Олжас Омарұлы Сүлейменов


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Олжас Сүлейменов

Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, геолог мамандығын алды. Одан кейін Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған.

Қазақстан Республикасының халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің «Арғымақтар», «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Қыш кітап», «Талма түсте тағы да қайталап», «Әр күн арайлы таң», «Таңдамалы» т. б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары «Аз және я» атты ғылыми-зерттеу еңбегі жарық көрді. Ақынның әбеби сценарийі бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қыс - қысылшаң мезгіл» т. б. кинофильмдер түсірілді.

Олжас Сүлейменов «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының жетекшісі ретінде ұлы ақын Абай туған жерде орналасқан атом полигонын жабуға үлкен үлес қосты.

Олжас Сүлейменовтың «Қыш кітап» атты поэмасы туралы әйгілі жазушы Мұхтар Мағауин былай деген екен:

«Қыш кітап - Отанға сүйіспеншілік, туған халыққа адалдық, азаматтық борыш туралы шығарма . . . Поэмада көне скиф дәуірінің шынайы көріністері бар. Ең бастысы - көне заман рухы, көне адамдар мінезі нақты бедерленген. Бірақ автор әйтеуір ескі тарихты қопару мақсатында емес, ежелгі скиф (сақ) тайпалары тарихының кейінгі түркі, одан соңғы қазақ тарихымен жалғастығына бейіл беруде қосалқы жүк атқарады. Ең бастысы - ақын өткен күннің сауалын бүгінгі күн талабымен үндестірген. Бұл - бүгінгі заман перзенті Олжастың көне дәуірге қатысты кез келген туындысына тән сипат».

Сүлейменов Олжас Омарұлы (18. 5. 1936 ж. т., Алматы) -қазақ совет ақыны. Қоғам қайраткері. 1969 жылдан КПСС мүшесі. КазГУ-ді (1959) бітірген. 1962-71 ж. «Казахстанская правда» газетінің қызметкері, «Қазақфильм» к/с-ның сценарий-редакциялық коллегиясының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі, 1971-81ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретары, 1981-83ж. КазССР кинематография жөніндегі мемлекетінің председателі, 1983 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1- секретары, СССР Жазушылар одағының секретары. 1972 жылда Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің, 1989 жылдан «Невада-Семей» қозғалысының председателі. Сүлейменов шығармаларын орыс тілінде жазады. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар» 1961 жылы шықты. Ақынның өлең-жырлары ақыл-ой алғырлығы, бүгінгі күнді халықтың өткен тарихы мен астастыра бейнелеу, қоғамның саяси-әлеуметтік өміріне асқақ дауыспен үн қосуы арқылы ерекшеленеді. «Адамға табын, Жер, енді». Сүлейменов есімін әдеби жұртшылыққа кеңінен мәлім етті. Туынды Ю. Гагариннің тұңғыш космосқа ұшқан тарихи ерлігіне арналған. Бұл поэма совет поэзиясының үздік табыстарының бірі ретінде танылды. Содан бері ақынның «Нұрлы түндер», «Қылықты түн», «Шапағатты шақ», «Мешін жылы», «Таңдамалы лирика», «Қыш кітабы», «Асқардан асу» атты кітаптары жарық көрді. Сүлейменов Қазақстан кино өнерін дамытуға елеулі үлес қосты. Оның сценарийі бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қыс қысылшаң мезгіл», «Мұхтар Ауезов туралы сөз», кинофильмдер түсірілді. Сүлейменовтің таңдамалы шығармалары «Атамекен» деген атпен қазақ тілінде жарық көрді. Бірқатар шығармалары СССР халықтарының және шетел тілдеріне аударылған. Оның «Жалынның шалқуы» атты өлеңдер жинағы француз тілінде жарық көрді. Сүлейменов - КазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972) . КПСС 26-, 27- съездерінің, Қазақстан компартиясы 15-, 16- съездерінің делегаты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Олжас Сүлейменов және түркітану мәселелері
Қазақ халқының ақиық ақыны - Олжас Сүлейменовтың өмірі және қоғамдық - саяси қызметі
Олжас Сүлейменов (1936)
Олжас Сүлейменовтың өмірі
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы
Халықаралық антиядролық қозғалыс
Ілияс Омаров
Маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі
Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтой
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz