Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақстанның табиғат байлығын зертеуші


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

(1899-1964)

Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик Қ. И. Сәтбаев - қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс. Ол аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, әлемдік өреге көтерілген ойшыл ғұлама. Қаныш Имантайұлы мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, ғалымдығы мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстанның индустриялық даму жолындағы өркениетті үрдістің көш басында болып кемеңгер ғалым атанды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Семей облысы, Павлодар уезі, Ақкелін болысының N4 ауылында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, бұрынғы Қ. И. Сәтбаев атындағы совхоздың Теңдік ауылы) өз уақытында қазақтың игі жақсыларына белгілі болған ауқатты әулетте дүниеге келген.

Ұлы ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы(1942), профессор (1950), КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы геологиялық Ғылымдар институтының алғашқы директоры (1941-1964), филиал Төралқасы төрағасының орынбасары (1941-1942), төрағасы (1942-1946), Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті (1946-1952 және 1955-1964), Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі (1946), КСРО Ғылым академиясының академигі (1946), Төралқа мүшесі (1961-1964), Совет Одағы геологтары ұлттық комитеті төрағасының орынбасары (1957-1964), Тәжік ССР Ғылым академиясының құрметті мүшесі (1951), Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі (1949), КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақтық Кеңес Палатасы Төрағасының орынбасары (1962-1964), Мемлекеттік (1942) және Лениндік сыйлықтардың лауреаты

(1958), академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1964 жылы 31 қаңтарда Мәскеуде дүние салды. 1964 жылы 3 ақпанда Алматыда жерленді.

Болашақ ғалымның әкесі Имантай Сәтбаев (1845-1928) ауыз әдебиеті мен өз жерінің тарихын жақсы білетін, түркі тектес һәм шығыс елдерінің әдебиетімен таныс аса сауатты адам болыпты. Имантай Сәтбаев қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановқа зор құрметпен қараған, оның әкесі Шынғыспен жақсы таныс болып, сыйластық құрған. Орыстың белгілі ғалым-этнографы, Шохан Уәлихановтың бірге оқыған досы Г. Н. Потанин Ресейдің географиялық қоғамының ауыз әдебиетін жинастыру қызметіне Имантай Сәтбаевтың көмегін пайдаланған. Қ. И. Сәтбаевтың анасы Әлима Исақызы (1862-1904) кенже ұлы Қаныш бес жасқа келгенде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым Тосболатқызының (1850-1929) мейірбан әрі құтты бауырында өсті. Болашақ ғалым өз әкесінен, ауылдық молдадан, оған қоса жергілікті екі жылдық Ақкелін мектебінен алғашқы білім алды. Бала Қаныш сол күндерден-ақ ерекше ұғымталдық қабілет танытты. Бұл жайында көп жылдардан кейін “Өмірдің төрт мезгілі” атты кітабында академик Ш. Ш. Шөкин былай деп жазады: “мені бір көргенін жадында сақтап қалғыш мінезі талай таңдатты. Арада он жыл өтсе де бір ұшырасқан адамды кеше ғана кездескендей ұмытпайтын”.

Ауыл мектебінен кейін оқуын Павлодардағы екі жылдық орыс-қазақ училищесінде жалғастырған жас талант оны 1914 жылы үздік аяқтады. Сол жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, 1918 жылы бітіріп шықты. 1918-1919 жылдары Семейдегі педагогикалық курстарда жаратылыстану пәнінің мұғалімі, 1919-1920 жылдары Ақкелін болысындағы 4-ші ауылда мұғалім, 1920-1921 жылдары Баянауылда халық судьясы қызметтерін атқарды. “Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері” атты еңбегін ғылыми қауым жақсы біледі. Ғылыми академиясы Президенті қызыметін атқарған кезде, Шоқан Уәлихановтың алғашқы толық шығармалар жинағының бас редакторлығы міндетін академик Әлкей Марғұланға тапсырып, өзі редколлегия мүшесі ретінде оның ойдағыдай жарық көруіне атсалысты.

1921 жылы Баянауылға емделуге келген профессор, кейіннен академик Михаил Антонович Усов Қаныш Сәтбаевтың геолог болуына үлкен әсер етіп, өз Отанының қазба байлықтарын зерттеуге ынта-жігерін арттырды. 1921 жылы күзде ол қабылдау емтихандарын ойдағыдай тапсырып, Томск технологиялық институтының тау-кен факультетінің геология бөліміне қабылданды. 1926 жылы Қ. И. Сәтбаев институтты үздік аяқтап, тау-кен инженер-геологы деген мамандық бойынша диплом алған алғашқы қазақ болды.

1928 жылы Қ. И. Сәтбаевтың “Қазақстан халық шаруашылығы” журналында “Қасанбай ауданы және оның болашағы” атты мақаласы жарық көрді.

1928 жылы шахталар мыс кенінің өндіруге кірісіп, Қарсақбай мыс зауытының алғашқы қара мысы қорытылды. Жас ғылымның тынымсыз еңбегінің нәтижесінде Жезқазған мыс қорының бұрынғы болжаулардан әлдеқайда көп екені белгілі болды. 19832 жылы Қ. И. Сәтбаев өзінің алғашқы монографиялық жұмысын “Жезқазған мыс-кен ауданы және оның минералды ресурстары ” деп атады. Бұл еңбегі өзінде, Жезқазғанды да кеңінен танытты. Өмірге үлкен оқымысты, жер білгірі келгенін сезген ел қуанды ғылми қауым жас ғалымды жоғары бағалап, өз қатарына қосты.

1934 жылы қараша айында Одақтық Ғылым академиясының сессиясында Қ. И. Сәтбаев “Мыс, көмір, темір, марганец рудалары және Жезқазған-Ұлытау ауданының басқа да қазба байлықтары” атты тақырыпқа баяндама жасап, Жезқазған пайдалы кен орнының, тұтас Жезқазған-Ұлытау ауданының кен байлығын жан-жақты дәлелдеп берді.

1940 жылы Қазақстанның 20-жылдық тойына байланысты, Жезқазған кен байлығын жүзеге асыру жолындағы үлкен еңбегі үшін сол кездегі ең жоғары Құрмет-Ленин орденімен марапатталды.

Сәтбаевтың есімі бүкіл одаққа және шет елдерге танымал бола бастады, Қазақстанда аты аңызға айналып, ел құрметіне, атақ-даңққа бөленді.

1941 жылы Қ. И. Сәтбаев Алматыдағы Геологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды. Сол жылы ол Одақтық Ғылыми академиясының Қазақстандағы филиалы төрағасының орынбасары, 1942 жылдан бастап сол филиалдың-болашақ Қазақстан ҒА-ның басшысы болды. “Геологиялық астана” Жезқазғаннан Алматыға көшкендей әсер етті.

1942 жылы Қ. И. Сәтбаев Жезқазғанға арналған ғылыми еңбегі үшін геология-минералогия ғылымының докторы атағына ие болды. Сол жылы “Жезқазған ауданының кен орындары” атты ғылыми еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлық берілді.

1943 жылы күзде Қ. И. Сәтбаев ғылымды дамытуға қосқан үлесі мен үлкен ғылыми жетістіктерінің нәтижесінде КСРО ҒА-ның корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Осы кезде Қазақстан Ғылым академиясын құру үшін Қ. И. Сәтбаев басқарған КСРО ҒА-ның филиалы үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Мамандар іріктеліп, ғылымның негізгі салаларын өркендету өріс алды. Қазақстанның ғылым ордасының өз алдына шаңырақ көтеруіне Одақтық Ғылым академиясы көп көмек көрсетті. 1946 жылы маусым айында Қазақстан Ғылым академиясы құрылып, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев оның алғашқы Президенті болып бірауыздан сайланды. Осы жылы қазан айында ол КСРО Ғылым академиясының толық мүшесі дәрежесіне жетті, Шығыс республикалары ғалымдарының арасынан шыққан тұңғыш академик атанды. Бұл ғылым шыңына жеткендіктің белгісі еді.

1952-1955 жылдары идеологиялық сипаттағы негізсіз айыптаулардың салдарынан ол Қазақстан, ҒА Президенті қызметінен шеттетілді. Бұл жылдарын Қ. И. Сәтбаев Қазақстан ҒА Геология институтының директоры ретінде ғылымға, атап айтқанда, геология ғылымының жаңа тармағы-металлогенияға арнады. Ақиқат жеңді, 1955 жылы ол Қазақстан ҒА-ның Президенті болып қайта сайланып, бұл қызметті барлығы 14 жылдан аса қызмет атқарды.

Кейбір мамандар Қ. И. Сәтбаевтың артына қалдырған үш мұрасы ретінде Жезқазғанды, Ғылым академиясын, Геологиялық институтты атйды, кейбірі бұл санды тоғызға жеткізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – аса ірі академик және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстанның табиғат байлығын зертеуші
Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар
Қаныш Сәтбаев – ғұлама ғалым
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің өмірбаяны мен қызметінің бастау көздері
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964)
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Қаныш Сәтпаев - алғашқы геолог
Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz