ТӨЛЕ БИДІҢ ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

ТӨЛЕ БИДІҢ ЖАСТЫҚ ШАҒЫ 2
ТӨЛЕ БИДІҢ ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ 2
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 10

ТӨЛЕ БИДІҢ ЖАСТЫҚ ШАҒЫ

Шешен кісі - сөз бастар,
Адал кісі - ел бастар.
Жамбыл Жабаев
Төле он жасынан бастап алқалы көп алдына шығып, дау-шарға араласады,
Төрелігіне тәнті болған жұрт дуалы ауызды Төлеге жүгінетін болған.
Жиырмасында Төле төрт арыс Дулатқа билік айтқан, аңызға айналған мынадай
өлең жолдары да бар:
Қара шоғыр қарашы шыққан жері,
Аршындап басып озды өзгелерді.
Әлібектің баласы жас Төленің,
Қара қылды қақ жарған әділдігі.
Төле жасынан-ақ өз халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, туған
жерінің, туған елінің бірлігі мен ынтымағын көксеп, сол үшін өле-өлгенше
қызмет етіп кеткен қайраткер. Қара қылды қақ жарған әділдігімен, асқан
шешендігімен ел қорғаны болған, көпшілдігімен ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болып
келеді. Оның Отанға, туған жерге, халқына деген қалтқысыз сүйіспеншілігі
талай ұрпаққа патриоттық рух беріп, ізгі жолға баулып келеді.

ТӨЛЕ БИДІҢ ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

"Қазақта Қабанбайдан асқан батыр, Төле биден асқан би жоқ. Үш жүзге
үлгі айтқан Төле би қандай да болса даулы мәселені қорытындылаған соң,
одан кейін ешкім сөз өрбітпеген".
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
"Едіге би" дастаны.
Төле би Әлібекұлы - қазақ қоғамының көрнекті саяси қайраткері, белгілі
шешен, Тәуке ханның жақын кеңесшісі, "Жеті жарғы" әдет заңын
құрастырушылардың бірі, ұлы жүздің аға биі Әлібектің кіші әйелі
Бүктіханымнан Өтебай, Елібай және Төле туады. 1663 жылы Шу өзенінің бойында
Жайсаң жайлауында Әлібектің үйінде үлкен қуаныш болады. Дүниеге Төле атты
бала келеді. Шу өңірінің халықтарына Төленің жақын, ыстық болатын себебі,
оның біздің ата-мекеніміз, төл жайлауымыз - Жайсанда "іңгәлап" дүниеге
келгені, кіндік кескен ата жұрты аталуы.
Әкесі Әлібек тоғыз ағайынды болған, дейді. Әлібек би орта шаруалы адам
болыпты. Ағайындары, бауырлары малды, соның ішінде, әсіресе, Тоқпан атты
інісі әжептеуір бай болған көрінеді. Сырттан келгендер "Ауыл кімдікі?-десе,
- "Әлібектікі", ал "Мал кімдікі?" - десе "Тоқпандікі" - дегенді естіген.
Әлібек би қараша үй тігіп, азғана ешкі сауып, бөлектеу бір жотада тіршілік
кешкен. Көп тыңдап, аз сөйлеген, бұрмай турасын айтқан адам болыпты.
Төленің арғы атасы - Құдайберді, Есім ханның заманында Төбе би
есебінде хан сыртта жүргенде ел басқарған. "Өнер алды -қызыл тіл" деп
білген қоғамда әділ билік айту, сыншылдық, шешендік қайсібір шаңырақтарда
атакәсіпке айналған. Зерделі бала кәмелетке толмай-ақ қаршадайынан билік
естіп, сөз астарын қуып, ата кәсіпке машықтана бастаған.
Қүдайбердіден сон Әлібек елдің қалауы бойынша би болады да, оның үйі
күнделікті ел арасында туып отырған дау-жанжалдың, зорлық пен панасыздықтың
тоғысқан жеріне айналады.
Бала Төле жәбірлінің аққан көз жасын, шерлінің айтқан мұңы мен зарын
естіп, малшылармен бірге мал бағып, бейнеттің не екенін көріп өседі. Ол
жастайынан билікке араласып "Қойшы би", "Бала би", "Дана би" атанады. Қазақ
қоғамын Тәуке хан билеген жылдар (1680-1718) халық жадында үш би - Төле,
Қазыбек және Әйтеке, бір хан басқарған тарихи кезең болып енді.
Бұл ұлы билер халық қамын ойлайтын, қандай қиын түйіндерді болса да
әділ шешуге тырысатын. Ол туралы Әйтеке би: "Әділет бізден, төрелік көптің
хақы", - деп бекер айтпаған. Қазақ тарихында, халық жадында терең із
қалдырған үш би болған. Олар - Әлібекұлы Төле би (1663-1756), Келдібекұлы
Қазыбек би (1667-1763), Байбекұлы Әйтеке би (1682-1766).
Бұл билерді халық, әрине, Тәуке ханның "Жеті жарғы" атты заңдар
жинағын жасағаны үшін есінде сақтап келген жоқ. Оларды халық қиын-қыстау
заманда ел басына халық ретінде жойылып кету қаупі төнгенде, бар билік
қуаты мен талантын ел бірлігі мен тәуелсіздігіне сарқа жұмсағаны үшін
жадында қалдырды. Бұл билердің қайсысы болмасын өз заманының ақылшысы еді.
Олардың қызметіндегі ең негізгі өзек, дәні - олардың өз ортасынан
бүкілхалықтық мүдде мен мақсатты түсінуге ерте оянып, өз өмірлерін осындай
биік іске арнағандығы.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес барысында қазақ, қырғыз және
қарақалпақ елдерін өз билігіне біріктіре алған Тәуке хан өлген сон,
сұлтандар арасында тақ, билік үшін болған күрестің барысында қазақ
қоғамында саяси бытыраңқылық қайтадан үстемдік ала бастады.
1723 жылы қазақ еліне қалмақтар басып кіре бастады, "Ақтабан
шұбырынды" атанған тарихи кезең басталды. Тап осы кезде Теле би өзінің
қайраткерлік қабілетімен ерекше көзге түседі. Ол қазақтарды түрікмен,
қарақалпақ, өзбек сияқты туыс халықтармен бейбіт, жылы қатынасқа, азын-
аулақ болып отырған келімсіз жайларға жол бермеуге, кешірімділік пен
кендікке шақырады. Кемеңгер би елдермен арада пайда болған дау-жанжалға
әділ билігімен араласып, сол үшін қарақалпақ, өзбек, түрікмен халықтары
арасында да жылы қабылданады.
1740 жылы Ұлы жүз ханы Жолбарыс өлгеннен кейін Ташкенттегі билік
толығымен Төле бидің қолына көшеді. Қазақ халқының Жетісу мен Сыр бойын
өзінен қуатты жаудан біржола азат етуге әлі де даяр емес екендігін түсінген
Төле би ойраттықтармен күш жинап алғанға дейін бейбіт қатынаста болуға
тырысып, олардың талап еткен салығын өтеп отырады, сондай-ақ ойрат
билеушісіне өз ұлы Жоланды аманатқа жібереді.
Халық арасында жазба түрінде тараған Әбдірайым шежіресі бойынша Жолан
қалмақ ханы қолында екі мәрте, барлығы он төрт жылға жуық уақыт болған, ал
Төленің тағы бір ұлы Қожабек қалмақтарға тұтқынға түсіп, содан оралмаған.
Шамамен 1720-1730 жылдардың аралығында Сайрамға жақын маңдағы Састөбеде
өткен үш жүз билеушілерінің кеңесі, Әбілқайыр, Сәмеке және Күшік сияқты
хан, сұлтандар бастаған кертартпа күштердің үстемдік құруымен аяқталады.
Төле би, Абылай сұлтан, Бұқар жырау, Жәнібек батыр бастаған екінші
прогрессивтік бағыттағы топ сырттан төнген қауіп алдында ұлттық
тәуелсіздікті сақтап қалу үшін қазақ қоғамының тұтастығын, бір саяси
орталыққа бағынуын қалпына келтіруді жақтаушылар жеңіліс табады.
Төле би Састөбе кеңесіне қатынаспаған. Оған даярлық барысында
Әбілқайыр сияқты хан-сұлтандармен негізгі мәселелер төңірегінде ортақ
шешімге келе алмайтындығын түсінген би денсаулығы жоқтығын сылтауратып
бармай, өз орнына Тастемір би бастаған Ұлы жүз өкілдігін жібереді. Атақоныс
Жетісу, Сыр бойының жау қолында қалуы, ал оны азат ету үшін жалпыхалықтық
саяси бірлікке жұрттың шоғырланбауы сол кездегі бүкіл Ұлы жүз тайпаларының
ұйтқысы есебінде болған Төле биге жеңіл тиген жоқ еді. Састөбедегі кеңестен
кейінгі Ұлы жүз билеушілерінің бас қосқан мәжілісінде сөйлеген сөзінде ол
елдегі саяси жағдайға баға бере келіп, елдің бытыраңқылыққа ұшырауына
кінәлі хандар екендігін айтады: "Кешегі Бұхара мен Хиуадан атақонысқа әрең
жетіп, енді етек-жеңімізді жиып, ел боламыз ба деп бет түзегенде өткен
Састөбедегі кеңес елге құт емес, жұт болды. Үш жүз бірігіп тұтас халыққа
айнала алмадық. Кешегі кесапат "Ақтабан шұбырынды" заманы бізге сабақ
болмады. Кіші жүз бен Орта жүз ұзап, бірі Еділ-Жайық, бірі Арқа асты.
Әрқайсысының басында өз күйі мен тағының қамын ойлаған хандар тұр.
Әбілқайыр түлкі сыйпат кісі еді, қайтып ол Кіші жүзді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технологиялық карта туралы ақпарат
ТӨЛЕ БИДІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ
Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Төле бидің ролі
Төле би өмірбаяны
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Әйтеке би
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Бұқар жырау
Шешендік сөздер түрлері
Қазақ даласының ұлы билері
Пәндер