ТІЛЕНШІҰЛЫ ШАЛГЕЗ (ШАЛКИІЗ)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ:

ТІЛЕНШІҰЛЫ
ШАЛГЕЗ (ШАЛКИІЗ)

ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН:

АЛМАТЫ-2009

ТІЛЕНШІҰЛЫ ШАЛГЕЗ (ШАЛКИІЗ)

Халық Шәлгезді бірнеше хандар тұсында қызмет еткен, әрі батыр, әрі
жырау, ноғайлы дәуірінде өмір кешкен, Орақ, Мамайды, Би Темірді көрген кісі
деп аңыз етеді.
Шәлгез (Шалкиіз) жырау революциядан бұрын туындылары ең көп баспа бетін
көрген авторларымыздың санатына жатады (Записи Оренбург. Отдела
императорского русского географического общества, Оренбург, 1985, вып ІІІ,
260-279; Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, с. 69-79;
Османов М.Ноғай шығармалары, СПб, 1883; Радлов В. Образцы народной
литературы северных тюркских племен, СПб, 1896, ч.VII, с.210-216;
Бекмұхамедов М. Жақсы үгіт, Қазан, 1908; Мұштақ Ғабдолла Көкселдір яки
бұрынғы мырза ұлы һәм ноғайлы батырлары уа ғайри мағыналы жырлар, Орынбор,
1919).
Және шығармалары біршама тиянақты зерттелген кісілердің бірі
(С.Сейфуллин Шығармалары, А., 6-том; Әуезов М, Ысмайылов Е. Батырлар жыры,
ақын-жыраулар, суырып салма ақындар, жыршылық дәстүр, - Қазақ ССР Тарихы,
А., 1955, 219-228-б; Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. А., 1985, 144-146-б;
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А., 1967, 84-94-б.;
Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар, А., 1990, 63-73-б; Мағауин М.
Ғасырлар бедері, А., 1991, 36-58-б; Сыдықов Қ., Шәлгез (Шалкиіз)
Тіленшіұлы Кітапта: Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті, А., 1983, 197-248-б.).
Алайда бұған қарап, біз Шалкездің барлық мұрасы бізге жетіп, зерттелген
деп айта алмаймыз. Ең ақыры дуалы аңызды қариямыздың аты Шәлгез бе, Шалкиіз
бе деген мәселеден бастап, оның туған, өлген жылдарын шамамен болса да
мөлшерлер межелеудің өзінде де әрқилы болжамдар айтылып келеді. Бірақ, оған
бола жырауды зерттеп жүрген мамандарды кінәлаудың қисыны жоқ. Өйткені,
революциядан бұрынғы, революциядан кейін Ахмет Байтұрсынов енгізген араб
графикасы қабылдағанға дейінгі біздің қадім (ескі) жазуларымыз да и мен е
дыбысы бір ғана таңбамен берілетін-ді. Сондықтан жырау есімін Шәлгез,
Шалгез, Шалкиз, Шалкиіз деп әркім әртүрліше оқуға қақылы. Оның үстіне
В.Радлов Шалкіз деп, башқұрттар шалкииз деп жазса, 1875 жылы Императорлық
орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесінің жазбаларына берген
Т.Сейдалин мен С.Жантуриннің орысша аудармасында (Жырау шығармасын жолма
жол тәржімадан өлеңге айналдырған И.Н.Распопов) Певец Шалкииз деп
таңбаланса, Шалкиізді тек қана Шәлгез деп жазған дұрыс деп отырып алуға
болмайды. Сондықтан біз осы екі атауды да қатар алып отырмыз.
Шәлгездің (Шалкиіздің) Би Темірдің ақылшы жырауы болғанына Республика
Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, марқұм Ә.Дербісәлин де, қазіргі
зерттеушілер Х.Сүйіншәлиев те, М.Мағауин, Қ.Сыдықов, т.б. айрықша мән
береді. Бірақ, жыраудың сол тұста шамамен қанша жастарда болуы мүмкіндігі
турасында олар әрқилы пікірде. Мәселен, М.Мағауин Шәлгез 1465 жылы өмірге
келіп, 1560 жылы өмірден озды деген ойды қуаттайды. Бірақ, ол жыраудың 1465
жылдың шамасында өмірге келуі мүмкін екендігіне бажайлап тоқтамайды. Ал,
марқұм Ә.Дербісәлин болса Темірдің Мекеге баруға ниет еткен кезі кем
дегенде XV ғасырдың сексенінші жылдары. Шәлгез бұл тұста едәуір жасқа
келген, уәлі ауыз, атақты әрі батыр, әлі жырау. Әйтпесе, оны жұрт Темірді
хажы сапарынан тоқтатуға жұмсамас еді деп, Шәлгездің сол уақыттар да біраз
жасқа келген кісі болуы мүмкін екендігін жазады. Сөз жоқ, қисынды пікір.
Ал, белгілі ғалым бұл ойды ел аузындағы Шәлгез Мұсаның қызынан, Орақпен
тетелес апасынан туған дейтін, кезінде М.Мағауин, Қ.Сыдықов сөз еткен
деректердің шындыққа қаншалықты алыс-жақындығын дәлелдеу үшін жазады.
Шәлгез (Шалкиіз) жыраудың Мұсаның қызынан туыпты деп ел аузында
айтылуына қарағанда, оның шындыққа жанасатындығына ден қоюға болады. Ал,
қашан туғандығына дәлел іздесек, оның белгілі тұқым нағашыларына көз
жүгіртпей болмайды. Едігенің үлкен ұлы Нұреддин, оның тұңғышы Уақас, оның
тұңғышы Мұса, одан Шәлгездің анасы, одан Шәлгез. Яғни, ол Едігенің төртінші
ұрпағы болып саналатын қыздан туып отырған адам. Өзін санағанда бесінші
буын. Едіге 1352 жылы туған кісі. Әр ұрпаққа 22 болмаса 23 жастан бергенде
Шәлгез сол 1460-1465 жылдары дүниеге келген болып шығады. Бұл шындыққа
келеді.
Шалгез ды Сыпыра, Асан, Қазтуған, Жиенбет жыраулар сияқты, сарай
маңында жасаған адам. Ол – XV-XVI ғасырлар аралығында билік құрған хандарды
жақсы біліп, сол кез оқиғасын ұзақ уақыттар жырлаған кәрия жырау.
Бірақ, ол жырларынан бізге жеткені көп емес. Жыраудың ақындық
творчествосы санаулы толғауларымен ғана шектеледі. Олар – ертерек шыққан
шайырлар жинағында жарияланған туындылары. Шалгез ноғайлы дәуірінің жырауы
дедік. Сондықтан оған қазақтан басқа ноғайлардың да ортақтасуларына қақысы
бар. Әзірше сол ноғайлар ішінен Шалгезді көбірек иеленіп, оның біраз
туындыларын өз тілінде игеріп жүрген ел – Құмық ноғайлары. Біздің
мақсатымыз – ортақ дәуір туындыларын бірлесе зерттеп, дәуір шындығын
қалпына келтіру.
Әзірше, Шалгездің өмірі мен творчествосын біз өз қолымызда бар деректер
аумағында танытуға күш салып келеміз.
Шалгездің бізге мәлім өлеңдерінің мазмұнына қарағанда ол Жайық, Елек,
Ойыл өзендері бойларын жайлаған елден шыққан. Көбінше сол жерлерді
мекендеген ұлыстар арасында өмір кешкен.
Би Темірге арналған толғауларының бір жерінде жырау өзінің ата тегін,
қандай ханға тәуелді болғанын хабар береді:
Темір еді биіміз
Теңіз еді халқымыз
Тебірлерге қалғанда
Теңселер ауыр санды ноғай жұртымыз
десе, екінші бір жерінде:
Тіленші ұғлы Шалгездің,
Иесі Би Темірдің тұсында,
Бұлтқа жете жаздады бұл мүйіз
дейді.
Бұл жолдардан Шалгездің әкесі Тіленші, өзі Би Темірдің тұстасы екені
көрінеді. Ал Би Темірдің өзі Ноғайлының Едіге биінің тұқымы (Маңғыт
тайпасынан): Едігенің Мансұр деген ұлынан Темір би туады.
Жоғарыда келтірілген өлеңдерін жырау Би Темірмен тату-тәтті тұрған
кезде айтқан. Өлең мазмұны оның Би Темірге сыйлы адам екенін танытады.
Бірақ өзі қатарлас, күншіл әділетсіз уәзірлермен тату тұрмаған. Сондықтан
да ол өзінің кейбір сөзін зұлым уәзірлерге қаратып айтады. Міне, осы тұста
хан уәзірлері Би Темірді Шалкезге қарсы айдап салып, оны орда маңынан
қудырса керек. Бұл шындықты тарих та дәлелдейді. Мысалы, Қазақ ССР
тарихының баяндауынша, Шалгез алғашында ханның ақылшысы, бірақ кейін оның
әділетсіздігімен бітісе алмай, онан қол үзген...
Енді бір жерде жырауға баға да берілген: Оны Қызыл тілге келгенде
шеберлігі ханның өзінен кем түспейтін ақыл иесі жырау болған еді деп
жоғары бағалайды.
Шалгез бен хан арасында болған наразылықтар жыраудың толғауларынан да,
оның өлеңдерін баспаға алғаш ұсынушылардың берген кейбір түсініктерінен де
айқын көрінеді.
Шалгездің бізге жеткен шығармалары негізінен жыр, толғау дәстүрінде
келеді. Бұған оның Жуын ханға айтқаны толық дәлел. Бұл ерлік дәстүрді
дәріптейтін жыр. Оны Мұрат ақын жырлап жеткізген. Шалгездің осы толғауын
Мұратқа танушылар да бар. Ол орынсыз. Себебі Мұраттың өзі Шалгез жыры деп
ескертеді. Мұрат автор емес, жырлап жеткізуші. Біздіңше, Мұраттың
жырлауында бұл жыр онша өңделмей бірсыдырғы таза жеткен. Жырда қазаққа
аттары мәлім болған бірнеше батырлардың алып бейнелері жасалған.
Келтірілген бұл жырдың Мұрат айтқан нұсқасында кездесетін батырлар:
Қоянақұлы Қожақ, Бекімұлы Жанай, Қараұлы Сидақ, Көкшеұлы Қосай, Естерекұлы
Тарғын, Айдынды Демес.
Шалгездің „Жуан ханға" жырының шығуы туралы Қазақ ССР тарихы мынадай
түсінік береді:
Шалгез жыраудың жорық жырларында бір жолы ол өзінің жолдасымен бара
жатып, қалмақ ханының қалың қолымен кездесіп қалғаны, сонда оларды Шалгез
өзінің жырымен тоқтатқандығы баяндалады. Ол осы жырларында қазақтың белгілі
батырларын дәріптейді, олардың ерлік істерін тізеді, сөйтіп, қалмақ
әскерлерінің үрейін алады. Бұл жырға қарағанда, Шалгез жырау түрлі жанрдағы
шығармалардың жыршысы болған".
Шалгездің жоғарыдағы жырынан басқа бірнеше толғаулары, нақыл-ғибрат
сөздері жеткен. Олар ертеректе шыққан қазақ ақындарының жинақтарында,
кейбір шығыстанушы ғалымдардың еңбегінде жарияланған.
Өткен XIX ғасырдың жетпісінші жылдарының өзінде орыс ғалымдары Шалгез
сөздеріне көңіл бөліп, География қоғамының орынборлық бөлімшесі хаттарында
орыс, қазақ тілдерінде басқан.
Шалгез шығармаларының аңыз аралас бір нұсқасын түсіндірме сөздер сияқты
қосымшаларымен В.В.Радлов өзінің "Образцы" жинағының VII томына (1896 спб)
енгізген.
1893 жылы „Астраханский вестник" журналында (№1216) және А.Харузиннің
„Киргизы Букеевской орды" (Москва, 1886, 136-бет) деген жинағында Шалгездің
хан Би Темірге айтқандары басылды.
Қазақтың ұлы ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсарин Шалгездің „Бір ханға
бір бидің жамандардан қорлық көргенде айтқан сөзі —деген толғауын (1875
жылы Орынборда жариялауынан) 1879 жылы Орынборда шыққан өзінің „Киргизская
хрестоматиясына" енгізді. Ыбырай Шалгездің бұл толғауын біраз қысқартып,
оқушылар ұғымына лайықтап, „Ау, хан ием"— деген жолдан бастап, 54 жолын
тағы жариялайды. Хрестоматияның 1905 жылғы басылуына да Шалгез жырынан үлгі
енген болатын.
Шалгездің толғауы „Ақын" деген жинақтың „Жетінші сөз" бөлімінде „Ескі
жырлар" деген атпен де басылды. А.Берқалиұғлы құрастырып, Қазанда 1912 жылы
бастырған бұл жинақта кейбір түсінік ескертпелер де кезігеді. Бұл
ескертпелерге сенсек, аталмыш толғауды ноғайлының әрі батыры, әрі жырауы
Шалгез өзін басым жауға қарсы өлімге әдейі жалғыз жұмсаған Орақ пен Мамайға
ренжіп келіп айтыпты-мыс.
Ел аузындағы аңыздарда бұл толғауларды Шалгездің хандарға арнап айтқаны
деп көрсетіледі. Ол толғаудың мазмұнында ешкімнің аты аталмайды. Тек бір-ақ
жерде „Орманбет би өлген күн" деген сөз бар. Толғау соңында ханға бас
имейтінін танытатын 10 жолдай өлең шумағы кездеседі. Бұнда да хандар есімі
аталмайды. Бұл шумақтың ұғымы да толғау мазмұнынан бөлектеу. Соған
қарағанда, оның өзін бөлек бір шығарма деуге болар еді. Ал баспаға
ұсынушылар Шалгез толғауын жіктемей, бірыңғай тізе бергенге ұқсайды.
Ал Шалгездің „Шағырмақ бұлт жай тастар" деп басталатын „Ақын" жинағында
басылған толғауы — негізінен моральдық-этикалық сипаттағы ғибрат сөздер.
Онда Шалгез жұртты әділдік пен жақсылыққа үндеп, барша жамандықтан аулақ
болуды нақыл сөздермен термелейді.
Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар.
Ақ желкенді жел бастар,
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Немесе:
Құсты жисад бүркіт жи,
Қыстауынды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлк етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда
Жұмыла ғаламға күлкі етер.
Шалгездің бұл толғауының көлемі 244 жол, мазмұны бастан-аяқ өнегелі
ақыл, өсиет, ғибрат сөздерден тұрады.
Шалгездің екінші бір ғибратты толғау үлгісіндегі көлемді шығармасы —
"Темір ханға айтқаны", „Темір ханға" немесе „Би Темірге" делінетін
толғаудың бізге алты-жеті түрлі нұсқасы жеткен. Бәрі де XX ғасырға дейінгі
жинақтарда басылған. Оның бір нұсқасын 1885 жылы Орынборда шыққан „Қазақтың
эпостық және лирикалық поэзиясының үлгілері" деген атпен орыс тілінде
шыққан жинақтан кездестіреміз. Бұл жинақта қазақтың көптеген лирикалық
өлеңдері, халық жырлары және ертеде өмір сүрген екі жыраудың толғаулары
берілген. Соның бірі — Шалгездің толғауы. Ол „Песни Шалгиеза хану
Битемиру"' деп аталады. Екіншісі, Жанкісі жыраудың Қоқан ханына айтқаны.
Оны құрастырушылар: „Песни о временах владычества кокандцев" деген атпен
жариялаған. Бұл екі ақынның толғаулары да желісі бұзылмай, түгел
аударылған. Жинақтағы басқа өлеңдердің аудармалары да өзінің дәлдігін
сақтаған. Аталмыш жинақтағы өлеңдерді сөзбе-сөз Жантурин аударады да,
аударманы өңдеген ақын аты-жөнін толық жазбай, „П. Р." деп қана белгі
қояды. Оны Петр Распопов деген жергілікті ақын болар деп болжаулар жасалып
жүр. Шалгездің „Би Темірге" арнаған толғауының ілкі бір нұсқасын География
қоғамының қазақ-орыс тілдерінде 1875 жылы Орынборда басылған хаттарында
басылды дедік. Енді осы толғаудың екінші бір нұсқасы М.Бекмұхмедов
құрастырған „Жақсы үміт" жинағында (Қазан, 1908 жыл) жарияланған. Ол
„Ноғайлының батыры Шалгездің Темірханға айтқаны" деген тақырыппен беріледі.
Темірді қажылық сапарынан тоқтату ниетіндегі жырау сөздерін „Шайыр"
(Орынбор, 1912) жинағынан ұшыратамыз. Бұл толғауға берілген түсініктерде
Шалгез Би Темірмен осы тұста қайта табысады. Халық бұларды табыстырады. Ал
осы жинақтағы жыраудың „Тор балақ құсты"— деп басталатын жолдар оның хан
иесімен әлі табысып жетпегенін аңғартады.
Шалгездің енді бір толғауы тағы да „Шалгездің Темір ханға айтқан
жырлары" деген атпен Ғабдолла Мұштақ құрастырған „Көксілдір..." (Орынбор,
1911) жинағына енгізілген. Бұл — ұзын-ырғасы 162 жол өлең. Оның бастапқы
71 жолы Жантурин мен Бекмұхамедов нұсқаларына ұқсайды. Кей жері сөзбе-сөз
келмесе де, сюжеттік желісі тұрғысынан алып қарағанда, соның бір нұсқасы
дерлік. Ал кейінгі 91 жолы мүлде өзге толғау. Шалгездің бұл толғауы —
мазмұны бөлек, өз алдына жеке бір шығарма. Осы соңғы 91 жол Би Темірге
арналған өлеңі болуға тиіс. Себебі „Темір ием" деген сөздер толғаудың осы
соңғы бөлімінде кездеседі. Осыған орай, біз бұл 91 жол Шалгездің „Темір
ханға айтқаны" деп келетін толғауының „Сен алтынсың, мен пұлмын" деп
басталатын жолдардан кейінгі бөлімі демекпіз. Міне, революцияға дейінгі
(XIX ғасырдың 2-жартысынан кейінгі) кезеңдерде Шалгездің шығармалары баспа
жүзінде қазақ тілінде әлденеше рет жарияланады. Бірер рет орыс тіліне
аударылып та басылады. Тағы бір ескертеріміз осы тұста, яғни XIX ғасыр
аяғында Шалгездің кейбір шығармалары құмық ноғайлары өлеңдерінің тұңғыш
жинақтарында да басылады. Мысалы, М.Оспанов құрастырған „Ноғай және құмық
жырлары" (Спб. 1883) кітабында орын алған.
Біз жоғарыда атап көрсеткен С.Сейфуллиннің „Қазақтың ескі әдебиет
нұсқалары" (1931) кітабында Шалгездің „Жуан ханға айтқаны" басылған-ды. Ол
жырау туралы қысқа мәлімет те берді. Бұдан кейін Е.Ысмайылов өзінің
„Ақындар" (1956) кітабында Шалгездің ірі тұлға болғанын орынды ескерткен-
ді.
Шалгез есімі, соңғы жылдары, әдебиет тарихына тұрақтап, шығармалары
баспасөздерде, оқу құралдарында жиі жарияланьш жүр. Шалгез шығармашылығы
1960 жылдан бері жоғары оқу орындары программасы бойынша оқытылады. Асан,
Шалгез, Жиембет жыраулардың творчествосы 1961 жылы басылып шыққан
Х.Сүйіншәлиевтің „XVIII—XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті" кітабында (8—16-
беттер) тұңғыш таныстырылды. Одан кейін Шалгез туралы „Білім және еңбек"
журналының 1964 жылғы 12-санында (20—21-беттер) арнайы мақала да
жарияланды.
Шалгез толғауларының жақсы үлгілері 1967 жылы шыққан „Ертедегі қазақ
әдебиеті хрестоматиясы" жинағына енді.
Шалгез шығармаларының ғылыми сипаттамалары бұдан кейінгі еңбектерде
толыға түсті. „Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері" (1967) кітаптарында
жырау шығармашылығы өзінің толық талдауын тапты.
М.Мағауин 1966 жылдан бастап Шалгездің революцияға дейінгі жинақтарда
жарияланған өлеңдерін түгелдеп, 1973 ж. „Алдаспан" жинағы арқылы оларды
қазіргі оқырман көпшілік назарына ұсынды. Жырау туралы мақалалар жазды. Ол
1968 жылғы өзінің „Қобыз сарыны" кітабында жырау мұраларын арнайы зерттеді.
Аталмыш оқулықтар мен зерттеулер тек қана Шалгез шығармашылығын танытып
қойған жоқ, сонымен бірге XV—XVIII ғасырлар поэзиясын түгел таныстырған
соны қадамдар болды. Кейін „Бес ғасыр жырлайды" (1984, 1-том), „XV—XVIII ғ.
қазақ поэзиясы" (1982) жинақтарында басылып келеді.
Шалгездің толғаулары негізінен дидактикалық сарында жазылган жыраулар
поэзиясы үлгісіндегі ғибрат сөздер, адамгершілік сананың, әділеттік ақыл
иесінің жемістері. Сондай-ақ өзінің тұстас әміршілеріне бағышталған
арнаулар, замана талабымен ел тілегін ұсынар ойлы, сырлы толғаулар, өмір
тәжірибесінен қорытылып сараланған сөз кестелері, шешен ақылдар.
Жақсыға қоссаң басыңды,
Отырар орның төр болар.
Жаманға қоссаң басыңды,
Саз балшыққа аунаған
Бөрімен орның тең болар...
Жаманды құдай алар ма?
Жақсыны құдай қояр ма.
Жақсы алдында сөз айтсаң,
Жақсылар сөзге тояр ма.
Жаманға жақын болсаңыз,
Күнінде бір күн болғанда,
Оның залалы тиер басыңа.
Жақсы туған қарындас,
һәм қарындас, һәм жолдас...
Бұл жолдар — жыраудың өзіне ғана тән ақындық құдіретін танытарлық
туындылар. Адамгершіл ақыл, өнегелі өсиеттердің үлгілері дерлік аталы
сөздер. Халықтың елдігін арттырар абзал қасиеттер, жақсылық жолдарын нұсқар
өлең өрнектері.
Халық ежелден бері қастерлеген ағайын арасының татулығы, азамат ердің,
рулы елдің алауыз болмай тату-тәтті өмір сүруі — жырау туындыларының
негізгі нысанасы.
Асылы, әлі тұүтасып, іргесі бекіп кетпеген қазақ хандығына қарасты сан
ұлыстардан құралған ноғайлылардың бірлігі кем алауыздығы жыраудың тынышын
кетірсе керек.
Бұлбұл үйрек, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету
Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық мені арқылы танимыз
Шалкиіз Тіленшіұлы
Жүсіп Баласағұн (1020- ) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
Сырдария бойындағы шаруашылық, мәдениет орталығы болған маңызды қалалар үшін күрес
Жалпы мектептегі музыка сабағында жыршы-жыраулардың алатын орны
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Ортағасырлық мәдениет және мемлекет қайраткерлері: асан қайғы, қазтуған, шалкиіз және жиембет жыраулар
Жерұйық іздеген желмаялы Асанқайғы. Қызыл тілдің шешені Қазтуған жырау. Шәлгез (Шалкиіз) жырау. Жиембет жырау
Пәндер