Моңғолдан Қара хан, одан Уыз хан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Уыз хан заманы.(Оғыз хан, Оғыз қаған, Огуз хан, Мете, Модэ шаньюй)

Ел билеген уақыты: шамамен б.э.д. І мың жылдық — б.з. І мың жылдықтың
басы. Ата-тегі:
Уыз ханның ата-тегі аты аңызға айналған Алаша ханға өрлейді. Шежірелердің
бір нұсқасы бойынша (Рашид-ад-дин): Ала-ша хан, оның баласы Диб-Бакуй,
оның баласы Қара хан, оның баласы Уыз хан (Оғыз); екінші нұсқасы бойынша
(Әбілғазы): Алаша хан, оның баласы Моңғол, оның баласы Қара хан, оның
баласы Уыз хан (Оғыз). Қазақ тарихшыларының ішінде Уыз хан (Оғыз) қытай
жылнамаларындағы Мөдэ шаньюй деп тон пішетін пікірлер бар (Ш. Құдайбердиев,
Қ. Өмірәлиев т.б.). Бұл пікірлердің өзегі ХІХ ғасырдағы орыс
шығыстанушыларынан бастау алады (Н.Я. Бичурин, В.В. Радлов, Н.А. Аристов).
Мөдэ шаньюй шежіресі қытай жылнамаларында бірқатар айтылады (И. Бичурин
еңбектерін қараңыз).
Бізге белгілі шежірелердің ішінен Уыз хан туралы тамыл-жыта сөйлейтіні,
тамаша дерек беретіні Әбілғазы Бахадүр хан-ның Түрік шежіресі.
Әбілғазының айтуы бойынша Уыз хан-ның әкесі Қара хан, атасы Моңғол хан,
бабасы Алаша хан. Моң-ғол хан көп жылдар патшалық құрды, төрт ұлы бар еді.
Үлкені — Қара хан, екіншісі — Өз хан, үшіншісі — Көз хан, төртін-шісі — Көр
хан. Моңғол хан бұл дүниеден өтерінде орнына балаларының үлкені Қара ханды
қойып кетті — дейді ұлы шежіреші. Қара хан әкесінен кейін бүкіл елге
патшалық құрды. Жазды күні ол Ер тақ және Кер тақ деген тауларды жайлар
еді, қазіргі күні бұл таулар Ұлы тау және Кіші тау атанады. Ал қыс түскен
кезде Қарақұмды және Сыр өзенінің жағасын қыстар еді. Қара хан заманында
елдің бәрі кәпір болғаны соншалық, олардың арасында Құдайға сенетін бір де
адам қалмады.
Күндердің күнінде Қара ханның бәйбішесі ай мен күннен де сымбатты бір ұл
туды. Ол үш күн бойы анасының емшегін ембей қойды. Әр түні анасының түсіне
еніп Ай, ана! Құдайға сиын; егер мұсылман болмасаң, өлсем де сенің
емшегіңді ем-беспін деуші еді. Анасы баласын аяп Тәңірінің бірлігіне иман
келтірді. Осыдан кейін бала анасының емшегін емді. Бірақ ана-сы мұсылман
болғанын, түс көргенін ешкімге де білдірген жоқ.
Әбілғазы сүйенген шежіре түрік халқының Яфет заманынан Алаша ханға дейін
мұсылман болғандығын айтады. Ал Алаша хан ел билеген уақытта елдің дәулеті
тасып, байлықтың құлы болып, Құдайды ұмытып, күпірлік жасаған-мыс. Қара хан
за-манында түрік елі діннен тіпті безіп, Құдайды аузына алғанда-рын өлтіре
берсе керек. Егер дінді мойындады, мұсылман бол-ды дегенді естісе баласы
атасын, немесе атасы баласын өлтіре-тін жағдайға жеткен екен. Осындай
кереғар заманда дүниеге келген Уыз бала кезінен бастап Алла, Алла деп
жүрер еді, онысын өзге жұрт түсінбегендіктен бұл не айтып жүр деп таң
қалады да қояды. Баласы бір жасқа келгенде Қара хан елді жи-нап үлкен бір
той жасапты, халқын риза қылыпты. Ол кездегі елдің бір дәстүрі бала бір
жасқа келгенше ат қоймайды екен, тойдың қызған шағында Қара хан өзінің
билеріне қарап Мына біздің ұлымыз бір жасқа толды, бұған қандай ат
бересіңдер дейді. Билер аузын ашып үлгергенше жас бала Менің атым Уыз
болар, оны білмек баршаңызға парыз болар депті. Тойға жиналған қалың ел,
үлкен-кіші жас баланың айтқанына таңыр-қап бала өзіне өзі ат қойды, осыдан
артық жақсы ат болушы ма еді десті. Сонымен Уыз хан (Оғыз) осылай дүниеге
келіп, ат алды.
Шежіре өте көне дәуірдің тарихи оқиғаларын мифология-лық сюжет өрісіне
салады. Әбілғазы шежіресіндегі Құдай мен мұсылмандық ең алдымен Тәңірге
және алғашқы дүние-танымдық, мүмкін зороастризмге қатысты, түсініктерге
тікелей байланысты болса керек. Адамзат рухының кемел жемісі бо-лып
табылатын жаратушы жайлы жүйелі ой-пікір, сенім Еура-зия көшпелілерінің
б.з.д. ІІІ—ІІ мыңжылдықтардағы ізденісте-рінің нәтижесі екені аян.
Осыменен бірнеше жылдар өтті. Уыз хан ер жетті. Күндер-дің күнінде Қара
ханға баласының мұсылман болғандығы жөнінде хабар да келіп жетті. Бұл сөзді
естіген соң Қара хан өзінің бектерін жинап алып ақылдасты, ақыр түбінде
Уызды өлтірмек болды. Қара ханның маңайындағы ел екіге бөлінді, бірі ханды,
бірі баласын жақтады. Екі әскер сапқа тұрып соғыс-ты. Құдай тағала қолдап
жеңісті Уыз ханға берді. Қара хан жеңіліп қашты. Соғыс кезінде кім атқаны
белгісіз, Қара ханның басына садақтың жебесі тиіп еді. Сол жарадан Қара хан
қайтыс болды, ал Уыз хан әкесінің тағына отырды. Көшпелілер тари-хының жаңа
беті осылай қантөгіспен ашылды.
Біздің ойымызша әке мен бала арасындағы қарама-қайшы-лық, ақыр соңында
екеуінің тіл табыса алмай Қара ханның са-дақ оғынан өлуі Еуразия рухани
тіршілігінде өріс алған үлкен күрес майданының символға айналған белгісі.
Уыз ханның Қа-ра ханды, яғни әкесін, өлтіруін тікелей қабылдау қандай жағы-
нан да жаңсақтықтың басы болады. Мүмкін Модэ мен оның әкесі арасындағы
жаугершілік тарихта болған да шығар, бірақ ол оқиға Оғызды Модэ деуге тек
формалдық жағынан ғана не-гіз береді.
Әбілғазы жазған Түрік шежіресі көп жағдайда Рашид ад-дин қаламынан
шыққан Жамиғ ат-тауарихты қайталайтыны бәрімізге мағлұм. Оның себебі де
айқын; ХVІІ ғасырдың 60-шы жылдары Шежіреге ден қойған Әбілғазының қолына
түс-кен Иран мен Тұранда өткен Шыңғыс ұрпақтарының тарихы жазылған он
сегіз байлам еңбектің ең маңыздысы Рашид ад-диннің Жамиғ ат-тауарихы
болатын (ХІV). Екі шежіренің де қайнар көзі түрік-моңғол халықтарының ауыз
екі шежіресі, тарихи аңыз-дастандары еді. Тек Рашид ад-дин Оғыздың арғы
тарихын сәл өзгеше баяндайды. Оның жазуынша Алаша ханнан Диб-Бакуй туады,
одан төрт ұл: Қара хан, Оз хан, Көз хан, Көр хан. Осы ұлдардың ішіндегі
үлкені Қара ханнан Оғыз турады. Оғыздың тууы мен ер жетуі, ата тағына
отыруы жоға-рыда әңгімеленді, мағлұм деп есептейміз.
Қазақ шежіресінде Оғызды Уыз деп атайды, мағынасы сүт-тің уызы дегенге
келеді. Оның Уыз атануына шежірелерде ерекше айтылатын ана сүтінен бас
тартуы да себепші болуы мүмкін. Қалай десек те көзге көріне бермейтін,
көңілге қона бермейтін тамырлар көшпелілердің салт-дәстүрі мен сенімдері
арқылы Уыз хан заманындағы аталарымыздың тұрмыс-тірші-лігін қазақпен жіпсіз
байланыстырып тұр.
Қазақ шежіресінің терең білгірі, ғұлама Мәшhүр Жүсіп қа-зақтың түп-
тамырын Нұқ пайғамбардан бастап тарата келіп “Әуел баста Нұқ пайғамбардан
тарап бөлінгенде Жаппас деген баласынан Түрік, одан Түтік, одан Қой, одан
Еділше, одан Ала-ша, одан Моңғол мен Татар. Моңғолдан Қара хан, одан Уыз
хан. Осы Уыз ханнан өрбіп, өнген нәсілден тарадық. Кигіз үй сол Уыз ханның
жасатқан үйі. Кигіз туырлықты қазақ уыз үйлі атанғандығы содан” деп жазады.
Шығыстың ғұлама тарихшы-лары Рашид-ад-дин, Әбілғазы т.б. еңбектерінде
кездесе бер-мейтін маңызды деректер, мәліметтерінің толықтығы т.б. қазақ
деректерінің көнелігін дәлелдейді. Ерте замандарда түркі мен моңғол
арасында Уыз хан жайында жойқын циклды әңгімелер-дің болғанын, олардың
жартылай Шығыс тарихшыларының ең-бектеріне еніп, ал негізгі бөлігінің қазақ
қарияларының жадын-да сақталғанын жоғарыдағы мысалдан аңғаруға болады.
Қазақ шежіресіне тағы да назар аударайық:
Моңғолдан бел бала Қара хан, мұнан Уыз хан. Моңғол нә-сілінен әуелі
мұсылман болған осы Уыз хан еді. Мұның зама-нында не кітап, не пайғамбар
бірден бірі жоқ еді. Іштен туа ел ханы болып, Алла деп туды Уыз. Бұл өскен
соң Ұлы патша бо-лып, дүние жүзіне әмірі жүріп, көп уалаяттар алып, қанша
жұртты мұсылман қылды.
Уыздың алты бел баласы болды: Айхан, Күнхан, Таухан, Теңіз хан,
Жұлдызхан, Көкхан. Мұнан бұрын бұл аттарды еш-кім баласына қойған емес.
Кигіз үйді осы Уыз жасатып, уызы-нан шығарып, соның хақында үлкен той
жасатып, тоғыз жүз жылқы, тоқсан мың қой сойғызады. Былғарыдан тоқсан тоғыз
саба тіктіріп, тоқсанына қымыз, тоғызына шарап толтырып, барлық нөкерлерін
шақырып сол кигіз үйді тігіп қойған. Сол үшін атамыз Уыз екендігі анық
аталады. Уыз арғы бабам Тү-ріктен өзіме дейін тоғыз атаға шейін хандық
үзілмей келді деп, әр нәрсенің дара жасы тоғыз-тоғыздан болсын деп ырым қыл-
ған екен. Сол үшін қазақ жұртында түйе бастатқан тоғыз мал байлайды.
Торқалы тойға тоғыз, топырақты өлімге тоғыз баста-тып сый-сыяпат қылысады.
Біздің қазақ халқының насабы Уыз ханның тұқымынан екендігі осы күнгі
жүрген қазақтың баласына ат қойған атта-рынан да мағлұм болып тұрады.
Қазақта Түрік деген ат бар. Түтік деген де ат бар. Қойбай, Сарбай, Уызбай,
Уызхан, Уы-зымнан, Уызбай деп қояды....
Сонымен қазақ шежіресіне ден қойсақ Уыз хан халқымыз-дың этникалық
негізінде тұрған іргетас, Алашамен қатар ата-латын баба, рухани және
материалдық мәдениеттің негізін са-лушы қаhарман. Уыз хан есімімен қазақтың
қара шаңырағы – кигіз үйі, қай тіршілігін болсын тоғызға жетелейтін ырымы
т.б. құндылықтары байланысты. Уыздың мекен еткен құтты мекені сағымға
бөленген Сары Арқа, еуразиялық көшпелілер мәде-ниеттің алтын бесігі.
Көшпелілердің Уыз хан жөніндегі шежіресінің үлкен бөлігі түрік — моңғол
елдерінің жаугершілік тарихын баяндауға ар-налды. Алдымен ескерте кетуге
тұратын бір мәселе көшпелі-лердің ішкі тартысының өзі Әбілғазыға сүйенсек
жетпіс үш жылға, ал Рашид-ад-динге құлақ ассақ жетпіс бес жылға со-зылса
керек. Бұл әңгімелердің бір мысалын Жамиғ — ат тауарихтың орысшаға
аударылған нұсқасы бойынша келтіре кетейік. Рашид-ад-диннің жазуынша Из-за
того, что из числа дядьев и племен Огуза к нему присоединилось большое коли-
чество, они воевали друг с другом около семидесяти пяти лет и препирались
за улус и войско. В конце концов Огуз победил и захватил область от Таласа
и Сайрама до Бухары; она стала неоспоримо принадлежать ему. Некоторые его
дяди, братья и племянники, которые к нему не присоединялись, поселились (от
него) на восток. Среди них так повелось считать, все мон-голы (происходят)
из их рода. В ту эпоху они все были невер-ными, но с течением времени они
также стали вместе с родом (Чингиз-хана) исповедовать единобожие.
Когда та область покорилась Огузу и закрепилась над нею господство, он
разбил золотой шатер и устроил великое пиршество.
Осы ұлы жиында Уыз хан өзінің соңынан ерген туыстарына және руларға
ұйғыр деген ат берді. Рашид-ад-дин бұл ұйғыр-деген сөз түрік тілінде
сүттей ұйыды, басы қосылды және бір-біріне көмектесті деген ұғымды береді
дейді. Екінші бір руды қаңлы атады, оның да тамаша тарихы бар. Қыпшақ,
қалаш және ағашері сияқты ірі тайпалар да Уыздың соңына ерген ер –
азаматтардың тұқымы дейді шежіре дерегі.
Әбілғазы Рашид-ад-диннің деректерін кей жағдайда толық-тыра, нақтылай
түседі. Оның айтуына қарағанда Уыздың жет-піс жылдан аса соғысқан елі
татарлар: “Оғыз хан моңғол мен татардың сүйегі бір бола тұра, жетпіс екі
жыл бойына татармен соғысты. Жетпіс үш жыл болғанда барша татар елін өзіне
қара-ып, мұсылман қылды. Одан соң Оғыз қытайды және шүршітті, сондай-ақ
таңғұтты жеңіп алды. Таңғұтты тәжіктер тибет дей-тін еді. Одан кейін барып
Қара қытайды бағындырды, ол да үл-кен жұрт — еді, халқының түсі үнділіктер
сияқты қара болар еді”.
Шежіренің екі нұсқасында да әдемі суреттелетін оқиға Қып-шақтың дүниеге
келуі. Әбілғазының айтуына қарағанда мұхит-тың жағасында, биік таулардың
арасында көп елдер бар еді, сол елдердің патшасын Итбарақ деп атар еді. Сол
патшалыққа Уыз хан шабуыл жасап, үлкен бір ұрыс болды. Соғыста Ит-барақ
жеңіп, Уыз қашты. Сол жерде екі үлкен өзен бар еді, сол екі араға келіп
әскерін жинады. Уыз ханның бір сенімді бегі бар еді, осы соғыста әйелін
алып барып еді. Өзі ұрыста өліп, қатыны қашып құтылып, екі судың арасында
тұрған ханның артынан жетті. Әйел жүкті еді. Толғағы келді. Күн суық еді,
кі-рейін десе үй жоқ, бір іші шіріген ағаштың қуысына босанды, ұл тапты.
Мұны естіген хан: “Әкесі менің көз алдымда соғыста өлді, қамқоршысы жоқ”
деп атын Қыпшақ қойып, өз қарама-ғына алды. Әбілғазының айтуынша түрік
тілінде іші қуыс ағашты “қыпшақ” дер еді. Қыпшақ азамат жасына жеткенде хан
оған көп ел және нөкер беріп орыс, авлақ, маджар, баш-құрд елдері
мекендеген Еділ мен Дон арасындағы жерге жібер-ді. “Түрік шежіресінің” Г.
Саблуков аудармасында осы әңгіме былай баяндалады: ”Триста лет царствовал в
этой стране. Все народонаселение кипчакское произошло от него. Со времени
Угуз – хана до Чингиз – хана на берегах трех рек – Дона, Итиля и Яика – не
было другого народа, кроме кыпчакского. Около четырех тысяч лет они жили в
сих странах: поэтому эти страны зовут Дешт - Кипчак”.
Шежіреде сипатталған бұл оқиғалар оғыз жұртының қып-шақтан көрі көне ел
екеніне нұсқайды. Тарихи жазба дерек-терде “гуз” (ғұз) аталатын ел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеті жарғы туралы дерктер
ХІV-ХV ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
Астанасы Алмалық қаласы
Түркі тілдерінің этнонимдері тарихынан
ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстандағы мемлекет және құқық
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Әбіш Кекілбайұлының прозасы
Пәндер