Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер - Сәкен Сейфуллин


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сәкен Сейфуллин

(1884-1938 жж. )

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.

Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жастары ашқан «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді. 1916 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, «Жас қазақ» революциялық ұйымын құрды, «Тршілік» газетін шығарысты, 3 айлық педкурсқа оқытушы болды.

1917 жылғы қарашада «Кел, жігіттер» өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алды. Осы кезде Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды. 1918 жылы «Жас қазақ марсельезасын» жазды. «Бақыт жолына» атты пьесаның премьерасы көрсетілді. 1918 жылғы 4 маусымда ақтардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалады, Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады.

1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, халық ағарту комиссиясының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссиариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК (б) П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың Мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметтерін атқарды. Осы кезеңде жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары жарық көреді, «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928) атты поэтикалық жинақтарында Қазан төңкерісінің жеңісі жырланды. Жаңашыл ақын поэзия мен драматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты.

Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды, «Көкшетау» (1934), «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.

«Жұбату» (1917) әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи-мемуарлық романында көрсетеді. Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931) «Батырлар» (1933), «Ақан сері- Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабы осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зерттеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу ісіне де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға, алғашқы кітаптарын бастыруға көп күш салды.

1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші он күндігіне қатысты. Қазақ жазушылар ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді.

1938 жылы жолсыз жазаға ұшырады. Алматыдағы даңғылдардың бірі Сейфуллин есімімен аталды. Ақмолоада ескерткш орнатылып, педагогикалық институтқа облыстық кітапханаға, көшеге есімі беріліп, мұражай ашылды. Ол туралы С. Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ. Мүсреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі. Поэмалар, әдебиеттанушылық зерттеулер жазылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ фольклористикасы - Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен өнерпаздығы
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
Есею жылдары романының қазақ прозасында алар орны
Сәкен Сейфуллин жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz