Г. Спенсердің әлеуметтануындағы мемлекет және құқық мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Г. Спенсердің әлеуметтануындағы мемлекет және құқық мәселелері

Әлеуметтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі - ағылшын ойшылы Герберт Спенсер (1820-1903) өз уақытында жүйелі түрде білім алмағанымен, өз бетімен оқудың нәтижесінде әр алуан ғылым салаларындағы жетік білімімен ерекшеленген. Әсіресе ол биологиямен, психологиямен, этнографиямен, тарихпен терең айналысып, өзінің әлеуметтік методологиялық ілімін қалыптастырды.

Спенсер Конттың үш кезең заңдылығын және оның жаңа қоғамды күткен утопиялық аңсарын үзілді-кесілді теріске шығарды. Қоғам, мемлекет және олардың эволюциясының заңдылықтары туралы нағыз ғылыми білімнің саласы ретінде әлеуметтанудың интерпретациялық (түсіндірушілік) мүмкіндігіне сене отырып ол либералды радикализмді жақтап, социализмді сынады. Ол қоғам мен мемлекетті өз ұйымдасуы мен қызметіндегі себеп-салдарлық ерекшеліктері бар механизм ретінде қарастырған декарттық және бэкондық дәстүрді бұзып, оны эволюцияның жалпы заңы бойынша дамитын күрделі агрегат, өзіндік организм ретінде қарастырады. Бұл методология әлеуметтік жә-не саяси зерттеулердің даму бағытындағы маңызды өзгеріс болды.

Ағылшын зерттеушісі алғашқылардың бірі болып қоғам мен организмдердің құрылымы және дамуындағы ұқсастықтарды, айырмашылықтарды талдай отырып, биология саласындағы аналогиялар мен терминдерді қоғамдық ғылымдарда қолданды. Осының нәтижесінде органикалық өмірдің бірқатар заңдылықтары, мысалы қарапайымнан күрделіге өту (интеграция), біртектіліктен әртектілікке көшу (дифференциация) қоғам мен мемлекеттің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарымен байланыстырылды.

Қоғамның өмірінде байқалатын оның құрылымы мен функцияларының күрделіленуі және өсу процестерін немесе олардың жекелеген бөліктерінің (элементтерінің) дифференциация-сын Спенсер әртүрлі майда топтардың неғұрлым ірі және күрделі топқа айналу процесі ретінде қарастырды. Өзі «агрегаттар» деп атаған мұндай қауымдастық тайпа, тайпалар одағы, қала-мемлекеттер, империялар сияқты қоғамдық топтар мен бірлестіктерді білдірді. Пайда болғаннан кейін бұл бірлестіктер (агрегаттар) бөтен өзгерістердің факторын бастан кешіреді: әлеуметтік-топтық дифференциация, еңбек бөлінісі түріндегі мамандану, саяси билік органдарының құрылуы (реттеу жүйесі), сондай-ақ егіншіліктің, қолөнердің («қоректену» органдарының жүйесі) қалыптасуы, арнаулы «бөлініс жүйесінің» (сауда, транспорт және өзге қатынас құралдары) пайда болуы.

Мемлекет пен саяси институттардың пайда болу тарихын қарастыра отырып, Спенсер бастапқы саяси дифференциация еркектер әйелдерге қатысты үстем тапқа айналған кездегі отбасылық дифференциациядан келіп туындайды деп есептейді. Сонымен бірге отбасылық теңсіздікпен қатар, еркектердің өз ішінде де дифференциация (отбасылық құлдық) болып, әскери басқыншылықтар мен тұтқынға түсірушіліктің, құлға айналғандардың саны артуының барысында саяси әртектілік (дифференциация) қалыптасады. Билеушілер мен бағынушылар арасындағы «саяси жіктеліс» бірте-бірте күрделіленіп, әлеуметтік эволюцияның жоғары формасына өтуді жалғастырады. Спенсердің теориясы бойынша әлеуметтік ұйымдасудың әскери типі осылайша пайда болады.

Әскери типтегі мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады халық пен армия бірыңғай құрылымды, бір орталыққа бағынған реттеу жүйесінің мәжбүр біріктіруінің негізінде ұйымдасады («мәжбүрлеуші кооперация») ; қоғам организм сияқты негізгі жүйке орталығына бағынады және сатылы (иерархиялы) негізде құрылады; әлеуметтік сатыдағы индивидтің орны оның статусымен анықталады; индивидтің өмірі, еркіндігі, меншігі қоғамға тиесілі; мемлекет тыйымдармен қатар бұйрықтарды да бекітеді; мемлекеттік ұйымның құрамына кірмейтін одақтар мен бірлестіктердің барлығы басып-жаншылады; өзге қоғамдардан тәуелсіз өмір сүруге қажетті нәрсенің барлығы мүмкіндігінше өндіріледі; қоғам мүшелерінің рухани қасиеттері ішінен батырлық, сол қоғамға деген адалдық, тиянақтылық, беделге деген соқыр сенім жоғары бағаланады.

Қоғамның келесі типін Спенсер өнеркәсіптік (индустриалдық) тип деп атайды. Әлеуметтік ұйымдасудың бұл типіне мәжбүрлеуші емес, ерікті кооперация, қолөнер мен сауда еркіндігі, жеке меншікке қол сұқпаушылық және жеке тұлға еркіндігі, саяси институттардың өкілеттік сипаты, биліктің орталықсыздандырылуы және әртүрлі әлеуметтік мүдделерді өтеу мен келістіру тәсілдерін қамтамасыз ету және т. б. белгілер тән. Мемлекеттік лауазымдарды мұралаудың, сословиелік кедергілердің жойылған жағдайындағы өнеркәсіптік бәсекелестік («өмір сүру үшін бейбіт күрес») маңызды рөл атқарады.

Қоғамның әскери типінен өнеркәсіп типіне өтуін Г. Спенсер жалпы әлеуметтік-саяси эволюцияның заңдылығы ретінде түсінді. Бұл сол замандағы иерархия мен әскери күшке сүйенген феодалдық құрылыстан тауар алмасу мен еңбек бөлінісіне негізделген, индивидтердің жеке құқықтары мен еркіндіктері бағаланатын қоғамға тарихи көшу процесімен сәйкес келді. Кейіні-рек, ХХ ғасырда Спенсердің бұл сипаттамалары әлеуметтанудағы «индустриалды қоғам» концепциясында (Р. Арон және өзгелері) кең қолданыс тапты. Спенсердің өзі «өнеркәсіптік мемлекет» концепциясының нобайын О. Конттың саяси философиясынан алған болатын. Бірақ бұл концепция Конттың ілімінде жетілдірілмеген және нақтылықтан алшақтау утопиялық сарында болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең
Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)
ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОЙДЫҢ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Әлеуметтану обектісі
Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Спенсердің натуралистік
Социология тарихы және даму мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz