Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - қазақ совет геологы, металлогения мектебінің негізін қалаушы және Қазақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы [30. 3. (12. 4) . 1899, бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-аулы, қaзіpгі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Қ. И. Сәтбаев атындағы совхоз, -31. 1. 1964, Москва; Алматыда жерленген-аса көрнекті қазақ совет геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ ССР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және бұның тұңғыш президенті (1946), СССР ҒА-ның академигі (1946; 1943 жылдан корр. мүшесі), Қазақ ССР FA-ның академигі (1946), Тәжік ССР ҒА-ның құрметті Mүшecі (1951) . 1944 жылдан КПСС мүшесі. Томск технология институтының тау-кен факультетін геол. барлау мамандығы бойынша бітірді (1926) . 1926-41 ж. Атбасар, Қарсақбай трестерінде геол. бөлімнің жетекшісі және бас геологы, 1941-64 ж. СССР FA азат филиалы құрамындағы геол. ғылымдар институтының директоры, СССР FA-ның Қазақ филиалы президиумы председателінің орынбасары (1941-42), председателі (1942-46), Қазақ ССР FA-ның президенті (1946-52 және 1955-64) . Сәтбаев- рудалық кендер геологиясы саласындағы көрнекті маман.

Fылыми еңбектерінің басым көпшілігі рудалық кендер геологиясын және Қазақстанның, минералдық ресурстарын зерттеуге арналған. Пайдалы қазындылардың болжам қарталарын құрастырудың принциптерін айқындаудағы Сәтбаевтың еңбегі өте зор. Сәтбаев - Одақтағы металлогения ғылымын жасаушылардың біpі және Қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Сәтбаев қалдырған бай ғылыми мұралардың ішінде әcіpece Жезқазған кені туралы зерттеулерінің мәні ерекше. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің комплекстік әдіcін енгізді. М. А. Усовтың шәкірті.

1926-29 ж. мардымсыз кенді өңір саналған Жезқазғанның қазір Одақтағы іpі мыс рудалы аудандар қатарына жатқызылуы тікелей Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Бұрынғы жиналған геол. деректерге терең анализ жасаған Сәтбаев бұл кеннің жоспарлы түрде кең масштабтары геол. -барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын іpі объект екенін дәлелдеді.

Сәтбаевтың басшылығымен жүргізілген комплексті зерттеулердің нәтижесінде Жезқазғанның ақиқат қоры бұрынғы белгілі өндірістік қорынан 2, 5 есе көп екені анықталды. Еліміздегі мысты құм тас кендеріне және руда белгілеpінe өндірістік-экономикалық баға берілгенде негізгі критерийлер ретінде кенді Жезқазғанның руда бақылаушы факторлары жөніндегі Сәтбаевтың қағидалары негізге алынатын болды. Болашағы ғылыми тұрғыдан аса тыңғылықты негізделген, дүние жүзіндегі аса іpі мыс кендерінің 6іpі саналатын Жезқазғанда салынған мыс балқыту комбинаты түсті металлургияның Одақтағы аса іpі кәсіпорындарының 6іpінe айналды.

Сәтбаев минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аудара зерттеді, 1927-28 ж. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір бассейні және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектері жарияланды. 1929 ж. Атасу темір-марганец кендерінің негізінде Карағанды облысында қара металлургия өнеркәcі6ін дамыту жөнінде мәселе көтерді. Жезқазған-Ұлытау ауданында Сәтбаев мыстан басқа темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), қорғасын (Қорғасын) кендерін ашып барлады. Осы ауданның рудалы кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, геохимиясы және шығу тeгі туралы маңызды қорытындылар жасады. 1940 ж. Жезқазган-Ұлытау ауданында жүргізген аса маңызды геол. зерттеулеріндегі көрнекті ғылыми жетістіктері үшін Сәтбаевқа ресми диссертация қорғаусыз-ақ геол. -минерал. ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Сәтбаев Қазақстан өндірісін стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету ісіне көп күш салды. Іpі Никополь марганец кенінің неміс басқыншылары уақытша басып алған ауданда қалуы, Чиатура марганец кенінің қара металлургия орталықтарынан үзіліп қалуы т. б. жағдайлар елімізде танк бронын құюға аса қажет марганецке тапшылық туғызды. Міне осындай өте қиын кезеңде Сәтбаевтың тікелей жетекшілігімен және қатысуымен Жезді марганец кені ашылды және өте қысқа мерзім ішінде барланып, іcкe қосылды. Сөйтіп, Оралдың қара металлургиясы жеткілікті мөлшерде марганецпен қамтамасыз етілді.

Сәтбаевтың қолдауымен 1948 ж. Алматыда Орта Азия геофизика тpecі ұйымдacтыpылды; 1956 ж. Қаз. ССР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаныш Сәтбаев (1899-1964) - қазақ геологы, металлогения мектебінің негізін қалаушы және Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев: металлогения мектебінің негізін қалаушы және Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) - Қазақстан геология ғылымының және металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев: қазақ геологиясының негізін қалаушы және Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964): қазақ геологиясының негізін қалаушы және ҚР Ғылым академиясының тұңғыш президенті
Қаныш Сәтбаев (1899-1964): Қазақстан металлогеология мектебінің негізін қалаушы және Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1889-1964): Қазақстан геология ғылымының негізін қалаушы және Ғылым академиясының тұңғыш президенті
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964): қазақ академигі, геология және металлогения ғылымдарының негізін қалаушы, Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы президенті
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964): Қазақстан геологиясы мен металлогеологиясының негізін қалаушы, Қазақ ССР Ғылым академиясының бірінші президенті
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев: Қазақстанның геологиясы мен металлогения мектебінің негізін қалаушы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz