Смағұл Сәдуақасов (1900-1933 жж. )


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Смағұл Сәдуақасов

(1900-1933 жж. )

Көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы, публицист, әдебиет сыншысы, экономист. Омбы жерінде туған.

Сәдуақасов Омбыдағы орта ауыл шаруашылығы училищесін (1918), транспорт инженерлерінің Мәскеудегі институтын (1932) бітірген. Еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастаған (1915) . 1917-1918 жылдары Ақмоладағы өзін өзі басқаратын Қазақ губерниялық комитетінің, "Жас азамат" жастар ұйымы басқармасының мүшесі болады. 1919 ж. ол "Центросибидің" бөлекше кооперациясының инспекторы болып жұмыс жасайды, 1920 ж. - "Кедей даусы" газетінің редакторы (Омбы), Орынбордағы РКСМ-нің Казақ облыстық комитетінің хатшысы. Сол жылы ол Ақмола губерниясынан Кеңестердің бірінші Бүкілқазақстандық съезіне делегат болып сайланады. Съезде Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланады, ал онан көп кешікпей БОАК мүшесі болады. Жаңа ғана құрылған Казақ КСР-нің уақытша халық оқу ісінің комиссары А. Байтұрсыновтың орынбасары болып тағайындалады. Осы мерзімде, 1921 жылдан 1928 жылға дейінгі аралықта, ол - КазОАК-нің хатшысы, Түркістан ОАК жанындағы КазАКСР өкілеттігінің уәкілі, КазАКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы, өлкелік "Еңбекші қазақ" газетінің жауапты редакторы.

Бұл уақыт ол үшін айрықша күрделі және жауапты болды. Өзінің бүкіл жастық жігерін, талант, қабілетін ол халық білімін көтеруге, жергілікті кадрларды тәрбилеуге бағыттады. Принципальды және жігерлі оқу ісінің халкомы республиканың бірінші басшысы Ф. Голощекиннің көңіліне жақпады. Алтыншы партия конференциясында ол "жікшілік қызметі" үшін қызметінен босатылып, Қазақ педагогикалық институтына (қазіргі Абай атындағы АМУ) ректоры болып тағайындалады.

Мұнда да оған тыныштық болмайды. Ол республика аумағынан кетуге шешім қабылдайды, Мәскеудегі транспорт инженерлері институтына оқуға түседі, оны бітіргеннен кейін, қайтадан өз Отанына - Казақстанға оралмауы үшін, онан сақтанған ел басшылығы Сәдуақасовты "мамандығы бойынша" Мәскеу - Донбасс темір жолы құрылысына инженер-құрылысшы етіп жұмысқа жібереді. Сонда 1933 жылдың 16 желтоқсанында ол дүниеден өтеді.

Сәдуақасов жөнінде ақын Мағжан Жұмабаев оның өлімінің орны толмас қаза екенін, халықтың сенімді қорғаушы, мықты діңгектен айрылғанын ашық та батыл жазды.

Смағұлдың әдеби-публицистикалық қызметі "Бірлік" ұйымы мен "Жас азамат" газетінің органы - қолжазбалы "Балапан" журналына қатысумен басталады.

Алғашқы әдеби шығармасы - "Жастарға жаңа жол", ал бірінші романы - "Салмақбай-Сағындық". Оның қаламынан "Күлпаш", "Күміс қоңырау" романдары да туған. Қазақ әдебиеті жөніндегі бірнеше жұмысы республикамыздағы жас прозаның қалыптасуында елеулі рөл атқарды.

Бірақ оның публицистикалық және ғылыми мүдделері қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелерімен шектеліп қалған жоқ. Ол сондай-ақ "Ұлттық театр жөнінде", "Қазақстандағы оқу ісінің көкейкесті мәселелері", "Қазақ кооперативтік органы жөнінде", "Қазақтардың "қалыңмал" алуын жоюға бет алуы", "Шын мәніндегі көкейкесті мәселе" атты мақалалар жазды.

Сәдуақасовтың таланты жан-жақты, көзқарасы кең, интеллектісі жоғары, ол небәрі 33 жыл өмір сүріп-ақ, өзін тек мемлекет қайраткері ғана емес, сонымен бірге жастардың жетекшісі, шешен, бас көтеруші, Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың ұйымдастырушысы, мәдениет қайраткері, қазақ театрын ұйымдастырушы ретінде де көрсете білді.

Сталиннiң сұсынан сескенбеген

1922 жылы 22 жастағы Смағұл Сәдуақасов Сталиннiң қабылдауына барып тұрып, кiрмей кетiп қалады. Ол «халықтар көсемiнiң» қаңтарынан қаймыққан жоқ. Қабылдау бөлмесiнде отырғанда Сталиннiң алдынан шығып бара жатқан орынборлық екi жiгiттi көредi . . . Ол кез - Кеңес өкiметi керегесiн кеңейтiп жатқан уақыт. Кездесiп жататын кедергiлер шаш-етектен болатын. Жанға бататыны осындай кедергiлердiң басы-қасында жүргендердiң бәрi «жау» деп танылып жүрдi. Сол кездiң өзiнде кеңестiк саясатта қайшылық көп едi. Сөз басқа, iс басқа болды. Оны бiздiң ұлтымыздың iшiнен шыққан зиялы жандар жақсы бiлген. Солардың бiрi - Смағұл Сәдуақасов болатын.

Ұлт iстерi жөнiндегi халық комиссары болған Сталиннiң «халықтар көсемi» екендiгiн айғақтап жүрген кезi. Ұлы көсем Владимир Ильич Лениннiң көзi тiрi. Өзiнiң iсiн алға қарай жалғастыру бiр келсе, Сталиннiң ғана қолынан келетiнiн бiлдi. Соның ұйғаруымен Сталин 1922 жылы РКП (б) Орталық Комитетiнiң бас хатшысы болған. Оның темiрдей тәртiбi мен асқан қатыгездiгi осы жолы кәдеге жарады. Сталиннiң сұсынан сескенбеген Смағұлдың оған кiргiсi келiп жүргенi осы сәт.

Екi жылдық бастауыш мектепте орысша сауат ашқан Смағұл 1915 жылы Омбының ауыл шаруашылық мектебiне қабылданады. 1920 жылы Батыс Сiбiр Кооперация одағында қызмет атқарып, бұратана халықтар арасындағы үгiт-насихат жұмыстарына араласқан. Ресей Коммунистiк Жастар одағының Орталық Комитетi Қазақ өлкелiк бюросының хатшысы бола жүрiп, Смағұл Сәдуақасов қазақ жастарының басын бiрiктiруге күш салады. «Жастарға жаңа жол» атты кiтабы осы жұмыстардың нәтижесi едi.

Ғылым-бiлiмге әбден шөлiркеген елдiң арасынан шыққан ол кездегi жастар бiлiм нәрiн қанып iшуге құмар болатын. Олардың ерекшелiгi де сол - жатса-тұрса халық қамын ойлайтындығында. Смағұл да сондай болды. Соның арқасында ол Қазақ Орталық атқару комитетiнiң мүшесi, Жоспарлау комитетiнiң басшысы, «Еңбекшi қазақ» газетiнiң редакторы қызметтерiн атқарды. Қандай қызметте жүрсе де, мемлекеттiк iрi iстерге белсене араласқан. Терең ойлы, өжет жiгiт айтқанынан қайтпайтын едi. Смағұлды республика басшылығының тiзгiнiн ұстаған Голощекин ұнатпаған.

Сәдуақасов Голощекин саясатына қарсы күресiп қана қойған жоқ, сонымен бiрге елiмiздiң рухани саласына да көп еңбек сiңiрдi. Қазақ әдебиетiнiң дамуына барынша жағдай жасап, қазақ қаламгерлерiнiң шығармаларын басқа жұртқа таныстыруға ден қойған. Олардың шығармаларына талдау жасап, әдiл баға бередi. Өзi кiшi болса да, үлкендерге ерекше қамқорлық көрсеттi.

- 1925 жылы Қазақстанды басқаруға Голощекин жiберiлген болатын. Осыған бiздiң оқыған азаматтарымыз қарсы шықты. Әсiресе, оның «Кiшi Октябрь» концепциясына ашық қарсы тұрады. Кiшi Октябрь жасау қазақты түпкiлiктi құртады дедi олар. Осылай ашықтан-ашық қарсы шыққандардың iшiнде, тiптi басында Смағұл болды. Ол өзiнiң жасы кiшi болса да, алаш зиялыларына ерекше қамқорлық жасай бiлдi. Ахмет, Жүсiпбек, Мұхтар, Бейiмбеттерге үлкен қамқорлық көрсеткен.
Оның Мұхтар ағасымен де алысқан хаттары бар. Ленинградта оқып жүргенде, Әуезовке қаржылай да көмектескен. «Жас Қазақстан» атты жинақ шығарып, оған Мұхтар, Жүсiпбек, Бейiмбеттердiң шығармаларын бередi. Бұдан Смағұлдың елiмiздiң асыл азаматтарын көрегендiкпен көре бiлгендiгiн көремiз, - дейдi Смағұлды зерттеушi, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы.

Смағұл Сәдуақасов шаруашылықтың түрлi салаларына да көп араласқан. Елiмiздiң өндiрiсiн өркендетуде жiберiлiп отырған қателiктердi де орынды көрсете бiлдi. Оның 1927 жылы жазған «Ұлт және ұлт өкiлдерi туралы» деген мақаласы осының айғағы. Смағұл ВКП (б) Орталық Комитетi Орта Азия бюросының төрағасы Зеленскийдiң шикiзат өндiретiн шаруашылықтарды дамыту жолында ұстанған бағытын батыл сынайды.
Шаруашылықты дамыту үшiн шикiзат өндiрiлетiн жерге өңдеушi орындар барынша жақын болуы керектiгiн айтқан. Қазақтың бұрынғы оқыған азаматтарын пайдалану және қазақ жастарын шетелдерге, Мәскеу мен Ленинградқа оқуға жiберу жайын айтқан ұсыныстарына Голощекин қарсы болады.

1924-1925 жылдары Смағұл ел iшiнде жүрген төлтума таланттарымызды iздеп тауып, қазақ өнерiн дамытуға күш салады. Қанабек Байсейiтов, Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқұлов сияқты өнер иелерiнiң басын қосып, Қызылордаға алып келiп, ұлттық театрымыздың iргетасын қалаған. Смағұлдың үлкен дарын иесi Иса Байзақовқа «Иса он әртiске тұрады» деп баға беретiн кезi осы уақыт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Смағұл Садуақасов – ұлттық элитаның көрнекті өкілі
Смағұл Сәдуақасовтың өмірдерегі
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Жасасын Алаштың жаужүрек ұлтшыл жастары
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Алаштың ұлы – Смағұл Садуақасұлы
С.Сәдуақасовтың кадр саясаты
Қазақстандағы индустрияландыру: қазақ зиялыларының көзқарасы
С.Садуақасұлы шығармашылығы
Қазақстандағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz