Елiнiң берер есiмi - Атақазақ
Елiнiң берер есiмi – Атақазақ
Қазақ елiн бүкiл әлемге танытып, паш етуде тұңғыш Президентiмiз
Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi зор. Оның арқасында қазақстандықтардың
бүгiнгi ұрпағы ешқандай қиындықтарға қарамастан табандылықпен еңбек етуде.
Елiмiздiң көп ұлтты халқы күрделi жағдайда асқан шыдамдылық танытып, қалап
алған бағыттарынан ауытқымай, тыныштық пен ұлтаралық жарасымдылықтың
үлгiсiн көрсете бiлуде. Тек осындай биiк парасаттылық пен көрегендiлiктiң
нәтижесiнде ғана республикада қантөгiстер мен жанжалдарға жол берiлмедi.
Нарық экономикасына нақты қадамдар жасалды. Дағдарысты жолға, өндiрiстi
өрге бастыруға, сыртқы дүниемен ынтымақтастық орнатуға, сөйтiп туған
елiмiздiң әлем алдындағы абыройын көтеруге кең жол ашылды.
“Бiздiң тарих бұл да бiр қалың тарих,
Оқулығы жұп-жұқа бiрақтағы”, -
деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, өткенсiз бүгiн жоқ екенi белгiлi. Тарихымыз
қалың бола тұрса да оған бұрын терең бойлай алмадық, көбiн мансұқ еттiк,
өзiмiзден-өзiмiз жерiндiк, өзiмiздi-өзiмiз менсiнбедiк. Сөйтiп,
тарихымыздың күзелген тайдай шолақтығына өзiмiздi-өзiмiз сендiрдiк.
Қандай қиын ұл болмай оты молдау,
Құл болып жазмышқа тiс батыра алмау.
Кiмге керек жай кезде бiлгiшсiнiп,
Едiреңдеу, шолтаңдау, одыраңдау.
Қандай қиын (қалтада диплом бар),
Құлпытастан тарихты оқи алмау.
Оқи алмау зердеге тоқи алмау...
Сан ғасыр тұр арада ошақ басқа,
Уақыт-сырға жұқпайды тосат босқа.
Сол тосаттан тазалап алыңдар - деп
Кетсе Бабам жырларын қашып тасқа
Қасиет қой!
Сол қасиет құпиясын аша алмаған
Қасiрет қой, замандас, қасiрет қой! -
Ия, ата-бабаңды өзiңе жау етiп, өз тарихыңды өзiңе кiнәлаттырған кеңес
идеологиясымен тәрбиеленген бiздер үшiн бұдан асқан қасiрет бар ма?
Бiз жөнiнде өзгелер не айтты?
Ежелгi гректiң ұлы философы Демокритке сол кездегi билiк басындағылар “Сен
көрме” - дептi. Ол көзiн жұмыпты деседi. “Сен тыңдама”,-дептi. Ол құлағын
тығындапты деседi. Ендi бiрде: “Сен сөйлеме”,-дептi. Ол аузын жауыпты
деседi. Тағы бiрде Демокритке “Сен бiлме”,-дептi. Демокрит сонда: “Бұл
қолымнан келмейдi”, - деген екен.
Қызыл империяның қол астындағы берiсi 70 жыл, әрiсi 260 жылдық бодандық
бiзге осының iшiндегi бастысы “Сен бiлме” деген бұйрық ұсынып едi, бiз
бiрте-бiрте тарихи шежiремiздi өшiрiп, орнына өзгелердiң тарихындағы
салтанатты сәттердiң елестерiн жазып шыға келдiк. Сөйтiп, өзiмiздi табанға
салып таптадық.
“Сен бiлме!”, “Жоқ бұл қолымнан келмейдi”. Мiне, Демокритше тiке жауап
қайтару дәрежесiне жеткенiмiздiң мерекесi - Тәуелсiздiгiмiздiң он екi
жылдығы.
Егер көне тарихқа үңiлсек, ия, тарихқа үңiлсек, мұрағат не жазып кеткенiн
көрер едiк. Кәне, қолымызға түскенiнен (ал, қолымызға түспегенi қаншама?)
үзiндiлер оқып көрелiк:
XVI ғасырдың тарихшысы Исфаһани былай дейдi: “Өзбектерге үш түрлi халық
жатады. Бұлар Шыңғысханның қол астында болған халықтардың ең жақсылары.
Бүгiнгi күнi бұлардың бiрi - Шайбаниге қарасты тайпалардың бәрi...(яғни
өзбектер), екiншi бiр халық - қазақтар. Бұлар күшi мен ержүректiлiгi
жағынан бүкiл жер жүзiндегi даңқты халық. Және үшiншi бiр халық -
маңғыттар”.
Ағылшын ғалымы Джон Уорделл үстiмiздегi ғасырдың басында былай деп жазба
қалдырыпты: “Қазақтар тумысынан батыл, еркiндiкке құштар халық. Олар досқа
адал, қонақжай, жатқа да сыйластығы мол адамдар. Ал жауына мейiрiмсiз,
қатал. Олар өте әсершiл, жағдайдың ауысуына қарай көңiл-күйлерi өте
өзгередi. Бiрақ, олар ер көңiлдi. Қиын сәттiң өзiнде де әзiлге сылтау таба
бiледi”.
Орыс жазушысы Илья Эренбург Ұлы Отан соғысы кезiндегi немiс офицерiнiң
сөзiн келтiредi: “...Сұмдық бiр қорқынышты солдаттар бiзге шабуылға шықты,
олар бораған оқты елемейдi, бiздi басып-жаншып өтетiндей атой салып келе
жатыр. Олардың қазақтар екенiн кейiн естiдiм, әлемде мұндай халық бар
екенiн бұрын бiлмеушi едiм”. Тағы да сол Эренбург Ленинградты қорғаған
қазақтар жөнiнде былай тебiренедi: “Қазақтар далада жел жетпес жүйрiктер
мiнiп дағдыланған, ол бiрақ қажет болса еңбектей де бiледi, биiк тауларға
өрмелеп те шығады. Саз балшыққа малшынып та жата бередi. Оларды ешкiм де,
ештеңе де тоқтата алмайды”.
Ия, ежелгi түрiктерден еншi алып қыпшақ, ноғай, өзбек атауларынан өтiп,
қазақ атауын иеленiп мемлекет болып ұйымдасуымызға дейiн мың жылдық жылнама
жатыр. Тек оны жүйелеп, зерделеп бiр iзге түсiруiмiз керек. Қазiргi таңдағы
айдан анық нәрсе - жер бетiндегi өз билiгi өзiндегi тәуелсiз мемлекеттердiң
бiрi екендiгiмiз. Олай болса қасiретiмiз бiрте-бiрте жойылып, бұрынғы
қасиетiмiз қайтадан артып келедi.
Елдiгiмiздiң алғышарты
Атақты Алтын Орда мемлекетi XV ғасырдың басында Қазан, Қырым, Астрахан
хандықтарына бөлiнсе, қазiргi Орта Азия мен Қазақстан жерiнде Дештi
Қыпшақтағы Әбiлқайыр хандығы, Жетiсу мен Шығыс Түркiстанда Моғолстан
мемлекетi және Мәуреннахрдағы Ақсақ Темiр ұрпақтарының мемлекетi өмiр
сүрдi. Осы мемлекеттердiң арасындағы шиеленiскен саяси оқиғалардың даму
барысы XV ғасырдың орта шенiнде қазақ хандығын дүниеге әкелдi.
Тарихи әдебиеттерде “Көшпелi өзбектер” деп аталатын сол кездегi Дештi
Қыпшақ мемлекетiнiң ханы Әбiлқайыр едi. Барақ хан өлген соң хан тағы
Барақтың ұлы Жәнiбекке тиесiлi болса да, оның қарамағындағы тайпалардың
көсемдерi 16-17 жастағы Әбiлқайырды хан етiп сайлады. Бұл 1428 жыл болатын.
1446 жылдан кейiн Әбiлқайыр хан мен Керей және Жәнiбек сұлтандардың
арасында келiспеушiлiк орын алады. Әбiлқайыр Керей және Жәнiбек
сұлтандардың иелiгiндегi Түркiстан аймағын иеленiп, Сығанақ қаласын астана
етедi. Әбiлқайыр ханның Түркiстан аймағын иеленуi Керей мен Жәнiбек ханның
Моғолстанға көшуiне себеп болып, оған қозғау салған нәрсе Әбiлқайыр ханның
қалмақтармен соғыста жеңiлуi және одан туындайтын жағдайлар едi.
Керей мен Жәнiбек өз қарауындағы 200 мыңға жуық халықпен Моғолстанға көшiп
келiп, оның ханы Есен-Бұғадан жер сұрағанда, Моғолстанның да iшкi саяси
жағдайы онша емес едi. Сол себептен де, Есен-Бұға хан Керей мен Жәнiбек
сұлтандарды өзiнiң бiр жағынан қалқан қылып ұстағысы келдi де, Шу мен
Қозыбасы аймағынан жер бердi. Мiне, осы кезден бастап Қазақ хандығының
негiзi қаланды. Қазақтар өздерiне хан етiп Керейдi сайлап, хандыққа Қазақ
деген айдар тақты. Қазақ хандығының дүниеге келуiн нақтылайтын бiрден-бiр
тарихи құжаттар 1542 жылы жазылған Мұхаммед Хайдар Дулатидiң және 1642
жылдан кейiн жазылған Махмуд Ибн Уәлидiң шежiрелерi. Моғолстанның iргесiне
орын тепкен Жүнiс ханға Есен-Бұға ханның қарсы қояр ешқандай күшi жоқ едi.
Сондықтан Керей мен Жәнiбек сұлтандардың келуiн Есен-Бұға хан құшақ жая
қарсы алып, “Iзгiлiк пен қайырымдылықтың қасиет көзi” деп бiлдi. Осы
жөнiнде Махмұд Ибн Уәли былай дейдi: “Екi ханзаданы аса құрметпен күтiп
алған ол екi ханзадаға Моғолстанның батыс өлкесiн бердi. Ол жер - Есен-Бұға
ханның иелiгi мен Жүнiс хан иелiгiнiң ортасы болатын. Ол жердiң аты Шу бойы
мен Қозыбасы деп аталады”. Осы шежiресiнде Махмуд Ибн Уәли Керейдiң хан
болып сайланғанын айтады. “Ал, иелiгiндегi халыққа “қазақ” деген атау
таңылды”,-дейдi ол.
Бұл фактiнi Мұхаммед Хайдар Дулати “Қазақ сұлтандарының билiгi 870 жылдан
басталады. Аллаға бәрi мәлiм”, деп жазды. Ал, хижраның 870 жылы дегенiңiз
Григорян жыл санауы бойынша 1465-1466 жылдар. Әрине, тарихшылар бұл жылға
да күмән айтып, әр түрлi деректер ұсынуда. Бiрақ, бiзге жеткен бiрден-бiр
жазба дерек осы. Демек, Қазақ хандығының құрылғанына биыл, яғни 2003 жылы
537 жыл толды. Сөйтiп, пешенесiне сайын далада өмiр сүру жазылған қазақ
халқы өз алдына отау тiгiп, түркi қандастарынан бөлiнiп шығып, өзi ерiктi,
киiмi көрiктi, ән айтып, құс салып, мал бағып, емiн-еркiн көшiп-қонып жүре
бердi.
Ханы мен батыр бiр ауыз сөзге тоқтаған кезең
Мұхаммед Хайдардың жазуынша, Қасым ханның мынадай сөзi бар екен: “Бiз түз
түлегiмiз, бiзде қат та, қымбат та жауһар жоқ. Ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz