М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
ЖОСПАР
М.ТЫНЫШБАЕВ – ИНЖЕНЕР-ТАРИХШЫ 2
Пайдаланылған әдебиеттер. 14
М.ТЫНЫШБАЕВ – ИНЖЕНЕР-ТАРИХШЫ
Мемлекет билеу жүйесін кемелдендіріп, қоғамдық қызметтерін
ағартушылықпен ұштастырған зиялылар бүкіл ел болмысын еуропалық өркениет
жолына түсіруге талпынғаны аян. Осылайша қазақ халқының қоғамдық дамуына
мән мен сән берген, үн мен сыр берген ұлттық зиялы қауым ұлылары ел
көркеюіне үлес қосады. "Халық басына қайғылы күндер туған заманда қайрат
көрсетпеген азамат – азамат емес" деп А.Байтұрсынов айтқандай, дүние
тетігін қолына ұстар азаматтар ел ұранын биік көтере жүріп, өз
дәуірлеріндегі мемлекет қайраткерлеріне айналады. Осы жылдары ел басқарған
Алаш азаматтарының көпшілігіне тән басты қасиет - әмбебаптық болып
табылады. Олар қоғамдық қызметімен қатар қазақ халқының өткен тарихының сан
алуан саласына үңіліп, зерттеп, шығармашылық қызметін де қатар ұстанады.
Солардың бірі – Мұхаметжан Тынышбаев.
Кеңестік дәуірде бұрмаланып, сыңаржақ жазылған тарихымыздың шынайы
бетін ашуда оның ғылыми зерттеулері ерекше орын алады. Зерттеліп отырған
тақырыптың өзектілігі – М.Тынышбаев сынды жеке тұлғаның төл тарихқа ерекше
мән беріп, оның бұрын беймәлім болып келген ақтаңдақ беттеріне тың деректер
арқылы қазақ шежіресі негізінде қазіргі заман талабына сай жаңа түйіндер,
тұжырымдар енгізуінде.
"Тарихшының өзіндік ерекшелігін анықтау, оның тарих ғылымының
дамуындағы шынайы рөлін анықтау, белгілі кезеңдегі оқиғалармен оның жеке
байланысын көрсету, оның замандастарымен ортақтастығын және ерекшелігін
анықтау – тарихнаманың маңызды мәселелеріне жатады" деп М.В.Нечкинаның(1)
атап көрсетуі де осыған саяды.
М.Тынышбаев (1879-1937 ж.ж.) - қазақтан шыққан тұңғыш инженер-тарихшы.
Ғалым қазақ халқының шежіре негізінде жазылған тарихы, ХІІ-ХІІІ ғасырларда
жоңғар шапқыншылығына қарсы мемлекеттің тәуелсіздігі үшін күресі, Тәуке хан
сияқты ұлы тұлғалардың тарихтағы орны, қазақ халқы тек көшпенді болып,
мәдениеті дамымаған деген көзқарасты жоққа шығаратын Қазақстан
территориясындағы ежелгі, ортағасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуы
туралы тың деректер негізінде зерттеулер жүргізеді. Осының нәтижесінде
туындаған еңбектері инженер М.Тынышбаевты тарихшы, өлкетанушы ретінде
көрсетеді. Өз өлкесін зерттеу барысында тарихи дүниетанымы қалыптасады,
шынайы тұжырымдар жасайды.
ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманға қарамастан М.Тынышбаев ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізе береді. 1920 жылы қазақ өлкесін зерттеу қоғамын
құрушылардың бірі болып "Сана" журналының шығуына ат салысады. Осы журнал
бетінде қазақ халқының қамын жеген, мүддесін көздеген зиялы қауымның
шығармашылық еңбектері жарық көре бастайды. Солардың қатарында журналдан
1923 жылғы 1-санында М.Тынышбаевтың "Түрік-монғол тарихы" деген еңбегі
жарық көреді. Онда ХІІ ғасырдағы мұңғыл шапқыншылығына дейінгі қазақ
тайпаларының географиялық орналасуы, құрылымы, өзіне тән қоғамдық-діни
мәдени дамуы туралы терең мәлімет береді.
М.Тынышбаев 1925 жылдан бастап Ташкент қаласындағы Орыс Географиялық
қоғамы бөліміне мүше болып жүрген кезінде өлкетанушылық этнографиялық
зерттеулермен шұғылданады. Соның нәтижесінде ғалымның қаламынан "Қазақ-
қырғыз тарихына материалдар", "Көксу үйіндісі және Қойлық қаласы", "Қызыл
өзен үйіндісі және Баласағұн қаласы" еңбектері жарық көреді (2).
Бұл еңбектерде Қазақстанның Жетісу өлкесінде, орта ғасырларда
мәдениеттің ошағы болып, Жүсіп Баласағұн сияқты ойшылдар еңбек еткен,
аттары әлемге тараған, монғол, жоңғар шапқыншылығы нәтижесінде үйіндіге
айналған Қойлық, Қызыл өзен, Баласағұн, Жыланбалық сияқты қалалардың
тарихта алған орнын баяндайды.
1925-1926 жылдары Чулошниковтың "Қазақ-қырғыз тарихының очерктері"
еңбегіне М.Тынышбаевтың сын ескертпелері жарық көреді (3). Осы еңбекте
қазақ тарихының көп жағдайда бұрмаланып берілгендігіне төзе алмаған
ұлтжанды, ақиқатшыл азамат ғалымның жаңсақ пікірлерін нақты деректер арқылы
талдап, саралап береді.
М.Тынышбаев өз өмірінде мамандығына байланысты қызметінен басқа
көптеген ғылыми зерттеулер, мақалалар жазады. Олар оның барлық қоғамдық
қызметтері сияқты тыңғылықты жасалып, зерттеліп, толық сындық-сараланудан
өтуімен және өзіндік ой тұжырымының жасалуымен ерекшеленеді. Тарихшы-
ғалымның ғылымға құмартуы өз халқының мүддесі, оның өткені мен болашағы
туралы ойлардың көп толғандыруыынан туындаса керек. Орыс Географиялық
қоғамының Түркістан бөлімшесіне (ТОРГО) мүше болуы осы ойларын жүзеге
асыруына әсер етеді. Қоғамның әрбір мәжілістерінде ғалым М.Тынышбаев
сараптаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар өз баяндамаларын да ұсынып
отырады. Өз өмірінің көп кезеңін ізденіспен өткізген инженер-тарихшы тарих
ғылымын құнды зерттеулермен толықтырып отырады.
Қазақ тарихының білгірі М.Тынышбаевтың көзқарастары мен еңбектері
жалпы қазақтың, оның мәдениетінің тарихын дамытуына елеулі үлес қосты. Ол
қазақ халқының шығу тегін анықтау үшін оған қатысты деректерді ұзақ жылдар
бойы жинақтайды да оны кейінірек қазақ шежіресін жазуға негіз етеді.
М.Тынышбаевтың "Қазақ халқының тарихы" еңбегі ХХ ғасырдың басындағы қазақ
халқының тарихын зерттеуге елеулі үлес болып қосылады. Бұл еңбегі жөнінде
зерттеуші Озғанбаев "Қазақтың тарихи жазба дәстүрлері М.Тынышбаевтың қазақ
руларының шығу тегі туралы еңбектерінен бір саты жоғары деңгейге көтерілді"
деп жоғары бағалайды.
Қазіргі таңда тарихнамалық зерттеу аймағының шеңберіне тарихшы-
ғалымдардың тарихи еңбектерді жазу барысында қандай дерек көздері мен
ғылыми еңбектерді негізге алғандығына талдау жасау енуде. Бұл тұрғыда
М.Тынышбаев өз еңбектерінің негізін құраған ғалымдар еңбектеріне өз
тарапынан талдау жасай отырып, орыс ғалымдарының басым көпшілігінің қатесін
"Қазақ-қырғыз халқының тарихы бойынша біршама еңбектер жазылған. Алайда
Вельямин-Зернов пен А.Левшин зерттеулерін дұрыс деп есептеген жөн. Ал өзге
авторлар оларды ала отырып, ешбір жаңалықтар енгізбеген. Аристов өзінің
түркі халықтары мен қырғыздардың тайпалық құрамы жөніндегі зерттеуімен
негіз салған. Ал өзге авторлар қырғыздар жайында әр түрлі деректерден тек
"қазақ" сөзін іздеп, оның құрамына әр түрлі түркі-монғол тайпалары енген
негізгі тайпа деп есептеген" деп ашып көрсетіп өтеді (4).
Ғалымның ғылыми-шығармашылық ой-әрекетінен туындаған ғылыми
еңбектерінің сол дәуірдегі және қазіргі кезеңдегі бағалану дәрежесінің
деңгейін тарихнамалық, әдістемелік зерттеулер аңғартуда.
М.Тынышбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге арналған
еңбектер ХХ ғасырдың 20-жылдарынан жазыла бастайды. Мәселен ол жөніндегі
алғашқы пікірлер сол кезеңдегі мерзімдік баспасөздерде кездеседі.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ зиялыларының басын бір мақсатқа
жұмылдырып, солардың қалың үнін жұртшылыққа жеткізіп отырған "Қазақ"
газетінде (1913 жылдан Орынборда шыға бастаған) М.Тынышбаев туралы былай
деп жазылады: "М.Тынышбаев – ІІ Государственный Дума ағзасы, инженер.
Саясат ісіне жетік, халыққа таза жолмен қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы
қатар зиялы азамат. 25-июнь жарлығы тақырыпты Жетісуда бүліншілік болғаннан
бері М.Тынышбаев көзге көрінерлік көп пайда келтіріп жүр. Былтыр Түркістан
уәлаятында Куропаткин генерал-губернатор болғандығын, мәселенің бәрі Жетісу
қырғыз-қазағында емес, жергілікті хакімдердің жауыздығынан болғандығын
Куропаткинге жете түсіндіруші Мұхаметжан. Түркістан уалайатындағы қазақ,
қырғыздардың жерін Жетісу, Переселен мекемесінің зиянды саясаты бойынша
мұжыққа алынғандығын, жергілікті халықтардың тау мен тасқа қамалып
қалғандығын һәм мұнан былай да жер алынатын болса, қазақ пен қырғыз аса
таршылықта қалатындығын дәлелдеп доклад жазған Мұхаметжан".
20-жылдардың бас кезіндегі өтпелі кезең тұсында қазақ зиялылары халық
санасының қозғаушы күші міндетін заман талабына сай орындайды. Жаңадан
өкімет тізгінін қолына алған большевиктермен бейбіт қатар өмір сүруге бел
байлаған қазақ зиялыларының іс-әрекеттері туралы мерзімдік баспасөз
беттерінде мақалалар жарияланып тұрған. Атап айтқанда, 1919-1921 жылдар
аралығында "Жизнь национальностей" газетінде А.Байтұрсыновтың, Дәруіш
бүркеншік атымен Төреқұловтың, С.Асфендияровтың, А.Кенжиннің және
М.Тынышбаевтың мақалалары жарияланады. Бұл мақалаларда зиялы қауымның ұлт
саясатына жетекшілік ұйымы болып табылған Алаш қозғалысы және оның өкіметі,
Қос өкіметтік басқаруға және де Кеңес өкіметі жағына шығу себептері айтылып
өтеді.
Қазақ зиялыларының өмірі Кеңес дәуірінде аракідік зерттелген. Көбіне
ол революцияшылдарға, шаруалар көтерілісіне, қазан төңкерісінен кейінгі
қайраткерлерге бағышталады. Бірақ мұндай іріктеме зерттеулер марксизм-
ленинизм аясынан аса алмайды. Басқаша айтқанда, жалпы зиялыларды, оның
ішінде қазақ зиялыларының тарихын зерттеуге негізгі кесел, бөгет болған
коммунистік идеологияға негізделген методологиялық ұстанымдар екені бұл
күнде айқындалып келеді.
М.Тынышбаевқа Кеңес өкіметі тұсында Алаш зиялыларымен қатар "ұлтшыл"
айдары тағылып, "халық жауы" атанғаны айтылады. Ал оның қоғам және мемлекет
қайраткері ретіндегі атқарған істері "ұлтшыл-уклонист" тұрғысында
сипатталады.
20-жылдардың өзінде-ақ республиканың жоғарғы партия өкілдері ақпарат
құралдары арқылы Алаштың белгілі қайраткерлеріне "халық жауы", "ұлтшыл"
деген айыптаулар таға бастайды. Алашорда басшыларын сынға алу А.К.Бочаговқа
тапсырылады. Өз естеліктерінде ол "1926-1927 жылдары партияның басты күрес
жолдарының логикасы бойынша мен Алаш Орда туралы брошюра дайындауға
кірістім. Онда Қазақстандағы ұлттық қозғалыстың контрреволюциялық сипаты
жайында айтылды... кітапшаның соңғы беттерінде М.Тынышбаев және оның
жақтастарының 1918-1919 жылы Алаш Ордалық бағдарламаларына сыни пікірлер
айтылды..." деп көрсетеді. Бұл іс жүзінде республика саяси басшыларының
нұсқауы бойынша жазылған еңбек болатын.
30-жылдардан 80-жылдардың соңына дейін қоғамымызда жүргізілген
идеология ықпалына байланысты М.Тынышбаев есімі қасақана ұмыттырылып,
атамай өтуге болмайтын мәселелердің өзінде оның есімі ұлтшылдықпен
айыпталып отырған. Осы бағытта Шофироның, Брайниннің еңбектері жарық
көреді. А.К.Бочагов еңбегі сияқты Мартыненконың еңбегі де нақты нұсқаулар
арқылы саяси мақсатта жазылған еңбектердің бірі болып табылады. Дегенмен,
қазіргі таңдағы ғылыми еңбектерде де Мартыненко еңбегі Алаш қозғалысы
жөнінде біршама түсінік бере алатын ғылыми жинақ ретінде бағаланады. Кеңес
Одағы ыдырағанға дейін ұлт зиялыларының еңбектері ғылыми айналымға
енгізілмей, зерттеу жүргізілуге тыйым салынғаны мәлім. Мұның себебін
академик М.Қозыбаев "Тарих зердесі" кітабында "Коммунистік методологиядағы
интернационализм принципін большевизмнің өз пайдасына, таптық мүддесіне
ғана бағындыруында" деп көрсетеді (5).
1935 жылы тоталитарлық идеология негізінде жазылған С.Асфендияровтың
"Қазақстан тарихы (көне дәуірден бастап)" еңбегі жарық көреді. Онда
М.Тынышбаевтың қазақ халқының шығу тегі туралы ғылыми еңбегін ұлтшыл-
буржуазиялық теория жасаған деп айыптап, "М.Тынышбаевтың еңбегі жартылай
феодалдық және буржуазиялық, байшылдықтың, тұрпайы ұлттық шовинизмнің
көрнекті мысалы" деп, теріс баға береді.
Зерттеу жұмыстарының көкжиегін кеңейтуде, деректемелік еңбектерді
жазуда көрнекті тарихшыларымыз К.Нұрпейіс, М.Қозыбай, М.Қойгелдиев,
Т.Омарбеков және т.б. ғалымдарымыздың еңбегі зор (6). Олардың еңбегі қазақ
зиялыларының әрқайсысының тағдырлары бойынша зерттеулер жүргізудің
өзектілігін туындатады. Бүгінге дейін қазақ зиялыларының өмірі мен
қызметтері жөнінде бірнеше диссертациялар қорғалды.
Ғалымдар тарапынан Алаш және Алаш Орда тарихы бойынша ғылыми айналымға
жаңадан қосылған түпнұсқалық мәні бар деректер мен бұрыннан зерттеушілерге
таныс құжаттарды сыни тұрғыдан саралаған.
Қазақ зиялыларының тағдыры талқыға түскен қасіретті кезең тарихы
жөнінде Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті архивінің қорларында 60 жылдың
көлемінде сақталған құпия деректердің сырын ашқан еңбектер жарық көрді.
Мәселен, академик М.Қозыбаевтың "Ақтаңдақтар ақиқаты" еңбегі тарихи
шындықты ашқан алғашқы зерттеулік еңбектердің қарлығашы болып табылады (7).
Бұл кезең тарихы жөнінде жазушы, зерттеуші Т.Жұртбаевтың да маңызды
деректерге бай еңбектері жарық көруде (8).
Ақпан революциясынан кейін Қазақ ұлттық автономиясының тарихы мен
қызметіне байланысты баспасөз бетінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz