұмысқа кірісіп кетеді. Атақты күрескер Тоқаш Бокинмен танысып, дос-жолдастарымен бірге оқушылардың мәдени ағарту үйірмесін құрады, баспасөзге атсалысады. Алғашқы жылдары Жетісу совдепінің нұсқаушысына жергілікті округтерде ойран салған қарақшы ақ казактарға қарсы қолына жиі-жиі қару алуға тура келген. 1919-1921 жылдары Жандосов Түркістан КП мұсылман коммунистерінің облыстық бюросын басқарды. Ана тілінде ешқандай әдебиеттер жоқтығына қарамастан, қазақ балаларын оқыту үшін, Жетісу жерінде алғашқы ауыл мектептерін ашты. Кеңестік жаңа өмірді насихаттау ісінде аузы дуалы ақын-жыршыларға да арқа сүйеп отырды, оның мұрындық болуымен 1919 жылы Жетісу ақындарының Жамбыл Жабаев пен Кенен Әзірбаев қатысқан тұңғыш слеті өтті.

Жандосов Верныйда, Қапал, Жаркент, Лепсі уездерінде бүлікшілерді талқандауға белсене қатысты. Жетісу облыстық революциялық-әскери комитетін және облыстық Қосшы одағын басқарды. 1921-1923 жылдары Түркістан КП ОК-нің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болды. 1923 жылы Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясында оқыды. 1924-1928 жылдары БК(б) П Кеген аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Партияның 12, 14-съездерінің және КСРО Кеңестерінің 2, 7, 8-бүкілодақтық съездерінің делегаты болды.

1937 жылы жазықсыз Ораз Жандосовты облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметінен босатады да, сосын партия қатарынан шығарады. 13 қазанда «жаптым жала, жақтым күйемен» тұтқындалып, 1938 жылы 2 наурызда атылды. Бұл уақытта ол отыз тоғыз-ақ жаста еді. 1957 жылы ақталды.

Алматы қаласында оның есімімен аталатын көшеде О. Жандосовқа ескерткіш орнатқан.

ӘЙГІЛІ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ - ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ ЖАНДОСОВ

Бүгінде коммунистік тоталитарлық жүйені жаппай сынау жағдайында, осы жүйеге белсене қызмет еткен, сонымен қатар Қазақстанның аяққа тұрып, нығайуына да үлкен еңбек сіңірген, тағдыры қайшылықты ірі тарихи тұлғаларды объективті де, шынайы бағалау мәселесі күн тәртібінде тұр. Сондай қайраткерлердің бірі Ораз Қиқымұлы Жандосов.

Ораз Қиқымұлы Жандосов 1899 жылы 25-ақпанда Верный уезінің шамалған болысындағы №7 ауылда (қазіргі Қарасай ауданындағы Жандосов атындағы кеңшарда) туды.

Ораз Жандосов 1937 жылдың 10-шы көкегінде жазған өмірбаянында былай деді: “Шыққан тегім бұрынғы Жетісу, қазіргі Алматы облысының шаруа жанұясы.

Әкем 30 жылдан аса бұрынғы Жетісу казак әскерінің станциясы кулактарында батрақ болып жұмыс істеді.

Сондықтан да өзімнің әлеуметтік шыққан тегімді шаруалар қатарына жатқызамын”. 1

Верный ерлер гимназиясында оқып жүрген кезінде-ақ Ораз Жандосовтың Жұбаныш Бәрібаев және Тоқаш Бокинмен бірге патша үкіметіне қарсы астыртын ұйымға мүше болғандығы туралы деректер сақталған. Өзі тақыр кедей жанұясында өсіп, тәрбие алған, Алаш қозғалысы орталықтарынан шалғай, Верный тәрізді әр түрлі ұлттар мекендеген қалада оқыған және азамат соғысы жылдарында осы қаланы ақ казактарынан қорғауға белсене қатысқан Ораз Жандосовқа большевиктер идеялары түсінікті де, жақын көрінді. 1918 жылы қараша айында ол сондықтан да осы партия қатарына мүшелікке өтті.

Алайда туған ұлтына қызмет ету - оның басты мақсаты болғанын, оның бүкіл кейінгі қызметі дәлелдейді. 2

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде ол көтерілістің сипатын дұрыс түсініп, оған қатысты.

Тарихи деректер оның осы жылдары Күрті және Ботбай болыстарындағы наразылыққа қатысушылар арасында жүргенін өзі жақсы таныс, әйгілі Бекболат Әшкеевті тұтқыннан босатуға әрекет еткендігін Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Қырбай Бозымбетовты біраз жігіттермен бірге тұтқыннан босатқандығы туралы айтады.

1916 жылғы көтеріліс туралы Ораз Жандосов былай деді: “ . . . Көтерілістің басты себебі - жер мәселесі, отарлау саясатымен, әрі жергілікті тұрғындар мен қоныс аударушылар қарым-қатынасымен тығыз байланысты”.

Бұл көтеріліс саяси құбылыс. Көтеріліс мақсаты - патша қанауынан азат ету. Ал оның сипаты ұлттық сипатта болды.

Ораз Жандосов жергілікті халық пен осында сырттан қоныс аударып келген переселендер арасындағы қақтығыстарда әрқашанда алғашқылар жағында болды. Ол Жетісудағы мұсылман бюросының негізін қалаушы және оған басшылық етуші екенін айта кеткен жөн. Азамат соғысы жылдарында Жетісу өңіріндегі босқын қырғыздарды (қазақтарды) орналастыратын Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төтенше комиссия мүшесі болған ол, Жетісу кулактары пайдаланып келген басы артық жерлерге қазақ тұрғындарын орналастыру ісін басқарып, бұл істе үлкен принциптілік және табандылық көрсетті.

1921 жылдың 2-қаңтарында Жетісу облыстық әскери-революциялық комитетінің төрағасы қызметіне кіріскен Ораз Қиқымұлы Жандосов алғашқы шаралардың бірі ретінде, отаршыл саясат тұсында Верный атанған қала атауын Алматымен ауыстырды. Осы қызметтегі өзінің №10 бұйрығында Жетісудағы европалық елді мекендердің қазақтардан зорлықпен тонаған мал-мүліктерін қазақтарға қайтарылуларын талап етті. Бұл бұйрықты орындамаушылар оның тікелей бұйрығымен революциялық трибуналда жазаға тартылды.

Қазақстан тарихында Қосшы одағының алатын орны туралы айтар болсақ онда міндетті түрде одақтың саяси басшыларының бірі болған Ораз Қиқымұлы Жандосовтың есімі де міндетті түрде қатар айтылады.

Ораз Жандосов 1922 жылы Қосшы олдағы туралы былай деді: “Қосшы одағы ауыл мен қыстақтардағы және де деревнялардағы патша үкіметі мен орыс кулактары тарапынан отарлық езгіде болған халықтың немесе қазақ кедейлері мен жалшыларының саяси және кәсіптік-кооперативтік ұйымы.

Қосшы одағының құрамына ауылшаруашылық кәсіпорындары мен жеке шаруашылықтар, жерсіз және жері аз диқандар, мал аз малшылар мен жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын адал орташалар сияқты әлеуметтік топтар енді. Қосшы одағы бұратана халықтың шаруашылықтың артта қалған түрінен алдыңғы қатарлы түрлеріне, яғни Жетісуда шаруалардың көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы егіншілікке өтуіне байланысты пайда болды. Жетісуда Қосшы одағы жер реформасы негізінде бұратана кедейлерді кең көлемдегі революциялық көтеруде басты роль атқарған ұйымдық форма болды.

Қосшы одағы әлі де болса әлсіз ұйымдасқан еді. Себебі онда жоспарлы ұйымдасқан жұмыстар жүргізілмеді. Бұл Қосшы одағының ішінде жағымсыз элементтердің болуына байланысты” деп көрсетті.

1923 жыл 8 және 13 маусым аралығында Қосшы одағының Жетісу облыстық 3-ші съезі болып өтті. Ораз Жандосов съездің ашылу мерекесінде шығып баяндама жасады:

“Біз 8 маусым Қосшы одағының күнінде үшінші рет кездесіп отырмыз. Бұл күні біз осы күнге дейін жасаған жұмыстарымыздың қорытындысын шығаруымыз керек, сондықтан да менің сөзім сәлемдеме ретінде болмайды. Мен Жетісуда болған, басынан кешірген, қол жеткізген және жеткізе алмаған істер туралы қысқаша схемалық есеп бергім келіп отыр. Осы мақсатта патшалық Ресей отарының езгісінде болған Жетісу облысының өткен тарихына көз жүгіртейік”.

Патша үкіметінің отарлау саясаты нәтижесінде халық байлығы шикізат ретінде сорып алынып отырды. Осындай отарлау нәтижесінде езгіге ұшыраған халық экономикалық жағынан әлсіреп, қайыршыланып, құр сүлдері қалған жағдайға жетті.

“Бұл жерде біз 1918 жылғы қызу революция кезінде орыс кулактары мен казактарының жерлерін тартып алып жерсіз кедейлерге беру жұмысын сол кезде бастаудың орнына 1921 жылы бастап отырмыз. Ресейдің орталығында жүріп жатқан революциялық өзгерістердің Жетісуға кешігіп жетуі қазақ халқының отарлық езгіден әлі де құтыла алмай, мәдениет пен білімнен артта қалуын түсіндіреді.

Соған қарамастан біздің 1921 жылдан бастап жүргізген жұмыстарымыздың нәтижелері көзге көрініп тұр.

Таптық жіктеу саласында да біздің жұмыстарымыздың жемістері бар, себебі Қосшы одағы - бұл кездейсоқ ұйым емес, бұл қазақ еңбекшілерінің жерге деген күресі нәтижесінде туған ұйым. Бұл біздің жұмыстарымыздың ең үлкен жемісі.

Енді біз атқаруымыз тиіс болған бірақ атқармаған жұмыстар туралы айтамын.

Жер мәселесінде біз кедейлерге, жерсіз және жері аз шаруаларға жер бердік бірақ бұл жұмысты аяғына дейін алып бармадық” .

Жер реформасын жүргізу барысындағы қателіктерін айта отырып Ораз Жандосов, реформа барысында өздігінен тартып алынған жерлерді азат етіп, қазақ байлары мен орыс кулактарының жерлерін кедейлерге алып беру саясатын жүргізбегендігі туралы айтты. Осы жұмыстарды жүргізбегендігі туралы айтып, енді тікелей жерге қоныстандыру мәселесін қойып, соы арқылы жерлерді мемлекет қорына тартып алып, еңбекшілерге беру қажеттігін айтты.

Таптық жіктеу жұмыстарын Қосшы одағы үстірт, әкімшілік, механикалық жолмен жүргізді. Халық тобы жанама түрде ғана қатысты, кедейлер бұл процеске тікелей, белсенді түрде қатыспады.

Кеңес үкіметін беккемдеу саласында ауылдар мен қыстақтарда жұмыс істейтін кеңестер жоқ, кеңес төрағасы ғана болды, Орталықтан бұйрық келсе ғана атқару тапсырылған тұлғалар ғана бар. Осыдан аудандық және болыстық органдарды бұрмалау, келіп шығады, себебі ауылдарда адал, нақты кеңестер жоқ, жоғарыда тұрған органдар анықталмайынша, ел басында шенеуніктер ғана болатын еді.

Жаппай қозғалыстар жасап, кедейлердің мүддесі жайлы қызыл кеңірдек болып айқай салғанмен де, жетістіктерге алып келетін бір-ақ жол бар, ол революция барысында еңбекшілердің мүдделері үшін иеленуге тиіс болған жерлерді ұйымдасқан, заңды түрде иелену болды.

Ораз Жандосов сол жылы Қосшы одағы туралы жасаған қорытынды баяндамасында өздерінің іс жүзінде емес, сөз жүзінде істеп келе жатқандықтарын айтты.

Байлар мәселесі жайлы дауды малдың санымен ғана шешуге болмайтын еді. Егер байлар кеңес үкіметіне қарсы көтерілістер ұйымдастырып жатпаған болса, онда өздігінен өмір сүріп, байып, өзінің шаруашылығын кеңейте беруін қолдайтын ұсыныстар жасады.

Егер байлар ауылдар мен қыстақтарда кедейлер үстінен билік жүргізуге тырысқан атқамінерлер болса, онда олар нағыз контрреволюционерлер еді. Оларға қарсы күресу керек. Байларға деген осындай қатынастарда болуға шақырды. Бұл шындығында да нағыз демократияшыл әрекет еді.

Қосшы одағының саяси қызметіне кедергі жасап отырған келесі дұшпан ретінде Жандосов шенеуініктерді көрсетті. Бұл шенеуініктер қатарына отаршыл патша үкіметі мен асыра сілтейтін шенеуініктер жатты. Олар кеңес үкіметі мен еңбекшілер тобы арасындағы делдалшылар, олар органдар мен халық арасындағы бағытты жаулап алған еді. Мұндай шенеуініктерге орыстар мен қырғыздар да жатты. Шенеуніктердің әрқайсысы өздері жақын тұрған территориялық бірлікпен байланыс орнатуға тырысады. Осы әкімшілік территориялық бірліктің барлық жұмыстары сол шенеуінік арқылы ғана өтеді. Ол еңбекші бұқараға көмек беруге ұмтылмайды, ол тек қана өз қалтасын толтыру үшін отырған адам. Осындай шенеуініктер кеңес аппараттарында немесе үкімет органдарында отырғандарына қарамастан олармен күресу қажет еді.

Өкінішке орай соңғы кездері де Қосшы одағының арасында да алауыздық күшейіп кетті. Мұндай жағдайда Қосшы одағының өмір сүруі мүмкін емес. Егер болашақта Қосшы одағында жағдай осы күйінде қалатын болса, онда одақ таратылудың алдында тұрды.

Егер де соңғы екі жыл ішінде Қосшы одағының құрамындағы диқандар мен малшылар кооперация түрінде ұйымдаса алмаса, онда Қосшы одағы өмір сүруін тоқтатуы мүмкін еді. Қосшы одағы күнделікті экономикалық мүдделер негізінде ұйымдасуы және кооперативтік шаруашылық құруы қажет еді. Бұл бірінші жолы.

Екінші жолы - бұл батрақтар секциясы күшейіп, Қосшы одағының басқа мүшелерін ұстап тұруы қажет болды.

Осындай Қосшы одағының басына таралып кету қаупі төнген кезде көрнекті мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың Қосшы одағында қазақ кедейлері мен шаруаларының рөлін күшейту саясаттарын жүргізу нәтижесінде Қосшы одағының беделі ауылдар мен селолар арасында арта түсті. Осындай қажырлы еңбегімен көзге түскен Ораз Қиқымұлы Жандосов 1922 жылдың 3-ші қыркүйегінде Түркістан партисы Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Алайда білімге деген құштарлық оны Мәкеудегі Тимирязев атындағы ауыл-шаруашылық академиясына алып келді. 1923 жылдың қыркүйегінен 1924 жылдың қазанына дейінгі аралықта ол осында студент болды. Туған өлкесі оны, тағы да аса маңызды жұмыстарға басшылық етуге кері шақырып алды. Ораз Жандосов 1925 жылдың 18-сәуірінде Қазақ өлкелік партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Ол 1926 жылы Қазақстан астанасы Қызылордада тұңғыш кәсіби Қазақ драма театрын ашуға белсене қатысты. “Еңбекші қазақ”, “Лениншіл жас”, “Әйел теңдігі” тәрізді күнделікті басылымдар жұмысын жандандырды.

Осы жылдары Ораз Қиқымұлы Жандосов 1921-1922 жылдардағы реформаны жүргізу кезінде басшылыққа алған принципті тағы да ұстанды. Ол қазақтарды бірінші кезекте жерге орналастыруды қолдады. Ал 1918 жылға дейін Қазақстанға қоныс ауып келген орыс, украин, өзбек халықтары екінші кезекте, 1922 жылдың 31- тамызынан 1924 жылдың 7-ші тамызына дейінгі аралықта өз бетімен қоныс аударғандар үшінші кезекте жерге қоныстандырулары керек деген пікірді ұсынды.

Бұл тезис авторы Ораз Жандосов екендігі туралы 1929 жылғы Ахмет Байтұрсынов ісі бойынша тергелген Байділдин былай деді: “ . . . Партияның бесінші конференциясына арналған жер мәселесі жөнінде тезистерді Жандосовтың өзі жазып шықты . . . Шынымды айтсам, бұл тезистер әуел бастан-ақ маған ұнамады. Өйткені, ұлтшылдық исі аңқып тұрған құжат болып көрінді”.

Ораз Жандосов өзінің өмірбаянында былай деді: “Басқа партияларда болғаным жоқ. Оппозицияларға қосылған жоқпын, олармен қызу күрес жүргізуге ат салыстым. Бірақ соған қарамастан 1924-1926 жылдарда өзім де жергілікті партияға қатысты бір топқа ендім, дәлірек айтсам Қожанов тобына ендім. Менің бұл топқа енуім Қожанов пен менің жерге қоныстандырудағы кезектілік туралы мәселе төңірегіндегі көзқарасымыздың ортақтылығына негізделді. Менің сол жылдары бірінші кезекте қазақтарды жерге қоныстандыру керек деген ұлтшылдық пікірде болдым. Менің мұндай ауытқушылыққа ұлыдержавалық шовинизммен күресу міндеттерін дұрыс түсінбегендіктен келдім”. Кейінірек Ф. Голощекиннің Қазақстан партия ұйымына жауапты хатшы болып келуі жер мәселесіндегі мұндай көзқарастың іс жүзіне асуына үлкен кедергі жасады және О. Жандосов, С. Қожанов, С. Садуақасов тәрізді пікірлестер ұлтшылдық пиғылда айыптала бастады.

Ораз Қиқымұлы Жандосовқа таңылған басты айып - ол оның 1921-1922 жылдары Жетісуда өткізілген жер-су реформасына белсенді түрде араласып, сол уақытқа дейін қазақ елінің аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғауға ат салысқандығы еді.

Жалпы бұл айып С. Қожанов, С. Асфендияров сияқты қайраткерлерге де таңылған, сондай-ақ қандай тұрғыдан болса да негізсіз айыпталған. Өйткені, Жетісудағы жер-су реформасын мұндағы құнарлы жерлерді игеруде переселендер мен жергілікті халық арасында әділдік орнату мақсатында бастап берген большевиктік биліктің өзі болатын.

Жерге қоныстандыру ісін үлкен белсенділікпен қолға ала отырып, жерге ертеректен орналасып қалған переселен орыс шаруаларының қарсылығына кезіккен кеңес өкіметі реформалық шараларды аяғына дейін жеткізбей тоқтатып тастады. Ораз Жандосов пен оның серіктестері бұл істе орындаушылар ғана болатын. Ал бүгінгі еркін көзқарас тұрғысынан алғанда Жетісудағы аталған жер-су реформасы империялық билік пен жергілікті халықтың арасындағы жер үшін күрестің кезекті бір көрінісі ретінде бағалануға тиіс.

Ораз Жандосовқа таңылған келесі айып - бұл оның 1925 жылы желтоқсан айында болып өтетін 5-ші өлкелік партия конференциясында жасаған баяндамасындағы Қазақстандағы жер мәселесін шешуге байланысты жасаған ұсыныстары еді. Бұл баяндамасында Ораз Жандосов қазақ елін бірінші кезекте жерге қоныстандыру, сонан соң ғана барып, қазақтардан артылған бос жерлерге переселен шаруаларды қоныстандыруды ұсынған болатын.

Ораз Қиқымұлы Жандосовтың бұл ұсынысы іс жүзінде жер мәселесіне байланысты Алаш партиясының бағдарламасында қойылған талапты қайталау болатын. Сондай-ақ бұл сол тарихи кездегі бірден-бір дұрыс негізді ұсыныс екендігін қазіргі уақытта барлық зерттеуші ғалымдар мойындайды. Бірақ большевиктер келесі өлкелік партия конференциясында Қазақстандағы жер мәселесін шешуге ұлттық мүдде тұрғысынан келу принципін ұсынып, өткізді. Соңғы принциптің үстемдік алуы, әрине, жер мәселесін империялық мүдде тұрғысынан шешудің большевиктік варианты болды. Өйткені соңғы принцип Қазақстанға ішкі Ресейден орыс шаруаларының келіп қоныстануына шек қоя алған жоқ, қайта переселен саясатына жаңа мазмұн, сипат алуына жағдай жасап берген еді.

Ораз Жандосовқа таңылған тағы да бір айып, бұл оның “оқу-ағарту ісінде алаш қайраткерлеріне қолдау жасап, сол арқылы алаш идеясына жол ашты” деген пікір болатын. Бұл ретте тергеушілер оған Қазақ университетінің ашылу салтанатына Ахмет Байтұрсынұлын шақырып, сөз бергендігін көлденең тартты.

Сонымен қатар Ораз Жандосовқа бай, алашордашылардың балаларын оқу орындарына қабылдап немесе оларды оқудан шығаруға кедергі жасап, өз қамқорлығына алды деген де айып бар еді.

Ораз Қиқымұлы Жандосовтың күрделі де қайшылыққа толы мемлекеттік және қоғамдық қызметін, оның саяси көзқарасын, өмірде ұстаған өзіндік бағытын ғылыми талдау және оған әділ де, жан-жақты баға беру енді ғана қолға алына бастады.

Ораз Жандосов “Жетісудағы жарлы-жалшылар одағының кезектегі істері” атты мақаласында “Көшіп келген халықты жергілікті халықтың сүйегінің үстінде көгертуге болмайды” деп қатал тұжырымдады. Ащы болса да шындықты айтқан Жандосовтың бұл мақаласының саяси мағынасы зор болды. 3

Енді біз тақырыптан ауытқымай Қосшы одағындағы Жандосовтың рөліне қайта оралайық.

Алғашқыда Өлкелік комитеттің Қосшы одағы туралы директивасы жергілікті жерлерде қолдау таппады. Себебі партиялық ұйымдар кедей-жалшы ұйымы ретінде Қосшы одағының өмір сүруімен байланысты болған ауылдардағы қоғамдысаяси және ұйымдық міндеттерге түсініспеушілік пен селқос қарады. Қосшы одағы ісіне кқзқарас формалды-бюрократиялық түрде болды және ауылдардағы шаруашылық органдардың жұмыстарымен үйлеспеген болатын. Соған қарамастан Қосшы одағының мүшелерінің саны күннен-күнге артып отырды, яғни 140 000 адамға дейін жетті. Мүшеліктің негізгі тобы Одақтан шаруашылықты көтеру саласында нақты әрекеттер мен көмек күтті. Кедейлердің шаруашылық және мәдени мұқтаждарын қанағаттандыру саласында ұйымдастырылған жұмыстары мемлекеттік органдар тарапынан материалдық және басқа да қолдаулар таппады.

Өлкелік комитеттің ақпандағы жазған хатында Қосшы одағына деген қажеттілік мынада, яғни Қазақстанда кеңес үкіметі ауылдарда буржуазиялық - демократиялық революцияның аяқталуы мен сол жерлерде кеңес үкіметін орнату міндеттерін шешуду. Бейбітшілік жағдайда орта ғасырлық қалдықтармен, яғни отарлық саясаттың қалдықтарымен күресу жұмыстарын переселен орыс шаруаларында үкіметтің шаруашылықтағы дамуының жалпы жүйесіне енгізу жұмыстарымен үйлестіріліп жүргізілді. Бұл шараларды жүргізу ауылдардағы техниканың мәдени жағдайларының өте төмен дәрежелерінде алып баруға тура келді.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан ауыл кедей - жалшыларына байларға тәуелділігінен азат ету мақсатында тікелей материалдық және де шаруашылық - ұйымдық көмектерсіз, жерсіз және жері аз шаруалардің мүдделерін көздеуде аграрлық реформаларды жүргізбеу дегеніміз ауылдардың еңбекші топтарын кеңес үкіметіне баулу істері бойынша міндеттерді толық түсініспеушілікке алып келетін еді.

Сондықтан жоғарыда аталған шараларды іске асыруда Қосшы одағының қажет екендігі туралы түсінік келіп шығатын еді.

Қосшы одағының жұмыстарына басшылық ету барысында Ораз Жандосов орыс кулактары және казактарымен күресте ауыл кедейлерінің олардан артық бас жерлерді өз жерлері ретінде тартып алу түсінігін, өздерінің шаруашылық талпыныстарын кооперациялау, жергілікті органдарда үстемдік жағдайды тартып алуды өздерінің саналарына енгізуі қажеттігін атап көрсетті. Қосшы одағы ауыл кедейлерінің отаршыл саясатпен күресте барлық экономикалық және саяси шараларды қолдануға ат салысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ораз Жандосовтың қоғамдық-саяси қызметі
Ораз Жандосов және тоталитарлық жүйе
Ораз Жандосов жайлы
Қосшы одағының ауылдарға және ауыл
О.Жандосовтың өмірінің барлық кезеңдерін қамти отырып, оның Жетісу өңіріндегі қоғамдық-саяси, мәдени, ағарту саласын дамытудағы қызметінің маңыздылығы
ЖЕТІСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОРАЗ ЖАНДОСОВ ҚАЙРАТКЕРДІҢ ЖАРИЯЛАНБАҒАН ХАТЫ
Ораз Жандосов
Метеорологияның даму тарихы. Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым. Қазақстандағы метеорологияның дамуы.
Жетісу газеті
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz