ШАЙҚҰТДИНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИСЫНЫҢ КОРРЕСПОНДЕНТ-МҮШЕСІ Е. М.
ШАЙҚҰТДИНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдинов 1933 жылы 10-мамырда Солтүстік
Қазақстан облысының Октябрь ауылында дүниеге келді.
1951 ж. Солтүстік Қазақстан облысының Чистов орта мектебін медальмен
бітірді.
1951-1956 жж. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Еңбек Қызыл Ту орденді
химиялық нәзік технология институтының негізгі органикалық синтез
факультетінің студенті.
1956-1958 жж. Қарағанды синтетикалық каучук зауытының ауысым бастығы
(Теміртау қаласы).
1958-1962 жж. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Еңбек Қызыл Ту орденді
химиялық нәзік технология институтының аспиранты.
1963 ж. Химия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін "Бор қышқылының
қатысуымен жүретін монометил орын басқан қаныққан көмірсутектердің сұйық
фазада тотығуы" деген тақырыпта диссертация қорғады.
1963-1971 жж. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жоғары
молекулалық қосылыстар химясы кафедрасының аға оқытушысы, доценті.
1963 жылдан осы уақытқа дейін. Полимерлер химиясы жөніндегі Республикалық
ғылыми кеңестің мүшесі.
1970 ж. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне "Ерен
еңбегі үшін" медалімен наградталды.
1971-1978 жж. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жоғары
молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі.
1972 жылдан осы уақытқа дейін. Қазақстан республикасының Ұлттық ғылым
академиясы Химиялық ғылымдар институтының және Әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттік ұлттық университетінің докторлық және кандидаттық
диссертациялар қорғау жөніндегі мамандандырылған ғылыми кеңестерінің
мүшесі.
1973 ж. "Социалистік жарыстың жеңімпазы" белгісімен наградталды.
1974 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің 40-жылдығына байланысты ғылыми-
педагогикалық еңбегі үшін ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен
наградталды.
1974-1985 жж. Ғылым, техника және өндіріс саласындағы Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығын беру жөніндегі эксперттік комиссияның мүшесі.
1974 жылдан осы уақыиқа дейін. Республиканың Мемлекеттік сыйлықтарын беру
жөніндегі ҚР ҰҒА химия-технология бөлімшесінің секция мүшесі.
1975 ж. Химия ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін "Жай винил
эфирлерінің басқа винилдік мономерлермен радикалдық полимерленуі
саласындағы зерттеу" деген тақырыпта диссертация қорғады (ҚазМУ).
- ХІ Менделеев съезіне қатысып баяндама жасады (Алматы).
1976 ж. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жоғары
молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасы бойынша профессор атағы берілді.
1978 ж. Макромолекулалық химия жөніндегі Халықаралық симпозиумға қатысты
(Ташкент).
1973 жылдан осы уақытқа дейін. Д. И. Менделеев атындағы БХҚ Орталық
басқармасының төралқасы кеңесінің мүшесі.
1978-1992 жж. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының оқу
ісі жөніндегі проректоры.
1979 ж. "КСРО-ның жоғары білім беру жұмысындағы үздік жетістігі үшін"
белгісімен наградталды.
1980-1988 жж. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының
физикалық және аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі.
1982 жылдан осы уақытқа дейін. "Химия" баспасының аймақтық кеңесі
төрағасының орынбасары.
1983 ж. ІV Бүкілодақтық "Медицинада қолданылатын синтетикалық полимерлер"
симпозиумына қатысып, баяндама жасады (Алматы).
1984 ж. КСРО Жоғарғы және орта арнаулы білім беру министрлігінің Құрмет
грамотасымен наградталды.
- Халықаралық "Радикалдық полимерлену" микросимпозиумына қатысып, баяндама
жасады (Уфа).
- І-Бүкілодақтық макроскопиялық кинетика және химиялық газодинамика
жөніндегі симпозиумға қатысты (Алматы).
1985 ж. Жоғары молекулалық қосылыстар жөніндегі ХХІІ Бүкілодақтық
конференцияның Ұйымдастыру комитетінің мүшесі және баяндамашысы (Алматы).
1985 жылдан осы уақытқа дейін. ҚР ҰҒА республикалық "Түсті металлургия"
ғылыми-техникалық комплексінің мүшесі.
1988 ж. Арнайы қасиеті бар полимерлер бойынша ФРГ - СССР ІІІ симпозиумы
ұйымдастыру комитетінің мүшесі және баяндамашысы (Алматы).
1988 жылдан осы уақытқа дейін. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық
институтының физикалық және органикалық химия кафедрасының профессоры.
1989 ж. Қазақ ССР ҒА-ның корреспондент-мүшесі болып сайланды.
- XІV Менделеев съезіне қатысты (Ташкент).
- Радикалдық полимерлену бойынша өткен Бүкілодақтық конференцияға қатысып,
баяндама жасады (Горький).
1990 ж. ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің делегация басшысы ретінде
ҚХР-на командировкаға жіберілді.
- "КСРО өнертапқышы" кеуделік белгісімен наградталды.
1991 ж. "ҚазССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері" құрметті атағы
берілді.
1992 ж. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ректоры.
1993 ж. Биобиблиографиялық мәліметтері Халықаралық биографиялық орталықтың
(Кембридж, Ұлыбритания) кітабына енгізілді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИСЫНЫҢ КОРРЕСПОНДЕНТ-МҮШЕСІ Е. М.
ШАЙҚҰТДИНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ, ПЕДАГОГТІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫСҚАША ОЧЕРКІ
Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдинов 1933 жылы 10-мамырда Солтүстік Қазақстан
облысының Октябрь ауылында жұмысшы жанұясыеда дүниеге келді.
1951 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Мәскеудің М. В. Ломоносов
атындағы химиялық нәзік технология (МХНТИ) институтына оқуға түсті. Мұнда
ол аса көрнекті химик-ғалымдар - Г. Г. Уразовтан (бейорганикалық химия), И.
П. Алимариннен (аналитикалық химия), И. Н. Назаровтан (органикалық химия),
Я. К. Сыркиннен (физикалық химия) және тағы басқалардан дәріс алды.
1956 жылы Мәскеу институтын бітірген Е. М. Шайқұтдинов Қазақстанға жолдама
алып, Қарағанды синтетикалық каучук зауытында цехтың ауысым басқарушысы
болып жұмыс атқарды. Дегенмен, білімге деген құштарлық оны өзі оқыған
институтына қайта жетеледі. 1958 жылы қабылдау емтихандарын үздік
тапсырғаннан кейін МХНТИ аспиранты болып қабылданды.
Е. М. Шайқұтдиновтың ғылымға деген көзқарасы ірі оқымысты, КСРО ҒА
корреспондент-мүшесі А. Н. Башкировтың әсерімен қалыптасты, ол оның
жетекшілігімен тармақталған көмірсутектердің сұйық фазадағы тотығу
реакцияларын терең зерттеп, кейбір үшіншілік спирттерді алудың бірегей
тәсілдерін ұсынды. Осы зерттеулердің нәтижесінде Еренғайып Мәлікұлы "Бор
қышқылының қатысуымен жүретін монометил орын басқан қаныққан
көмірсутектердің сұйық фазада тотығуы" деген тақырыпта диссертация қорғады.
Диссертациясын қорғағаннан кейін ол С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінің жаңа ғана ұйымдастырылған "жоғары молекулалық қосылыстар
химясы" кафедрасына шақырылды, онда бұл кафедраның алғашқы меңгерушісі
болып техника ғылымдарының кандидаты, бүгінде полимерлер химиясы
саласындағы белгілі ғалым Б. А. Жұбанов тағайындалған болатын.
Осы кафедраның аға оқытушысы, кейін оның меңгерушісі бола жүріп Е. М.
Шайқұтдинов Қазақстандағы жас ғылым саласы - полимерлік химияның дамуына
және осы салада білікті мамандар даярлау ісіне күш-қайратын аямай жұмсады.
ҚазМУ-дің химия факультетінің қабырғасында оның білікті педагог және
зерттеуші, жоғары мектептің ұйымдастырушысы ретіндегі қабілеті толық ашыла
түсті.
1963 жылы академиктер С. Р. Рафиковтің және Б. А. Жұбановтың басшылығымен
Е. М. Шайқұтдинов жай винил эфирлерінің винилдік мономерлермен радикалдық
бірлескен полимерленуі саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді
бастады. Ол өзінің оқушыларымен бірге бұл процестерді басқарудың тиімді
әдістерін тапты, практикалық жағынан өте құнды қасиеттері бар жаңа
полимерлер алды. Жай винил эфирлері радикалдық жеке және бірлескен
полимерлену процестерінде реакцияға түсу қабілеті өте төмен мономерлер
класына жататындықтан, Е. М. Шайқұтдинов бұл процестердің қажет бағытта
жүруінің бірнеше әдісін ұсынды. Соның нәтижесінде алынған полимерлердің
қасиеттері мен құрамынкең аралықта өзгертіп отыру мүмкіндігі іске асты.
Еренғайып Мәлікұлы өзінің қызметкерлерімен бірге макрорадикалмен немесе
мономермен комплекс түзуге қабілетті модификаторлар қатысуымен жүретін жай
эфирлердің радикалдық бірлескен полимерлену реакцияларын зерттеді. Бұл
зерттеулер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Xимия пәнін үш тілде үндестіре оқыту
ҚазҰТУ - мақтаныштары
Ыбырай Алтынсарин жайлы ақпарат
Ыбырай Алтынсарин және дәуір
Өсу мен даму антропометриясы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИНВАРИАНТТЫ МАЗМҰНЫ
Психология пәні және міндеттері
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі
Пәндер