Тұрар Рысқұлов-мемлекет және қоғам қайраткері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тұрар Рысқұлов

Мемлекет және қоғам қайраткері, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, 1917 жылғы төңкеріске қатысушы. Қазіргі Алматы облысы, Талғар ауданында туған.

1907-1910 жылдары Тұрар Меркедегі орыс-қазақ бастауыш мектебінде, ал 1910-1914 жылдары Пішпектегі (қазіргі Бішкек) ауыл шаруашылық училищесінде оқиды, бітіргеннен кейін бау-бақша мамандығын алады. 1914-1916 жылдары Тұрар Меркеде және Ташкент түбіндегі далада жұмыс жасайды.

1916 жылдың жазында ол Әулиеата оязында отаршылдықка қарсы қарулы көтерілісті ұйымдастырады, сонысы үшін қамауға алынады. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жас интеллигенттердің саяси сауаттануының мектебі болды және олардың алдағы тағдырын көп жағынан айқындап берді.

1916 жылы күзде Т. Рысқұлов Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі.

1917 жылғы революция кезінде патшаның тақтан құлағаны жөнінде хабар алған сәттен бастап, Т. Рысқұлов Ташкенттегі оқуды тастайды, сөйтіп, Әулиеата оязындағы Мерке ауданына келеді, онда ол жергілікті кулактардың, «1916 жылғы көтеріліс кезінде орыс тұрғындарына зиян келтіреді» деген желеумен, оның орнын толтыру мақсатында, түпкілікті халықтан аса мол контрибуция төлету жөніндегі жоспарын бұзады. Еркіндік пен тәуелсіздік үшін жан-жақты күрес жүргізу үшін 1917 жылдың басында Әулиеатада Тұрар «Казақ жастарының революциалық одағын» ұйымдастырады, 1918 жылы ол Әулиеата оязы Совдепі төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Өзінің қоғамдық қызметінің әу басынан көшпелі ауылдың жағдайын жақсартумен айналысты.

1918 жылғы казанда Кеңестердің VІ съезінде Т. Рысқұлов ТүркОАК құрамына кіреді, онан кейін ол Түркістан Республикасының денсаулық сақтау халкомы болып тағайандалады. Кейінірек Түркстан Республикасы ОАК төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалады. 1919 ж. Тұрар Түркістан ОАК жанындағы аштықпен күресу жөнінднгі ТК Орталық комиссиясының төрағасы, Ферғанадағы басмашылармен күресу жөніндегі комиссия төрағасы болады. Қысым мен қиянат көргендер Рысқұловтың жылы жүзінен өздерінің мүдделерін қорғайтын адамның нағыз бейнесін көрді. Ол Түркстанды мекен еткен түркі тілдес халықтың бірегей басшысы болады. 1920 ж. Түркістан Компартиясы ОК-нің мүшесі және Түркстан АКСР ОАК Төрағасы болып сайланады.

Рысқұловтың саясатшы және мемлекеттік қызметкер ретіндегі есімі Мұсылман бюросындағы қызметімен байланысты кеңінен белгілі болды. Ол осы мекеменің бастауында түрды және өзінін бүкіл саналы ғұмырында оның алмаспайтын басшысы болды. Оның басшылығымен Мұсбюро Орталықтың қысымы мен диктатына қарсы үнемі күрес жүргізді. Ол Ресей коммунистік партиясы қарсы тұрған мұсылман партиясяның басты иделогы мен теортетигі болды. Тұрар бағыт-бағдар беріп отырған Мұсбюро тәуелсіздікке барар жолда және түпкілікті халықты өзіндік басқаруға тартуда елеулі жұмыс жасады. Рысқұловтың көзқарастары Түрік Республикасы мен Түрік компартиясын құру жөнінде шешім қабылдаған Мұсбюроның ІІ конференциясында қолдау тапты. Бірақ Орталық араласып, түркістандардықтың ұлттық бағдарлануға деген еркңдігін басып тастады, Тұрарға пантюркизм мен ұлттық ауытқу жөнінде айып тағылып, өмірінің соңына дейін қалмады.

1920ж. Рысқұлов Бакудегі Шығыс халықтарының Бірінші съезінің жұмысына қатысты. 1920 ж. Желтоқсанда оны РСФСР-дың ұлттар ісі жөніндегі халкомының орынбасары, 1922 ж. Түркістан Республикасы халық комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындайды. 1924 ж. ол Монголияға Коминтеріннің өкілі ретінде жіберіледі. 1925 ж. Рысқұлов - Казрайком БКП(б) баспасөз бөлімінің меңгерушісі және «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы, 1926-1937 жылдары мақта жөніндегі тұрақты мәжіліс төрағасының орынбасары, Түркісіб құрлысының басықасында да Тұрар жүрді…

Оның қаламынан ондаған кітап, кітапша, 100-ден аса мақалалар шықты.

Алматыда Рысқұлов құрметіне даңғылдың біріне оның есімі берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
Тұрар Рысқұлов өмір дерегі
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту
Тұрар Рысқұловтың саяси қызметі
Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері
Тұрар Рысқұлұлы туралы (1894-1937)
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби тұрғыда талдау
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
Қазақтың ұлы жазушылары
Жұмыстың қолданбалы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz