Тәуке ханның Жеті жарғысы, ішкі және сыртқы саясаты
ЖОСПАР
Тәуке хан және жеті жарғы 3
Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты. 5
Тәуке ханның Жеті жарғысы. 9
Жеті Жарғы және қазақтың әдеттік-қылмыстық құқығы. 11
Жеті Жарғы және некелік қатынастар. 12
Қолданылған әдебиет 15
Тәуке хан және жеті жарғы
Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және елінің
бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғаларының есімін атауға
тыйым салып, коммунистік-тоталитарлық идеологияның үстемдік етуімен
басылған әдебиеттерде өткен өміріміз бір сорлы, басқа ел емес, тігггі
өзіміз шршитын құбыжық өмір болып суреттеліңді. Тек тәуелсіздікке қолымыз
жеткеннен кейін тарихымызға деген көзқарас, қүштарлық арта түсіп,
еліміздін, өткенін тану жиналған астықпен, қазылған кен-мен тепе-тең
бағаланып, өшіп кдлған есімдерді қайта тірілтіп жатырмыз.
Міне, осығаи орай заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің
ішінен ерекше орын алады, Бұған тарих куә, халқымыздың ой-санасы куә.
Тәуке хан туралы зерттеулер мүлдем жоққа тән. Оның себебі негізінде
Тәуке хан туралы мәліметтердің сол заманнан бері архив қазыналарында
сақталмауы және тарихи зерттеулерде ізденіс болмағандығы. Жалпы жарық
көрген тарихи әдебиеттердің беттерінде Тәуке хан туралы мәлімет өте жұтаң,
тіпті бір-екі ауыз сөзбен шектелетіні бәрімізге аян.
Батыр да, хан да, қара да, өз заманының перзенті Тәуке хан өз
дәуірінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа Шығыс халықтарының
тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын алған. Ал
өз елінің өміріндегі дипломат-мәмілегер, данышпан айлакер қолбасшы, әдеттік
құқық системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын
сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды.
Бізге жетіп отырған тарихи деректерде Тәукенің туған жылы белгісіз, ал
қайтыс болған жылы туралы ғылыми зерттеулерде қарама-қайшы пікірлер бар.
Жарық көрген тарихи әдебиеттерде Тәуке 1718 жылы дүние салды деген пікір
тұрақты болып қалыптасқан. Ал белгілі қазақ тарихын зерттеуші ғалым В. А.
Моисеевтің тұжырымдауынша Тәуке ханның есімі орыс тарихнамасында сақталған
құжаттарда 1716 жылдан мүлдем кездеспейді. Оның ойынша, осыған қарағанда
Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болуы әбден мүмкін.
Бұл мәселе болашақта негізінде қытай тіліндегі құжаттарды зерттеуде
нақтылы анықталады деген ойдамыз.
Тегі жағынаи алып қарайтын болсақ, Тәуке хан Есім ханның немересі,
Жәңгір ханның баласы. Шежіре түрінде былайша көрінеді:
Керей — Мұрындық — Жәдігер— Шығай — Есім— Жәңгір — Тәуке. Одан Болат,
Сәмке, Қосым, Қасым, Қөшын, Ғайып, Мұрат, Тұрсын.
Бізге жеткен деректер мен аңыз-әңгімелерге қарағанда Тәукенің әкесі
Жәңгір хан бар өмірін қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан қорғаумен
өткізген, өзі жаумен кезекті шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Халық оны
Салқам Жәңгір деп атап кеткен. Жәңгір хан туа біткен данышпан, көрегенді
қайраткер және соғыстың әртүрлі айла-тәсілдерін, ұрыстың өзіндік
ерекшеліктерін пайдалана білетін ірі қолбасшы ретінде танылады. Ол қазақ
жерін сыртқы жаулардан қорғауда баға жетпес еңбек сіңірген, елінің
тәуелсіздігін сақтау мақсатында келер ұрпақ алдында сүйіспеншілікке
бөленген ірі болғаны ақиқат, тарихи шыңдық.
Әкесі Жәңгір ханның ерлікке толы қимыл-әрекеттері Тәуке ханның бойына
дарығандықты аңғармасқа болмайды. Тәуке жас кезінен-ақ саясатқа жақын
болған, әкесі оған жастығына қарамастан сенім артып, елшілікке жіберіп
отырған.
Тәуке жас кезінде, бейнелей айтқанда, қазақ даласының емін-еркін
бесігінде тербеліп, көшпелі өмірдің бар өсиет-өнегесін, ерлік-батырлық
қасиеттерін бойына сіңіріп өскен. Табиғат алғыр етіп жаратқан жанның
балалық шағы жайлы әрқалай аңыздар да, әңгімелер де болған-ақ шығар. Олар
уақыт пердесінің арғы жағында қалып, әзірге бізге жетпей отыр. Болашаққа
көп мәліметтермен деректер, кітаптарда және қолжазбаларда болуы әбден
ықтимал.
Осындай деректердің тапшылығына байланысты Тәукенің қай жылдардан
бастап хан болғандығы туралы деректер тарихи әдебиеттерде әртүрлі. Қазақ
сахарасының дарынды философы Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің зерттеулерінде
Тәукенің тек хан болып сайлануына ғана тоқталып, былай деп жазды: Бұл әз
Тәуке Салқам Жәңгірдің қалмақтың ханының қызы қатынынан туған баласы еді.
Мұнан басқа Үргенштегі Ғайып ханның қызынан туған Уәлибақы Ғайып деген
баласы бар еді. Жәңгірдің орнына әз Тәуке хан болғанда, хандыққа өкпелеп
Уәлибақы Ғайып ханға кетіп еді. Бұл мәліметтен біз Тәуке ханның шешесі
қалмақ екенін байқаймыз және Жәңгірдің тағын Уәлибақы емес, керісінше Тәуке
басқаны кездейсоқ жағдай емес. Бұл негізінде Тәукенің ақыл-ой, парасатының
терең болғанын тағы да айқындай түскендей.
Атап айтатын болсақ, бәріміз білетін еліміздің тарихында Тәуке 1680
жылы әкесінің тағына отырды делінген. Бұл дерек ешбір өзгергусіз кейінгі
жылдары басылып шыққан тарихи әдебиеттерге енген еді. Халқымыздың тарихында
ірі құқықтық қужат болып саналатын Жеті Жарғыны зерттеуге елеулі үлес
қосқан шығыстанушы заңгер-ғалым Нұралы Өсеров өзінің кандидаттық
диссертациясында Тәуке 1678 жылы хан болды дел тұжырымдайды. Бұл мәселеге
байланысты Сәкен Сейфуллин де кезінде өз пікірін ортаға салған. Көрнекті
жазушы кезінде былай деп жазған: Жәңгірден кейін қазаққа Тәуке хан болды
(1688 жылда).
Тәуке хан Ташкент ауданында тұрады. Тәуке ханның тұсында да қазақ ылғи
қалмақпен қағысып тұрса да өзге хандардың тұсындағы тыныс алмай жөңкілу,
аттаныс, шабыншылыққа қарағанда сәл шабыншылығы аздау болып, тіршілік
жасайды. Бірігіп өмір сүрген: қазақ, қырғыз, қарақалпақтың ірі руларында
билік жүргізген алты бидің аты шығады. Ұлы жүзде Төле би (Дулат, Әлібек
баласы), Орта жүзде — Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзде — Әлім руынан
Әйтеке би, қырғызда Кәкім би, қарақалпақта — Сасық би, Қатаған-Жайма, басқа
ұсақ рудан тағы бір би.
Қазақ совет энциклопедиясының 10-шы томында Тәукенің хан болып
сайлануы 1680 жылды қайталап жазған.
Әрине, қазіргі уақытта жалпы әдебиетте қалыптасқан көзқарасты мойыңдай
отыра біз Тәуке ханның таққа отыруын 1680 жылмен белгілейміз. Ал жалпы оның
туған жылын анықтауды болашақ зерттеушілердің үлесіне қалдырдық.
Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.
Тәуке хан қазақ елінің қасиетті қаласы Түркістанда ақ киізге
көтеріліп, бүкіл үш жүздің ханы болып сайланғаннан кейін қазақтың сол
заманындағы қоғамының ішкі және сыртқы саясатына ерекше көңіл бөліп, сол
кезеңнің өзінде-ақ ұлт мемлекеттілігін халықаралық деңгейге, биік дәрежеге
көтеруге аянбай күш салады. Атап айтатын болсақ, Тәуке хан қазақ
мемлекеттілігін нығайту үшін ең алдымен бет-бетімен ру-руға бөлінген, бір-
бірімен қырылысып жатқан елінің ұлттық бірлігін сақтауға аянбай күш салады.
Елдің басын біріктіру мақсатында ру басшыларының алауыздылық қимыл-
әрекеттерін қолдағы бар тәсілдің бәрін қолданып тыюды мақсат етті.
Тәуке хан ішкі саясатында қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдалана
отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздықты тыю үшін сонымен қатар
ел басқару ісін жақсартуды күн тәртібінде қойды. Бір орталықтан
басқарылатын қазақ мемлекеттілігін құру үшін бірінші санатта тұрған мәселе
Шыңғыс хан ұрпағынан тараған, сұлтан, төрелердің және ерекше статусқа ие
болған қожалардың, казақ қоғамындағы құқықтық жағдайларын өзгертуге ден
қояды. Ондағы мақсаты мемлекеттік басқару ісіне әр ортадан шыққан
қабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді. Қазақ қоғамында Шыңғыс
хан заманынан қалыптасқан дәстүр бойынша ел басқару сұлтан, төрелердің
маңдайына жазылған қағида болды. Соның нәтижесінде елді билеген сұлтандар
басқару ісін өнер, ақылдылық, беделдік парасатпен емес, жиі-жиі жағдайда
тек тұқым қуалаған атағымен алып отыратын болған.
Тәуке хан колдағы бар мүмкіншіліктерді пайдаланумен халықтың, ел
басшыларының санасына ел арасында өзінің ақыл-парасатымен, батырлық
әрекеттерімен ел басқару ісіне бейімі бар дарынды тұлғаларды тарту
қажеттігін сіңіруді саясатының ең басты мақсаттарының бірі деп таныды.
Салыстырып байқайтын болсақ Тәуке ханның бұл саясаты I Петр жүргізген
саясатпен ұштасады. Бұл шаралар өзінің нәтижесін де берді. Қазақ қоғамының
саяси аренасына осындай саясаттың негізінде халық арасынан шыққан дарынды
билер мен елдің тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауда ерлік танытқан
батырлар көтеріле бастайды. Мемлекеттік аппараттың құрамында үлкен
өзгерістер болды. Атап айтатын болсақ басқару процесіне бұрын беймәлім
болған Билер кеңесі енгізілді. Бұл мемлекеттік орган қазақ
мемлекеттілігінің саяси жүйесінде үлкен құқықтарға ие болумен қатар, ішкі,
сыртқы саясатты жүргізуде орасан зор рөл атқарды. Билер кеңесі сайланған
алқалық орган ретінде талқыланған, қаралған мәселе бойынша кайта айналып
қарауды қажет етпейтін шешім қабылдау дәрежесіне дейін көтеріле алған.
Билер кеңесі өзінің мемлекеттік функцияларын тұрақты түрде атқарып
отырды. Үш жүз рулар арасындағы шиеленісті дауларды шешуде, сепаратистік
қимыл-әрекет жасаған сұлтандарды және жалпы трайболизмді тежеуде өлшеусіз
рөл атқарып отырды. Билер кеңесінің нақтылы мәселе бойынша қаралған
істерінің шешімдері заң күшіне еніп, ханның өзі оны жоққа шығара
алмағандығын айта кеткен жөн. Бұл мемлекеттік органның құрамына негізінде
ру, ел басшыларының (ақылгөй ақсақалдардың) жиналысында бата алған, яғни
сайланған от ауыз, орақ тілді шешендер, аймаққа танымал болған беделді
адамдар және ұрыстарда ерлік танытқан батырлар енген. Ханда қырық кісінің
ақылы бар деген сөз содан қалса керек. Билер кеңесінің құрамына атақты
Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба,
Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды
қайраткерлер мен батырлар кірген. Бұл органның қазақ қоғамында беделінің
артқаны сонша, тіпті Тәуке хан оның келісімінсіз, бекітуінсіз мемлекеттік
маңызы бар шешім қабылдауға құқы болмаған. Билер кеңесі өзінің
мемлекеттік статусы бойынша ханның билігін шектеу құқына ие болған, көшпелі
қазақ қоғамының тұрмыс-тірлігіне сай қалыптасқан ұлы даланың сол кездегі
парламент және ең жоғарғы сот органы ханның ішкі және сыртқы саясат
мәселелері бойынша шешім қабылдауы Билер кеңесінің құптауын талап еткен.
Бір сөзбен айтқаңда, қазақ қоғамында атқарушы билік ханның қолында
шоғырланған. Билер кеңесі шығарған заңдар мен шешімдерді хан іс жүзіне
асырып отырған. Хан билік жүргізуді мұрагерлік жолмен қабылданғанмен
мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша Билер кеңесінің ұйғаруынсыз
шешім қабылдай алмайды. Тек тығыз мәселе бойынша тез арада шешуді талап
ететін жағдайда хан өз тарапынан батыл қимыл-әрекеттер жасауға құқылы.
Билер кеңесі Тәуке хан құрған мемлекеттілікті нығайтуға өлшеусіз
үлес қосты. Халық мүддесіне қызмет еткен, ішкі және сыртқы саясат жүргізуде
тиімді, даналық қызмет атқарғанына тарихтың өзі куә. Билер кеңесі
негізінде Сырдарияның бойында орналасқан Әнгірен, Түркістан мен Сайрам
жерінде орналасқан Битөбе, Мәртөбе сияқты жерлерде шақырылып тұрған.
Тарихтан мәлім, Тәуке ханның тұсында, әсіресе, 1698—1717 жылдар аралығында
қазақ елінің территориясына жоңғар феодалдары баса-көктеп кіріп, бейбіт
өмір сүріп жатқан көшпелі қазақ халқының кең даласын қанға бояды, Дәл
осындай қиын-қыстау кезеңде Тәуке ханның ірі қолбасшылық, реформаторлық
қасиеттері айқын көрінді. Ішкі әскери стратегиялық саясатта Тәуке хан қазақ
даласында шайқастың бірнеше тактикасын ойлап тауып, жаудың қарулы күштері
мен жасақтарын әлсіретіп барып ойсырата соққы беруді дағдыға айналдырды.
Қазақ әскері кезінде Шыңғыс хан құрған әскери басқаруды қайта жандандырды.
Әскерде қатаң тәртіп орнатылды. Әскерде басшылық ету Онбасы, Жүзбасы,
Мыңбасы болып қалыптасты. Мыңбасын Тәуке ханның ұсынысымен Билер кеңесі
аса ерлік көрсеткен, ақылгөй батырларды бекіткен. Бас қолбасшылық Тәуке
ханның қолында болды. Тәуке ханның әскерінің жалпы саны соғыс жылдарында 80
мың сарбазға жетіп отырған. Ал бейбіт өмір сүрген кезеңде, қысқы
мерзімдерде хан ордасында негізінде 500—1000-ға жуық тұрақты жасақтар ғана
болған. Олардың негізгі функциялары хан ордасын ішкі бүлікшіліктен қорғау
және ханның қауіпсіздігін сақтаумен шектеліп отырған.
Тәуке хан әскердің соғысу қабілетінің күшті болуына ерекше назар
аударған. Соғыс өнерінің әр саласынан хабары бар адамдар жауынгерлерді
арнайы дайындықтан өткізуді мақсат еткен. Дайындық барысында жауынгерлер ат
үстінен садақпен оқ ату, аттан аударып түсіру, арқан тастау сияқты соғыс
өнерін жетік меңгерген болған.
Сыртқы саясатта Тәуке хан ең әуелі жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру
мақсатында көрші мемлекеттермен қатынасты нығайтты. Ең алдымен Тәуке хан
діні бір, тілі бір тілдес көрші орналасқан Бұхарамен дипломатиялық
қатынастарды биік дәрежеге көтерді. Екі ел арасында негізінде қақтығыстар
бір-бірінің керуендерін тонаудан болып тұрды. Тәуке хан өзінің арнайы
жарғысымен қазақ жерінен өткен Бұхара елінің керуен, саудагерлерін тонауға
тыйым салды. Бұдан былай ондай әрекеттер болған жағдайда кінәлі адамдар
қатаң түрде жазаға тартылған еді. Бұхарада Тәуке ханның бұл қадамдары жылы
қабылданды, қазақ еліне жасалынып жатқан шабуылдар пышақ кескендей
тоқталды. Бірақ Тәуке ханның Бұхара басшыларын Жоңғар шапқыншылығына қарсы
бірге күреске шақыруы ешқандай қолдау таппады, не болса да соғыстың артын
бағу саясатын көздеген еді.
Тәуке хан 1686—1693 жылдар аралығында Ресейге өз елшілерін жібереді.
Ондағы мақсаты — қазақ қоғамымен, оның бай мәдениетімен орыс елін
таныстыру, екі ел арасындағы сауда қатынастарын жандандыру еді. Ал,
кейінірек, 1714 жылғы жоңғарлардан қатты соққы алып, жеңілгеннен кейін
Тәуке хан Ресеймен достық қатынастарды нығайтуды және онымен одақтасуды
өзінің сыртқы саясатының ең маңызды мәселесі деп таниды. Жоңғарлар басып
алған қазақ жерін азат ету үшін I Петр патшадан көмек сұрауға дейін барады.
1694 жылы Тәуке хан Түркістанда Феодор Скибин, Матвей Трошихин деген
орыс елшілерін сән-салтанатпен қабылдап, қазақ елінің әскери күшін көрсете
отырып, келіссөз соңында оларға батыл түрде: Түрік сұлтанының немесе
Қызылбас (Парсы) шахының менен, Тәуке ханнан несі артық? Олар да мен сияқты
ғой — деп сөз қайтарған екен. Бір сөзбен айтқанда, ол қазақ елінің сол
кездің өзінде барлық елдермен тең құқықтық жағдайда болуын талап еткен,
отарлық саясаттың қандай түріне де үзілді кесілді қарсы тұрған. Тіпті қазақ
пен орыс халықтарының арасында қақтығыстар болып қалған жағдайдың өзінде өз
халқының ұлттық ар-намысын аяққа бастырмауға тырысқан. Осыған бір дәлел.
1709 жылы Ресейде Кондратий Булавиннің патшаға қарсы жасаған көтерілісі
жеңіліске ұшыраған соң, оның туының астында болған мыңдаған орыс казактары
I Петрдің жазаға тарту саясатынан қашып, Дон өзенінен өткен соң қазақ
даласына қарай бет алады. Бұлардың көбісі баукеспе қарақшылар, орыс
өкіметінің заң алдында жауапқа тартылуы қажет, бірақ қолға түспей қашып
кеткен қауіпті қылмыскерлер тобы болған. Соның нәтижесінде бұл қарақшылар
Еділ мен Жайық өңірінде қоныс теуіп отырған қазақ халқына қырғидай тиеді.
Қазақ елінің қонысын ғана тартып алып қоймай, бейбіт өмір сүріп отырған
қазақтарға қарсы айуандық, бассыздық, зорлық-зомбылық әрекеттер жасайды.
Мылтықпен қаруланған орыс казактары көшпелі елдің өміріне ойран салады,
еркін даланы қанға бояйды. Мұндай әрекеттерді естіген Тәуке хан тез арада
Билер кеңесін шақырып, орыс қашқыңдарының бассыздық әрекеттерін тыю
мақсатында Әбілқайыр сұлтан мен Бөгенбай батырды 30 мың сарбазбен жорықка
аттандырады. Бұл жасақ өзінің алдына қойған міндетін ойдағыдай орындайды.
Көп шығынға ұшырамай, қысқа мерзім ішінде бассыздыққа жол берген
қарақшыларды күл-талқан етеді. Қалған аз ғана құрамы Еділ өзенінің арғы
жағына өтіп, әрең дегенде қашып құтылады. Осының нәтижесінде қазақ елінің
Ресей жағындағы шекарасы ондаған жылдарға дейін берік болып тұрған
Сыртқы саясатта Тәуке хан қазақ халкы мен діні, тілі және салт-санасы,
генетикалык тамыры бір көршілес қарақалпақ және қырғыз халықтарына да
ықпалын тигізіп отырған.
Тәуке ханның тұлғасын, халық үшін атқарған өлшеусіз қызметін, зерттеу
барысында біз мынадай қорытындыға келдік. Тәуке хан қазақ елінің бір туар,
данышпан қайраткерлерінің бірі. Хандық билік жүргізген аралықта бұрын
бытыраңқы жағдайда қайсыбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz