Радлов Василий Васильевич


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Радлов Василий Васильевич

Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм) - орыс шығыс зерттеушісі, тіл білімпазы - түрколог, этнограф, археолог; Петербург ҒА-ның академигі (1884) . 1858 ж. Берлин университетін бітірген. Азия (1885- 90), антропология және этнография

В. В. Радловтың «Түркі тайпалары халық әдебиетінін үлгілері» атты кітабының қазақ ауыз әдебиетіне арналған 3-томының 1-беті.

(1894-1918) музейлерінің директоры, Орта және Шығыс Азияны зерттеу жөніндегі орыс комитетін құрушылардың бірі және оның председателі (1903-18) . Берлин, Галл қаларында оқып жүрген кездерінен бастап Радлов шығыс тілдерімен шұғылданды, оны оралалтай тілдері мәселелері қызықтырды. Иенде философия докторы дәрежесін алған соң, 1858 ж. 20 майда Петербургке келді. Онда бір жыл тұрып, орыс тілін үйренді. 1859 ж. 18 майда Алтай өлкесіне, Барнаулға мұғалімдікке жолдама алды. Радловтың ғылми өмірі үш кезеңге (Алтай, Қазан, Петербург) бөлінөді: Алтай кезеңі (1859-71) . Бұл кезеңде Радлов қазақ тілін зерттеуде жемісті еңбек етті. Алтай, Қазақстан және Сібір түркі тілдеріне, фольклорына, этнографиясына, тарихына қатысты материал жинады. Қыруар фактілерді саралай келіп, бір жүйеге түсірді. Осы кезеңдө «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты жинағының 1-томы жарық көрді (3-томы түгелдей қазақ ауыз әдебиетіне арналған) . Қазанке-з өңі (1871-84) . Қазанда көптеген оңымыстылармөн танысып, И. Водуэн де Куртенэ тәрізді ғалымдардың ықпалында болды. Бұл мезетте ол, негізінен, педагогтық және әкімш. қызметтер атқарды. 1872 ж. қазақ, башқұрт, татар мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Осы кезде оның екі еңбегі - «Солтүстік түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» және «Сібірден» (екеуі де неміс тілінде) жарық көрді. Петербург кезеңі (1884-1918) - еылми жағынан ең жемісті кезең. Бұл кезде Радловтың бірнешө құнды зерттеулері басылды. Әсіресе көп томды «Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесі» атты еңбегі баспадан шықты. Құнды еңбектерінің тағы бірі - «Солтүстік түркі тілдерінін; фонетикасы» деп аталды. Радлов және туркі жазба ескерткіштерін, орхон-енисей, және ұйғыр жазуын және олардың тарихын зерттеді. Бұлардың грамматикалық құрылысы жайында да бағалы, бағдарлы пікір айтты. «Құтадғу білігті» бастырып шығарды т. б. Ол өзінің ғылми еңбектерінде түркологияның барлық саласына зер салды. Атап айтқанда: диалектография мен диалектология, салыстырмалы және тарихи фонетика мен түркі грамматикасы, түркі текстологиясы мен көне түркі, және уйғыр және араб жазуымен жазылған ескерткіштер, түркі халықтарының фольклоры, этнографиясы, тарихы және археологиясына байланысты түбегейлі дө мардымды зерттеулер қалдырды. Оның тарих пен этнография саласындағы туындылары мынадай мәселелерді қамтиды: а) Сібір мен Орта Азия түркі тілдес халықтарының этнографиясы; ә) олардың көне тарихы; археологиясы, мәдениетінің даму жолдары; б) аңшылық пен көшпелі халықтардың тарихи даму ерекшеліктері, әсіресе түркі халықтарының рулық құрамын анықтауға үлкен мән берді.

Радлов жалпы тіл білімі және түркі тіл білімінің теориялық мәселелері туралы да еңбек сіңірді. Оның ел аузынан дәлме-дәл жазып алған шығармалары, ақынжыршыларга берген мінездемесі, халық ауыз әдебжетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы күні бүгінге дейін мән-маңызын жойған жоқ. Р. көне түркі жазба ескерткіштері кілтін ашуға көп үлес қосты. В. Томсенмен қатар Монғолия өңірінен табылған Орхон жазбаларының ерекшеліктерін, сырын тануда үлкен білгірлік көрсетті. Ол қазақ ауыз әдебиетін жеке жанрларға саралай келіп, мынадай «жанрларды» атады: ұзатылатын қыз өлеңі, жоқтау жыр, бақсы сарыны, бата сөз, үлгі сөз, ертек, батырлық ертегі, айтыс, қайым өлең, ңара өлең, кітаби өлең. Радлов салыстырмалы-тарихи зерттеулердің нәтижесінде Орта Азия, Қазақстан және Сібірдегі түркі халықтары фольклорының төркіні ортақ екенін айтты. Ол қырғыз әпосы «Манасты» жазып алып, бастырып шығарды. Радлов өзінің көптеген ғылми еңбектерімен жаңа түркологияның негізін қалады, өзінің ғылыми бағытын анықтап, мектебін ашып, түркология ғылымының дамуына зор еңбек етті. Радлов - Отан түркологиясының шын мәнісінде ірге тасын қаласты.

Ш ы ғ. : Образцы вародной литературы тюркских племён, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи, ч. III. Киргизское наречие, СПБ, 1870; Сравнительная грамматика северных тюркских языков, т. 1, СПБ, 1882; Опыт словаря тюркских наречий, т. . 1-4, СПБ, 1882-1909; О языке куманов, СПБ, 1884; Этнографический обзор тюркских племен Южной Сибири и Монголии, СПБ, 1888; К вопросу об уйгурах, СПБ, 1893; Древнетюркские надписи Монголии, СПБ, 1894-95.

Әдеб. : Ко дню семидесятилетия Василия Васильевича Радлова, 5 января, 1907 года, СПБ, 1907; Тюркологический сборник. 1971, М., 1972 (посвящен В. В. Радлову, список трудов и лит. о нём) ; Биобиблио-графический словарь отечественных тюркологов, дооктябрьокий период, М., 1974.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түркі жазуының зерттеу тарихын хронологиялық картасы
Н.А. Баскаков классификациясы. В.В. Радлов және түркология ғылымы
Қазақ тілі фонетикасы
Н.А.Баскаков классификациясы. В.В.Радлов және түркология туралы
Баскаков классификациясы. Радлов және түркология
Түркітануға кіріспе
Докучаевтың топырақтану ғылымына салған үлесі. Қазақстандағы топырақтану ғылымының дамуы. Шетелдік топырақтану ғылымының дамуы жəне жағдайы
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫН ҚЫЗДАРЫ
Давид Ливингстонның зерттеулері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz