Семенов - Тянь - Шанский



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
П. П. Семенов — Тянь-Шанский (1827—1914), Петр Петрович Семенов — Тянь-
Шанский Орталық Азияның тұңғыш зерттеушісі, саяхатшы, ғалым, географ. Ол
XIX ғасырдың орта кезінде дүние жүзі география ғылымыиа әлі нақты белгісіз
Тянь-Шань тау жотасын ашты. Сол үшін ол Семенов — Тянь-Шанский аталды. Ол
Орыс география қоғамын үздіксіз 40 жыл басқарды. Ғалымның өмірбаянын,
ғылыми еңбектерін зерттеушілер шетел ғалымдары: Россияда бірнеше
мамандықты игерген Семенов бар— деген-ді. Расында, ол географ, геолог,
ботаник, энтомолог, этнограф, суретші, әрі сурет өнерін зерттеуші, бұл
салаларда өте маңызды із қалдырған ғалым.
Семенов жас кезінде-ақ планетамыздың ең үлкен материгі — Азияны
зерттеуді арман еткен. Ол алғашқы жумысын Тянь-Шань тауларын зерттеуден
бастады. Кейін Орталық Азияны зерттеу жүмыстарына басшылық етті. Семеновке
дейін дүние жүзі гео-графтары үшін Орталық Азия белгісіз Аң таңдақ
болатын.
XII ғасырда Европаға Азия туралы туңғыш деректер әкелген Венеция
саяхатшысы Марко Поло еді. Бірәқ, одан кейін алты ғасыр өтсе де бірде-бІр
европалық Ортәлың Азияны зерттей алмады, Орталыц Азия ғылымға жұмбақ болып
қала берді.
Берлинде, адамдар ағылып келіп-кетіп жататын қарапайым үйдің музей-
кітапхана тәрізді кең залында екі адам сөйлесіп тұр. Олар мұндағы сан
алуан экспонаттарды: кітаптарды, суреттерді қарайды. Әсіресе жан-жануардың
қаңқасын, тау жыныстарының коллекциясын көріп, көп әңгімелеседі. Ақ шашты
қарт
адам жас жігітке ңабырғадағы суреттерді көрсетіп, түсіндіріп
жатыр. Булардың бірі осы үйдің иесі немістің атақты ғалым-географы
Александр Гумбольдт та, екіншісі — Семенов еді. Жас жігіт Орталың Азияны
зерттеуге аттанар алдында Гумбольдпен ақылдасуға келген. Гумбольдт өз
тарапьшан оған жол болсын айтады әрі бул сапардың қиьін екендігін
ескертеді. Ақырыша ол: Егер сіз маған Тянь-Шань тауларынан бірнеше тау
жыныстарын әкеліп берсеңіз мен дүниеден армансыз көз жумар едім”, - деп
қоштасады.
Семеновтың Берлинге баруында мән бар еді, өйткені буған дейін неміс
ғалымдары: Карл Риттер, Фердинанд Рихгофен, Александр Гумбольдт ескі
деректерге сүйеніп, Азия деген атпен бірқатар кітап жазған. Булар құнды
деректер болса да қатеден кенде емес-ті.
Семенов 1856 жылдың көктемінде Тянь-Щань тауларын зерт-теуге аттанды.
Петербургтен шыққан саяхатшы поезбен Москваға келеді. Ол кезде Сібірге,
Қазақстанға темір жол тартылмаған. Сондықтан ол Горький (Новгород),
Қазан қалаларына ат-арбамен жетіп, 1 июньде Омбы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
П.П Семенов - Тянь-Шанский
Қазақстан және орыс зиялылары
Ш. Уәлиханов
Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер
Шоқан шыңы
Азияны зерттеуші ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері
Ш.Ш.Уәлиханов. (1835—1865)
Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Пәндер