Тұрар Рысқұлұлы-көрнекті партия және мемлекет қайраткері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тұрар Рысқұлұлы 1894 жылы Жетісу облысының Верный уезінде ( қазіргі Алматы облысының территориясы ) туған. Көрнекті партия және мемлекет қайраткері.

Тұрардың әкесі кедей - шаруа Рысқұл жалғандық атаулыға жаны қас тектілерден тараған өр мінезді кісі болған . Орыс патшасының жемқор жендеттері мен жергілікті жандайшаптарының қоқан - лоққы қорлығына қарсы тұрғаны үшін Сібірге 10 жылға жер айдалып кетеді . Он жасар Тұрар туысқандарының қолында қалып, Меркедегі орыс - қазақ мектебінде хат таниды . Одан соң Пішпектегі ( қазіргі Бішкек ) ауыл шаруашылығы училищесінде оқиды. Оны үздік бітіріп, Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі . Институты бітіруге үлгермейді . Дәл осы кезде Қазақстан мен Орта Азияда ұлт - азаттық көтеріліс бұрқ ете түскен еді . Тұрар осы қозғалыстың ортасында жүрді .

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін ол Әулиеатада өзі секілді көкірек көзі ашық қазақ жастарын төңкеріс жолына бастаған, саяси көзқарасы оянған бірден - бір азамат еді .

1917 жылдың қарашасынан 1918 жылғы қараша айына дейін Әулиеата уезі Совдепі депутатының төрағасы, ал 1918 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін Түркістан АССР - ының Денсаулық сақтау халық коммисары болды .

1918 жылдың желтоқсанынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Республика Халық Коммисарлары Кеңесінің ( ХКК ) орынбасары қызметін атқарды . 1920 жылдың қаңтарынан 1921 жылға дейін Азербайжанда Ұлт істері жөніндегі халық коммисариатының толық өкілетті уәкілі, ал 1992 жылы РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық коммисариатының орынбасары болып тағайындалды .

Жігіттік дер шағы жиырма бестегі жалынды Тұрар 1922 - 1924 жылға дейін екі жыл бойы Түркістан АССР- ы ОАК -нің төрағасы қызметін атқарады .

1924 жылдың сәуірінен 1926 жылдың тамызына дейін Коминтерннің Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сонымен бірге 1924 жылдың ортасынан 1925 жылдың маусымына дейін Коминтерннің Монғолиядағы өкілетті уәкілі, 1926 жылы Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, 1926 жылдың маусымынан 1937 жылдың тамызына дейін РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерінде аса жауапты қоғамдық - саяси міндеттер атқара жүріп, теориялық мәселелермен де айналысты.

Тұрар Рысқұлұлы өз республикасы үшін көп игілікті істер жасады. Оның тікелей араласуымен Қарағанды көмір бассейні кен байыту, Қоңырат мыс кенін ашу, Балқаш мыс қорыту комбинатын салу секілді алуан - алуан ауыр өндірісі саласында жұмыстар атқарылды. Әсіресе, Түрксіб темір жолы құрылысы жөніндегі комиссиясына төрағалық еткен еңбегі ерекше. Ел өміріне өзгерістер енгізген өндіріс ошақтарын жандандырумен бірге оқу - білім мен өнерді өркендетуге де өлшеусіз үлес қосты. Оның тікелей ұсыныстілегімен Ташкентте Орта Азия университеті ұйымдастырылса, Алматыда С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ) шаңырақ көтерді.

РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орвнбасары болып тұрғанда сол кезгі бүкіл ел астанасы Мәскеу қаласының қала шаруашылығына жетекшілік жасағанын жұрттың көбісі біле бермейді.

Тұрар Рысқұлұлы халық арасында зор беделге ие болды. Әділін айтқанда, ол Орта Азиядағы басшылардың ішіндегі ең көрнекті әрі ықпалды қайраткерлердің бірі еді. Лениннің атына жазған мәлімдеме хатында М. В. Фрунзе: Қалың бұқара соңдарына ерген жергілікті кадрлар ішіндегі екі дарабоз - Рысқұлов пен Ходжаев. Олар ақылға ғана бай емес, мінездері де щарболаттай сан қырлы деп жазған.

Тұрар Рысқұлұлы РКII (б) - ның X, XII, XIII, XV съездерінің және БКП ( б ) - ның XVI, XVII съездерінің делегаты болып сайланды. XVI партия съезінде делегаттар алдында сөз сөйлеп, « Ресей шаруаларының жағдайымен қатар, Орта Азия диқандарының да хал - күйіне көңіл бөліп, оларды бір - бірімен өшіктірмеу керек. Орта Азия әлі де болса патшалық Ресейдің отарлау саясатының зілді зардаптарын тартып отыр, бұған төзіп - бағуға болмайды» деп, өзінің батыл ойын бүкпесіз айтқан.

Тұрар Компартияның Орта Азиядағы Мұсылмандар бюросын және Түркістан АССР - ын басқарып тұрған кезінде Түркістан өлкесінің біртұтастығын сақтау туралы әлденеше рет мәселе қойды. Ол түркі тілдес Түркістан халықтары - біртұтас халық, тек тарихи жағдайлар жан - жаққа таратып жіберді деген тұжырымын да талай рет дәлелдейді. Республикадағы компартияны « Түрік халықтарының коммунистік партиясы » деп атауды және де бұл партияны республика секілді Мәскеуге тәуелсіз, дербес етіп құруды ұсынды.

Қазір ұлттық « Ұлан » құрылды ғой. Ал А. Байтұрсынұлы мен Т. Рысқұлұлы сол кездерде -ақ мұсылман емес халықтардан тұратын Қызыл Армияны Түркістаннан алып кетіп, мұсылман - түрік әскерін құруды, республиканың өзінің қаржы - қаражаты, сыртқы істермен айналысуға дербестігі болуын қамтамасыз етуді ескертті.

Бірақ осының бәрінен « буржуазиялық - ұлтшылдық ұшығы » шығады деп, Түріккомиссия мүшелері ( әсіресе, Фрунзе мен Рудзутак ) бұл шешімді жүзеге асыртпауға жандарын салды.

1920 ж мамыр айында Лениннің нұсқауымен Т. Рысқұловтың « Түркі Республикасын құру » туралы тезистері қабылданбады.

Тұрарға « пантюркист » деп кінә тақты. Тұрардың тұжырымдары көкейге қанша қонымды болса да, бұл мәселелер партиялық жүйеге қайшы келді.

Тұрардың шынайы адалдығы мен қайсарлығы, табандылығы көптеген партия қайраткерлеріне ұнаған жоқ. Оны бір қызметтен бір қызметке ауыстырып, әр түрлі өлкелердегі ауыр жұмыстарға жұмсап отырды. Тұрарды Түркістан АССР- ы ОАК- нің төрағасы қызметінде де ұзақ ұстамады.

Себебі, Тұрар тұрғанда Түркістан Ресейден бөлініп кетеді деп қорықты. Ресей бөлектенуге ымырасыз болды. Қазына - байлығы мол республикадан айырылып қалу қауіпті еді. Оған мүлдем жол беруге болмайтыны айдан анық- ты.

Осы Түркістанның бірлігі жөніндегі ұсынысынан соң - ақ Тұрар қудалауға түсті.

1923 ж И. В. Сталин мұсылман аймақтарының басшы кадрларымен кеңес өткізді. Сол кеңестегі сөйлеген сөзінде Тұрар Рысқұлұлын « пантюркист » ретінде айыптап, оны басмашылар жағына өтіп кеткен көрнекті қайраткер, татар революционері Сұлтанғалиевті қолдайды деп кінәлады. Тұрар бұл таққан айыпты мойындамай, « оны революция ісіне берілген нағыз коммунист деп бағалаған Сталиннің дәл өзі болатын » дегенді де бетің бар, жүзің бар демей батыл айтып салды. Ал Сұлтанғалиевтің большевизмнен бөлініп, басмашыларға қосылып кетуіне қандай себептер болғаны БКП(б) Орталық комитетіне де мәлім еді.

1929 ж Тұрар Рысқұлұлының «Известия » газетінде мақаласы жарияланды. Ол онда партия саясатын іс жүзіне асыру барысында қателіктер жібергенімен, партияның басты бағытынан таймағанын жасырмады. Ол басқа ешбір партияны мойындамады.

Түркістан - Тұран иен жайлаған түркі халықтарының ортақ шаңырағы болды. Сондықтан олардың бөлектенуіне болмайтынын, ондағы жергілікті жағдайды міндетті түрде айрықша ескеру қажеттігін талап етті.

Т. Рысқұлұлы өз халқының қайғы - қасіреті мен мұң - мұқтажын жоқтады.

1933 ж Тұрар қатігез Сталинге аштықтан шыбындай қырылып жатқан қазақтардың ауыр халін айтып хат жазды. Шақыруын күтпей - ақ, қайсар Тұрар қаһарлы Сталинмен кездесуге ұмтылды.

Тұрардың осы тайсалмас талаптарынан соң Қазақстанға азық - түлік көмегі туралы мәселе шешілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрар Рысқұлұлы
Тұрар Рысқұлұлы туралы мәліметтер
Тұрар Рысқұлұлы (1894-1937)
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Тұрар Рысқұлұлы туралы (1894-1937)
Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі
Сұлтанбек Қожанұлы мемлекет және қоғам қайраткері
Тұрар Рысқұлов
Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері
Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы тарихи шындық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz