ШӘКЕН АЙМАНОВ


ШӘКЕН АЙМАНОВ
АЙМАНОВ Шәкен (Шаһкерім) (15. 2. 1914, қазіргі Павлодар обл. Баянауыл ауд. Айман-бүлақа. - 24. 12. 1970, Мәскеу) .
Ш. Айманов - актер, режиссёр. КСРО Х-лықарт. (1964), КСРО Мемл. сыйл. (1952), Казақстан Мемл. сыйл. (1968) лауреаты. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде, 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Кішкентайынан жездесі Қ Байжановтың әндерін тыңдап өскен Айманов 1932-1933 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында Грамофонов (К. Погодиннің "Менің досымында"), Қодар, Керім ("Абайда"), Алдар көсе (Ш. Құсайыновтың "Алдар Көсесінде"), Исатай (I. Жансүгіровтің "Исатай-Махамбетінде"), Кассио (У. Шекспирдің "Отеллосында") рөлдерін ойнады. Көп ұзамай Тихон, Великанов (А. Островскийдің "Таланттар мен табынушылар", "Найзағайында"), Шадрин (Погодиннің "Мылтықты адамында"), Кидд (Б. Лавреновтың "Америка даусында"), Бретт (Дж. Гоу мен А. Дюссоның "Терең тамырларында"), Хлестаков (Н. Гогольдің "Ревизорында"), Казанцев (Әуезовтің "Түнгі сарынында"), сияқты классик. рөлдерді сомдады. Бұл тұлғалар ұлттық сахнамыздың сүбелі табыстарына жатады. Аймановтың актерлік болмысы тұлғалы, іргелі, көшелі кейіпкерлерді кескіндеуге бейім. Ол қазақ сахнасында романтик. театр мектебін калыптастырды. Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло бейнелерін аса зор актерлік машықпен зерледі. "Мылтықты адам", "Таланттар мен табынушылар", "Намыс соты" атты аударма пьесаларды сахнаға шығарып, алғашқы режиссер қадамын бастады.
1947-51 ж. Қазақ драма театрының бас режиссеры болды. Аймановтың режиссер стилінде ұлттық бояу, сахналық айшықты түр іздеуі басым еді.
1949 ж. өз инсценировкасымен қойған "Абай" спектаклінде осы ізденістері анық көрінді. 1952 ж. спектакльге КСРО Мемл. сыйл. берілді. Абайдың ақындық әлеміне бала кезінен іңкәр болып өскен Айманов бұдан кейін де ұлы ақын туралы фильмге қатысты спектакль койды. Айманов, ең алдымен, актер еді. "Ақан сері - Ақтоқты" трагедиясындағы ақындық шабыт, әншілік толғаныс, таза махаббат, мелдір сүйіспеншілік сезім, философиялық ойлар, ұлттық тұрмыс-салт, әдет-ғұрып дәстүрлері Айманов режиссурасынан, ансамбль тұтастығына құрылған актерлік ойындардан көркем шешімін тапты. Айманов ғұмырының соңына дейін тынымсыз шығармашылық ізденісте жүрді. Өнер сапарымен әлемнің әр қиырында болып, өзі болған ортаның бәрінде қазақ халқының әнімен, өнерімен, дәстүрімен таныстарудан танбаған. Әр түрлі кинофестивальдерде, симпозиумдарда Жан Габен, Жан Марэ, Лоуренс Оливье, Софи Лорен, Радж Капур, Френк Копра сияқты әлемдік кино-жұлдыздармен кездесіп, соларға еліктей жүріп, өзі сахнада, кинода ойнаған рөлдерін әлемдік биікке көтере білді. "Абай ені" (реж. Г. Рошаль, 1945), "Жамбыл" (реж. Е. Дзиган, 1947) фильмдеріне түсу арқылы кино өнерінің де қыр-сырын меңгеріп, осы саладағы жемісті жолын бастады. 1953-70 ж. "Казақфильм" студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлес қосты. Айманов қойған "Махаббат туралы аңыз" (1953), "Алдар көсе" (1965), "Атамекен" (1966 ж. түсірілді, 1967 ж. Душанбе қ-да өткен Қазақстан жөне Орта Азия республикалары кино өнерінің байқауында "Тау хрусталі" атты фильмі 1-жүлдеге ие болды), "Найзатас баурайында" (1968) фильмдерінің бәрінен де ұлттық бояу сезіледі. Жұртты қыран-топан күлкіге батырған әндері, екінің бірінің аузынан түспейтін "Біздің сүйікті дәрігер" (1958), "Тақиялы періште" (1969) фильмдеріндегі әзіл-күлкілі көріністер мен қисындардың да табиғаты ұлттық, дәстүрлермен тамырласып жатыр.
Көп ізденістің нәтижесінде Айманов қазақ кино өнерінде де романтикалық-патриоттық мектептің негізін қалады. Оның соңғы еңбегі "Атаманның ақыры" (1970) фильмі режиссер Айманов талантының шарықтау шоқтығы болды. Бұл фильм таза іріктелген актерлік құрамы, режиссер сапасы, тех. орындалу деңгейі жағынан әлемдік талапқа сай шыққан туынды.
Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 - 70) қызметін атқарды. Каир қаласындағы Азия мен Африка елдері Халықаралық және Мәскеу қаласында өткен 3-халықаралық кинофестивальдердің (1963) қазылар алқасы мүшесі болды. А. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, т. б., ордендерімен марапатталған. Апаттан кайтыс болған соқ, мүрдесі Алматыға әкелініп жерленді. Алматының бір көрнекті көшесіне (1972), "Қазақфильм" студиясына (1984) Айманов есімі берілді.
Ол тұрған үй мен студия ғимаратына (1971 ж. осында музей кабинеті ұйымдастырылған) мемориалдық тақга орнатылған.
Пайдалған әдебиеттер. :
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz