Сәтпаев


Сәтпаев
Біздің халқымыздын, Ұлы Октябрь революциясынан кейінгі тамаша тағдыры тудырған құбылыстардың бірі - еліміздіи өндіргіш күштерін дамытып, өркендеуіне ықпал ететін совет ғылымының ғажап өкілдерінің өмірі мен қызметі. Коммунистік партия мен Совет өкіметі елімізде жаца өмір орнатып, социализм кұрылысы өрістей бастаған жағдайда совет ғалымдары тәрбиеленіп, қайнаған өмірге белсене араласты. Олар дарқан дарыны, өзгеден озық тірлік-тынысы арқылы өз бойына заманыньщ тәжірибесі мен жетістіктерінін ең құнды жақтарын жинактады. Сондықтан да олардың, өмірі де, ісі де, қызметі де қымбат қазына, маңызды мұра, сол мұраны бойына ілтипатпен сіңірген ұрпак прогресске ұмтылу жолыңда жемісті нәтижелерге жетпек.
Аса көрнекті ғалым және қоғам қайраткері, СССР Ғылым академиясынын. және Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Қазақ СССР Ғылым академиясыньщ тұңғыш президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - совет заманы тудырған ғажап құбылыстардың бірі. Ол сирек талант, дарын екендігімен қоса жаңа дәуір жемісі, елімізде социализм орнату мақсат-мұраттары дүниеге әкелген совет ғылымының тамаша өкілі, интернационалист ғалым. Елімізде социалистік құрылыс өрістей бастаған кезде К. И. Сәтбаев енді кемеліне келе бастаған жігіт болатын. Содан бері ол туған елінің игілігіне мол қабілетін, зерделі зейінін, сергек санасы мен қай-сар қайратын аямай ерең еңбек етті. Бойындағы қадір-қасиетін, қажырлы кайрат-жігерін Отан үшін жұмсап, ұлан-асыр ғылыми және мемлекеттік қызметінің бар жемісін халық игілігіне арнаған, шарапатын көпке тигізе білген үлкен ғалымның өмір жолы, ерлік еңбегі - ғибрат, тағлым. Ғалымның парасатты қызметі халқынын. көз алдында өтті, оның әрбір әсерлі қадамы замандастардың есінде қалды. Сондықтан академик Қ. И. Сәтбаевтың ғажап өмірі, ғалымдық жолы тірі кезінде де өнеге еді. Енді оның дүние салған уақыты алыстаған сайын халкының ардакты адал перзентінің өмір жолының мәні мен ғибраттылары, ұрпак үшін қажет-тілегі бүрынғыдан да ұлғайып, биіктей түскен тәрізді.
Академик Қ. И. Сәтбаевқа арналған бұл жинақ онымен араласып, жақын жүріп кызметтес болған ғалымдардың, ғылыми мұрасын зерттегендердің, жазушылардың, журналистердің, жүзбе-жүз кездесіп әсер алған адамдардың естеліктерінен құралды. Жиналған материалдардың ішінен сұрыпталып, екшеліп алынғандары - академик Қ. И. Сәтбаевтың ғылым мен қоғамның сан алуан еңбектерінің кейбір кырын едәуір ашатын құнды естеліктер.
Академик Қ. И. Сәтбаевтың бүкіл өмірі совет ғылымының тарихымен, туған республикамыз дамуымен, Қазақ ССР Ғылым академиясымен тығыз байланысты. Сондықтан да жинақта келтірілген материалдар, есте каларлық кездесулер, ғалымның өмір-баяны мен ғылымдық ұйымдастырушының қызметіне қатысты пікір-тұжырымдар совет ғылымының, Қазақстанның тарихын зерттеу үшін қажетті, құнды материалдар болып саналады.
Ғылымның әр саласындағы мамандардың академик Қ. И. Сәтбаев туралы жазғандарының енді бір құнды қыры сол - оларда ғалымның өмірі мен қызметі туралы пікір-тұжырымдар мен өмір-баяндық кейбір қызық фактілерден басқа Қ. И. Сәтбаевтың еліміз дамуының жолдары мен ерекшеліктері туралы, сан алуан проблемалар туралы бұрын беймағлұм болып келген, баспасөзде жарияланбаған толғам-түйіндері, ой толқындары келтіріледі. Мұның өзі ғалым мұрасын, жазба еңбектерін молайта, қорландыра, жүйелей түсері хақ. Академик К. И. Сәтбаевтын ұланғайыр мол мұрасы енді ғылыми жүйеде терең зерттеле бастады, оған ғылымның әр саласындағы мамандар білгірлікпен, жанашырлықпен катынасуы қажет.
Партиямыз бен үкіметіміздің кең байтақ қазақ жерінің таусылмас қазына қоймасын туған Отанның игілігіне жарату міндет-мақсаттарын іс жүзіне асыруда, ғылым мен практиканы үйлесімді жүргізуде Қ. И. Сәтбаев аянбай еңбектенді. Ал бұл еңбек озық совет ғылымының бай тәжірибесіне сүйену қажеттігін туғызды. Қ. И. Сәтбаев еліміздің ең кернекті геолог, металлург, геофизик, геохимик, географ, астрофизик ралымдарымен, тағы да басқа салалардағы мамандармен мәжілістес, пікірлес, жылы қарым-қаты-наста болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz