Абзал адам, ғұлама ғалым - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

ЖОСПАР

Кіріспе3

Қазақ халқының ғалымы, көрнекті ұйымдастырушы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев3

Оның есімі ұрпаққа өнеге5

Абзал адам, ғұлама ғалым6

Кіріспе

Ғылыми еңбектері біздің еліміздің ғана емес, бүкіл әлемге әйгілі академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өзінің күллі өмірін Қазақстанның жер қойнауындағы Отан игілігіне жұмсауға арнады.

Қаныш Сәтбаев - 640-тан астам еңбектің авторы, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

Ол Жезқазған мыс рудалы ауданын ашуда көп еңбек сіңірді.

КСРО Ғылым акдемиясының акдемігі Қаныш Сәтбаев республикамызда ғылымның түрлі саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан дарынды ұйымдастырушы, басшы да. Ол Геология ғылымдары институтын басқарды, ал 1946-1952 және 1955-1964 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті болды.

Қазақстаннан шыққан тұңғыш академик Қ. И. Сәтбаевтың ғылымды дамытуға сіңірген зор еңбегі жоғары бағаланды: ол төрт мәрте Ленин орденімен, екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, көптеген медальдармен наградталды, жаңа бір минерал Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталады.

Қазақ халқының ғалымы, көрнекті ұйымдастырушы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

Қазақтың советтің буындарының ең алдыңғы қатарында, жұртшылық мақтаны боп, талып өскен ғалым азаматтың ең алдыңғы сабында қадірлі орын алатын кісінің бірі - Қаныш Сәтбаев.

Қаныштың Қазақ Ғылым академиясындағы президенттік қасиеттерінің ең зоры - ол аса талантты және қажырлы, еңбекке төзімді ұйымдастырушысы. Бұл жөнінде Қаныш өзі геология сияқты үлкен күрделі ғылымның терең білімді маман болғандықтан, ұйымдастырушылық, басшылық істі үнемі ғылымдық жолмен жүргізеді. Қаныштың бір үлкен ерекшелігі - ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де, тарихшылармен де, филологтармен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе береді.

Өз басының білімін өсіруде жан-жақты, кең өрісті ғалым болуда танымы жоқ ізденуші Қаныш Қазақстан Ғылым академиясының ауқымында қызмет ететін ғалымдардың барлығына да анық ұстаз, үлгі боларлық білім. Қаныш басқарған Ғылым академиясы - Ұлы Отанның, соның ішінде Қазақстанның ауылшаруашылығы, өндіріс, ғылым, мәдениеттің өркендеуіне ең алдымен қажет болатын жайларды зерттеді.

Академик Қ. И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 апрельде (31 мартта) Семей губерниясы Павлодар уезі Ақкелін болысының № 4 ауылында (қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Қ. И. Сәтпаев атындағы совхоз) дүниеге келді.

1909 - 1911 ж. ж. Семей губерниясы, Павлодар уезі, Ауқкелін болысының № 4 ауылындағы орыс-қырғыз мектебінде оқыды.

1918 - 1919 жылы Семей қаласындағы қазақ мұғалімдеріне арналған екі жылдық педагогикалық курстарды жаратылыстану пәнінің оқытушысы.

1926 ж. Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітірді.

1929 - 1941 ж. СССР ауыр өнеркәсіп Халық комиссариатының түсті металдар басқармасының Қарсақбай комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы және бас геологы.

1939 - 1964 ж. Қазақстанды зерттеудің республикалық қоғамының председателі.

1940 жыл Қазақ ССР-інің 20 жылына байланысты Жезқазған-Ұлытау ауданының жер қойнауы байлықтарын ашудағы еңбегі үшін Ленин орденімен наградталды.

1941 - 1964 Қазақ ССР Ғылым академиясы геология институтының директоры.

1946 - 1952 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті.

1964 ж. 31 январь Москва қаласында дүниеден қайтты. Алматы қаласында жерленген.

Академик Қаныш Сәтбаевтың есімі Алматыдағы Қазақ ССР Ғылым академиясының Геология ғылымдарының институтына, Жезқазғандағы кен-металлургия комбинатына, селолардағы көшелерге берілген.

Оның есімі ұрпаққа өнеге

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ірі геолог, ғылымның аса көрнекті ұйымдастырушысы, тамаша жолдас, ірі дос еді. Қаныш тек қазақ халқының ғана мақтанышы емес, ол бүкіл совет ғылымын шырқау биікке шығарғандардың бірі.

Қ. И. Сәтбаевтың құнды ұсынысы бойынша 1963 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясында Аспан әлемі мен Жер туралы ғылым бөлімшесі құрылды, оған Астрофизика институты мен физика-математика ғылымдары бөлімшесінен бөлініп шыққан ионосфера секторы кірді. Қаныш өзіне тән ой-өрісінің арқасында қазіргі кезеңде Жер туралы ғылымды Аспан әлемі туралы тығыз тұтастыру туралы қажеттігін айқын түсінді, шараларын жүргізді. Оның қызметі кейінгі ұрпаққа ұлағатты өнеге.

Абзал адам, ғұлама ғалым

Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне бір үлгі-өнеге болатын абзал адамдар болған және бұдан былай да бола бермек. Бұлардың ортасында жүріп, замандасы болған, талай тамаша істерін көзімен көріп, құлағымен естіген әрбір адам оларды әрқашан зор мақтаныш сезіммен айтып жүреді, жас ұрпақ алдына үлгі етіп тартып отырады.

Мұның нәтижесінде, еліне, халқына жан-тәнімен адал қызмет атқарған адам өлгеннен кейін де ғасырлар бойы ел тарихында, халық санасында сақталып жүреді. Осындай адамдардың бірі - қазақ халқының адал ұлы, білімпаз уәкілі академик - Қаныш Сәтбаев еді.

Өзінен бұрын да, өз тұсында да кездескен осындай ардақты адамдардың орны мен еңбегін бағалай келіп, қазақ халқының алып ақыны Абай кезінде былай деген екен:

Өлді деуге сия ма, қараңдаршы,

Өлмейтұғын артында із қалдырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
ҚАНЫШ СӘТПАЕВ ҚАЗАҚ КСР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті
Қаныш Сәтбаев – ғұлама ғалым
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
Қ. Сәтпаевтың өмiрi
Жұлдызы жанған Қаныш атамның биік тұлғасы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің өмірбаяны мен қызметінің бастау көздері
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964)
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz