ТАЛЕЙРАН - ЕРТЕ БУРЖУАЗИЯЛЫҚ ПЕРИОД ДИПЛОМАТЫ


ЖОСПАР
ТАЛЕЙРАН - ЕРТЕ БУРЖУАЗИЯЛЫҚ ПЕРИОД ДИПЛОМАТЫ2
ИМПЕРИЯ КЕЗІНДЕГІ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚТАҒЫ ТАЛЕЙРАН САЯСАТЫ4
ВЕНА КОНГРЕСІНДЕГІ ТАЛЕЙРАН САЯСАТЫ6
ҚОРЫТЫНДЫ8
ТАЛЕЙРАН - ЕРТЕ БУРЖУАЗИЯЛЫҚ ПЕРИОД ДИПЛОМАТЫ
Осы тарихи тұлғаның өмірі мен дипломатиялық қызметін талқыламастан бұрын Талейран дипломатиясының оның алдындағы дипломаттардан айырмашылығына тоқталып кеткен жөн. Оның дипломатиясының айырмашылығы мынада еді: Талейран - капитал енгізілу және толығымен феодалдық-дворяндық таптың құлауы кезіндегі буржуазиның билікке келу сәтінен бастау алған буржуазиялық ортаның дипломаты еді. Осы Талейран қалай және қандай бағытта дипломатиялық қатынастарды өзгертуге болатынын түсінген болатын. Осындай жағдайда Батыс Еуропаның ағартылған державасында өз сословиесінің құлауға жақындағанын және өзіне жағымсыз буржуазиялық кластың күшейіп келе жатқандығын түсінген талантты аристократ еді. Ол осы екі тап арасынлағы күресте жеңіс те, жеңілісте болатынын түсінеді. Бірақ терең ой мен ар-намыс, ұят, достық және сенімділік сияқты адамгершілік қасиеттердің болмауы оған әрқашанда өзінің көмегін тигізіп отырды. Бұл кісінің принципіздігі мен адамгершіліктен алшақ жатқандығы оның жас дипломаттарға айтқан мынадай сөздерінен көреміз: "Тіл адамға өзінің ойындағысын жасыруға берілген. "
Талейран негізгі 2 ауыспалы саясатты ұстанды. Осы саясатымен ол жеке өзіне қолайлы істерді жасаған еді.
1. 18-19 ғасырда Францияда дворяндық қатар құтқарып қалу мүмкін емес болатын, сондықтан ол Людовик XVI-ны сатып, революция жағына шықса, кейін ол Бурбондарды қолдамай, Луи-Филиптің маусымдық монархиясын қолдады.
2. Жаулап алу тәсілдерімен құрылатын монархияның құрылуы мүмкін емес, өйткені ерте болсын кеш болсын ол құлайтын еді. Сондықтан Талейран Наполеонды да 2 рет алдаған болатын: 1808-1813 жылдары құпия түрде, ал 1814 жылы ашық императордың жау жағына шыққан болатын. Бірақ осы ауыспалы саясаттың тарихи маңызы өте зор болды.
Талейранда негізі творчестволық ой болмады деп айтуға болады, бірақ та оны бұндай қасиеті жағынан сол кездегі әйгілі тұлғалармен салыстыруға келмейді. Мысалы, Ресейдегі Сперанскиймен салыстырсақ, оны Талейраннан белгілі бір ағымға беріктігімен қатар оған жаңа идеялар енгізу, өзінен кейін бір із қалдыратын қасиеттермен ерекшеленеді. Ал князьда бұндай қасиеттер болған да жоқ. Тек түлкідей сұм ой, табиғи такт, кез-келген адаммен, егер ол князға жағымсыз болса да, онымен тіл табысу және инстинктивті қасиеттер оны өз ісінің асы, жаңа құрылған буржуазиялық формация өкілі ретінде көрсетті. Сараңдық пен байлыққа ұмтылу істері князді өмірінің аяғына дейін оның мінезімен басқарып келген болатын. Князь Талейранды жай өтірікші емес, өтіріктің патриархы деп те атаған, өйткені ол өтірігін білдіртпей, шын айтқан адамның айтқан ішкі жан-дүниесімен келістіретін, бұндай әдетін ешкімде және ешқашанда білген емес еді. Талейранның өмірі әрқашанда сатқындық пен өтірікке көп болатын. Оның басты мақсаты атжарыстағы нашар жылқыға ақша тікпеу болды, бұл жағынан князь ешқашан қателескен емес еді.
ИМПЕРИЯ КЕЗІНДЕГІ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚТАҒЫ ТАЛЕЙРАН САЯСАТЫ
1799 жылдың 9-10 қарашасында Франция Наполеон Бонапарттың қол астына көшкен еді. Бұл кезде Франция әскери диктатура орнаған республика болды. Францияның 1801 жылғы Австриямен Люневильдік бейбіт келісімі мен 1802 жылғы Англиямен қол қойылған келісім-шарттан кейін билік басында орныққан Бонапарттың көршілерді ұрлауға қолы байланған болатын. Осы кезден бастап Талейран сәтті күндер басталды. Өйткені император жаңа жерлерді жаулап алған сайын князь статистикалық ақпараттарды жасаумен қатар императордан тыс бейбіт келісім жасағаны үшін үлкен пара алып отырған еді. Осыдан император өзінің сыртқы істер министрінің өзін ұрлап отырғанын білді ме деген сұрақ туады. Әрине император өз министрінің жағымсыз іс-әрекеттерін біле отыра, оны кешірген болатын. Себебі министрдің пайдасы императорға да әсер еткен еді. Бір жағынан Наполеон оның күрделі дипломатиялық мәселелерді шешуіне таң қалса, екінші жағынан ол министрін оның мінезімен байлыққа сараңдығына жек көрді. Ал император көрші шет мемлекеттерді және басқа халықтарды ұрлаған сайын ол ашық ұрлаған жақсы, ал жасырын ұрлаған ұят деген қорытынды жасаған болатын. Талейран Наполеонмен 8 жыл жұбы жазылмай бірге бол-ды, тек өзінің басына пайда келетініне әбден сенген соң, барып им-ператорды қолдаудан бас тартқан болатын.
Князь Наполеон құрған империяның құлауы жақындағанын сезе, оның, яғни княздің жасырын іс-әрекеттерінің сыртқа шықпауы үшін ол полицей министрі Фушені өзін қолдауға шақырды, Бірақ ол Фушені бақылайтын императордың жасырын полицейін ескермеді. Осы өзінің тыңшылары арқылы императорға 1809 жылдың орта-сында Испаниямен болып жатқан қанды шайқас майданында екі түрлі жаңалық жетеді. Біріншісі ол Австрияның Францияның қиын жағдайын пайдалана, жаппай қарулануы болса, екіншісі ол Талей-ран мен Фушенің император саясаты мен іс-әрекетіне қарсы құпия келісіп жатқандығын естиді. Бұған ашуы келген Бонапарт жұрттың көзінше өзінің Сыртқы Істер Министрін ұрып жыққан еді. Бұған жауап ретінде Талейран австриялық елшімен жақын қатынас орнату, оларға ортақ Наполеонды әлсірету мәселесі тұрған болатын. 1809 жылғы Австриямен басталған соғыстың Франция үшін 1805 жылғы Аустерлиц компаниясы кезіндегі шайқастан да ауыр болатынын алдын-ала көрген еді. Осы соғыспен қатар Францияның СІМ басшысы белгілі бір ақыға француз әскері мен сыртқы саясаты жайлы құпия ақпараттарды орыс патшасы Александрмен жасырын түрде хат алмаса бастайды.
Францияның Ресейге қарсы әскери шабуылдары басталған кезде Талейранның ойлаған болжамдары іске аса бастады. Наполеонның ұлы әскери жасағы орыстың артқа шегінген әскерімен үлкен шайқасқа түспей жеңіліске ұшырады. Талейран өзіне жақын адамдармен әңгімесі кезінде ол императорды тақтан құлату уақытының келген айтқан болатын, бірақ та оны ішкі революциялар арқылы жүзеге асыру мүмкін емес еді. Өйткені императорды крестьяндар да, буржуазия мен әскери тап өкілдері қолдаған еді. Осы жағдайларды ескере, Талейран өз мақсатын жүзеге асыруға асық-пады.
ВЕНА КОНГРЕСІНДЕГІ ТАЛЕЙРАН САЯСАТЫ
1814 жылдың 23 қыркүйегінде фрацуз делегациясы Вена келген еді. Бұл кезде Талейранның іс-қимыл бағдарламасы дайын еді. Ол конгрес алдына 3 негізгі талап қойды: біріншіден Франция тек конгрестің барлық мүше-державалары қатысқан кездесу кезіндегі шешімдерге ғана келіседі; екіншіден Франция Польшаның 1805 жыл кезіндей немесе ең 1-ші бөлгенге дейінгі кездегідей қайта құрылуын қалайды, ал үшіншіден Франция ешқашан бөлінуге және Саксонияның жеке мемлекет болу құқығынан айыруға келіспейтінін білдірткен болатын. Сонымен қатар министр Ресей мен Пруссияны Англия мен Австрияға қарсы бағыттауға әртүрлі мәселелерді ортаға салған еді. Осы агитациялардың негізгі мақсаты боп конгреске қатысушы-мемлекеттер арасына орыс императорының гегемония қауіп төн-діруде деген мәселені алға қою болды.
Өзінің әлсіздігіне қармастан Франция осы министрінің арқасында конгресте ең белсенді позицияны ұстай отырып, өз мүмкіндіктерін шектен тыс асырып отырды. Бірақ Александрға Польша мәселе бойынша жасалған шабуылдар нәтижесіз болды. Польша мәселесі Франция үшін нәтижесіз болғандықтан, Талейран Францияға маңызды Саксония мәселесін талқылауға көшті. Бұл мәселеден Талейран үлкен жетістіктерге жетті. Ол Саксонияның екіге қақ бөлініп, оның ең қазба байықтарға бай бөлігінің Саксония королінің қол астына өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz