СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН (1894 - 1938)-ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
(1894—1938)
XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық
ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет
зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке үстар беделді серкесі,
осыларға сал - серілігі мен сирек ұшырасатың сымбаттылығы қосылып, көзінің
тірісінде - ақ аңызға айналдырылған Сәкен Сейфуллин — коғамдық ой пікір,
әдеби - мәдени тарихымызда ерекше орын алатын жарқын тұлга.
Сәкен Сейфуллин кейін өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған
өлкеде — Акмола уезі, Нілді болысының Бірінші аулында (бүрынғы Жезқазған
облысының Жаңаарқа ауданы) орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді.
Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де,
шешесі Жамал әңгіме, аңыз - ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын
салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана
әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Айналасында абайшыл,
қылтың - сылтыңы жоқ, біртоға бала болады. Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан
оңай хат танып, қолына түскен ескілі - жаналы кітаптарды бас алмай оқиды.
Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп, Нілдідегі таныс орысының үйіне
түрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын кара жұмысын тиянақты атқара
жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт
мектебінде оқиды. Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта
жұмысшыларының аянышты емірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі
бұрады. Одан кейін бес жылдай Ақмолада оқып, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер
даярлайтын семинарияға түседі, оны 1916 жылы бітіріп шығады. Ол осы жылдары
орыс және Еуропа әдебиетін ден қоя оқиды. Абайды сан қайталап, ауыз
әдебиеті мен фольклордан мол хабардар болады. Сөйте жүріп, өлең жазуды
машық қылады. Алғашқы өлең жинағы 1914 жылы Қазан қаласьгада басылып
шыгады. Мағжанды айтпағанда, Сәкен сияқты 20 жасында өлең кітабы шыққан
қазақта ол кезге дейін ешкім болған емес.
Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім болады. Көп үзамай 16-
жылғы ұлт - азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде, ақын халық жағына шығады.
Оған іле - шала патшаны тақтан түсірген ақпан революциясын ақын қуана қарсы
алады, казақ елі бостандық алып, бостаңдықтан құтылады деп сенеді. Ол дереу
Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске бел шешіп араласады. Өршіл
ақын, екі тілге бірдей жүйрік жалынды насихатшы, алғыр да жігерлі, оның
үстіне түр - түрпаты да айта қаларлықтай келісті бұла жігіт тез көзге
түсіп, көрнекті тұлғаға айналды. Коммунистік партияның бастауымен халық
бостандық алып, кедей - кепшік калың бұқара теңдікке жетеді, әділдік
орнайды деп сенген Сәкен бірден социализмді, кеңес өкіметін жақтап шығады.
Ақмолада кеңес өкіметі уақытша құлап, қамауға алынған Сәкен атаман
Анненковтің "азап вагонында" көрмегенді көріп, 9 ай дегенде әрең қашып
шығады. Көктемгі лайсаңда аш - арық, ауру ақын 500 шақырым жерді жаяу жүріп
өтіп, еліне келеді, онда тұрақтай алмай, ол кезде кеңес өкіметі орын тепкен
Жетісуға келіп, партия, кеңес органдарының жұмысына көмектеседі. Қым -
қуыт, дүрбеленді заман шындығы мен романтикасын көрсеткен "Асығып тез
аттаңдық", "Далада", "Кел, жігіттер", "Сағындым", "Қамаудан", "Біздің
жақта", "Қашқынның аулы", "Жас қазак марсельезасы", т. б. әсерлі өлевдері
мен "Бақыт жолывда" драмасы — сол кезең жемісі.
Tap жол, тайғак кешу, тайталас күресте шынығып, кемелден-ген азамат
ақьш 20-жылдардың 1-жартысында ірі мемлекет қайраткері, үлкен саясаткер
ретівде көрінді. 28 жасында Қазақстан үкіметінің басшысы, Бүкілодақтық
Атқару Комитетінің мүшесі болды. Сонымен қатар өршіл ақын жаңа дәуірді
жанаша жырлаған, қазақ әдебиетінде бүрын болмаған образдар мен түрлер, сөз
ора-лымдарьш әкелген шығармашылығымен жаңа бағыттағы әдебиетке көш басшы
болды. Кілен мақтауға үрынбай, қоғамдық емірдің көлеңке жақтарын да күйзеле
суреттеді. "Ауыл байғүс мінеки", "Келіншек ойы", "Ақсақ киік", "Сырсандық",
т. б. тамаша жырлары мен "Аққудың айырылуы" атты символикалық керемет
көркем поэмасы — соңдай дүниелер. Сәкен өз кезінің тақырыбына арналған
поэмаларымен катар, туған жер сұлулығын, аңыздары мен тарихын зор шабытпен
әсерлі суреттеген атақты "Көкшетау" дастанын жазды. Қазан төңкерісі
тұсындағы аумалы төкпелі кезең шежіресі іспеттес өмірбаяндық "Tap жол,
тайғақ кешу" романы оның прозалық кесек туындысы болып табылады. Рас,
кеңесшіл, коммунист жазушы қаламынан туғандықтан, бүгінгі күн түрғысынан
алғаңда, онда дәуір шындығы, жекелеген тарихи түлғалар туралы субъективті
теріс түжырымдар да бар. Мұндай бір жақтылықтар оның социализмді, кеңестік
заманды жырлаған шағын өлеңдері мен көлемді шыгармаларында да кездеседі.
Бірак бұл үшін оны кінәләудың орны жоқ. Өйткені ол заманда оқыған, оқымаған
жұрттың бәрі де солай ойлаған. Өмірінің сонғы он шақты жылында ғылыми
зерттеу, оқытушылық жұмыстармен айналысты, Жазушылар одағында, газет журнал
редакцияларында алқа мүшесі болды.
1933 жылы Қазақстан басшылығында Леон Мирзоян келген сон, мәдени
ағарту саласында жандану байқалды. 1936 жылы республикада қазақ
каламгерлері арасында тұңғыш peт C. Сейфулиннің әдеби қызметінің 20 жылдық
мерейтойы кең көлемде атап өтіліп, ақын Еңбек Қызыл Туы орденімен
марапатталды. Бірақ көп ұзамай 37-жылдың нәубетінде жол жаны пида етіп, өзі
құрған Кеңес үкіметінің түрмесінде жан түршігерлік қашу мен қорлық көріп,
есіл ер 44 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкеннің сыршыл әлемі
Сәкен Сейфуллин (1894—1938) жайлы
Сәкен Cейфуллин өмірбаяны
Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин
Бес арыс
XIX ғасыр әдебиеті
С. Сейфуллин шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны
Қазақ зиялылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz