Қаныш Сәтпаев (1899-1964 жж. )


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қаныш Сәтпаев

(1899-1964 жж. )

Геолог, қоғам қайраткері, Қазақ ҚСР ҒА ұйымдастырушысы және оның бірінші президенті, геология-минерология ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), КСРО ҒА академигі (1946), Қазақ КСР ҒА академигі (1946), Тәжік ҒА құрметті мүшесі (1951) . Қазіргі Павлодар өңірінде туған.

1926 ж, Томск технологиялық институтын бітірген. 1926-1929жж. «Атбасцветмет» тресінің геологиялық бөлімін басқарған, 1929-1941 жж. - Қарсақпай комбинатының геология-барлау бөлімінің бастығы және бас геологы, 1941-1964 жылдары - Қазақ КСР Геология ғылымдары институтының директоры (1946 жылға дейін КСРО ҚазҒАФ), КСРО ҚазҒАФ (1941-46) Президиумы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақ КСР ҒА Президенті (1946-1952 және 1955-1964), Кен орындарында геологияның көкейтесті мәселелерімен айналыса жүріп, Қаныш еліміздегі металлогеникалық ғылымдардың негізін қалаушылардың бірі болды. Қазақстан металлогендік мектебін қараушы. Өзінің ғылыми ізденістерінің көпшілігін ол Қазақстанның кен орындары мен минеральдық ресурстарының геологиясын зерттеу мәселелеріне арнады. Ғылыми мұраларының ішінде Жезқазған кен орындарын зерттеудегі және Орталық Қазақстанның болжал металлогендік картасын жасауға арналған еңбектері жоғары бағалы болып табылады. Сәтбаев Жезқазған кен орнының осы типтегі әлемдегі ең ірілі разрядына жататындығын дәлелдеді. 1929-1931 жылдары Жезқазған-Ұлытау аймақтарында оның айтуымен Жезқазғанның болашағын қайта қарауға мүмкіндік берген кеңейтілген жаңа зерттеу бағдарламасы белгіленеді. Геололгия-барлау қызметін озық теориямен қаруландырды, іздеу-барлау жұмыстары бағытын айқындап берді.

30-жылдары Жезқазғанда мыс кенінің түзілуінің нақты өлшеуішін ұсынады, ол түгелімен тәжірибеде нақтыланған болатын және кен орындағы қалыпқа түсірілген кешенді геология-бақылау жұмысының негізіне сүйенілген. Қаныш Орталық Қазақстандағы геологиялық дамудың, сондай-ақ осы аймақтағы әрбір алты геотектоникалық сатыларының мерзімдеріндегі геологиялық құрылым мен металлогендік ерекшеліктің басты белгілерін сипаттайтын негізгі құрылымдық элементтерді анықтады, Көмекші палеогеографиялық, металлогендік және басқа карталардың кешені жасалды.

Өзінің зерттеулерінің келесі сатысын ғылым жекелеген пайдалы қазбалардың кен орындарының генетикалық табиғатының ерекшеліктеріне арнады, геохимиялық, минералогиялық, геологиялық-құрылымдық қатынастағы ерекшеліктерін, олардың түзілулеріндегі геологиялық жанын анықтады. 50 металлогендік формацияны бөліп ала отырып, Орталық Қазақстанның әрбір металдық тобы үшін жеке болжамдық картасын жасады, оны еңгізудің нәтижесінде 1954-1958 жылдары әртүрлі металдардың жаңа кен орындары мен кен түзілулері ашылды, Қаныш Имантайұлы басшылығымен осы карталарды жасағаны үшін бір топ ғалымдар Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958) болды, І Бүкілодақтық металлогения мәжілісінде Қазақстан геологиясы мектебінің көш бастап тұрған рөлі мойындалды.

Жезқазғандағы таукен-металлургия комбинатының құрылысы, Қарағандыдағы, Балқаштағы металлургия зауыттары, Ертіс-Қарағанды, Маңғыстаудағы, Мұғалжар, Торғайдағы табиғи байлықтарды зерттеу жөніндегі ірі зерттеулерді ұйымдастыру, республикадағы минералды-шикізат базаларының ірі объектілерін игеру, Кенді Алтай, Қаратау фосфориттері және басқа көптеген кен орындары Сәтбаев есімімен байланысты. Ол Қазақстанның экономикалық аудандарында өндіріс күштерін зерттеу мен игеруге арналған республика ҒА жолсапарлық сессиясын өткзудің қозғаушысы болды.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942), 4 Ленин орденімен, Отан соғысының орденімен және медальдармен наградталған. Жоңғар Алатауындағы мұздық пен пик жоталарына, Қазақ КСР ҒА Геология институтына, Жезқазғандағы таукен-металлургия комбинатына, республикамыздағы қалалар мен селолардағы көптеген көшелер мен мектептерге ұлы ғалымның есімі берілген. Оның есімін нөмірі 2402 шағын ғаламшары алып жүр (1929 жылғы 31 шілдеде) . Белгілі ғалым-астроном Николай Степанович Черных сансыз жұлдыздардың арасынан осы ғаламшарды ашқан еді. Шағын ғаламшар Жерге әрбір бір жыл бес айда жақын келеді. Бұл ғаламшар оны ашушының өз ұсынысымен Сәтбаев аталған. Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығы бұл есімді бекіткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қаныш сәтбаев
Қ. Сәтпаевтың өмiрi
Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев-қазақтың ұлы данасы
Абзал адам, ғұлама ғалым - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір баяны
Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz