Төле Әлібекұлы (Төле би)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ТӨЛЕ БИ (1663 - 1756)

Төле Әлібекұлы (дулат тайпасы жаныс руынан шыққан). Көне Тараз жерінде
Қазақстанның оңтүстігіндегі Шу ауданының Жайсан жайлауында дүниеге келген .
Жас кезінен ол ғылыммен әуестеніп, көптеген көне кітаптарды оқыған. Араб,
парсы тілдерін меңгеріп, тарихи еңбектерді зерттеген. Шығыс әдебиетін,
соның ішінде лирикалық поэзияны, тарихи хроникаларды, эпикалық поэмалар мен
аңыздарды жақсы білді. Ол бір жағынан қазақтың аңыздары мен әңгімелері,
халықтың лирикалық және эпикалық поэзиясын, ал екінші жағынан Шығыстың
мәдениетін, әдебиетін, сот істерін түпкілікті оқып үйренді.
Оның аталары Жанты мен Жарылқамыс халық билері болғандықтан, Төле
оларға байланысты аңыз әңгімелерді зерттеп, шешендік сөздерін үйренді.
Өйткені, қазақ даласында шешендік сөз мәдениеті жоғары бағаланып,
құрметтелінді. Төленің әкесі Әлібекте заңдарды жақсы білген, әйгілі сөз
тапқыш шешен болған. Төле жастайынан әкесімен бірге ауылдарды аралап,
халықтың әдет-ғұрпы мен әділетті сот ережелерін үйренді. Төле он бес
жасынан халық жиындарына қатысып, өзінің ақылды, әділетті, өткір ойлары мен
шығарған шешімдерімен халық арасында атағы шыға бастады. Боз балакезінен,
Төле үлкендердің тәжірибесін жинақтап, олардың ақылдары мен батасын ала
отырып, би болды. Өз заманында Төле би прогрессивті адам болды. Ол өзінің
бір өлеңінде, халықты егіншілікпен айналысып, бидай мен көкөніс егуге
шақырады.
Ұлы жүздің бас биі, әрі Тәуке ханның кеңесшілерінің бірі болған Төле
"Жеті жарғы" заңдар жинағын жасауғада белсене қатысты .
Тәуке ханның тұсында елдің сыртқы саясаты мен қазақтың үш жүзін
құрайтын ру тайпалардың ішкі мәселелерін орталық хан билігі шешті. Төле
бидің ықпалы мен беделі (1723) жоңғар шапқыншылығынан кейін күрт өседі.
Қара халықтың арасынан шыққан бас бидің бағы қашқан қарапайым халыққа көп
көмегі тиді. Қарапайым халықтың басына түскен ауыртпашылығы мен қайғы-
қасіреті басқаларға қарағанда оған жақынырақ еді. "Халыққа байлығы асқан
бай емес, әділетті би керек", - деген мәтел сол заманда Төле бидің ақылы
мен әділеттілігіне қатысты айтылған болуы керек.
Төле бидің даналығын көрсететін мынандай аңыз бар. Жоңғарлардың
шапқыншылығы басталып, халық өре тұрып, көше бастаған да, Төле би ғана киіз
үйін жимай, орнында қала беріпті. Жоңғар қонтайшысы, жапан далада жалғыз
үйдің тұрғанына таң қалып, үй иесінен "неге басқалармен бірге көшпедің?" -
депсұраған екен. Сонда, Төле би: "Биыл көктемде шаңыраққа қарлығаш ұясын
салды, балапандары әлі кішкентай, ұшу білмейді. Ұлы тасқыннан адамзатты
аман алып қалған құстың ұясын бұза алмаймын. Қарлығаш адамдар мінген
қайықтың тесігін өз денесімен бітеп, адамзатты аждаћа жыланның аузынан
сақтап қалған. Сондықтан балаларымның амандығына бола, қарлығаштың ұясын
бұзуға менің дәтім бармайды", - деген екен. Бұл аңыздың қаншалықты шындыққа
сай келетіні бізге беймәлім, бірақ содан былай қарай Төле би "Қарлығаш би"
деп атанып кетіпті.
Ташкент пен Шымкент маңында өмір сүрген қазақтар мен өзбектер үшін,
ол "Қарлығаш әулие" атымен белгілі. Ұлы жүздің ханы Жолбарыс хан қайтыс
болғаннан кейін, Төле 1743 пен 1749 жылдар аралығында алты жыл бойы
Ташкентте отырып, Ұлы жүзге тиесілі жерлерді басқарады.

Төле би болашақ сұлтан, кейіннен хан болған жас Абылайдың ұстазы
болды. Абылай оның түйелерін баққан екен. Аңыз бойынша, бір күні Төле
Абылайды ұйықтап жатқан жерінде көреді. Ол екі аяғы мен екі қолын жан-
жағына айқара лақтырып, ұйықтап жатыр екен. Қасындағы жігіттерді шақырып,
Төле би: "Көрдіңдер ме, ол аяқ-қолын қалай айқара лақтырып ұйықтап жатыр,
түбінде ол төрт рудың үстіненбасқаратын хан болады", - деп сәуегейлік
жасаған екен.
Халықтың айтуынша, Майқы биден кейінгі ең ақылды, білгір сот Төле би
болған. Жауға аттанар алдында батырлар Төле бидің алдынан өтіп, батасын
алуды жөн санаған. Олай етпесе "жолы болмайды", - деп ойлаған. Төле көрші
Бұқара, Қоқан елдерімен бейбіт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ (1657-1756 жж.)
Төле би Әлібекұлы өмірібаяны
Төле би өмірі
Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет - ғұрыптық құқығы
Ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің туғанына биыл 350 жыл толады
Қазақ билері туралы
ҚАЗАҚ БИЛЕРІ. Тауке ханның басқару кезінде
Қазақ даласының ұлы билері
Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Төле бидің ролі
Қазақтың алқа билері
Пәндер