Төле би туралы мағлұматтар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Төле Би

Бүтін билікке Төле жеткен,

Бүтін хандыққа Есім хан жеткен

Xалық

БІРЛІГІ БАР ЕЛ АЗБАЙДЫ

Халқымыэдың бақ-талайына туған кемеңгер би Төле бұкіл ғұмырын елінің игілігіне, береке-бірлігіне арнады. Қауым-халайық дұрыс емір сүру үшін «төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деп, ел-жұртын татулық пен ынтымаққа шақырды. Жай сөз жүзінде ғана емес, тікелей байсалды іске кірісті. Игі істі әділ би өз аулынан бастады. Ол көші-қон кезінде кедей-кембағалдарға ат-көлігін, жүк артатын түйе бергізіп, байғұстарды ел шаңынан қалдырмауға әрекет жасап отырыпты. Сауын сиыр, мініс атты да бай-ауқатты ағайындарынан алып беріп, жұтаң, жоқ-жітіктерді езіп-жаншудан, жәбірлеуден сақтапты. Міне, осы себепті Едіге би Төле бидің аулына бір даудың мәселесімен келгенде, елдің сүттей ұйыған көңілін, береке-бірлігін, ынтымағын көріп: «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды» (М, Көпейұлы, № 1177) деген рас екен-ау», - деп қатты қызығыпты.

Төле би бір жұпыны үйге алыстан ат арытып, ойда жоқта қонақ келіп түсе қалса, құрметті мейманға жалғыз сол қараша үйдің иесі емес, тіпті бір ауыл ғана емес, бүкіл рулы ел болып сый-құрмет көрсетеді екен. Біз осы тұста «Данагүл» атты әңгімеден мысал келтірейік: «Ой, Алагөздің үйіне Төле би келіп түсіпті. Қасында бір топ жолдасы бар, - деген хабар байға да жетті. Домаланып ол да келді. Келіп:- О, Төке!»- дел сәлем беріп, шұрқырасып жатыр.

- Төке, біздің ұйге неге түспедіңіз? Мьшау балаңызды ұялтқаныңыз қалай?

- Халқым үшін мен Теле би болып тұрып байга ғана, барға ғана түсіп, кедейлерді есіме алмасам, онда әділет бола ма? Байға жак боп, кедейдің ақысын жіберсем, ондз мені жұрт әділетті деп айтар ма еді?

Мейірімім түсіп мына Алагөздің үйіне қонақ болғым келді», - деп, ұлы би өзінің жүріс-тұрысының жай-жапсарымен қысқаша таныстырыпты. Сол-сол-ақ екен бұкіл ел-жұрты болып Алагөзге жәрдем-көмегін бере бастағаны да қызық: «Ілездің ішінде киіз де келіп қалды. Алагөздің үйінде жоқ болғанмен елде бар. Мал сойылып, ауыл адамдарының бірсыпырасы жиналып, әңгіме тыңдап, Төкеңмен бірге отырды» («Төле би», 1991 ж. 28-бет) .

Төле би: «Адамның кіндік анасы - жер. Ол жерде туады, жерде өседі, жаратылыспен бірге жасайды. Осы себепті әрбір кісіде өзі өскен өлкенің ауа райы іспетті мінез-құлық қалыптасады. Адамзатта өз анасы - жердің емшегін ембей қанағат болмаса керек», - деп айтып отырады екен.

Данышпан Төле би берген серт, айтқан сөзін іспен орындаған адам ғой. Осы себепті Қазығұрт бауырайына егін салуды көздепті. Жер бір тегіс емес, егін суару қиын болатынын ескеріп, арық қазу жағын көп ойланып, ақыры солай жасауға белді бекем буыпты. Есекке тас артып, басын бос қоя беріп, ілгері жүргізіп отырып, соның жүрген ізімен арық қаздырса, бір құлақ су сарқырап ағып беріпті. Міне, осылай жыл сайын астықты мол алады екен. Әсіресе, кедей-кембағалдың жер айдауына, астығын дер кезінде жинап алуына мол көмек жасап отырғаны жайлы көптеген шежірелер мен деректерде жан-жақтылы айтылады.

Атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы екі сөзінің бірінде Төле биді толғап айтып отырған. Ол ұлы би ел-жұртты нанға тойдырды, сөйтіп мал қатты жұтқа ұшырап қалған шақта қауым-халайықтың ашықпауына жағдай жасады дей келіп: «Қайда атақты асқан бай бар болса, наурызды сол байға қылдырады екен. Үйсін Төле билердің заманында наурыздың қадір-құны астан-тойдан ілгері болады екен», - десе (М. Көпейұлы, № 1177) бұл өте дұрыс айтылған әділ пікір.

Төле би атамыз оңтүстікке егін салдырып, халықты аштықтан, жұттан, тағы да сондай мың түрлі бәле-жаладан құтқарғанмен, кейбір елді-мекендегі қазақтар егін салып, су ұстағанды, бидай орып, кетпен шапқанды мін, намыс көрген. Төрт түліктен басқа қазақта тіршілік, хам-қарекет болады деп ойламаған. Бұл жағдайды біз Мәйкөт пен Бөлтіріктің айтысынан ашық-анық, айқын көреміз. Жиырмаға әлі тола қоймаған жас ақын Бөлтірік жасы жетіп егде тартыңқырап қалған Мәйкөтке:

Бозторғай шырылдап,

Егіндерін қорысып,

Аспандағы құдайдың

Торғайымен ұрысып, -

деп, алтын астық өсіргенін бетіне кінә етіп, мін қып тақса, аса талантты ақын Мәйкөт бұл әжуаға орынды уәж айтады, жас жігіттің бетін жасқай отырьш:

Әулиенің үлкені -

Астананың азаны.

Түркістан дейтін қалада

Қайнап тұр ырыс қазаны.

Дәнсіз қашан бар еді,

Адамзаттың базары.

Бабаң салған диқанды

Бос жамандап оттайсың.

Құдайға болдың жазалы,

Аяқты байқап басқайсың,

Ала да бермей мазаны, -

деп Мәйкөт («Айтыс», 1965 ж. 183-184-6. ) толғаса, мұндағы «Бабаң салған диқанды» деп Төле биді айтып отыр. Өйткені Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтқандай, алтын дән теңізін Шымкент өңірінде бір кездері толқытқан Төле би екені дау тудырмайды. Ретті жерінде айта кетейік, Шәкәрім қажы: «Ғалдан ханның Абылайды босатқаны 1774-жыл еді. Сонда Абылайдан Ғалдан хан үш сөз сұрапты: Бірі:

- Еліңде қой көп бола ма?- депті. Абылай:

- Көп, - десе:

- Ендеше қойшы өтірікші, қой ұры деген сөз бар еді. Еліңнің ұсақ жанжалы басылмас, - депті.

Екінші сөзі:

- Еліңде сиыр, жылқы көп пе?- депті. Абылай:

- Көп, - десе:

- Ендеше елің еңбексіз сүт пен қымыз ішіп, ет жеп балалары ақымақ туады десеңші, - депті.

Үшінші:

- Елің егін сала ма?- десе:

- Салмайды, - депті.

- Олай болса, жер емшегін ембеген ел әлі де болса неше аударылып, қозғалып, жуырда орнықпас», - депті («Түрік, кыррыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабынан, 1911 ж. Орынбор) . Мінеки, бұл тарихи уақиғадағы көрсетілген деректерге қарағанда, Арқа елі де жаңағы Кеген ауданының ақыны Бөлтірік сияқты Төле би заманында егінмен айналыспаған болып шығады. Ал Абылай хан ажал жастығына басын қойғанда, Бұқарекең айтқан екен, - дейді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы:

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай,

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,

Сонда да қалар ма екен қайран жаның-ай, - дегенде Абылай хан:

- Тоқта, тоқта бұлай десең, мен діннен шығамын, сен жалғаншы боласың! Қанша жыл өмір сүргенмен, қазақты билеп-төстегенмен, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл бір. Ақбоз аттың құнын ер құны болсын деп кесім кестіргенім жоқ, мұнымен екі. Мылтығын құралайдың көзінен өткізетұғын мергеннің құны екі ердің құны болсын деп, ұста мен етікшінің құнын қатын құнымен бір бәс қылып, жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ. Осы үш арман сүйегіммен бірге көріме түсті деген екен», - депті деп (№ 1177, 34-6) Мәшекең жазса, бүкіл өмірін «Еңсегей бойлы Ер Есім» дастаны мен «Төле бидің тарихын» өрнектеуге арнаған Қазанғап Байболұлы: «Сол күндерде Төле би «Жер емшегін ембей болмас», - деп отырыпты. Елді бастап, көшпенділікті тастап, жеті арық қаздырған еді. Осы күндерде белгісі бар дейді», - деп, әрі қарай шежіреші ақын ойын өлеңмен сабақтайды: Қоймайсың көш деп, халқым-ау, Біреуің емес, барлығың. Менде қасірет көбейді, Енді айтайьш анығын. Халайық жолға кірсекші, Жер емшегін емсекші, Орнықты болмай болмайды, «Арпа-бидай ас» деген, «Алтын-күміс тас» деген. Қазыналы гауһар зеріңнен, Төрт түлік жиған малыңнан, Күндердің күні келгенде, Біреуі артық наныңның, - (234-235-6) деп, Төле би атамыздың атынан жалпақ жұртқа ұран салыпты. Қ. Байболұлы бұл жағдайды 1718-жылы болып еді, әз Тәукенің қайтыс болған кезітін дегенді тағы да ескерте кетеді. Дәл бұл кез ұлы ханымыз Абылайдың жеті жастағы кезіне мөлшер боп келеді.

Мінеки, осы келтірілген бірнеше мысалдың өзінен-ақ Төле бидің егіншілік жұмысымен ерте араласқанын көреміз. Бұл да ұлы бидің халықтың хал-жағдайын жан-жақты ойлағанының, елді сүттей ұйыған береке-бірлікке шақырғанының белгісі.

«Адам баласының құдіреті еңбекте, еңбек еткен жанда ауыз бірлік болады, өйткені адал жұмыстың түбі зейнет», - дегенді де Төле би өз заманында халыққа өсиет етіп көп айтқан, көп толғаған. Атамыздың бізге жеткен:

Қарап отырғанша,

Бір нәрсеге жарап отыр.

Кәсіп болмай,

Нәсіп болмас, -

деп келетін ұлағатты нақылында қаншама мән-мағына жатыр. Халқымызда «Маңдай тер, табан ақының төлеуі өтелмей қалмайды, Алланың өзі сайтанның да еңбегін жемеген» дейтін аңыз бар. Тіпті қарапайым екі қазақтың бірі білетін «Еңбек қыл да, міндет қыл» деген дұғадай естілетін сөздің ішкі астары мен тереңдігінде еңбектің бағасы дөп басып айтылған ғой.

Көзінің тірісінде алты алашқа атақ-абыройы аспандап жеткен киелі бабамыздың қасиет-қадірі болашақты болжай білетін асқан даналығында екені сөзсіз. Орайы келген соң айта кетейік, Кіші жүз елінде бір жылы қатты жұт болып, жұрт аштан қырыларман болыпты. Сол елдің Қаражігіт деген ақсақалы бар екен. Сол қісі өз баласын Үйсін Төле биге барып ақыл сұрап кел деп жіберіпті. Бала барған күні мейман болып, бір-екі тәулік өткен соң, қайтпақ кезінде Төле би:

- Балам, жай жұр ме едің, жол болсын, жұмысың не еді?- депті. Бала:

- Елім жаман жұтап, төрт аяқты малдан тұяқ қалмаған соң, әкем сізге жіберіп еді, ақыл сұрап кел деп, қайтсек біз ел қатарына қосыламыз, - дейді. Сонда ұйсін Төле би:

- Ә, балам, жігіт адамның қара басына үш кесір бар. Ол үш кесірдің бірде бірінен аман болған адамның қарны ашпайды, өзегі талмайды, аштан өлмейді, телміріп кісіге бармайды, - дейді. - Егерде сол үш кесірдің бірде-бірі жігіт адамда бола қалса, ішсе асқа жарымайды, кисе киімге жарымайды, ілгері басқан аяғы кейін кетіп, ғұмырында кедейліктен құтылмайды, - дейді. Сонан басқа ешнәрсе демейді. Биде де үн жоқ, балада да үн жоқ. Әлгі сөздің шешуін біліп кетейін деп отырғанын сезген би балаға:

- Жай тоқтадың ба?- дейді.

- Жаңағы бір сөздің аяғын біліп кетсем деп, соған қарайлап отырмын, - дейді.

- Бәли, балам, сөздің қадіріне жететұғын бала екенсің, енді саған оның мәнісін айтайын: Жігіт адамға бас кесір - еріншектік, ортаншы кесір - ұйқышыл болу, кенже кесір - кежірлік. Осы үш мінез бір адамда болса, ол адам өмірінде оңбайды, осы үшеуінің бірде-бірі жоқ болған адам кісіге мұқтаж болмайды, күннен күнге ілгері баса береді, - дейді. «Дала уалаятының» газетінде 1890-жылғы 9-санында жарияланған. Бастырушы М. Көпейұлы.

Қазақ бабамыздың «жақсыдан шарапат» деген терең мағыналы аталы сөзі бар емес пе еді, Төле бидің жоғарыдағы дуалы сөзі Кіші жүз еліне құт-береке әкеліпті. «Үйсін Төле би осылай деді деп, бидің сөзін халқына жеткізіп, жұттан бір тайлы қысыр бие қалған екен, оның өзін жалғыз осының сүті кімнің аузына жұғын болады деп қоя берген екен. Сол биенің жалғыз тайын желіге байлап, күні-түні ерінбестен, ұйықтамастан сауып, бір қара сабаны толтырып, ауыл-аймағын жиып алып, тәтті қымызға тойдырыпты.

«Кел, бозбалалар, еріншектікті, ұйқышылдықты, кежірлікті тастап, үйде қарап отырмай, ер басына бір-бір қара пайда тауып келіңдер! Мұнда кемпір-шал, қатын-қалаш, келін-кепшік, бала-шағаны әуелі құдайға, онан соң міндетін маған тапсырыңдар, - деп жалғыз торы биені ұйықтамастан бағып, ерінбестен сауып, соның сүтімен бәрін асырап, өзі айтқанындай бәрін ашықтырмай асырап, сақтап, бір биенің сүтін рулы елге жеткізіп тұрды дейді. Сонан пайдаға кеткен жігіттер жаз бір қара тауып келді, күз бір қара тауып келді, қыс бір қара тауып келді. Ер басына бір жылда үш қарадан тапқан соң, екі-үш жылда ел қатарына қосылып, мал малданып, алды-алдына ауыл болып қалды дейді. Төрт-бес жылда баяғы байлығы қалпына келіп, әлі осы күнге шейін Алшын қаражігіттің арты бай, жақсы орынды болды деп сөйленеді», - десе бұл бір жағы ертегі, бір жағы қиялданудан туған нәрсе сияқты болып көрінгенмен, арғы жағы шынайы шындық, ақ сөз! Біздің бұл кішкене ғана үзіндіден байқағанымыз нағыз адал еңбек барда - адамның ішкі сарайы да, мінез-құлқы да, береке-бірлігі де арта түседі екен. Көп болып қимылдап еді, мал да бітті, жан да бітті. Тағы бір айта кететін мәселе, Төле бидің ықыласы азаматқа, ауылға, елге тегіннен-тегін аумайды екен. Ұлы бидің батасын алған қауым-халайық көгеріп-көктеп, гүлдеп шыға келеді екен. Қазанғап Байболұлына сөз берсек:

Қазақта сансыз көп билер,

Үш биден бөлек үш жүздің,

Жеткен жоқ түгел шамасы.

Дүниеде зерек кім туған

Төледей қазақ баласы,

Билігі терге жылжыған,

Туылған айдай ел басы.

Тоғыз жаста Төленің,

Берген рас жобасы.

Бір-бір сөзі қарттардың

Аузында өлең санасы.

Жебегені жетілген,

Налығанын өлтірген (179-6) .

Мінеки, біз бұл кішкене ғана үзіндіден Төле би атамыздың тоғыз жасынан бастап ел билігіне араласқанын, іркіттей іріген жұртты сүттей ұйытқанын пайымдаймыз. Билікті дұрыс беру аса зеректік пен парасаттылықты, жіті қырағылықты қажет етеді. Көрегенділікпен терең толғай білетін салмақты ақылдылық жоқ жерде іс ілгері баспайды, қайта кері кетеді. Әділеттілік кім-кімге де керек-ақ. Шәкәрім қажы: «Шыннан өзге құдай жоқ», - (Шығармалары, 1988 ж. «Жазушы», 241-бет) деп, тебіреніп зарлап айтып кетсе, бұл ұлы сөзге біз де тоқтаймыз. Ал кемеңгер Абай:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәріи сүй бауырым деп,

Және хақ жолы деп әділетті.

(Толық жинак, 1962 ж. 296-6) .

Расында шындық бар жерде бәрі де бар. Әділеттілік те, адалдық та, өзіне-өзі сын көзімен қарау да тек ұлы шын- . дыққа тіреледі. Өйткені шындықта жалтақтау-бұлтақтау деген атымен болмақ емес! Біреуді жақсы көрсе де Абай атамыз айтқандай «жанынан артық сүйеді». Ал әділеттілік-тің адамзат үшін керектігін Төле биден артық айту мүмкін емес шығар: Теңізге құйса дария, Суының мол болғаны. Ел билеген ер жігіт Сыйласа халқы құрметтеп, Басына бақыт қонғаны. Қольшда болса бар билік, Қараға залым болмаңыз, Алдыңа келсе бітпес дау, Әділін айтып қорғаңыз!

(Төле би. «Мұраттас», 1991 ж. 39-6) .

Ұлы би кішкене ғана ұзіндіде өз ойын, арман-мұратын бәрін-бәрін жеріне жеткізе айта білген ғой. «Өзеннің тұнық болмағы басынан аққан бұлағынан» демекші, қарашаньщ жақсы болмағы билік тізгіні қолында-ғы азаматтарға байланысты екені қай кезде де ақиқат.

Ел іші болған соң, сол халық жарық дүниеде тірлік кешіріп, күн көріп жатқан соң адам баласының өне-бойы жаймашуақ жағдайда болуы қиын. Өйткені қауым бір-бірімен қарым-қатынас жасамай отыра алар ма? Бірде жер дауы болса, енді бірде жесір дауы, тағы бір әзірде барымта дейсіз бе, әйтеуір талас-тартыссыз, дау-дамайсыз өмір жоқ. Төле бидің жастау кезінде осындай бір қақтығысты жағдай екі ел арасында өтіпті деседі: «Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын елінің белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, бәтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген жасар Төле билік айтушылардың бірде-біріне толмай;

Ақты ақ деп бағалар, О, игі жақсы ағалар! Өзегі талса ел біткен Өзен бойын жағалар, -

деп сөз бастай бергенде: «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без», - деуші еді. Мына бала кім өзі?»- дейді төрдегі би. Төле қасқая қарап тұрып:

О, би аға! Он үште отау иесі емес пе? Кінәлімін бе келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Ала көз болу ағайын адамға лайық па?

Содан кейін Төле қатты толғанып, іштей тебіреніп біраз тұрады. Міне, осы кезде баяғы төрдегі

ю

кеңесш

он бес

көңілі

Төбе би

балаға қарап; қысылма, шырақ, - деп сәл сүйеу-демеу болыпты. Осы кезде өз ойын жұптап үлгерген Төле аңқылдап соққан ақ самалдай:

О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз, -

деп екпіндете тоқтағанда, әлгі би баланың сөзіне дән риза болып, бар ынта-пейілімен:

Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа қой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса, аға ғой, -

деп, барлық сонда отырған игі-жақсылардың назарын Төлеге аударыпты. Сэл рана үнсіздіктен кейін әлгі би сөзін кайта сабақтап:

- Балам, ағалық билікті саған бердім, - деді. Бала Төле жұлып алғандай:

«Сары табақтан сарқыт қайтады» деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын Үйсін, сол жағын Арғын жайласын, - деп билік айтады.

Бұл шешімге екі жақ та қатты риза болып, ел арасы жарасып, бітім-берекеге келіпті. Сонда бағанағы аға би;

Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелсін, Аулыңның таңы бол, Маңдайдағы бағы бол, -

(«Ел аузынан», 1989, 28-29-бет) деп, бала Төлеге бата берген екен.

Халқымыздың «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер көгерер» деген ұлағатты сөзі бар емес пе?! Төле осы дуалы бидің батасынан кейін ел-жұрттың билігіне араласып, ауыл аймақ арасының жыртылған жерін жамап, бұзылған жерін түзепті.

Жетпіс жылдан артық уақыт бойы халқымыз «ит мініп, ирек қамшылаған» күй кешті. Жадау-жүдеу тірлігінің үстіне өткен тарихы не айтылмай, не айтқызылмай жабулы қазан жабулы күйінде жатты. Дәл осындай қиын жағдайға қарамай, Қазанғап Байболұлы Төле бидің бүкіл өткен өмірінен дастан жазып шықты. Ақын осы

11баға жетпес қымбат еңбегін қалай жазғандығы жайлы айта келіп:

Ес кіріп, етек жапқан күнімнен бір, Тарихьш Төле бидің теріп жүрдім. Ілгерірек заманда, Бұрынғы өткен адамда. Үш би, бір хан атанып, Қазақ, қазақ болғанда, Күні туып оңынан, Айы туып солынан, Кемеріне толғанда, Ала байрақ, алтын ту • Ордаға толық қонғанда, Хан болып Тэуке тұрғанда, Алатаудың төрінде, Өрдегі жаныс елінде, Атақты ғазиз Төле би Бір келіп қапты жалғанға!

«Төле би тарихы», 178-6.

Мінеки, Қазанғап атамыз заманның кері кеткен қиын-дығына қараматан, өз көкірегінің нұрын қағаз бетіне жарқырата жайып салыпты. Біз Әз Тәуке қайтыс бол-ғанда ұлы би өзінің досы, серігі, қамқоршысы, қорғанынан айрылғанына аза тұтып:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Би-шешендер
Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Төле бидің ролі
Қазақ тарихындағы Қазыбек бидің алар орны
Тарих қойнауынан сыр тартқан
Билер қызметі
Мен туған елімді сүйемін!
Жабаев Жамбыл/ Мұхамбет-Салық Бабажанов/Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы
ТӨЛЕ БИДІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz