Үндістанға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған еуропалық тұңғыш теңіз саяхатшысы - Колумб



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Христофор Колумб. Колумб 1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма
өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб отбасында туған.
Колумбтың жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан,
португал және латын тілдерін жақсы білгендігі анық. Он төрт жасында Колумб
теңіз қызметіне кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Еуропа жағалауларына
саяхат жасаған сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайларын жақсы біліп
алады. Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданады. Ол
бұл мамандықты меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбией бірге
Лиссабонға келеді.
Португалияның Лиссабон қаласы теңіз шаруашылығының орталығы болды.
Оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар жиналатын. Мұнда
келгеннен кейін де ағайынды Колумбтар карта жасаумен айналысады және
бірқатар теңізде жүзу жұмыстарына қатысады. Колумб Лиссабонда тұрған
кезінде Феники Леониде Полестерелло дейтін теңізшінің қызымен танысып,
соған үйленеді. Колумб үйленген соң Порто-Сонто аралына келіп, қайын
атасының үйінде тұрады. Мұнда ол атасынан қалған географиялық карталарды,
теңіз жұмысы туралы жазбаларын тауып алып, сол материалды мұқият зерттейді.
Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне
кіріседі.
XV ғасырда ежелгі ғалымдардың Жер шар формалы деген болжаулары теңіз
саяхатшыларының назарын аударды. Кейбір ғалымдар батысқа қарай жүзу арқылы
Жерді айналып өтіп, Үндістанға жетуге болады деген пікір айтты. Бұл жолды,
Африканы айналып өтуге қарағанда, қысқа жол деп қате есептеді. Үндістанға
батыс жолмен жетуге әрекет жасаған еуропалық тұңғыш теңіз саяхатшысы
Христофор Колумб (1451-1506) болды.
Біраз ізденістерінің нәтижесінде Христофор Колумб өзінің Үндістан мен
Қытайға апаратын теңіз жолын іздеу сапарын Африканы айналып жүретін
Шығыстан емес, әлі зерттелмеген, Атлант мұхитын басып өтетін батыстан
бастау керек деп шешті.
Ол Жердің шар іспетті екенін білетін-ді. Егер олай болған күнде,
Батысты бетке алып жүзе берсе қайткен күнде Үндістаннан барып шығатынын
топшылады.
Оның бұл жоспары ол кезде "ақымақтың ісі" саналатын. Әлі ешкім сырын
білмейтін мұхит арқылы кіп-кішкентай кемесымақпен жүзіп өтемін деу шынында
көзсіз ерлік еді. Ұзақ жылға созылған айтыс, таба болу мен торығудан кейін,
ақыры Колумб алтын мен жаңа жер байлығына құштар испан корольдерінің бетін
өзіне бұрды.
Сонымен Колумб жол бастаушы "Санта Мария" және "Нинья", "Пинта" деп
аталатын үш кемемен 1492 жылы тамызда Испания жағалауындағы Полос қаласынан
сапарға шығады. Бұлар аттанғанда ауа райы ашық болды. Пассат желі бір
қалыпты соғып, кемелер батысқа қарай еркін сырғи жөнелді. Бұрын мұндай ашық
теңізге шығып көрмеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теңіз саяхатшылары
Орта ғасыр саяхатшылары Христофер Колумб
Ұлы географиялық ашылулар және олардың Америка еліне ықпалдығы
Ұлы географиялық ашылымдардың алғышарттары
Колумбтың төртінші экспедициясы
Колумбтың екінші экспедициясы
АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ
Ұлы географиялық ашылымдар мен оның себеп-салдарлары
Лаперуздың географиялық ашулары
Азияны зерттеуші ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері
Пәндер