Тәуекел хан туралы
Тәуекел хан
Ақназардың мұрагерi - Жәдiктiң баласы және Жәнiбек ханның немересi
қартайып қалған Шығай (1580-1582 жж.) болды. Ол өзiнiң баласы Тәуекелмен
(1586-1598 жылдары хан болған) бiрге Баба сұлтанға қарсы күресiнде, Бұқар
ханы Абдоллаға келiп, онымен күш бiрiктiрмекшi болды. Абдолла Шығайға
Ходжент қаласын сыйға тартып, онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау
жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелiгi
ендi Тәуекелге көшедi.
Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшiн белсене
күрестi. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария
бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Аксу, Самарқанд сияқты
қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқар қаласын қоршауға алған кезде
Тәуекел хан жараланып, қайтыс болды.
XVІ ғасырдың аяғындағы хандықтың саяси жағдайы. Хақназардың мұрагері
Жәдіктің баласы және Жәнібекханның немересі қартайып қалған Шығай
(1580—1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586—1598) бірге
Бабасұлтанга қарсы күресінде өзбек ханы Абдаллахты қолдап отырды, бұл үшін
Ходжент жерін иқта ретінде сыйға алды.
Абдаллах ханның мойынсұнбаған вассалға қарсы бұдан былайғы күресі де
қазақ феодалдарының тікелей қатысуымен жүргізіліп жатты. 1581 жылдың
жазында Абдаллах хан Бабасұлтанды Ташкенттен қуып жіберді. Абдаллахқа ғана
емес, қазақтарға да тиесілі болған Түркістан қамалдарын — Аркөкті, Ясыны
(Түркістан), Сайрамды, Созақты басып алып, Бабасүлтан оларды басқарура өз
жақтастарын қойды. Абдаллах хан 1582 жылы Бабасұлтанға қарсы жорыққа
аттанды. Бұл жорыққа өз әскерлерін ертіп Шырайхан мен Тәуекел қатысты.
Бабасұлтан қойған адамдардың қолындағы қамалқалалар қоршауға алынды. Бүлік
шығарған сұлтан қырға қашып кетті. Өзбек ханы мен қазақ билеушілерінің
біріккен әскерлері оның соңынан қуып Дешті Қыпшақ ішіне қарай Сарысу мен
Ұлытауға дейін барды.
1582 жылғы июньде Тәуекел Ясы қаласының (Түркістанның) маңында
Бабасұлтанның әскерін талқандап, оны өлтірді. Бабасұлтанның қолға түскен
баласы мен әмірлерді Бабасұлтанның басымен қоса Тәуекел Абдаллахқа апарып
берді, Абдаллах бұл үшін қазақ сұлтанына Самарқанд өңіріндегі Африкент
уәлаятын үлес қылып сыйға тартты.
Бабасұлтан өлтірілгеннен кейін кеп кешікпей Сауран, Түркістан, Отырар,
Сайрам қамал-қалалары Абдаллах ханға берілді. Қазақ, билеушілерінің бүлік
шығарған вассалдарға қарсы өзбек ханының күресіне қатысуы халықты көп қайғы-
қасіретке ұшыратты. Феодалдық қырқысулар Мауараннахрдағы өзбек халқын ғана
емес, қазақ халқын да күйзеліске ұшыратты; қазақ әміршілерінің араласуы
себепті соғыс қазақ халқының территориясына ауысқан болатын.
1583 жылы Тәуекел өзбек ханымен жасалған ант беріскен шартты бұзды.
1586 жылы ол Түркістанның кейбір қалаларын басып алып, Ташкентке қатер
төндірді. Қаланың әміршісі Қазақ қолын кері қуа алды, алайда 1588 жылы
Ташкентте Абдаллах ханның қойған адамына қарсы көтеріліс бұрқ ете түсті.
Хақназардың Мыңратай, Дінмұхаммед деген ұлдары және басқа Қазақ, сұлтандары
дереу көтерілісшілерге көмекке келді; көтерілісшілер олардың бірін
өздерінің әміршісі деп жариялады. Алайда көтеріліс жеңіліске ұшырап, қазақ
қолы Ташкент түбінен кетуге мәжбүр болды. Тәуекел біртіндеп хандықтары өз
билігін нығайтты, Абдаллах ханға және Сібір ханы Көшімге қарсы орыс
үкіметінің қолдауына сүйенді.
1597—І593 жылдың цысында, Мауараннахрдағы Шайбани әулеті
мемлекетіндегі күрделі саяси жағдайды, атап айтқанда, Абдаллах хан мен оның
баласы Абд әл Муминның өзара күресін пайдаланып, Тәуекел Ташкент түбінде
Абдаллахтың әскерлерін талқандады.
І598 жылғы мартта Абдаллах хан өлгеннен кейін, одан соң жаңа хан Абд
әл Мумин өлтірілгеннен кейін де, сондай-ақ Иранның сефевид шахы I Аббастың
Орта Азияның оңтүстігіндегі белсенді қимылдарына байланысты Мауараннахрда
басталған өзара қырқысуларды пайдаланып, Тәуекелхан көп әскерін ертіп 1598
жылдың жазында Мауараннахрға кірді. Ол бағындырған жерлердің қатарына осы
оқиғаларды баяндап жазған Искандар Мунши (Тарихи аламарайи Аббасидің
авторы) Ақши, Андижан, Ташкент, Самарқанд қалаларын атайды. Орта Азиядары
өзінің экспансионистік мақсаттарын жүзеге асыруда Тәуекелхан орталық
үкіметтің саясатына наразы болып, оған қарсы күресте кез келген күшке
сүйенуге әзір отырған Шайбани әулетінің кейбіреулерінің қолдауына сүйенді.
Осындай Шайбани әулетінің бірі Абдаллах ханның інісі Өзбексұлтан болды.
Самарқандта 20 мың әскерімен езінің інісі Есімсұлтанды қалдырып,
Тәуекелхан 70—80 мың армиямен Бұхараны қоршады. Алайда қоршаудың он екінші
күні (басқа деректемелер бойынша, жиырмасыншы күні) бұхаралықтар қамал
түбінде қазақ қолын талқандады. Бір айдан кейін шайқастардың бірінде
Тәуекел ауыр жараланып, Ташкентке шегінуге мәжбүр болды да сонда елді. Оның
мұрагері болған Есім сол жылы Самарқанд пен Бұхараның әміршілері Баки
Мұхаммед сұлтанмен және Пір Мұхаммед ханмен Самарқанд әскерлері Ташкентке
қарсы ешқандай дұшпандық қимылдар жасамайды деген шартпен келісім жасасты.
Қазақ, хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы
жүргізген күресі Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса
ірі жері — Ташкентті Қазақ хандырының құрамына қосумен аяқталды. Бұл
территорияларды қазақ ханының иеліктеріне қосу туралы 1598 жылры шарт
Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани әулетінің
өкілімен жасалды. Сөйтіп Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік
Қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша
аяқталды.
Шайбани әулеті мен қазақ хандарының ұзаққа созылған феодалдық
соғыстары өлкенің шаруашылық жағдайына, Қазақстанның оңтүстігіндегі қала
өмірінің жай-күйіне ауыр зардабын тигізді. Сырдария бойындағы қалалардың
жиі-жиі бір қолдан бір қолға өтуі, берік өкіметтің болмауы, талап-тонау,
халықтан азық-түлікті тартып алу қолөнер өндірісі мен сауданың орталықтары
ретінде қалалардың және олардың егіншілік округінің тұрақты өмір сүру
негізінің өзін ойсыратты. Мұның бәрі Қазақстанның оңтүстігіндегі қала
өмірінің тоқырай бастауының бір себебі болды.
Ұдайы жүргізілген феодалдық соғыстар мен қырқысулар мал шаруашылығына
да қырсық болып тиді. Соғыстар көшпелі малшылардың отырықшы-егінші
шаруашылықтар халқымен дәстүрлі шаруашылық байланыстарын бұзды. Ал оның бер
жарында, мәселен, соғыс кездерінде де сауданың тоқталмау фактісі мұндай
байланыстардың өмірлік маңызы бар екенін сипаттайды. Мәселен, деректеменің
хабарлауына қарағанда, Мұхаммед Шайбани мен Мұрындықханның арасындағы
күрестің бастапқы кезеңінде Аркөк қаласына Бұхарадан көпестер керуені
келген. Хафиз Таныш Абдаллах хан мен Бабасұлтанның жақтастары арасындағы
соғыс қимылдары мейлінше қызып тұрған кезде Бұхарадан Сауранға көпестердің
келгені туралы хабарлайды. Ибн Рузбиханның сөзіне қарағанда, олардың
(қазақтардың) көпестері мұсылман елдерінің орталығына баруда. Ол (елдердің)
көпестері де олардың арасына барып жүреді.
Қазақ билеушілерінің Мауараннахр әміршілерімен бейбіт қатынастар
орнатуы, Сырдария бойындағы қалалардың Қазақ хандығының құрамына кіруі
қалалардың жалпы құлдырауын тоқтата алмаса да шаруашылық-экономикалық
байланыстардың біраз жандануына себепші болды.
XVI ғасырда Қазақ хандығы солтүстікте орталығы Тюменьде болып, XV
ғасырдың аяғында құрылған Сібір хандығымен шектесті. Сібір хандығының
оңтүстік шектері Солтүстік Қазақстан территериясына кіріп жатты. Қазақ
рулары мұнда Тобылдың, Есіл мен Ертістің орта арысы бойында, Бараба
даласында — Батыс Сібірдің түркі тілдес халқымен көршілес көшіп жүрді.
1563 жылы бақталас Шайбаии әулеті мен тайбүры руы арасындағы ұзақ
күрестен кейін Сібір хандығындары өкімет билігі Шайбани әулеті Көшімнің
қолына кешті. Хандықтың астанасы Искер (Қашлық) қаласын алғаннан кейін
Көшім тайбұғылық Ядгар (Жәдігер) мен Бекболатты өлтірді. Бекболаттың баласы
Сайдақ қазақ даласына қашты. Неғұрлым ертеректегі Сібір шежірелерінің бірі
(1636 жылғы Есипов шежіресі) бұл жөнінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz