Сәтбаев – академик


Жоспар
Кіріспе4
Сәтбаев - академик5
Балалық шағы. Оқу жылдары5
Үлкен Жезқазған7
Ұлы Отан соғысы жылдары9
Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы11
Геология ғылымдарының институты12
КСРО Ғылым академиясы және қоғамдық қызметі12
Ұлы тұлға13
Қолданылған әдебиеттер15
1889-1964 жж.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Кіріспе
Ғылыми еңбектері біздің еліміздің ғана емес, бүкіл әлемге әйгілі академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өзінің күллі өмірін Қазақстанның жер қойнауындағы Отан игілігіне жұмсауға арнады.
Қаныш Сәтбаев - 640-тан астам еңбектің авторы, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
Ол Жезқазған мыс рудалы ауданын ашуда көп еңбек сіңірді.
КСРО Ғылым акдемиясының акдемігі Қаныш Сәтбаев республикамызда ғылымның түрлі саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан дарынды ұйымдастырушы, басшы да. Ол Геология ғылымдары институтын басқарды, ал 1946-1952 және 1955-1964 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті болды.
Қазақстаннан шыққан тұңғыш академик Қ. И. Сәтбаевтың ғылымды дамытуға сіңірген зор еңбегі жоғары бағаланды: ол төрт мәрте Ленин орденімен, екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, көптеген медальдармен наградталды, жаңа бір минерал Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталады.
Сәтбаев - академик
Қаныш Имантай Сәтбаевтың есімі Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымының қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Қ. И. Сәтбаев Жезқазғандағы мыс, Жездідегі марганецтің елімізге үлкен қорларын ашқан тұнғыш қазақ кәсіпқой-геологы, қазақтан шыққан тұңғыш геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан ғылымының гүлденуі мен оның толық практикалық қайтарым беруі жөнінде тынымсыз еңбек еткен Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, Кеңес Шығыс республикаларының ішінен КСРО Ғылым академиясының тұңғыш академигі, ғылыми кадрлардың өсуіне қамқорлық жасаған, жастардың данышпан тәлімгері.
Қаныш Имантайұлы еңбекке, күреске және үлкен өрлеуге толы жарқын өмір сүрді, бойындағы барын, бірін қалдырмастан өмірінің соңғы күніне дейін халқының, елінің гүлденіп өркендеуіне бағыштады.
Балалық шағы. Оқу жылдары
Қ. И. Сәтбаев 1889 жылы 12 сәуірде Семей губерниясы Павлодар уезі, Ақкелін болысының 4-ші ауылында (қазіргі Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Баянауыл Ауданының) Теңдік поселкісінде туған.
Сәтбаевтің отаны - көгілдір көлді, гранит жартасы, қарайғалы, қайынды орманды ертегідей сұлу Баянауыл.
Қаныштың әкесі - Имантай Сәтбаев (1845-1928) өз ортасында беделді, көшпелі малшы болатын. Жас кезінде Омбыдағы медресе оқиды, Шоқан Уалихановпен де таныс болатын. Әкесінің ықпалымен жас бала араб, парсы тілдерін ықыластана үйреніп, Хафиздің, Сағдидің, Науаидің өлендерін жаттап өсті.
Қ. И. Сәтбаевтың анасы - Әлима ( 1862-1904) кішкене Қанышқа бес жас толмай қайтыс болады. Ол туғанда қойған қатал естілетін «Ғабдулғани» деген есімінің орнына бүлдіршінге еркелетіп айтатын Қаныш есімін береді. Әлима қайтыс болғаннан кейін оны әкесінің бәйбішісі мейірімді Нұрым аналық қамқорлыққа алады.
Болашақ академиктің ғылымға барар жолдары соқпағы Жұмаш молданың киіз үйінен басталды. Одан кейін аулдағы екі сыныптық мектеп, Павлодардағы орыс-қырғыз училищесі, Семейдегі мұғалімдер семинариясында жалғасты.
Семинарияны 1918 жылы бітірген Қаныш Имантайұлы ауылына оралып, мұғалім, одан кейін сот болып жұмыс істейді. Жас сот қазақ даласының қоғамдық өміріне белсене қатысып, тұрғындар арасында үлкен ағартушылық жұмысын жүргізді. Алайда, өзінің туған өлкесіне неғұрлым пайдамды тигізсем деген ұмтылыс пен білімге деген құмарлық Қ. И. Сәтбаевты туған өлкесін тастап, Томск технологиялық институтына оқуға түсуге талаптандырды.
Сәтбаевтың Томскідегі өмірінің кезеңдері профессор (кейінінен академик) Михаил Антонович Усовтың есімінен тығыз байланысты. 1921 жылы жазда Усов қымызбен емделу ішін Сәтбаев ауылына келеді, бұл кездесу - Қаныш Имантайұлының одан арғы тағдырын айқындап береді. Осы М. А. Усов дала бозбаласының ақыл-ойы мен жүрегіне геологияға деген қызығушылықты жағып кеткен еді. Қаныш Имантайұлы бүкіл өмір бойы өз мұғаліміне деген сүйіспеншілігі мен құрметін сақтап өтті.
Үлкен Жезқазған
1926 жылы институтты бітіріп, инженер-геолог дипломын алған Қ. И. Сәтбаев Қазақ ҚСР Халық шаруашылығы орталық кеңесінің жолдамасымен Орталық Қазақстанның Жезқазған кенішіне барады.
Жезқазған - Қазақстанның түсті металлургиясының бесігі. Ертедегі кен қазушылар Жезқазғаннан кендердің үлкен мөлшерін қазғаны анықталды. Міне, осы жерге, Қазақстан металлургиясының көне орталығы, 1926 жылы жас инженер-геолог келді. Онымен бірге Қарсақпайға сол Томск технология институның түлегі, геолог Таисия Алексеевна Кошкина - Сәтбаева да келді. Олардың мекен-жайы республика түсті металлургиясының тұңғышы - мыс қорыту зауыты орналасқан жер, Жезқазған ауданының әкімшілігінің орталығы Қарсақпай кенті болды.
Қарсақпайдың сол кезде сыртқы әлеммен байланысы мүлде жоқ еді. Ең жақын Жосалы теміржол станциясына машинамен батпақ даланың сусыз, елсіз қу даласын басып, 400 шақырым жер жүруге тура келетін.
Сәтбаев таяуда ғана концессионер - ағылшындар қожайындық еткен Жезқазған мыс кеніштеріне геологиялық барлау жұмыстарына басшылық жасады. Қожайын жұмыстарының іздерін барлық жерлерін байқауға болатын: шахталар жарамсыз, рудниктегі үйлер нашар еді. Жергілікті жұмысшы кадрлар болмады, бұрғылау құрал-жабдықтары жоқ болатын. Жезқазған қаласының орны жусанды дала еді. Сәтбаев бойына біткен жігерлікпен істі өз қолына алды. Алайда, тағдыр Қаныш Имантайұлына Жезқазғанда үлкен сынақтар дайындап тұр еді. Өйткені, Қ. И. Сәтбаев келгенге дейін Жезқазғанда барлау жүргізген Геологиялық комитеттің қызыметкерлері Жезқазғанды шағын, келешегі жоқ кеніш деп санады. Геолкомның пікіріне қарама-қарсы батыл қайрат көрсетудың арқасында Қаныш Имантайұлы кеніштің үлкен болашағы барлығын көре білді. 1931 жылыдың соңының өзінде анықталған кен қорлары жөнінен Жезқазған Кеңестер Одағындағы мыс кен орындарының арасында бірінші орынды еншіледі. Алайда, Геолкомның белді геологтары Сәтбаетың болжамын құрғақ қиял деп санады.
1933 жылдың ақпанында геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру кенет тоқтатылады . . .
Үлкен Жезқазған үшін ұзаққа созылған және қажырлы күрес басталады. 1934 жылдың аяғында ешқандай қаржы алуға мүмкіндік жоқ екенін аңдаған Қаныш Имантайұлы көмек беру жөнінде тікелей КСРО БХШК басшысы Серго Орджоникидзеден көмек сұрады. 1934 жылдың желтоқсанында Жезқазғанның тағдырын шешкен Қ. И. Сәтбаев пен Серго Орджоникидзенің кездесуі еді.
1935 жылы жазда Орджоникидзенің нұсқауы бойынша Жезқазғанға баратын темір жол құрылысы басталды, тек 1938 жылы ақпан айында ғана Жезқазған тау-кен комбинатын салу жөнінде жарлық шықты. Жезқазған тарихының жаңа парақтары ашылды.
1940 жылдың күзінде Қаныш Имантайұлы Ленин орденімен марапатталды. Бұл барлық ұжым үшін үлкен қуаныш еді, «Жезқазған аумағындағы кен орындары» еңбегі үшін ол КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Қ. И. Сәтбаевтың геолог-барлаушы ретіндегі қызметі Жезқазған-ұлытау аумағындағы табиғи байлықтарды кешенді зерттеуге бағытталды. Жезқазғанмен қатар ол Атасу мен Қарсақпайдағы темір кенін, Найзатас пен Жездідегі темір-марганец кенін, Байқоңыр көмірін және көптеген басқа да кенді және кеніштерді барлаумен айналысты.
Сәтбаев Қазақстандағы қара металлургияның даму мәселесін қоюда алғашқы қарлығаш еді.
1942 жылы Қ. И. Сәтбаевқа геология - минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
Қазақстан Ғылым академиясының президенті және Геология ғылымдары институтының директоры кезінде де Қаныш Имантайүлы Жезғазған кендерін ең жаңа тәсілдерінің көмегімен зерттелуіне қолдан келгеннің бәрін жасаған. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Жезқазған тек мыс алыбы емес, сондай-ақ қорғасын, цинк, күміс, рений, осмийдың ірі кеніші екендігі анықталды.
Қ. И. Сатбаев кен өндіру кезінде кендердің өлшеусіз үлкен рәсуа болуын қысқарту проблемасына үнемі көңіл бөлді.
Бүгінгі Жезқазған - Кенгір су қоймасы жанындағы кең көшелі, әсем бағы мен паркі бар ауқымды жаңарған қала.
1964 жылы Жезқазған тау-кен комбинатына академик Қ. И. Сәтбаевтың есімі берілді. Жезқазған комбинаты - ең жоғары сапалы мыс, рений, осмийдың таза изотопын, бірқатар кендердің концетратын шығаратын ірі тау - кен кәсіпорындарының бірі.
Ұлы Отан соғысы жылдары
Соғыстың басталуы Қ. И. Сәтбаевтың Алматыдағы жұмысқа ауысуымен тұспа - тұс келді: ол 1941 жылы жазда Геология ғылымдары институтының директоры болып тағайындалды, оның артынан жедел - КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы президиумының төрағасы болды.
Филиалдың ғылыми жұмыстары дереу майданға барынша практикалық көмек көрсету мақсатында қайта қаралды. Қорғасын, қалайлы, молибдендерді өндіруді тездетіп ұлғайту жөніндегі ұсыныстар талқыланып енгізілді. Жезқазғанның бай кендері Балқашқа өзен болып ақты, мыс өндіру ұлғайды.
Қ. И. Сәтбаев Алматыдағы КСРО Ға Президенті академик В. Л. Комаровтың басшылығымен жұмыс істеп жатқан Қазақстан, Орал және Сібір ресурстарын қорғаныс мүлдесіне жұмылдыру жөніндегі комисияның ісіне белсене араласты.
1941 жылы тамызда фашист әскері КСРО-дағы марганец өңдірудің басты кеніші Никопольді басып алды. Оралдың қорғаныс зауыттарына маңызды стратегиялық шикізатсыз қалу қауіпі төнді: марганецсіз сапалы оқ өтпейтін болатты жасау мүмкін емес.
Отанға төнген осындай қиын кезде Қ. И. Сәтбаев өзі бұрын ашқан Орталық Қазақстандағы Жезді марганец кенішін дереу пайдалануға беру жөніндегі жоспарын батыл ұсынды. Кен өндіру рекордтық қысқа мерзімде қалыпқа келтірді. 1942 жылдың маусым айының өзінде автокөліктер тізбегі Магнитогорскіге Жездің марганец кенін жеткізді. Соғыстын аяғына дейін қорғаныс зауыттарына қажетті марганецтің 70 пайызы Жезді кеніші есебінен қамтымасыз етілді.
Қазақстан ресурстарын қорғаныс мүлдесіне жұмылдыру ісіндегі жеке үлкен үлесі үшін Қ. И. Сәтбаев 1945 жылы екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен және Ленин орденімен марапатталды.
Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы
Ұлы Отан соғысы кезеңі КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы үшін күрт өсу жылдары болды. Сол жылдары Қазақстанға көптеген ірі қорғаныс зауыттары көшіп келді.
Филиалдың ғылыми зерттеу жұмыстарының өсуі жаңа институттардың пайда болуына, ғылыми кадрлардың өсуіне ұласты.
1941 жылдан 1945 жылға дейін небәрі 5 жылдың ішінде КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы шағын ғана мекемеден ғылымның қуатты алдындағы қатарлы орталығына айналды.
1942 жылы Қ. И. Сәтбаевқа геология - минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
1946 жылы 1 маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясының салтанатты ашылуы болып өтті.
1946 жылы қарашада Қ. И. Сәтбаев КСРО Ғылым академиясының академигі болып сайланды.
Жас академияның қауырт өсу кезіндері басталды. 1957 жылы Қазақ КСР ҒА-да 88 ғылым докторлары мен 480 кандидаттар жұмыс істеді.
Қ. И. Сәтбаев республикадағы өндірістік аса маңызды нысандарға, кеніштер мен құрылыстарға үнемі барып тұрды.
Ғылым кадрларын даярлау мен тәрбиелеуді Қ. И. Сәтбаевтің ролі ұлан-ғайыр. 1941 жылдан өмірінің соңына дейін ширек ғасырға жуық уақыт аралығында Қаныш Имантайұлы Ғылым академиясы үшін ғылыми кадрларды дайындау мәселесімен тікелей өзі айналысты. Оның бастымасымен Ғылым академиясында құрылған аспирантура осы күнге дейін жемісті жұмыс істеп келеді.
Геология ғылымдарының институты
Қазақстан Ғлым академиясының Призиденті бола отырып, республика ғылымын ұйымдастыруға қарасты барлық мәселелермен айналысқан Қаныш Имантайұлы геологияны көзінен таса етпеді, тек республикадағы емес, сондай - ақ бүкіл еліміздегі геологиялық қызыметтің дамуын бағыттады. Сәтбаев Геология ғылымдары институттың тұрақты директоры болып жұмыс істеді. Қазақстанның жер қойнауынын байлығынан өзінің туған өлкесінің келешек дамуын байқады.
Геология ғылымдарына қосқан көрнекті үлесі, Орталық Қазақстанның кешенді металлогендік болжамдық картасын жасағаны үшін академик Қ. И. Сәтбаев бастаған Қазақ КСР Ғылым академиясының бір топ ғылым-кен зерттеушілеріне 1958 жылы Лениндік сыйлық берілді.
КСРО Ғылым академиясы және қоғамдық қызметі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz