Сейфуллин Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Сәкен Сейфуллин2

Әдебиеттер тізімі5

Сәкен Сейфуллин

(1894-1938)

Сейфуллин Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Туып өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданында (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған. Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш кластық қалалық училищиде (1908-1913), Омбыдағы мұғалімдер семинариясында (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының “Бірлік” қауымын, Ақмолада “Жас қазақ” ұйымын ашып, “Тіршілік” газетін шығаруды ұйымдастырған. Ақмола Совдепі презтдиумының мүшесі (1917) . КОКП мүшесі (1918) . Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып (1919) Атаманның “азап вагонында” 47 күн азапе шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан. Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі (1920) . Қазақтын Кенестік Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезіне Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі (1920) . “Еңбекші қазақ” газетінің редакторы (1922) . Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы (1922-1925) . Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясында (Қаз. АПП) басшысы (1925) . БК(б) П Өлкелік комитеті партия тарихы бөлімінің меңгерушісі (1926) . Қызылорда ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры (1927) . “Әдебиет майданы” журналының редакторы (1932) . Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры (1934) .

Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы “Өткен күндер” деген атпен 1914ж жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық саяси ұстанымен бедерлі айғақтайтын туындылары - “Кел жігіттер”, “Жолдастар”сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ “Советстан”, “Альбатрос”, “Көкшетау”, “Қызыл ат” поэмалары. Проза саласында Жер қазғандар, Айша, Біздің тұрмыс, Сол жылдарда, Жемістер, повестері мен Тар жол, тайғақ кешу мемуарлық роман жазған Бақыт жолында, Қызыл сұңқарлар драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.

Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген Сәкен әдебиеттің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени- рухани өміріне сергек араласқан сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігін танытады. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған “Қазақ әдебиеті” атты зерртеу еңбегінің мәні зор.

Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.

Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына жойдасыз еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені, оның идеялық дем берушісі коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандыққа әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп-көктеуіне пайдаланбақшы болып жан тәнімен қимылдады. Алайда мемлекеттік төңкерістер мен идеологиялық өзгерістерге қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған империялық озбырлық Сәкеннің де, Сәкен сияқты жүздеген-мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде басқа жолдарды тандаған ұлтжандылардың да армандарын қиялға айналдырып, өмірлерін қасіретке тап қылды. Демек, тарихи тұлғалардың тағдырын парықтағанда олар қандай жолды таңдағаны бойынша бағаланбау керек, халқына қаншалықты қызмет еткені, қаншалықты еңбек сіңіргені, қаншалықты жілігі татитын мұра қалдыра алғаны бойынша лайықты бағасы берілуге тиіс. Тарихи әділдіктің де, ғылыми-әдіснамалық объективті ұстанымның да қисыны осы. Бұл тұрғында келгенде, Сәкен халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға.

Әдебиеттер тізімі

  1. Сейфуллин М. «Қыран ұшқан ұя» Қызыл сұңқарлар А., 1970
  2. Кәкішев Т. Сәкен сүйген арулар А., 1999
  3. Ысмайлов Е. Ақын және революция А.,
  4. Сейфуллин С. шығармалар V-том А., 1988
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллин - қазақтың көрнекті жазушысы
Сәкен Cейфуллин өмірбаяны
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
Қазақ кеңес өнерінің калыптасуы
Бес арыс
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қазақ зиялылары
Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Сәкен Сейфуллин өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz