Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығы 2
Қорытынды 13
Әдебиеттер тізімі 14

Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығы

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) 1894-1938 - қазақ совет әдебиетінің негізін
салушы, ақын, жазушы. Қазақстанда Совет үкіметін орнатуға белсенді
қатысушы, мемлекет және қоғам қайраткері. 1918 жылдан КПСС мүшесі. Алғашқы
өлеңдер жинағы ,,Өткен күндер,, (1914) Қазанда шықты. 1920-25 жж. БОАҚ
ҚАССР ОАК Президумының мүшесі Еңбекші қазақ газетінің редакторы, ҚАССР
Халкомсомының председателі болды. Сәкен революцияшыл жаңа әдебиетінің
негізін салды. Асау тұлпар Экспресс Тұрмыс толқынында Альбатрос
Социалистан, атты өлең поэмалары Айша, Тар жол тайғақ Кешу, Жер
қазғандар атты роман-повестері бақыт жолында Қызыл сұңқарлар атты драм.
шығармалары жаңа қазақ әдебиетінің барлық жанрында революция тақырыбының
жырлануына жол салды. Ақын 1923 ж Ленин атты өлең жазып революция көлемін
бостандықтың таң азанына алтын сәуле күннің нұрына балады.
В.И.Лениннің өліміне арнап жазған Қайғылы жұлдыз атты өлеңдеріне ауыр
қазаға тебірене отырып адамзат бақытын қорғаған данышпанның сүйікті
бейнесін жасай бастады. Ал Альбатрос, поэмасы Коммунистік партияны құрып
шыңдаған, тұңғыш социалистік мемлекет орнатқан кемеңгердің тарихта теңдесі
жоқ ұлы ерлігін көрсетуге арнады. Ленин идеяларының салтанатты социализмнің
жеңіске жетуі жаңа ауыл және жасампаз адамдары ақынның 20-30 жылдардағы
жырларының негізгі арқау болды.
Ол қазақ әдебиетінде В.В.Маяковский дәстүрін қалыптастырушы болды.
Сәкен Қазақстанда әдеби күшті ұйымдастыруға және оны басқаруға әдеби газет
пен журнал жазуға белсене қатысты. Абай атындағы Қазақ педагогикалық
институтында қазақ әдебиеті тарихынан сабақ берді. Сейфуллин туралы
көптеген көркем шығармалар (Мұқановтың Сәкен Сейфуллин пьесасы
Мүсіреповтың Кесдеспей кеткен бір бейне, Ә.Тәжібаевтың Монологтар
К.Бекқожиннің Сұңқар туралы аңыз поэмалары) жазылды. Еңбек Қызыл Ту
орденімен наградталды. Алматыда Сейфуллин атындағы проспекті және мектеп
бар.
С. Сейфуллин КӨКШЕТАУ (Поэмадан үзінді)
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жактан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әр қайсы алтын кесе аясында,
Ауасы дертке дауа жұпар исі,
—Көкірек қанша жұтса, — тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайың,
—Жібектей желмен жарып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған.
Еш адам оны барып қия алмаған,
—Шаңқылдап, тау жаңғыртып шыңға қонып,
Жалғыз-ақ көк каршыға ұялаған.
Көкпен-көк шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң-дағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
Сары алтын Көкшетаудың ерте-кеші,
—Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп,
Суретті шежіресі өткен күннің,
Сілекей ағызады ертегісі.
Талай сыр ертегіні ел айтады,
Ызыңдап таудан соққан жел айтады.
Сырласып сыбырласқан жапырақтар,
Күндіз-түн күңіренген көл айтады.
Толғанып төмен қарап шал айтады,
Тамсанып-таңырқанып бала айтады.
Тау тасты тұнжыраған күң қылып,
От басы қатын қалаш-бәрі айтады.
Ертегі болмаса да хатта қалған,
Аузында шежіренің, артта қалған.
Қарттардың баян қылған әңгімесін
Есіткен кейінгілер жаттап алған.
Жиырмасыншы жылдардың ақыры мен отызыншы жылдардың орта шені қазақ
әдебиеті мен халық поэзиясының байланысының таралып, өскен шағы болды. Бұл
жылдарда халық поэзиясы жөнінде М.Горький принципі үстемдік етті. Қазақ
жазушылары реализмнің негізгі принциптерін осы кезде игерді. Олар
фольклорды әсіресе пьеса, өлең, поэма жанрларында көбірек қолдана бастады.
Жас қазақ әдебиеті халықтық эпос пен лириканы профессионалдық жазба
поэзияның стилистикалық, образдық және тақырыптық сапасын жаңарта, жақсарта
түсу мақсаты тұрғысынан пайдаланды. Жаңа қалыптасып, буыны бекіп келе
жатқан ұлттық поэзия, драматургия мен проза ең алдымен фолклордың өміршең,
прогресшіл дәстүріне еркін сүйенді. Әуел бастан дәстүрлі фольклормен халық
ақындарының творчествосын білу, содан өзіне нәр алу қазақ әдебиеті
өкілдеріне тән құбылыс болды. Жазушылардың ежелгі фольклор дәстүріне
сүйенуі қазақ әдебиетінің ақындары мен халық творчествосының өкілдеріне
айта қаларлық ықпалы болды. Жазып шығаратын ақындар мен халық ақындары
арнау өлеңін бұрынғыдай жеке адамға емес, әлеуметтік қауымға арнап шығара
бастады. Бұған мысал Сәкен Сейфуллиннің Жұмыскерлерге деген арнау өлеңі.
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында жазылған С.Сейфуллиннің
Көкшетау поэмасында дәстүр ерекше көрінді.
Ақынның қуатты, мол әсерлі өлеңін халықтық дәстүрлі поэзиясындағы
образбен береді. Сондай-ақ Сәкен Сейфуллиннің Көкше тақырыбы циклінен Тау
ішінде өлеңін де ерекше атауға болады. Бұдан ақын-жазушылардың фольклордың
игі дәстүрінен үйрене отырып, оның өкілдерін құрметтегені көрінеді.
Фольклор сарқылмас мол байлық, түпсіз терең дария, көркем шығармаға
нәр берген әдебиет анасы екенін тек бір ғана С.Сейфуллин шығармаларын
талдай отырып анық байқауға болады.
Сәкен Сейфуллиннің ғылыми қайраткерлігі ауыз әдебиетінің үлгілері мен
жекеленген ақындардың мұраларын жинап, жазып алып, жариялауынан бастау
алады.
Халық шығармашылығына құмарлық оның жастай алған тәрбие, көрген-
білген өнегесіне, тәлім алған ортасына, өнер үйренген мектептеріне
байланысты екені даусыз.
Оның ең алғаш бастауы - әке мен ана мектебі. Сәкен өзінің өмірбаяндық
Мен қалай жаздым атты мақаласында былай дейді: Әкем саятшы, аң аулағыш,
домбырашы, ақжарқын жайдары адам. Шешем әңгімені жақсы айтушы еді. Әкем мен
шешемнің үлгісі бойынша, ел аузындағы әңгіме, қызықты ертегілермен де бой
ұрып қиялды жүгіртуші едім [3.210]. Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің
деген ғой халық. Сәкен де халықтың бай мұрасына деген ілтипатты ұядан,
өнерпаз әке мен ана бауырынан алады. Бала Сәкенге ана мен әке үлгісі
өшпестей із қалдырып күшті әсер етті. Сәкеннің ақындық талантының тез
есейіп, ертерек қанат жаюына оның жанұясында алған тәжірибесінің де пайдасы
аз болған жоқ. Әкей Сейфолланың ауыз әдебиетіне құмарлығы, оларды көптеп
жинап, ауыл адамдарына ұзақ кештер бойы оқып берушілігі жас Сәкеннің
ақындық қуатын күннен күнге оятып, қанаттандыра түсті, көркемдік, поэзия
туралы ой дүниесін тәрбиелеп, жетілдіре берді. Бұл айтылғандардың қайсысы
да, Сәкеннің өз орнының поэзияда екенін ерте танытып, сол жолға жастайынан-
ақ, тайсалмай бел шеше кірісуіне жол ашты, жағдай жасады.
С.Сейфуллин жас кезінде үлкендерден естіген өлең, тақпақтарды жаттап
алуға зерек болған. Өзіне ұнаған өлең-жырды ол бір-екі естігеннен-ақ қағып
алатын ұғымталдығы сезілген-ді. Ол домбыра сырын жете білуге, оны тартуға
құмар болды. Сол кездің өзінде-ақ фольклор, ауыз әдебиеті үдгілерін жақсы
біліп, оны жаттап алып, домбыраға қосып айтуға дағдыланған. Сөйтіп ол өз
жанынан өлең шығарып, ауылда өтетін той-думандардан қалмай, кейде қыздармен
айтысып та қалып жүрген.
1916 жылы Омбы Семинариясын аяқтап ауылшаруашылық санағын өткізетін
комиссияның құрамымен Шұбыра, Қоржынкөл, Ереймен елдерін аралаудан бастаған
осындай жол сапары кейін де үзілместен әртүрлі жағдайларда жалғасып отырды.
1919 жылдың көктемінде Колчактың лагерінен қашып шығып, Омбы, Татарка,
Кереку, Баян, Сарадыр арқылы жаяу-жалпылы мехнатты-азапты жол жүріп өтіп,
күзінде Бетпақдала арқылы Әулие-Атаға келгендігі де белгілі. Бұл Сәкен
басына түскен ең ауыр кездер еді. Сол азапты жолдың өзін Сәкен өз
шығармаларын шығару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Сәкен Сейфуллин және қазақ мәдениеті
Бес арыс
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. мектепте дастан оқыту мәселесі
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Сәкен Сейфуллиннің мемлекеттік қызметі
С. Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы күрескер ақынның бейнесі
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин
Пәндер