Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі
бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақ жаңа
әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.
Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы
мұғалімдер семинариясында оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында Өткен күндер
атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жаситары ашқан Бірлік
қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы 9 наурызда Асығып тез аттандық
өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, Жас қазақ революциялық
ұйымын құрды, Тіршілік газетін шығарысты, 3 айлық педкурсқа оқытушы
болды.
1917 жылы қарашада Кел, жігіттер өлеңін жазып, Қазан төңкерісін
қуана қарсы алды. Осы кезде Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне
сайланды. 1918 жылы жас қазақ марсельезасын жазды, Бақыт жолына атты
пьесасының премьерасы көрсетілді. 1918 жылғы 4 маусымда атардың көтерілісі
болып, Ақмола Совдепі тұтқындалады. Атаман Анненковтың азап вагонында 47
күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы
түрмесінен қашып шығады.
1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және
әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы
Орталы Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, Еңбекші қазақ газетінің
редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары
Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының
төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы,
БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі,
Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық
институтының директоры, Жыл құсы альманағы, Жаңа әдебиет журналы
басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, Әдебиет майданы
журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының
профессоры қызметтерін атқарды. Осы кезде жаңа өмір жолында күреске
шақырған Асау тұлпар өлеңдер жинағы, Бақыт жолына, Қызыл сұңқарлар
атты пьесалары жарық көреді. Домбра (1924), Экспресс (1926), Тұрмыс
толқынында (1928) атты поэтикалық жинақтарында Қазан төңкерісінің жеңісі
жырланды. Жаңашыл ақын поэзия мен драмматургияға көп жаңалықтар енгізді.
Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының
поэтикалық дәстүрін дамытты.
С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды.
Көкшетау (1934), Қызыл ат (1934), дастандарында заманалық мәселелер
көрсетілген. Қызыл атта 30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл
шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. Ақсақ киік
(1924), Аққудың айрылуы (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын,
адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драмматургия,
әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.
Жұбату (1917) әңгімсі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы
прозалық, шығармасы. Жемістер (1935), Біздің тұрмыс, Сол жылдарда
туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының
патшалық езгіге қарсы күресін Тар жол, тайғак, кешу атгы тарихи-мемуарлық
романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға
жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу, бастыру ісімен де
шұғылданды. Оның қатысуымен Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары (1931),
Батырлар (1933), Ақан сері-Ақтоқты, Ләйлі-Мәжнүннің қазақша аудармасы
жарық көрді. Қазақ әдебиеті (1932) кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу
еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл
зертгеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-
көркемдік талдаулар жасайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге
оқулық жазу існе де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға,
алғашқы кітаптарын бастыруға көп күш салды.
1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші
онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту
орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен
мерекеленді.
1938 жылы жолсыз жазага ұшырады. Ол туралы С.Мұқановтың Сәкен
Сейфуллин пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың Кездеспей кеткен бір бейне повесі,
поэмалар, әдебиеттанушылық зерттеулер жазылды.
Сәкен Сейфуллиннің ақиық ақындығы өз алдына, ол кісінің әңгіме,
хикаяттар, “Тар жол, тайғақ кешу” атты тарихи мемуарлық роман жазып,
әдебиеттің бар саласына атсалысып, сол бір қиын-қыстау кезеңде қазақ
зиялыларының көш басында болғаны көзі ашық көпшілікке белгілі.
Ағартушы, әдебиеттің үлкен өкілі бола жүріп Сәкен Сейфуллин сол
кездегі қоғамдық өмірден тыс қала алмады. Ол 1920 жылы Қазақ Кеңес
Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің І құрылтай съезіне
делегат болып қатысып, Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланды.
Жер-су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етіп, 1922 жылы
“Еңбекші қазақ” газетінің редакторы, Халық Ағарту Комиссарының орынбасары
болды. Ал осы жылы Қазақ АССР Кеңесінің ІІІ съезінде Халық Комиссарлары
Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.
Еңбек жолын Омбы қаласында бастап, кешікпей Ақмола қаласына ауысып,
үлкен істерге араласқанша осы Ақмолада атқару комитеті төрағасының
орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болады. Яғни, Сәкен
Сейфуллиннің бұрынғы Ақмола, қазіргі Астанада жыл сайын дәстүрлі әдеби
күнінің аталып өтуі орынды десек, бүгінде елордада Сәкен Сейфуллин мұражайы
жұмыс істейді. Қаладағы іргелі орындардың бірі де ақын есімімен аталады.
Міне, осы Сәкен Сейфуллин атындағы мемлекеттік агротехникалық
университеттің ұйытқы болуымен дәстүрлі Сейфуллин күндері болып өтті.
Алдымен университет іргесіндегі, содан соң С.Сейфуллин мұражайы алдындағы
ақын ескерткішіне көпшілік тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Одан әрі
көпшілік әдеби кешке қатысты. Кешті Сәкеннің інісі Мәжиттің қызы Рымжан
Сейфуллина әсерлі әңгімемен бастаса, қалалық тіл басқармасының бастығы
Оразкүл Асанғазы өрелі әңгіменің өрісін кеңейтіп, ақындар өлеңдер оқып, жыр
кешін жандандырды.
Келесі күні Сәкен Сейфуллин атындағы мемлекеттік агротехникалық
университетте ғалым Марат Әбсеметовтың “Сәкен Сейфуллин Қазақстан Халық
Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы” атты орысша кітабының тұсаукесер рәсімі
болып өтті.
Кітап авторы мұрағат құжаттарындағы жаңа деректерге сүйене отырып,
С.Сейфуллиннің 1922-1924 жылдардағы Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы
қызметіндегі атқарған аумақты іс-шараларын атап көрсеткен. Оның
ұйымдастырушылық қабілетін, халық шаруашылығын басқару әдісі мен өзіндік
ерекшелігін көрсете отырып, ірі мемлекет қайраткері ретіндегі тұлғасын аша
түседі. Сол кездегі аштық пен індеттің ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz