Маргарет Тэтчердің саяси бейнесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1-тарау. Маргарет Тэтчердің саяси портретіне талдау6
1. 1 Саяси өмір көрінісі ретіндегi “Тэтчеризм”6
1. 2 Маргарет Тэтчердің саяси бейнесі9
2-тарау. Маргарет Тэтчердің саяси іс қимылының негізгі бағыты15
2. 1 Маргарет Тэтчер тұсындағы Ұлыбританияның дамуы15
2. 2 Маргарет Тэтчердің сыртқы саясаты18
ҚОРЫТЫНДЫ22
КІРІСПЕ
Маргарет Тэтчер өткен ғасырдың британ тарихында ең алғаш билік басында тұрған консерваторлар мен лейбористтердің дәстүрлі екіпартиялы маятнигінің тербелісін ұзақ мерзімге тоқтатты. Оның жетекшілігімен 1979 жылы мамыр айында консерваторлар сайлауда жеңіп, ол премьер-министр болып тағайындалды. Екі рет - 1983 жылы және 1987 жылы - ол осы постқа қайта сайланды және тұтас алып қарағанда премьер постында 11 жыл тұрды. Бұл жылдар Ұлыбритания өмірінде оңай болған жоқ. Англия “Еуропаның науқас адамы” деп аталғанда, ел қауіпті әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығып, капиталистік әлемнің біршама жақсы дамыған мемлекеттері арасында үстемдiгi нығайды. Ұлыбританияның халықаралық беделі өсіп, әлемдік жұмысының рөлі өсті.
1980 жылы Британдық, мүмкін тіпті ағылшын-американдық қайта даму көптеген жұртқа таңқаларлық және күтпеген жағдай болды. Осы қайта дамуда Маргарет Тэтчердің Атлант әлемінiң ірі жетекшілерінің бірі ретінде жеке еңбегі қаншалықты болды? Және қандай қасиеттер оны сол дәрежесіне әкелді? Маргарет Тэтчер консерваторлар партиясының жетекшілігің постына лайықты кандидат болып көрінбеді. Консерваторлар британ истеблишменті партиясымен дәстүрлі санасып отырды. Алайда 1975 жылы онда жетекшілікті провинциалды дүкеншінің қызы өз қолына алды. 1979 жылы ол жалпыға бірдей сайлауда жеңіп, бірнеше атақты саяси баталия жүргізді. Әуесқойлық пен сезім уақыт өте басылған соң, оның жетістіктері айқын болды. Маргарет Тэтчер британ ұлтшылдығы құлауының алдын ала алды деп айтуға әлі ерте, дегенмен ол сөзсіз, Уинстон Черчилльдi есептемегенде, ХХ ғасырғы консерватор лидерлеріне қарағанда көп нәрсеге қол жеткізді.
1979 жылы Маргарет Тэтчер ең алғаш премьер-министр болып тағайындалғанда, Англия қиын жағдайда болған болатын. Сол дәуірдің ең жарқын белгісі ретінде, айналасында тышқандар толып жүрген ірі қалалар көшелерінің қоқымын айтуға болады. Еуропадан, әсіресе Германиядан келеушілерге олар үшінші әлемнің бір еліне түсіп кеткендей сезілетін Англияның кейбір солтүстіктегі ірі қалаларындағы қоршаған мол дәрежедегі кедейшілік пен бишаралық пейзажын атап айтсақ, Польша қаласы Кельцеден батысқа қарай еш жерде таба алмайсың.
Париждегі британ посолы өзінің сыртықы істер министіріне ел өзіне ешқандай сыртқы саясат жүргізуге мүмкіндік бере алмаған жағдайдағы сыртқы саясат өз мәнін жоғалтып барады деп дұрыс шағымданды. Соғыстан кейінгі дәуірдің соңы осындай қайғылы болды.
1990 жылдың соңында Маргарет Тэтчер билiк басынан жағдайда бір жолата тастап кетті. Сайлауда қатарынан үш рет жеңгеніне қарамай, ол өз партиясына бақылауын жоғалтып алды және қазіргі британ тарихындағы премьер-министрлер тәрізді постта ұзақ отырып қана қойған жоқ, сонымен бірге Черчилль уақытынан бергі кез-келген британ жетекшілерінің атағынан асып түскен әлемдік маағынасы зор ең бірінші әйел премьер-министр және саясаткер болды. Оның жоғарғы беделі екі орнықты негізгі тіркеу етілді. Ең алдымен, Тэтчер тұлғасы қырғи-қабақ соғысының аяқталуы мен Кеңес Одағының құлауымен байланыстырылды; алайда оның сәттілігінің ең басты себебі өз елінің берік түрде қайта тууында еді. 1991 жылдың аяғында Англия, көптеген кемшіліктер болса да, бай және өндірісті елге айналды, ел британдықтардың өздерін таң қалдыратындай қайта дамудың мүмкіншілігін көрсетті. Осының бірі шет жақтағы кеңесшiлер мен зерттеушiлердiң еңбегі емес.
Жұмыстын мақсаты Маргарет Тэтчердің саяси портретін зерттеу және талдау болып табылады. Қойылған мақсатты орындау үшін жұмыстың келесі міндеттемелері айқындалады:
- М. Тэтчердің өмiрбаянқарастыру және талқылау;
- Саяси жетекші ретіндегі М. Тэтчердің мінезінің ерекшеліктерін зерттеу және талдау;
- М. Тэтчердің саяси іс-қимылын қарстыру және мінездеме беру;
- Жасалған жұмысқа негізгі қорытынды жасау;
Деректемелік негіз. Берілген жұмысты жазуда қолданылған маңызды
деректер:
- Дипломатиялық құжаттар;
- Мемуарлар, мақалалар, саяси қызметкерлердің интервьюлері;
- Оқу әдістемелері;
- М. Тэтчердің тарихи очерктері мен өмiрбаяны
Зерттеудің үйренушілік дәрежесі. Берілген тақырыпқа байланысты
жұмыстардың жалпы санының арасынан келесі авторлардың жұмыстарын түртіп кетуге болады - О. Воропаева “Маргарет Тэтчер. Жизнь знаменитых людей”, Н. А. Гладышева “ Особенности женского стиля лидерства; Реконструкция политического портрета Маргарет Тэтчер”, “Попытки концертуализации политического портрета М. Тэтчер”, К. Огден “Маргарет Тэтчер. Женщина у власти”, В. И. Попов “Маргарет Тэтчер. Человек и политик” және тағы басқа - берілген жұмыстарда М. Тэтчердің өмiрбаяны мәлімет негізінде жеке қасиеттерімен бірге саяси қызметіне терең талдау жасалады.
В . И. Попов “Тэтчер и дипломатия”, С. П. Перегудов “Тэтчер и тэтчеризм”, Тэтчер и мировая политика”, Кригер Дж. Рейган “Тэтчер и политика упадка”, Л. М. Замятина “Горби и Мэгги”, “Записки посла о двух известных политиках”, Е. В. Митяева “ Англо-Аргентинский конфликт из-за Фонклендских островов”, М. В. Ильин, Б. И. Ковалев “Личность в политике: Кто играет короля?” және тағы басқа жұмыстарда - авторлар М. Тэтчердің, саяси жетекші ретінде әлсіз және мықты жақтарын белгілей отырып, сыртқы және әлемдік саясатқа ықпалына талдау жасауға тырысады.
Толығымен алғанда, әртүрлі жұмыстардың үлкен мөлшері көрсететіндей, берілген тақырып кең зерттеліп, өңделген деп айтуға болады.
Әдістемелік тәсіл. Берілген жұмысты жазуда қолданылған негізгі тәсіл, жүйелік тәсіл мен М. Тэтчердің саяси қызметін зерттеудегі тарихи тәсіл. Сонымен бірге талдау және салыстырмалылық тәсіл, құжат және мемуар басылымдарын үйрену қолданылды.
Зерттеу жолындағы теориялық және практикалық қорытындылар. М. Тэтчердің жеке басының маңызын, оның жеке қасиеттері мен алғырлығын, сонымен қатар Ұлыбританияның ХХ ғасырдың 70 жылдарындағы саясаты мен Ұлыбританияның саяси-экономикалық дамуындағы М. Тэтчердің ролін терең түсінуге көмек береді.
Жұмыстың құрылысы. Жұмыс кіріспеден екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс көлемі 26 бетті құрайды. Берілген жұмыс зерттеудің мақсаттары мен міндеттемелеріне лайықты орындалған.
1-тарау. Маргарет Тэтчердің саяси портретіне талдау
1. 1 Саяси өмір көрінісі ретіндегi “Тэтчеризм”
Британ саяси өмірінде тэтчеризм термині нық орныққан. Осы терминмен
М. Тэтчердің өмірде жүргізген немесе жүргізуге тырысқан белгілі саяси, идеологиялық және адамгершілік орнатулары, сонымен қатар оның жетекшілігінің ерекше стилін түсіндіреді.
Тэтчеризмнің саяси философиясы өте қызық. Оның негізін бірнеше элементтер құрайды. Бұл - еркін кәсіпкерлік пен жеке инициативаны мадақтау. Бұл жерде ең басты стимул деп Тэтчер тікелей материалды пайданы, өміріңді өзіне және отбасыңа барынша жақсы орналастыруды санайды. Оның пайымдауы бойынша, ол адам табиғатында орналасқандардың барлығын жақсылыққа шақырады. Адам белсенділігін мотивациялау туралы сұрақ - Тэтчеризм философиясының орталықтарының бірі. “ Байлық құруға тырысуда еш жамандық жоқ, тек ақша үшін ақшаға әуестілік қана айыптаушылыққа тұрады” - дейді Тэтчер. “Теңдік орнатуға ұмтылу - сағым. Егер артында теңсіздік құқы тұрмаса, мүмкіншілікті еш нәрсе білмейді, бостандық бәрінен ерекшеленеді”.
Тэтчер көзқарасын түсіну үшін, оның өзі, ізбасарларына қарағанда британ естен шығармау керек. Ол - ұсақ буржуазиядан шығушы. 1925 жылы үлкен емес ағылшын қаласы Грэнтте қарапайым отбасынан шыққан және өмір бойы сол ортаға мейірімін сақтады. Осыдан тэтчеризм концепциясының көп маңызды элементтерін, оның “викториандық моральды құндылықтарға қайтуын” түсінуге болады: отбасына, дінге, заңға, тәртіпке құрмет, құнттылық, жинақылдық, еңбекқорлық, жеке бас құқығының басымдылығы.
Ел басында Британияға ұлылықпен елде “керекті тәртіпті” орнататын “күшті адам” тұру керек деген қоғамның талабын Тэтчер қағып алды. Қоғамдық өнегелілік, заң мен тәртіпті нығайту саласында Тэтчер тек мемлекет ролін әлсіреткен жоқ, ол оны күшейтіп жіберді. Оның билік басында отырған уақытында сот пен полицияның билігін кеңейтуге шақырған бірнеше маңызды заңдар қабылданды, иммиграциялық заң шығару да қаталдандырылды. 1
Тэтчер экономикалық курсының негізін өнімнің шығарылуы мен процент нормасына байланысты болатын көлемде ақша массасының өсуін ұстап тұратын және шығаратын монетарлық концепция құрды.
Кредит-ақшалық реттеу - шаруашылық шамасына әсер ететін негізгі рычаг. Тэтчер үкіметі салық жүйесін қайта құруды жүйелі жүргізеді. Салық салуды азайту, оның ойынша, жұмыс белсенділігін көтермеледі, капиталдық айналымын жеделдетті.
М. Тэтчер құжатты және сенімді түрде мемлекетте қалыптасқан корпорация жүйесін құлатты. Қоғамдастыру секторының приватизациялануына - ол жүргізген экономиканы қайта құрудың маңызды элементтерінің бірі болды. Әңгімелесу кезінде, соның ішінде біздің экономисттермен де, ол бірнеше рет мемлекет кәсіпорындарының икемсіздігін, олардың нарық талаптарының үнемі өзгеріп отыратындығына кешігіп жауап беретіндігін түртіп өтті. Ол айтқандай, бұл кәсіпорындар мемлекет молшылығынан құрылатындықтан, олар тірі қалу ерек деп қам жемейді. Сонымен бірге, Тэтчер үкіметінің маңызды міндеттемесі - өз қызметінің нәтижесінде толық жауапкершілік шартында кірістің өсуіне қол жеткізуге толық құқығы болатын жеке бизнес үшін жақсы жағдай ұйымдастыру керек деп бір ғана рет айтпады. Тэтчердің приватизация жобасының ерекшілігі - акцияны ұсақ шаруа иелеріне кеңінен төмен бағада сату болды. Осындай сызық, деді ол, жеке меншік философиясына қатардағы ағылшындарды қосуға мүмкіндік береді, демек, саяси жабада - консерваторлар арқылы оларға колдау көрсету керек.
Тэтчер және оның үкіметінің саясаты көп қиыншылықтарға кездесті. Мысалы, әлеуметтік салада, денсаулық сақтау сферасында нарықтық конкуренция құру білім реформасында қоғамды “бірінші” және “екінші” сортта халыққа бөлу тенденциясы қарастырылды. Дәл осы сұрақтарға Тэтчер әлеуметтік маневр жасауда рұқсат етілген шекарадан асып кетті. Ағылшын сайлаушылары қоғамды “ әркім өзі үшін” деген қағидамен қайта құруға дайын емес болып шықты. Бұл соңында Тэтчердің өзінен партия жетекшілігін алып тастау және 1990 жылы премьер-министр постынан кету үрдісінде көрінді. Әрине, бұл жағдайда Тэтчердің Еуропалық Одақта бюджет сұрақтарын шешудегі Лондонға қоғамда изоляциялау қаупін төндірген қаттылығын да ескеру керек. Үкіметте сұрақтарды шешу мәселесi Тэтчер стилін авторитарлық және “британ классикалық дипломатиясы өнерінен” алыс кету деп санауға негіз берді. 2
Алайда, Тэтчер прагматизмі оған Кеңес Одағымен қатынаста қарсыластық сызығынан бірітіндеп кетуіне, 1984 -1985 ж. ж. халықаралық өмір мәселелерін біріне - Шығыс-Батыс қатынасы комплексіне - жылжуына рұқсат бергенін ұмытпау керек.
Тэтчер - билік етуші мінезді адам. Оның ақылы, күші, сирек кездесетін интелектісі - барлығы бірнеше жыл бойы мемлекеттік, саяси қызметке берілді. Оның басты әуесқойлығы - тіпті осы сөз өткір диалог пен қағидалы таласқа айналса да, саяси сахнада күшті адамдармен әңгімелесу еді (бұл бірнеше рет Горбачевпен қатынасу кезінде де болған) . Тэтчерді “билеушілік пен даңқ магниті шығып тұратын, мемлекеттік ер адамдарға тартып тұратын. Әсіресе, кімнің көзінде жұмысты білушілік пен жоғарғы интеллектуалдық дәрежеде диалог жүргізе алатын қабілеттілік көрініп тұратындармен. Сайлауда үшінші рет жеңгеннең соң, Тэтчер өз күші мен тәжиребесін халықаралық аренада, ең алдымен Шығыс-Батыс қатынасында жүргізуге тырысты. Ол заңды - шынымен де Еуропа және әлем тағдырынан артық не маңызы болды? Мемлекеттік қызметкерлермен, көрнекті саясаткерлермен қатынасуда үлкен тәжірибесі бар. Тэтчердің кеңес жетекшісімен қатынасын нығайтуды маңызды деп санауы және Горбачевпен әр кездесу ерекше дайындалуы заңды еді. Премьер-министр кезінде Мәскеуде бұрынғы британ посолдарынан беделді кеңестанушылардан кішігірім эксперт тобы құрылды. Олардың ішінде жетекші рольді Тэтчерді бұрынғы КСРО президентімен келіссөзде алып жүретін аналитик Чарльз Пауэлл алды.
Тэтчердің сөзсіз, саясатта маңызы бар артистік қабілеті де бар. Горбачевпен кездесуге дайындалғанда, ол тек алдыда тұрған сөз алмасудын саяси аспектісін салыстырып қана көрген жоқ, өзінің әрбір жесті мен көзқарасымен жұмыс істеді. Бір уақытта Горбачевпен кездесу кезінде Тэтчерді жақсы білетін бір британ әнгімелесушісi: “Біздің премьерге қаранызшы - ол қайта жанданғандай, оның көзі бір түрлі жарқырауда. Бұл сіздің президентіңіздің әсері . . . ” деді. “Саяси қызметкерлер махаббатпен немесе жаушылықпен жетекшілік етпейді, оларды сезім емес, қызығушылық бағыттайды” - деген көрнекті британ жазушысы және XVIII ғасырдың дипломаты Филипп Честерфилд. Әрине, дұрыс. Сонда да . . . Тэтчер мен Горбачевтын айқын ұнатушылықтары, сөзсіз екі жетекші арасында қатынасын нығайуына әсер етті. Олардың диалогтарын сенімдірек, демек нәтижелі етті. 3
Британ - Кеңес қарым қатынас айтқанда, британ премьерінің Горбачевпен 1984 жылы желтоқсан айында үкіметтік қала сыртындағы Чеккерс резиденциясындағы кездесуді көрсетеді.
1980 жылдардың ортасынан бастап, Брежнев қатты ауру және не мемлекетті, не партияның басқара алмайтындығы анық болғанда, Батыста жыл сайын аналитикалық жұмыс серпіді. Оның мақсаты “Брежнев дәуірінен” кейінгі Кеңес Одағы мен дүние жүзі үлесіне не тиетінін есептеу керек еді. Сол кезде КСРО -ны басқарған билеуші триумвират (Устинов, Андропов, Громыко), есепке ілінбеді, өйткені осы триумвираттын әр жетекшісінде билік басына шығуға кедергісі болды. Ол - жас мөлшері.
М. Горбачев ол уақытта Батысқа аз белгілі болды. Алайда оның 1982 жылғы Канадаға визиті, оның осы ел саяси қызметкерлерімен әнгімесі батыс саясаткерлеріне және “кремленологтарға” бағалы мәліметтеме берді. Горбачев туралы Политбюро бойынша әріптестерінен ерекше, экономиканы басқаруда батыс тәсілдеріне, құндылықтың батыс жүйесіне қызығушылық танытушы шамданушы және қуатты саяси қайраткер ретінде сөздер жүрді. Канададағы кеңес посолы - ол уақытта А. Яковлев болған - Горбачевке осы бастапқы имиджді құруға біршама көмектесті.
М. Тэтчер М. Горбачевпен 1984 жылы ақпан айында Андроновты жерлегенде Мәскеуге келген кезінде танысты. Сол жылдың күзінде - бірінші рет ағылшын - кеңес қатынасы суып кеткеннен кейін - КСРО Жоғарғы Кеңесінің делегациясы Лондонға ресми визитке шақырылды.
Кеңес - Британ қатынасының соңғы жылдардағы дамуы - қысқа мерзімде екі ел арасында сенімділікті қалай нығайтуға болатынын жарқын және көп қатынастағы жалғыз мысалы. Мәскеу - Лондон диалогі кезінде Шығыс пен Батыс арасындағы қатынасқа жаңа, қазіргі заманға лайық жылжулар пайда болды. Бұл процесс, әрине, оның жүруі кезінде жылдар бойы жиналған сенімділікті, күдіктенуді, бір-бірін қабылдаудағы қарсылық көшірмелерін алыстату үшін өте оңай болған жоқ. 4
Тэтчердің кетуі күтпеген жерден болды ма? Көпшілік үшін - иә. Алайда оның кетуінің мүмкіншіліктерін күәландыратындар және себептер, жоғарыда айтылғандай аз болмады. Тек Англияда емес, шет елде де, премьер позициясын қайрауға және оны изоляция жағдайына түсіруге тырысқандар аз болмады.
Ірі британ капиталының бір бөлігін, жүргізілген бағытта Британияның батыс нарығынан шеттеліп қалу қаупінен қорыққандар да Тэтчерге қарсы жасырын шықты. Егер Рейган кезінде Британия АҚШ-пен қатынасы кезінде ерекше мінез ұстанса, Буштың келуімен жағдайдың өзгеруін де ұмытпау керек. “Ерекше қатынастар” Еуропаның басқа елдеріне де, ең алдымен - Германияға кеңейтілді. Буш жоспарында Коль маңызды роль атқара бастады.
1. 2 Маргарет Тэтчердің саяси бейнесі
Шығу тегі бойынша ол провинциалды орташа таптың төменгі қабатынан
болды; бұл әлеуметтік категория өзіне ешқашан кейбір маңызды өмірлік қағидадан бас тартуға рұқсат ете алмады: ақшаны дұрыс санау, еңбек, білім. Оның әкесі, кіші дүкенші 1930 жылдары Орталық Еуропадан еврейлерге көмек беруші, қызының кішкентай кезінен табандылығын мадақтады және ол мектепте өте жақсы оқыды. Оксфорд стипендия алушысы соғыс кезінде химияны, кейін кейінгі мансабы үшін - юриспруденцияны оқыды. Кез-келген мәселені техникалық түпкілігіне зейін қою - қазіргі басшылықтың маңызды белгісі және М. Тэтчер ірі оқымыстыларымен күрделі сұрақтарды тең талқылай алды. Юристік дайындықтар оны бірінші дәрежелі тергеушіге айналдырды. “Сұрақ” жүргізу шеберлігі бар М. Тэтчер бюрократтар қорқынышын тез туғызып алды және министр бола тұра ол күрделірек департаментті (мысалы пенсия) жетік басқара алды. Еуропалық Одақтың саясаткерлер кездесуінде, жүздеген цифрларды оңай пайдаланғандықтан және финанс эксперттерін олардың өз өрісінде түгелімен ойнап шыға алатындықтан одан қорықты.
Оның тәрбиесі мен шығу тегінде тағы бір маңызды аспект бар. Еңбексүйгіштік және қатал провинциалды мораль әлемінде нық некенің өмірлік мәні зор. Осы жерде М. Тэтчердің жолы болды - ол сәтті күйеуге шықты. Оның күйеуі Дэнистің иығында атақты әскери қызмет барысындағы тізімі болды және оның өзі әрбiр кездескен адамды тез сендіретін ағылшындық болатын. Ол кез-келген ортаның жүрегі тамаша әнгімешісi бола алды. Ол қабілетті бизнесмен болды және жеткілікті әл ауқат жинады (әсіресе мұнай бизнесінде) . Парламент мүшелері қарапайым жалақы алғандықтан, ал Лондонның жақсы бөлігінде тұру қымбат болғандықтан оның маңызы зор. Отбасылық келіспеушіліктен бұл дүниеде құтыла алмайсың және екі жақтын да саясаткерлері ажырасу зардабынан жиі финанс және моральдық ықпалын жоғалтты. Дэнис Тэтчер тек оңтайлы отбасы құрушы ғана болған жоқ, ол күшті кеңесші болды және әйелін күмәнді қимылдар мен шешімдерден қорғап отырды - аяқ, әр қашан керек кезде тежеуіште. 5
Мектеп орындығынан бастап М. Тэтчер қабілетті оқушы бола алды. Ол үй шаруасы әйелі қасиетін тез жоғалтып, билеуші және әсерлі болып көріне бастады. Оның әйел затына жатуының кемшілігі біздің уақытта әйел - саясаткерлерге қарсы болуда емес, оларда пікірлестер командасын бірге ұстайтын қасиеттің болмауында: олар не өте ерке, не шектен шығарлық тік, немесе өте жылауық және әлсіз. Тэтчер ханым, дегенмен өзінің әйел затына байланыстылығын қай жерде қалай қолдану керек екендігін білді: керек кезде әріптес-ерлерге жарамсақтану, қажет кезде тіл тигізілген әйел намысын ойнай алды. Көптеген ақылды әйелдер тәрізді, ол ер адамдар ортасын қалады, олардан үйренді және ұсақ, алайда халықтық жердегі орынсыз кемшіліктеріне (Мысалы темекі шегу, ішімдік қолдану) көңіл бөлмеді. Интеллигенция мен пуритандар оны жақсы көрмеді, бірақ ол әр жағдайда өзін қалай ұстау керек екендігін тез үйренді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz