Абылай - Орта жүз ханы
Абылай хан.
Абылай (өз аты —Әбілмансұр) (1711—1781) — Орта жүз ханы. Әкесі Уәли
Түркістан қаласының сұлтаны болған. Абылай 15 шасында қазақтың жоңғарларға
қарсы соғысына қатысып, асқан ерлік көрсетеді. Сонан соң Орта жүз ханы
Әбілмәмбетпен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске
ұйымдастырады. 1771 ж. Әбілмәмбет өлгеннен кейін, Абылай хан болады. Ол —
ақылды, шебер ұйымдастырушы, батыл қолбасшы, іскер дипломат әрі амал-айласы
мол адам болған. Россия патшасы, Қытай империясы, Жоңғар, Бұхар, Хиуа
хандары Абылай тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасаған. 18 ғ-да
Қазақстанды жаулап алуды коздеген Жоңғар хандығы мен Маньчжур-Қытай
империясына қарсы күресте үш жүздің басып қосып, күшін біріктіруде Абылай
зор роль атқарды. 18 ғ-дың орта шенінде жоңғарлар шет жағалап басып алған
қазақ жерін толық азат ету үшін Абылай көп айла жасады. 1756—58 ж. Маньчжур-
Қытай империясы 90 мың әскермеп шығып, Жоңғар хандығын біржолата күйретті,
елін жаулап, халқын қырып салды, тірі қалғандарын құл етті. Бұл кезде
Абылай орыс мемлекеті мен Қытай арасында алма-кезек дипломатиялық саясат
жүргізді. Екі бірдей күшті жауға қарсы күресте Абылай Россияға арқа сүйеп,
онымен одақтас болды, ал одан ызғар көргенде Қытайға қарай ойысып отырды.
1740 ж. Әбілмәмбетпен бірге Россияға бағынуға уәде етті. 1772 ж. бұл
жайында екінші рет ант берді. Қазақ халқының бұдан былайғы өмірінде мұның
аса ірі прогрестік маңызы болды. Абылай қазақ мемлекетін жергілікті дербес
сұлтандар арқылы басқарды, шаруашылық пен сауданы дамытты, көршілес
халықтармен мәдени байланысты кеңейтіі.
Әдеб.: Ңазаң ССР тарихы, 1-т., А., 1957; М ә Іп һ ү р Ю., Абылай хан
хикаясы, Қазан, 1915; X а л и д ұ ғ л ы Қ., Тауарих камса-и-щарқи, Қазан,
1910; Валиханов Ч. Ч., Собр. соч., т. 1, А.-А., 1961; Материалы по истории
казахских ханств XV— XVIII веков, А.-А., 1969; Казахстан в XV— XVIII веках,
А.-А., 1969; Бекмаханова Н., Легенда о Невидимке (участие казахов в
крестьянской войне под руководством Пугачева в 1773 — 75 годах), А.-А.,
1968.
ТӨЛЕ БИДІҢ АБЫЛАЙҒА БЕРГЕН БАТАСЫ
мынадай деп жырлайды Үмбетей жырау:
Төле би батa беріп,
жайды қолын.
Қалидай нұрлы болсын оң мен солың.
Рүстем дастанындай мәшһүр болып.
Қарағым, қайда барсаң болсың жолын!
"Қанжығалы қарт Бөгенбай
Абылай хан (1711-1781)
Абылай (Сабалак) жас жігіт жалданып Төленің түйесін бағады. Бұл туралы
Абылайға Бұқар жырау:
Ә, Абылай, Абылай,
Сені мен кеше көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің.
Түркістанда жүр едің,
Әбілмәмбеттей хандарға,
Қызмет қылып жүр едің.
Үйсін Төле бидің,
Түйесін баққан құл едің,-
дейді. Бірақ Төле Абылайдың кім екенін танып біліп, оны әркез қолдап
отырған. Оан Абылайдың: "Төкемнің жақсылығын екі дүниеде де ұмытпаспын" -
деген бірауыз сөзінің өзі дәлел. 1729 жылы Қалмақтар Аңырақайда қатты
соғысып, ақыры ойсырай жеңілді. Төле би бұл соғыста да қол бастап соғысты.
Одан үлгі алған Жолбарыс, Өтеген, Сәмен, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек,
Қойкелді батырлардың әрқайсысы қол бастап, жоңғарлықтарға қатты соқкы
берді. Осы соққыдан кейін қалмақтың ханы Қалдансерен қырғыздың манаптарын,
өзбектің бектерін қазаққа қарсы салып, 1740 жылы Жолбарыс ханды өлтірді.
Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың ағасы Жолбарыс Абдуллаев өлтірілген соң онын
орнына Төле хан болады. Нақ осы кезде Төле жауға қарсы күресу үшін Ұлы
жүздегі ру басшыларының құрылтайын ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz