Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мағлұматтар


Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920 жж. )
Қазіргі Көкшетау өңіріндегі Баянауыл жерінде туған. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) ұлын өзі арабша хат танытып, сауатын ашқан. Ауыл молдасы Мұққаннан дәріс үйреніп, сол кісінің өнегесімен 13 жасынана өлең, әңгімелерін жаза бастады. Өкінішке орай, бұл еңбектері, Баянаулдағы молда Әбдірахман медресесінде күнә деп есептеліп жоғалып кеткен. 1911 жылы Сұлтанмахмұт Троицкіден келген Н. Таушыбаевтың шәкірті болады. Оқытудың озық әдістерін жақтаушы Нұрғали шәкірттерін жаратылыстану, тарих ғалымдарынан хабардар етіп, мерзімді баспасөзге деген қызығушылықтарын арттырады. Сұлтанмахмұт қалада оқуын әрі қарай жалғастыруды армандайды. Бұл жайында ол өз өлендерінде де жазды. «Оқып жүрген жастарға», «Талаптыларға», «Оқудағы мақсат не?» өлендерінде, «Зарлану» атты публицистикалық мақаласында жастарды білімге, мәдениетке шақырады. 1912 ж. Троицкідегі медресеге түседі, бірақ денсаулыгына байланысты тастап кетуге мәжбүр болды. 1912-1913жылдары ол емделе жүріп жұмыс істеді. Осы кездері жазылған «Қандай», «Анау-мынау», «Шығамын, тірі болсам, адам болып», «Түсімде», «Бұлар кім?», «Кешегі түс - бүгінгі іс» (1913) атты шығармалары әлеуметтік ойы тереңдігімен ерекшеленеді. Зұлымдық пен әділетсздікті әшекерелей отырып, қазақ халқының жарқын келешегінен үміт үзбейді. Осы жылдары жазған «Түсімде көрген бір аянышты хал» (1912) атты өлеңінде Торайғыров алғаш рет қазақ әйелінің әлеуметтік жағдайы мен тағдырын өзек етіп көтереді. Бұл тақырып кейіннен оның шығармашылығында басты орын алады.
1913 ж. жазда Троицкіге жақын қазақ ауылында бала окытады, ал күзде, қалаға оралғаннан кейін, «Айқап» журналының редакциясына хатшы болып орналасады. Журнал беттерінде алғаш рет ақын, әдеби сыншы ретінде көріне бастайды. Журналистика Торайғыровқа бейімділігін тексеруге және біржола поэзиямен байланыстыруға көмектесті. Редактор М. Сералинмен келісе алмауы себепті, 1914 жылдың көктемінде «Айқаптан» кетіп, өзі жаңа журнал шығармақшы болды, бірақ одан ештеңе өнбеді. Сол жылдың жазында «Шоң серіктігі» атты ағартушылық ұйым ашып, өзі сияқты өнер іздеген жастардың оқуына қаражат жинамақ болады. Бұдан да еш нәтиже шығара алмайды, Мұқтаждық, ауру, өміріндегі сәтсіздіктер, оларға қоса, қызу шығармашылық жұмыстар, ұдайы білім толықтыру Торайғыровтың төңкеріске дейінгі жылдарын сипаттайды. 1917 жылы Томскіден Семейге келіп, жергілікті халықтың ісі жөнінднгі комитетке жұмысқа орналасады, ауруы асқынып кеткендіктен, ол бұл жұмысын да тастайды. 1918 ж. Торайғыров соңғы рет Семейге келіп, дәрігерлерден ауруының жазылмайтын сырқат екенін біледі. Көп ұзамай қайтыс болады.
Торайғыров шығармашылығының алтын арқауы іспетті «Ендігі беталыс» өлеңі оның негізгі мақсаты халқына қызмет ету екендігін көрсетеді. Осы тақырып «Тұрмысқа», «Өмірінің уәдесі», «Туған еліме», т. б. өлеңдерінде өрби түседі. Ақынның азаматтың өмірлік сенімі «Неге жасаймын?» өлеңінде тереңірек ашылады. 1915 жылы жазылған» Жүрегім, тулап шабасың» Абайдың ақындық үрдесін еске түсіреді, осы жылы ол өзінің алғашқы поэмасын («Кім жазықты») жазды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам» сынды ақындық, азаматтық платформасын жайып салатын атақты «Шәкірт ойы» өлеңін өмірге әкелгенде Сұлтанмахмұт бар болғаны 24 жаста екен! Қандай қайсар сезім, қаншама биік рух десеңізші! Осыдан кейін ол сүйікті халқы үшін білім мен мәдениеттің маңыздылығы тақырыбына қайта оралды. Ақын шығармашылығының биік шыңын көрсететін «Адасқан өмір» атты философиялық поэмасының әр бөлімі адамзат өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Поэма жақсылық пен зұлымдық, өмір мен өлім, адамзат болмысының мақсаты мен мәні жайындағы ойларға құрылған монолог түрінде берілген, Осы тақырыпқа арналған «Кедей» поэмасы - қазақ романдарының алғашқыларының бірі, ал қара сөзбен өрнектеген «Қамар сұлу» романында қазақ әйелінің аянышты тағдырын суреттей отырып, қоғамдық өмір шындығын тереңдей ашады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz